Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

Йасауидің көлемді жеке хикметі бар. Сонымен қатар ақын шығармаларының қатарында «мінәжат» аталмаса да тұтастай Аллаға сыйыну, медет тілеп, жалбарыну мазмұнына құрылған көптеген хикметтер кездеседі. Мұндай мінәжат үлгілері дәстүрлі буындық өлшемдермен жазылып, түркілік табиғи сипатқа ие болған:
Иә Иләһи, хамдың бірлә хикмет айтдым,
Заты ұлық хожам, сығныб келдім сәңа.
Тәуба қылыб күнәһымдын қорқыб қайтдым,
Заты ұлық хожам, сығныб келдім сәңа.
Қырық бірімдә ыхлас қылдым йол тапай деб,
Йаранлардан һәр сыр көрсәм мән йапай деб,
Пирмұған изін алып мән өпәй деб
Заты ұлық хожам, сығныб келдім сәңа .
Немесе:
Құлһуаллаһ, субханаллах уирд әйләсәм,
Бір уа Барым, дидарыңны көрәрмін му?
Башдын аяқ хасратыңда дәрд әйләсәм,
Бір уа Барым, дидарыңны көрәрмін му?
Елик бірдә чөлләр кезіб, киаһ йедім,
Тағлар чықыб, тағат қылыб, көзім ойдым.
Дидарыңны көрә алмадым, жаннан тойдым,
Бір уа Барым, дидарыңны көрәрмін му? .
Негізгі мазмұны басқа болып келетін бірқатар хикметтер құрамында да мінәжат мәнді шумақтар молынан кездесіп жатады. Бұл әсіресе хикметтің қорытындысы іспетті соңғы шумаққа тән ерекшелік болып табылады.
Ендігі кезекте Йасауидің «Мінәжат» атты жеке хикметіне тоқталайық.
Мунажат әйләді міскін Қожа Ахмат,
Иләһи бәндәңә қылғыл рахмат , –
деп, «Мінәжатты» арнайы атап бастауының өзі Йасауидің біртұтас көлемді туынды жазбаққа ниеттенгенін аңғартады. Мұнда шамасы бұрын шығарылған // жазылған хикметтерді топтастырып, толықтырып, көкейдегі уағыз-насихаттық дастандарды қоса хатқа түсірмекке ниеттенген болса керек. «Бұрын жазылған» дейтініміз – Йасауи «Мінәжатында» хикметтердің шынайы, толық, анық бағасы берілген, мұндай көзқарас дүниеге келіп үлгерген туындыға қатысты қалыптасады. Жазба әдебиетте алғысөздің негізінен соңынан жазылатыны белгілі. Сондықтан онда түйіндеулер мен қорытындылар, бағалаулар қамтылады. Көптеген нұсқаларда «Мінәжаттың» хикмет мәтіндерінің соңынан берілетіні де кездейсоқ емес. Ал Йасауи хикметтерінің 1903 жылғы Ташкент басылымында «Пақырнама» рисаласы мен «Мінәжатнама» жыры кітаптың басында беріліп, олар аяқталғаннан кейін «Тәммәтул-китаб» («Кітап тәмамдалды») деп жазылған . Бұл да біздің Йасауи «Мінәжатының» хикметтердің негізгі бөлігінен кейін жазылғандығы туралы пікірімізді қуаттайды. Йасауи дәуірінен кейін туындаған бірқатар әдеби мұраларда «Мінәжаттың» шығарма аяқталар тұста жазылып, соңынан орын алуы кездеседі. Бұл да табиғи тұтастықты сақтаудың бір көрінісі. Йасауи «Мінәжаты» – әмбебап мазмұнды мәтін. «Мінәжатта» жалбарыну негізінен алғашқы шумақта ғана бар, ал мәтіннің қалған бөлігінде мінәжаттық мазмұн астарласа қатар өріліп отырады.
Йасауи «Мінәжатының» идеялық-мазмұндық қыры М,Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, А.Ахметбек секілді ғалымдар еңбегінде біршама зерттелді. Сондықтан біз негізгі назарды «Мінәжаттың» құрылымына аудармақпыз. 11 буынды Йасауи хикметтері арасындағы ең көлемдісі – «Мінәжат» жыры. Йасауитанушы А.Ахметбек түрік әдебиет зерттеушісі К.Ерасланның «Мінәжат» аруз өлшемінде жазылған» деген тұжырымға келгенін айта отырып: «Біздіңше, Иассауи «Мінәжаты» оның басқа да шығармалары сияқты түркі тілінде дүниеге келгендіктен, өлең құрылысын силлабикалық жүйеде қарастыру қажет сияқты» деп жазады . Ғалымның «Мінәжатты» 11 буынды, егіз ұйқасты түркілік өлең ретінде тануды ұсынуы негізсіз емес. Дегенмен бұл мәселені кеңірек байыптаған жөн тәрізді.
Йасауидің аруз өлшемдерін пайдалана отырып, бірқатар хикметтер жазғаны белгілі. Олардың негізін 11 буынды хикметтер құрайды. Өзіне дейінгі түркі поэзиясы үлгілерін жетік біліп, өлшем түрлерін толық игергендігі Йасауидің өлең құрылысындағы жаңашыл тәжірибелерінен байқалады. Ақынның тек дәстүрлі өлең өлшемдерімен ғана емес, өзінің алдындағы оқшау шығармашылық иелерінің жаңалық-тәжірибелерімен де таныс болғанына күмән жоқ. Бұл орайда бірінші кезекте Ж.Баласағұнның өз тұсында-ақ жоғары бағаға ие болған «Құтты білік» дастанын ерекше атаған жөн. Бұл Йасауидің «Мінәжаты» Баласағұн дастанына еліктеуден туған деген пікірді білдірмейді, бірақ әрбір шығармашылық тұлғаның танымында өзі оқыған туындылар, көріп-білген, таныған құбылыстар сөзсіз із қалдырары, кезі келгенде, бірде мақсатты, бірде стихиялы түрде өз шығармаларынан көрініс тауып отырары сөзсіз. Бұған қоса Йасауи тәлім алған сопылық-ақындық мектептің парсы тілді болғанын ескерсек, ақынның өз хикметтерінде аруз өлшемдерін де қолдануы белгілі бір дәрежеде заңды да. Араб-парсы поэзиясының аса бай өлшемдері арасынан түркі ақындарының 11 буынды үлгіге сәйкес келетін түрлерді таңдап алуының себептерін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Сырт қарағанда Йасауидің «Мінәжаты» дағдылы түркілік 11 буынды өлеңдерден көп ажыратылмайды. Бірақ зерделей үңілсек, бұл жырдан да біздер тұрақты бунақ ырғағын көре алмаймыз. Мұндағы бунақ буындарының ауытқуы 6+5, 5+6, 7+4, 4+7, 3+4+4, 4+3+4 секілді жүйесіз буындық топтар арқылы жүзеге асқан. «Мінәжатты» ерікті ұйқасты өлеңге жатқызудың да реті жоқ. Мұнда егіз ұйқас қатаң сақталған, ал ерікті ұйқасқа құрылған өлеңде де бунақтардың реттелуінде белгілі бір заңдылықтар болатынын ескерсек, 11 буынды тармақ шегінде осынша әр алуандықпен құбылуды буындық жүйеге тән түрлердің ешбірі қабылдай алмайтыны белгілі болады. Йасауиге дейінгі түркі силлабикалық поэзиясында бірыңғай және аттамалы ұйқаспен жазылған өлең-жыр үлгілері едәуір десек те, бунақ ырғағы қостармақ сайын құбылып отыратын егіз ұйқасты тұтас көлемді жыр тұрмақ, бас-аяғы бүтін бір өлең де кездесе қоймайды. Фольклордың негізінен мақал-мәтел, жұмбақ секілді кіші жанрларында кездесетін егіз ұйқасты үзік-үзік үлгілер аталған ұйқас түрінің көлемді жыр-дастанға емес, шағын да шымыр туындыларға икемді екенін дәлелдесе керек. Бұл орайда «Мінәжатты» «бір тақырып айналасына құрылған нақыл сөздердің жиынтығы» [17,85] деп білетін А.Ахметбектің тұжырымы сәтті әрі дамытылуға лайықты пікір. Дегенмен бұл тұжырым «Мінәжаттың» мазмұнына, ұйқас ерекшелігіне қатысты болғанымен, ішкі құрылымын қамти алмайды. Мақал-мәтел, нақыл сөздердің де жүйелі қалыбы, тұрақты ішкі бунақтық ырғағы болатыны белгілі. Білікті ақын Йасауидің мұны ескермей немесе білмей, бір қостармақтың шегінде бунақ ырғағын сақтай алмай, құбылта беруі қисынға келмейді. Мысал келтірелік:
7. Оқығанға / қылурмын / анда шафқат, 4+3+4
8. Қиямат / күнідә // қылғум / шафа’ат. 6+5 немесе 3+3+3+3
11.Тіләгі / һәрне болса / тәңрі бергай, 3+4+4
12. Мұхаббат / шауқыны // көксігә // салғай. 6+5 немесе 3+3+3+2 .
Дәл осы жолдарды аруздағы хажаз өлшемінің «мафаилун/мафаилун/фаилун» үлгісіне салып көрелік (мұндағы сызықша – созылыңқы буынның, нүкте қысқа буынның белгісі):
7. . . ./ . . . / . . .
8. . . ./ . . . / . . .
11. . . ./ . . . / . . .
12. . . ./ . . . / . . .
Түрік арузының заңдылықтары бойынша қарастырылған «Мінәжат» жолдары хажаздың таңдалған өлшеміне толық үйлеседі. Созылыңқы, қысқа дауыстылары жоқ буындық жүйе үшін аруз өлшемі жасанды қалып болса да, жазба әдебиет өкілдері түркі арузын жасауда белгілі бір қағидалар қалыптастырған: түркі ашық буындары – қысқа буынның, жабық буындары созылыңқы буынның ролін атқарады. Түркі тіліне енген араб-парсы сөздерді түпнұсқадағы буынның ерекшелігіне сәйкес қолданылады. Әрине, аруздың табиғаты басқа түрік тіліне енуі жылдам және мінсіз атқарылуы мүмкін үдеріс емес-ті. Тіл ерекшеліктерін ескере отырып, түрік ақындары арузға қатысты ережелерге көптеген ескертулер енгізген. Аруздың түркі әдебиетіндегі алғашқы дәуірі саналатын Йасауи заманында бұл секілді сұрыпталған теориялық тұжырымдар қалыптаса қоймағанымен, айтылған үдерістер жетістік-кемшілігінен қоса табиғи қалыпта тәжірибе жүзінде жүріп жатты. Арузға бейімделген Йасауи хикметтері де сол тәжірибенің ащылы-тұщылы бір жемісі. Жоғарыдағы хикмет жолдарында да бір тұста нұқсан байқалады: 7-тармақта қысқа буын ретінде қолданылған «дә» қосымшасы 8-тармақта созылыңқы буын орнына жұмсалған. Түркі өлеңін аруз қалпына салуда мұндай ымыраға келушіліктер Йасауи дәуірінде ғана емес, оған дейінгі және одан кейінгі түркі арузының сан ғасырлық тәжірибесі мен тарихының өн бойында ұшырасып отырды. Тұтастай алғанда, «Мінәжаттың» буындық үлгіде емес, аруздық өлшемде жүйелі, жатық қалыпқа түсіп отырғаны келтірілген мысалдан аңғарылады. Сондықтан «Мінәжаттың» құрылымы жағынан силлабикалық жүйеге емес, метрикалық өлшемге негізделгенін қабылдаған жөн.
Осы тұжырымға қарсы мәнді секілді көрінсе де тағы бір болжам-пікірді ұсынбақпыз. Йасауидің өзге хикметтері тап болған тағдыр «Мінәжатты» да айналып өтпеген: әр нұсқада «Мінәжат» жолдарының саны түрліше болуы, кей тұста Йасауи мәнеріне жат қарабайырлықтың көрініс табуы, лексикалық құрамда бірнеше ғасырдың ізі байқалуы секілді жайттар заманалар бойғы өзгерту, толықтыру, жоғалтулардың «Мінәжат» үшін де қалыпты құбылыс болғанын айғақтайды. Йасауи хикметтерінің ең көлемдісі саналатын «Мінәжатта» мұндай олқылықтардың өзге хикметтерден гөрі көбірек кездесуі заңды да. Сондықтан Йасауидің «Мінәжатының» мәтін тұрғысынан түбегейлі талдап-тексерілуі, қоспалар мен өңдеулердің негізгі мәтіннен ажыратылуы, түпнұсқаға жуық мәтін үлгісінің жасалуы немесе қалпына келтірілуі қажет. Бәлкім, сондай жағдайда «Мінәжаттың» ішкі құрылымының буындық жүйеге негізделген өлшемі туралы жаңаша көзқарас қалыптастырудың сәті түсер. Ал әзірге біз хикметтердің көз алдымыздағы көрініс-қалыбына сәйкес талдаулар жасап, мазмұн тұрғысынан д
1234
скачать работу

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ