Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

осын олардың мемлекеті орнайды, не ойландыратыны бар екен. Алайда Тарих атамыз олай емес болуы да мүмкін екенін, тарихтың жолы мың бұралаң қым қиғаш екенін көрсетеді. Алдымен мемлекет пайда болып, соның шеңберінде халық тұтасады деп түсінейік. Қазіргі Франция, Италия, Америка, Қытай халқы солай пайда болған. Мемлекеттің құрамындағы әр алуан ұлыстар мен тайпалық одақтар тұтасып, тілі мен дәстүрі біріңғай бола түседі де, шекараның аржағында қалып қойғандар бұл үрдіске енбей қалып, бұл құрылымнан алыстай түседі. Ғасырлар өткен соң шын мәнінде біртұтас халық қалыптасады да, шет қалғандар енді басқа шеңбердегі басқа халыққа айнала бастайды. Сөйтіп бір кездегі біртұтас халық бөлшектеніп, мемлекеттік шекаралар мен ықпал етулер аясы шеңберлерінде енді бірнеше халықтар пайда болады. Бір ақиқат бар: мемлекет пайда болғанда оның құрайтын халқы аспаннан түспейді ғой.

 

Монғол-татар шапқыншылығы негізін салған Алтын Орда мен Юань империясы атты атты құдіретті ұлан-байтақ Еуразиялық империялар құрылмағанда, қазіргі тарихи тамыры ортақ Қытай, Ресей және Қазақстан мен Монғолияның мемлекеттіліктері тіпті де басқаша болар еді және одан гөрі кеш қалыптасар еді. Соның ішінде алып Ресей мен Қытай сияқты елдердегі өзара қырқысып жататын шағын патшалықтар мен княздіктер ешқашан бір орталыққа топтаспас еді. Ол кездерде халық деген түсінік те қазіргідей емес еді. Сондықтан да, өздерін қазіргідей «Қытайлар» немесе «Орыстар» атты тұтас халық ретінде сезінбегендіктен де, Қытай мен Ресейдің қала-патшалықтары дала заңдарына, жауынгерлік қатал тәртіпке бағынып, жұдырықтай жұмылған көшпенділердің шабуылдарына тұтасып қарсы тұра алған жоқ. Тұтастық болмағасын жеңілді, найзалар мен жебелерге құдіретті ойрандағыш зеңбіректер мен оқ-дәрілер қарсы тұра алған жоқ, аз санды көшпенділерге олардың халқының ондаған есе көп болуы да тегеурін көрсете алған жоқ. Ал далалық Көшпенді империялар бұл бытыраңқылықты жойып, Ресей мен Қытай жеріндегі мың жылда да басы қосылмаған Патшасымақтарды бір тудың астына топтастырды, сөйтіп оның арқасында қазіргі Қытай мен Ресей пайда болды. Бұл жағдай халықтан бұрын мемлекеттің пайда болатындығын көрсетеді. Сол мемлекеттің аясында біртіндеп халық, ұлт қалыптасады.

 

Қазақ хандығы құрылғанда, оның халқы да осы ежелгі даладағы жергілікті ру-тайпалардан құралып, қазіргідей Үш жүздік құрылымымен анықталып шықты. Бұрын «Алаш халқы» деген сөз Қазақ дегенді білдіретін, енді «Үш жүз» деген сөз Қазақ дегенді білдіретін болды. Бұл бұрынғы Алтын Орда мен Ақ Орданың қара шаңырағы негізінде құралған мемлекет екені анық. Тарихи жағдай солай қалыптасты: Жошы ұлысының халқы қазіргі қазақтардың 90 пайызынан астамын, ал Шағатай ұлысының халқы 10 пайызға жуығын берді. Біреулер кейде шекаралары қазақстандық территорияға қазір енетін болғасын қосады: Алтай, Саян, Ертіс жеріндегі Үгедей ұлысының халқы негізінен ойраттар (жоңғарлар, торғауыттар, хошауыттар, қалмақтар) болатын. Қазақ халқы қай кезде қалыптасты. "Алтай тауларынан бастап, Карпат тауларына дейінгі Еуразияның жалпақ даласы - 11-16 ғасырларда Дешті-Қыпшақ даласы деп аталды" деп жазылады ғой. Қазақтарды қазір тілтану ғылымында «Қыпшақ тілді Түркілер» дейміз. Тарихи тұрғыдан да, дәл қазір де көршілес тарих ғылымы жақсы дамыған елдерде Түркия, Әзірбайжан, Татарстан зерттеулерінде Қазақтар әрқашан «Қыпшақ түркілері» деп аталады. «Қыпшақ түркілері» деген кімдер сонда. Қазақтан басқа «Қыпшақ түркілері» бар ма.

 

Кавказ жақта Қазақтарға тым ұқсас тілде сөйлейтін түркі тілдес бірнеше (трухмендер, балқарлар, қарашайлар, құмықтар, черкестер, кабардиндер т.б.) шағын халықтар бар. Алайда оларды «Қыпшақ түркілері» деп атамайды. Олар сол жерде Бұлғар және Оғыз түркілеріне келіп, қыпшақтардың ықпал етуі нәтижесінде пайда болған. Тілі жағынан Қыпшақтар мен Оғыздардың аралығындағы топтарға жатады. Одан кейін карта бойынша жоғарыға Қара теңіз бен Қырымға қарай көтерілсек, тағы да Түркі тілдес бірнеше халықты (Қырым татарларының үш түрлі тілде сөйлейтін тобын, Гагауздарды, Балқан түркілерін) көреміз. Олардың да түпкі негізі Бұлғар Түркілері екенін, оған келіп Оғыз түркілері, сосын ең соңынан Қыпшақ түркілері араласқанын танимыз. Сөйтіп бұл халықтардың құрылымы тарихи үш қабаттан құралады. Одан да жоғары көтерілсек, солтүстіктен Қарайымдарды, Чуваштарды, Татарларды көреміз. Қарайымдарды біреулер Түркі тілдес Еврейлер деп жүр ғой. Олар негізі Еврейлер емес, Иудаизм дінін ұстанатын болғасын ғана көршілес халықтар тарапынан «Түркі Еврейлер» деп аталып кеткен. Олар Еврей дініне мойынсұнып кеткен Түркі тайпалары. Ол жағдай ежелгі Хазарияда болған. Чуваштардың да бірқатары Христиан дінінде, бірқатары Тәңіршілдік көне дінде. Ал Татарлар мұсылман дінін бәрінен бұрын қабылдаға халық. Олардың Еділ Бұлғариясы мемлекеті 10 ғасырда-ақ (940-960 жылдары) өздерінің мемлекеттік дінін Ислам діні, ал өздерін Араб халифатына бағынышты жұрт деп жариялаған. Сөйтіп көршілес, Башқұрт және Қазақ, Ноғай сияқты көшпенді тайпалар арасына Татар молдалары мұсылман дінін бастап таратқан.

 

Сондықтан бұл аталған халықтардың қалыптасуында Бұлғар Түркілерінің негізі мол екенін айтуға болады. Бұлғар Түркілерінің ежелгі мемлекеттері – Еуропалық Гундердің империясы, ішінара Аландардың мемлекеті және негізінен Ұлы Бұлғар қағандықтары, Абар, Уаргун және Хазар қағандықтары болып табылады. Соның ішінде Татарлар немесе қазіргі тілмен айтқанда қоныстары Еділ бойынан басталып, Батыс Сібір далаларын (Сібір татарлары, Барабин татарлары, Минусинск татарлары) алып жатқан «Татар түркілері». Татар Түркілерінің жері қашанда Қыпшақ түркілеріне жақын көршілес орналасқан. «Татар Түркілерінің» қалыптасуының екі бастау көзі бар. Бірі - Бұлғарлар (Гундер) және бірі - Угорлар, яғни Гундер мұнда 2 ғасырдан бастап келместен бұрын өмір сүрген жергілікті халықтар. Батыс Сібір ойпатын жағалай жатқан Татар Түркілерінен шығыста «Алтай Түркілері» деп аталатын бірнеше шағын халықтар (шорлар, кумандылар, алтайықтар, тувалар, қарағаштар-тофалар) орналасады. Одан әрі Байкал мен Лена өзенінен әрі қарай «Сібір Түркілерінің», яғни мәңгі суық өлкеде Сахалар мен Долгандардың жері басталады.

 

Төменде ағайын халықтар немесе отырықшы Түркілер – Ұйғырлар мен Өзбектердің жері орналасады. Бұлар «Қарлұқ Түркілері». Арада Қырғыздардың жері бар, ол негізі Алтайдағы Хакастардың бір бөлігі болып табылады да «Алтай Түркілеріне» жататын халық. Ұйғырлар мен Өзбектердің, Қырғыздар мен Хакастардың кездесе қалғанда өз тілдерінде сөйлеп-ақ бір-бірін соншалық еркін түсінетініне қарап, Өзбек пен Ұйғырды бір халық екен деп, сосын Қырғыз бен Хакасты да жер ыңғайына қарай бөлшектеніп орналасқан бір ұлт екен деп ойлауға болады. Мысалы Түрікмендер мен Трухмендер (Ставрополь Түрікмендері) сияқты.

 

Ал «Қыпшақ Түркілері» деген атау негізі төрт халыққа қолданылады: Қазақтарға, Қарақалпақтарға, Ноғайларға және Өзбек Қыпшақтарына. Арада Башқұрттар деп аталатын тағы бір көшпенді халық жатыр. Оның арғы тегін де, тілін де Бұлғар Түркілері мен Угорлардан іздеу керек. Қазақтар көрші ел Башқұрттарды ежелден «Естектер» деп атайды. Бұл не сөз екен. «Естек» дегенді Ресейліктер және Еуропалықтар Остяк (Остяки) дейді. «Остяки» деп этнографиялық-тарихи ғылымда Батыс Сібірдегі Палеоазиат және Енисейдегі Угор халықтарын атайды. Яғни Қазақтар өздерінің көршілері Башқұрт халқының негізгі табанын орман халықтары, Угорлар және Ежелгі Азиялықтар құрайтынын айтып отыр. Алайда олар кейінгі Оғыз-Қыпшақ тайпаларымен де, тіпті Шыңғысхан жорықтарындағы монғол тайпаларымен де араласып кеткен халық.

 

Өзбек қыпшақтарын Қазақтарға қанша жақын туыс болса да, немесе Өзбек қыпшақтары мен Қазақтардың шындап келгенде бір халық екенін мойындай тұрсақ та, қазіргі тарихи қалыптасқан түсінікпен Өзбек халқының бір бөлігі екен деп түсінейік, себебі қазіргі Өзбек халқының өзі сонау Соғды, Хорезм елдері, Иран-Парсы заманынан бері, Парсы патшалары Кир мен Дарийдің және Александар Македонскийдің жорықтарынан бастап, Эфталлиттер, Кушандар, Газневидтер, Ұлы Сельжуктар, Хорезмшахтар, Қараханидтер, Қарлұқтар империялары мен мемлекеттерінің елі болғанына қарағанда, және одан кейінгі Шағатайлар, Ақсақ Темірлер, Шайбанилер Аштарханидтер (Хажы-Тархан әулеті) және Маңғыттар (Ноғай әулеті), Тәжік-Өзбектер әулеттерінің билеушілеріне келгенге дейін өте күрделі құрылымда қалыптасқан халық. Қазір саны 30 млн-ға таяп келе жатқан, Ұйғырларды қосқанда жалпы саны 45 млн болып отырған Өзбек-Ұйғырлардың құрылымын осылай түсінген жөн шығар.

 

Енді тағы бір халықты, қазақтарға туыс көрінетін Қарақалпақтардың бұл далаға Қыпшақтар келмей тұрғанда, 8-9 ғасырлардағы далалық Оғыз Түркілерінен қалыптасқан көне халық екенін мойындауға тура келеді. Олардың арғы аталарын бір кездегі тарихта аталатын Түргештер және 10 ғасырдағы Селжүктердің құрамындағы «Карапапахтар», 10 ғасырдағы орыс жылнамаларындағы «Черные каблукилер» деп түсінсек болады да, олардың ежелгі атамекені Еділ бойы деп ұққан жөн, одан Сыр бойына көшкен де, Жоңғар шапқыншылығы замандарында Амудария бойына ығысып кеткен. Сөйтіп Арал маңының халқына айналған. Ендеше Қарақалпақтардың түпкі аталары – бір кездегі Оғыз Түркілері.

 

Туыстығы жағынан қарақалпақтар Түркімендер мен Өзбектерге жақын болуы тиіс еді, алайда далалықта жүріп, Алтын Орда дәуірінде қыпшақтанып кеткен халық. Құрамындағы негізгі рулар қоңыраттар мен маңғыттар, қияттар мен табындар, қаңлылар. Қарақалпақтарды Өзбектерге туыс, өзбекпен бір халық деп түсіндіретін қазіргі Өзбекстанның идеологиясын былай алып тастағанда, оның барлық ескі салт-дәстүрлері тіпті ыстықта құм арасында бастарына киетін қалың қара сеңсең бөріктеріне де

12345След.
скачать работу

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ