Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Другие рефераты
Кіріспе
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Наср әл-Фараби (870-950жж.), Махмұд Қашқари (1029-1101жж.),Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), сияқты ұлы ғалымдар, А.Левшин (1799-1879), Ш. Уалиханов (1835-1865), Н.Стремоухов,А.Эихгорн(1844-1909), А.Затаевич(1869-1936) және басқа көптеген ғалым-зерттеушілер мен этнографтар көп жазды. Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық-теориялық еңбегінің бірі «Музыка туралы үлкен трактат» атты кітабы Орта Азияда қолданылған ыспа аспаптардың зерттеулерінің дәлелі болып табылады. Б.Сарыбаев қазақ аспаптарын зерттеуші, Әбу насыр әл-Фарабидің зерттеу трактатында екі ішекті қыл-қобыздың сыртқы түрі садаққа ұстайтындығын өз еңбегінде атап өткен.Әбу Насыр әл-Фараби «Музыка туралы үлкен трактат» еңбегінде сол кездегі аспаптардың шығу тегі, музыка мәдениеті, орындаушылық өнері, эволюциялық дамуы жайында толық түсінік берген. ...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс-тарих үшін елеулі бұйым,-деп Мұхтар Әуезов айтып кеткен. Сондықтан өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық музыка мәдениетімізді сүймейтін адам жоқ деп ойлаймын. Қай халық болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық музыка өнері болады және әр халықтың белгілі бір өз ішінде кең тараған, өріс аспаптары да болады.
Қазақта қаншама арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батырлар мен ақындар, ел билеген көсемдер, небір дүлдүл шешендер, ақылы асқан даналар, аруақты бабалар елімнің елдігін сақтап қалған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тағы да басқа қазақ даналары туралы айтып мақтан етеміз. Тарихқа қарасақ, қазақ халқын құраған бірлестіктер ежелден көп уақыт күрескен . Ол дәуірдегі бабаларымыздың ерен ерліктері, бастарынан өткен қиыншылықтары мен қуаныштары аңыз – жыр болып бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Алтын Орда дәуірі мен Қазақ хандығы тұсындағы батырлар мен баһадүрлердің айтулы ерліктері де әлі күнге дейін ел аузында жүр. «Алпамыс», «Ер тарғын», « Қобыланды», «Ерсайын», осылар сияқты қаһармандық жырлар - ежелгі ел үшін жасалған ерліктердің аңыздық нұсқасы. Халқымыздың еркіндікті аңсауы сөзінде ғана емес, сазында қалғанын осылар дәлел етеді. Осы замандағы күйлерде азаттықты сағыну сарыны анық байқалады. »Сары - өзен», «Бозінген», «Ертіс толқыны», сияқты күйлерді мысалға келтіруге болады. Музыка – халықтың жаны. Сондықтан онда сезім күй анық көрінеді. Осы кездегі халық күйшілері екі ішекті домбырада, қылқобыз, сыбызғы, шертер арқылы өз дәуірінің ауыр тұрмыс жағдайын, мұңын, арманын, күресін, ерлік істерін, қуаныштарын, қазақ даласының кең және сұлу табиғатын суреттейтін философиялық, героикалық, ана сүтімен дарыған туған тілін, ата-бабаларымыздан жалғасып лирикалық күйлерімен көрсеткен. Көне заманнан ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың ең ежелгі музыкалық аспаптарының бірі - ысқымен ойналатын қылқобыз аспабы. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда қылқоб
| | скачать работу |
Другие рефераты
|