Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері

   керек  еді,  ол   саусақтың   ұшын   қажап   тастайтын   болғандықтан  қос  ішекті   бір   құлақты   шертер  ұзаққа   бармады.  Содан   соң   әрқайсысына   жеке   құлақ   орнатылды,  ішектердің   даралануы  аспаптық   музыкаға   үлкен   жаңалық   болды.  Осы   кездерде    шертердің   бетін   қақпақпен   қаптап   көрді.Бұрын   дыбыс   шашырап   кететін  болса   енді   бір   ғана   орталықтан   шығатын   болды.  Сөйтіп шертердің  дыбыстық   қуаты   әжептеуір   ұлғайды.

Жаңа  түрі.Шертер  өзіндік   дыбыс   қуатымен ,  бөлу -    реңкімен ,  ойналу   әдісімен   мелодиялық   ауқымымен  дербес   аспап  болып   әлі   қалыптаспаған  еді.Уақыт   келе   шертерге   үш   ішек   тағу   осыған   орай   үш   құлақ   салу,   пайда   болды.   Шанағы   жұмырланып  тереңдетілді. Үш  ішекпен  тартатын   күйлер   дүниеге   келді.  Осыдан   кейін – ақ   шертер   өзіндік   үн   әуезі   бар  жеке  аспап  болып  қалыптаса   бастады.Жетілдірілген   түрі; а) жұмыр   шанақты  шертер.  Бұл   шертер  домбыра   пішінінің  негізінде  жасалады.  Қақпағы   жабылды,  үш  ішекті,  үш  құлақты,  11-14  ішектерінің   санасы   өзгертілді. Саусаққа  тиетін  оймақтың   орнына   медиатор   пайдаланған.  Дыбыстық   көлемі  мен  бұрауы  тұрақталды.  ә)Жалпақ   шанақты   шертер.

Бұл   шертердің  шанағы   жалпақ  тік   бұрышты   етіп   жасалады.Бет   қақпағының  3/2  бөлігі  қарағат   қақпақпен  жабылды.  Мойынбет  әдеттегіден   биік   отырғызылып  қақпақтың  үстіне  10  см.-ге   дейін   ұзартылады.   Сол   себептен  де   перне   саны  он екіге  жеткізіледі.  Тері   қақпақ   әр   түрлі   температурада   бірде   созылып   бірде    жиырылып  отырады.  Соған   орай   дыбыс   бояуы   да   аяқ  асты   өзгереді.Ойнау   әдісі   домра – примамен  бірдей,   бірақ   дыбыстық   ерекшелігі   мүлдем   басқа. Сондықтан  да   оркестрлерде   дербес   аспап   ретінде   жетекші   рольдердің  бірін   атқарады.  Оркестрдің  үніне   ерекше   нәр   беріп,  ұлттық   бояуын   көріктендіре    түседі. Бұрын музыка    сауаты   аз   болғандықтан     ансамбль   оркестр көп  болмаған. Құрманғазы    атындағы   қазақ  академиялық    халық   аспаптары   оркестрі -   жетекші    шығармашылық   өнер   ұжымы.   Алғашында    қазіргі   Алматы   қаласындағы   П.И.  Чайковский  атындағы   музыкалық  колледжінің   жанынан   А.Қ.  Жұбанов    ұйымдастырған    домбыра   ансамблі   болып    1993   жылы   дүниеге   келіп   еді.  1934жылы   КазЦИК  атындағы   оркестр   болып    қайта   құрылды.   Оның   бас    дирижері   және   көркемдік    жетекшісі   А.Қ. Жұбанов   болды.  Ал  1944жылы   оркестрге    Құрманғазы   есімі    берілді,  1967жылы   Қазақстан   өнеріне   еңбегі   сіңген   ұжым, 1978 жылы  академиялық   деген   атақ   берілді.Оркестрдің    негізін    қаласқан   Л.Мұхитов,  Қ.  Жантілеуов,  Ж.  Қаламбаев,   Ғ.Баязитова,  Р.  Омаров,А  Дәулетбаевтар   шығармашылық   табыстарға   жетуге   зор   үлес   қосты.  Қазақ   ұлт -  аспаптары   оркестрі    Қазақстан   әдебиеті   мен   өнерінің   Мәскеуде   өткен  1949  жылы  және  1958жылдардағы  он  күндігінде  қазақ  халқының   атын   шығарды,   мерейін   үстем   қылды. « Осы   сапарда , -   деп  еске  алады А.  Жұбанов 1949жылы   өткен   онкүндік   туралы ,  оркестр        бірінші   рет   ұлы  М.  Глинканың «Фантазия-вальсін»   орындады.  50 – жылдардың   аяқ  шенінде   оркестр  аспаптарында   жаңалық   болды;  Бас   дирижер  Шамғон  Қажығалиевтің   бастамасы   оркестрге  төрт   ішекті   қобыз,  сым   ішекті   домбыралар,  біржақ    тілді   сырнайлар   арқылы   жаңартылды.   Бұл   жаңартулар   оркестрдің   дыбыс   бояуын   байытып,  жаңа   орындаушылық   мүмкіншілік   туғызды.  Қурманғазы    атындағы   халық   аспаптар   оркестрі   қазақ   халық   музыкасына   үлкен   үлес   қосты.[4;165]Бұл   оркестрді   алғашында   құрысып   және   алғашқы   дирижері   болған   Ахмет   Қуанұлы   Жұбанов  (1906-1968ж.)  Ақтөбе   облысының   Темір   ауданында   дүниеге   келеді.   Ол   Ленинград   консерваториясын   бітірісімен   Қазақстандағы   музыкалық   мәдени   өмірге   атсалысады;   ұйымдастырушы   1945-51  жылдары   Алматы   консерваториясының  ректоры   болады.  Еңбектері:«Ғасырлар   пернесі»,   «Замана   бұлбұлдары»  тағы   басқалар.А.  Жұбанов   өнер   тану   ғылымының   докторы,профессор,  академик,   қазақ  кәсіби   музыкасының   негізін   салушысы.                                               

Қазақ  халық   аспаптары

Қазақтардың   музыкалық   аспаптары   типологиялық   тұрғыдан   орталықазиялық   суперэтнос  халықтарының   аспаптарымен   көп   ұқсас   болып   келгенімен,  ұлттық   дәстүрлерге    орай   өзіндік   қайталанбас   қасиетке   де   ие .Көшпенді   халық   керектінің   барлығын    табиғаттан   және   өз   шаруашылығынан    алған.   Аспаптар  қыштан,  қамыстан,  мүйізден,  түрлі   ағаштан   жасаған.  Мембранаға,   шалғы  мен  шекке   тері,   аттың  қылын   пайдаланған.

      Хордофондар(шекті  аспаптар)1Шертпелі – шертер,  жетіген,  домбыра.2. Шалғылы  қобыз.

      Мембранофондар(мембрандылар) . Дабылды –дабыл,  даңғыра, кепшік,  дауылпаз, шыңдауыл.

       Идиофондар.(өздігінен  дыбыс   шығаратындар)  1.Тілшікті – шаңқобыз.2.Дабылды – асатаяқ,  қоңырау,  тоқылдақ,  сылдырмақ  және  тағы  басқа   аспаптар.

Ата -  бабаларымыздан   келе   жатқан   шертер   аспаб

12345
скачать работу

Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ