Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры



 Другие рефераты
Критерии оценки уровня продуктивности коммуникативной деятельности психолога-консультанта Қазақ әдебиетіндегі терме жанрының қалыптасуы мен дамуы Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс Лидер в организации

Әбдірәсілқызы Айнұр – ақын, филология ғылымдарының кандидаты. ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. «Мезгілсіз дәурен» атты өлеңдер жинағы, «Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі» атты монографиялық зерттеуі жарық көрген.

Түркі әдебиетінде мінәжат жанрының қалыптасуы
Әдебиеттану ғылымындағы күрделі де көп анықтамалы ұғымдардың бірі – «жанр» термині. «Жанр» ұғымы аясында әдебиеттің эпос, лирика, драма секілді ірі тектерінің де, олардың ішкі құрамдас бөліктері болып табылатын жанрлық түрлердің де қамтылатыны белгілі. Шығыс әдебиетіндегі жанрлар теориясын зерттеген белгілі әдебиеттанушы И.В.Стеблеваның пайымдауынша, «жанр» ұғымы белгілі бір дәуірдегі белгілі бір мазмұн мен тұрақты түр белгілерін қамтитын, поэтикалық біртұтас жүйесі бар мәтіндер тобын біріктіреді . Өзгермелі тарихи категория ретіндегі «әдеби жанр» ұғымының ерекшелігін айқындай түсетін кезекті анықтаманы татар ғалымы А.М.Шариповтың «Зарождение системы стихотворных жанров» атты еңбегінен кездестіреміз: «Жанр складывается веками, непрерывно изменяется, трансформируется согласно художественно-эстетическим требованиям каждой эпохи и каждой отдельно взятой национальной литературы, и, прожив долгую жизнь, если нет в нем потребности, он может и угаснуть» . Аталған ерекшеліктердің барлығын дерлік қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей құбылыстардың бірі түркі халықтарының әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мінәжат жанры болатын.
Адам баласының өзін жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-жалбарынуы, жәрдем тілеуі – оның болмысында бар қасиет. Сондықтан мінәжат сөздері мен жырларының адамзат қоғамының алғашқы дәуірінде-ақ пайда болғаны күмән тудырмайды. Қазақ фольклорының ең көне үлгілерінде кездесетін Тәңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым күш иелерінің жарылқауын тілеу мәніндегі шумақтарды мінәжат жырларының ауыз әдебиетіндегі алғашқы нұсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов «Әдебиет тарихы» еңбегінде алғашқы діни наным-сенімдердің туындауы туралы айта келіп: «Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға дұға оқып, жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады» деп жазады . Өз заманының ыңғайымен терістеу және үстірт пікір білдіргенімен, автор осы тұжырымы арқылы мінәжат жырларының тамыры қаншалықты тереңге кететінін меңзеп, әдебиетіміздегі алғашқы сүрлеуді салды. Ал әдебиеттанушы ғалым Х.Досмұхамедов халық әдебиетінің бір түрі ретінде өсиет өлеңдерді атай отырып, оларға мінәжатқа тән мазмұндық ерекшеліктерді теліген .
Ислам дінінің енуімен бірге төл әдебиетіміздегі сыйыну мәнді жырлар ислами реңкке ие болып, «Аллаға мінәжат» ұғымының аясына топтасты. Әлем әдебиетінің ежелгі нұсқаларында жиі кездесетін гимндер де мадақ пен мінәжаттың біріккен түрі әрі алғашқы бастау-көрінісі болып табылады. Сондықтан кез келген ұлт әдебиетіндегі мінәжаттың даму жолы сол әдебиеттің алғашқы үлгілерінен бастау алып, бүкіл өн бойына созылып жатқан құбылыс десек, қателеспейміз. Ал жазба әдебиеттің біртұтас, тұлғаланған жанры ретіндегі мінәжаттың шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алады. Басқа да бірқатар шығыстық жанрлар секілді исламдық мазмұндағы мінәжат түркі жазба әдебиетіне парсы поэзиясы арқылы сатылай енген. Әдебиеттанушы И.Жеменей парсы әдебиетінде «мінәжат» сөзінің бес түрлі мағынасы бар екендігін көрсетеді: 1. Біреумен сырласу, сыбырласу. 2. Алламен сырласу. 3. Біреудің ішкі ойын ұғыну. 4. Сырласу. 5. Алладан тілеу.
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры туралы алғашқы толымды анықтама төл әдебиеттануымыздың негізін салушы А.Байтұрсынұлы қаламына тиесілі: «Діни дәуір мұңды-зарлы өлеңдеріне «мінәжат» деп ат қойған. Әуелде «мінәжат» деп ғұламалардың Құдайға айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де «мінәжат» деп аталатын болған» . Осы тұжырымнан кейін ғалым өз өлеңін «Мінәжат» деп атаған Сейдахмет ақынның жырынан үзінді келтіреді:
Құдай-ау мен не жаздым бұл заманға?
Қадірі болмайды екен жұрт аманда.
Ел-жұрттың қасиетін қоян алып,
Болмайды еш қадірім бір адамға [5,268].
«Басын алып тастаса, басқасы мұң-толғау болатын» мұндай өлеңдерді «мінәжат» деп атауға келіспейтінін аңдатып, мінәжаттың құдайға қаратып бастауымен ғана мінәжат болмайтынын, жырдың біртұтас сыйыну, жалбарыну, медет тілеу мазмұнына құрылуы қажеттігін айта келіп, ғалым осы сипаттарға ие нағыз мінәжат үлгілерінен мысалдар келтірген.
Айта кету керек, қазіргі татар әдебиетінде халықтық мұң-шер өлеңдерінің үлкен бөлігі жалбарыну мәнді болмаса да, Алла атына айтылмаса да мінәжат жанрының туындылары ретінде қарастырылады. Мұндай өлеңдер қатарына дүниенің өткіншілігі мен алдамшылығын, айырылысудың ащы зарын өзек еткен мұңдасу сипатты туындылар және салауаттар мен хикаяттарды қамтитын діни мазмұнды жырлар жатады. Татар әдебиеттанушылары осындай жүйелеу әдісін негіз ете отырып, бірқатар зерттеулерді дүниеге келтірді.
Әдебиеттанушы А.Байтұрсынұлының жоғарыдағы пікірі аталған зерттеулер нәтижесімен қабыса бермейді. Татар әдебиетіндегі жанрлар табиғаты ұлт әдебиетінің жанрларымен үнемі сәйкес келе бермейтіндіктен, анықтамаларда да айырмашылық болуы заңды. Дей тұрсақ та, мінәжат жанрына қатысты бірқатар толымды теориялық тұжырымдардың негізінен татар әдебиетінде жасалғанын да атап айтуға тиіспіз. «В основе жанра мунаджата лежит трагическое начало… В мунаджате трагическое выражается в мотиве разлуки: разлуки с Родиной, разлука матери со своим ребенком, предстоящая разлука человека с жизнью» деп жазады белгілі әдебиет зерттеушісі А.Шарипов. Екінші бір татар ғалымы Х.Ю.Миннегулов: «Суть мунаджата составляет или обращенное к богу повествования о горестях человека, или изложение чувств и переживаний попавшегося в несчастье лирического героя» деген тұжырым айтады.
Классикалық араб поэзиясын зерттеген көрнекті шығыстанушы Б.Я.Шидфар жанрлар жүйесінде белгілі бір иерархия байқалатынын айқындап, оларды «жоғарғы жанр», «орта жанр», «төменгі жанр» аталатын топтарға бөлген болатын. Осы бағыттағы ізденістерді дамыта отырып, әдебиеттанушы А.Шарипов ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түркі-татар поэзиясы негізінде жоғары, орта және төменгі рангалы жанрларға анықтама беріп, саралап көрсетеді. Зерттеуші мінәжатты жоғары рангалы жанрға жатқызады: «Жанры высокого ранга − это поэтическая публицистика, т.е. произведения, направленные на самые высокие идеалы и на высокие цели. К этим жанрам относятся: таухид, касыда (особенно касыда-нагт, посвященная пророку Мухаммеду), мунаджат (где поэт обращается к Богу, просит у Всевышнего помилования), мадхия и марсия» .
Қазақ әдебиеттануындағы теориялық зерттеулердің негізгі іргетасы кеңестік кезеңде қаланғаны белгілі. Ол тұста тиым салынған тақырыптардың бірі болып табылатын мінәжат жанры жоғарыда келтірілген А.Байтұрсынұлы еңбегінен кейін дербес зерттеу нысанына айнала алмады. Осының салдарынан ортағасырлық туындылар жайлы еңбектерде мінәжат шығарманың құрылымдық бірлігі ретінде ғана аталып өткенімен, оның жанр ретіндегі сын-сипаты, шет-шегі айқындала қойған жоқ. Аталмыш тақырыптағы зерттеулердің арнасы тәуелсіздік тұсында ғана кеңейе бастады. Бұл орайда әдебиеттанушы ғалымдар арасынан осы тақырыпқа арнайы қалам тартқан А.Ахметбек пен И.Жеменейді ерекше атауға болады. А.Ахметбек мақаласы түркі сопылық поэзиясының негізін салушы Қожа Ахмет Йасауидің «Мінәжатын» талдап-таразылауға арналса, И.Жеменей өзінің зерттеу нысаны – «Тарихи-Рашиди» еңбегіндегі мінәжат мәтіндеріне тоқтала отырып, ұлт әдебиетінің арғы-бергі кезеңдеріндегі мінәжат жанрының көріністерін біршама зерттеп-зерделеген. Ендігі кезекте аталған зерттеулер нәтижесін негізге ала отырып, қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанрының қалыптасу және даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, сын-сипатын айқындап, біртұтас жанр ретіндегі лайықты бағасын беру қажеттігі туындап отыр.
Төл әдебиетіміздегі мінәжат жанрының қалыптасу, даму жолдарын егжей-тегжейлі қарастыруды жазба әдебиеттің ертеректегі нұсқаларынан бастаған жөн. Түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуіріне тән Орхон-Енисей жазбалары, Баласағұн дастаны, «Қорқыт ата кітабы» секілді шығармаларда Тәңіріні ұлықтау, Аллаға мадақ айту, жалбарыну, тілек тілеу сынды эпизодтар біршама көрініс тапқан.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде Тәңірі жаратушы, жарылқаушы, күш беруші, ұлықтаушы, қолдаушы, қаһарға ұшыратушы құдірет ретінде сипатталады. Әрбір оқиғаны суреттеу барысында «Тәңірі күш бергені үшін», «Тәңірі жарылқағаны үшін», «жоғарыда Тәңірдің құдіретімен», «ұлықтаған Тәңірі», «ел берген Тәңірі» деп Жаратушының қайырым-шарапаты үнемі еске алынып отырады. Дегенмен бұл жазбаларда Жаратушыға жалынып-жалбарыну сарындары байқала бермейді. Мұны екі түрлі себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, ерлік шежіресі іспетті Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары негізінен өткен шақ оқиғаларын бірыңғай баяндауға құрылған, кейіпкерлердің жан сезімдері көріне бермейтін эпикалық сипаты басым мәтін болып табылады; екіншіден «Тәңірі текті, тәңірі жаратқан» түрік қағандарының атынан айтылған сөзде Тәңірге жалбарынудан гөрі тең тұту және қасиеттеу сезімдері басым болуы да заңды. Орхон жазбаларында Жаратушыдан тілек тілеу сарыны «Білге қаған ұша барды. Жайы жоғары Тәңірде болсын» деген жалқы жолдан ғана аңғарылады.
ХІІІ ғасырдың аяғында хатқа түскен деп есептелетін «Оғызнама» жырының жазылу барысында тілдік-грамматикалық тұрғыдан біршама өңделгені, жетілдірілгені байқалғанымен, шығарманың сюж

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Гегель - наука логика
Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көз қарастар
Шылым шегудің алдын алу
Истоки и корни народа русского


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ