Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

йін Түрікмендерге ұқсап тұрады. Қарақалпақтар Өзбектер тәрізді отырықшы және саудагер, егінші және үй-жай тұрғызған халық емес. Бұлар киіз үйлерде тұрған және ежелден мал баққан көшпенді халық. Ата дәстүр ұмытылмайды ғой: қазір Қазақстанға жұмыс іздеп келген өзбектер бірден саудаға және құрылысқа, қамтамасыз ету орындарына (базарлар, шайханалар, асханалар, дүкендер) жүреді. Ал қарақалпақтар қырға қарай шығып, мал бағып, ет сатып табыс табуға шығады. Өзбек шіркінді атқа отырғызсаң, сол бойда тоңқалаң асып құлайтын шығар. Және жылқы мен түйеден «ойбай құсады», «тебеді» және «иісі жаман» деп, айналып алыстан қашып жүретін шығар.

 

Яғни, қарақалпақтарды бір кездегі 8-10 ғасырларда бұл даланы, Аралды мекен еткен Оғыз хандығының, Қорқыт ата Оғыздарының бір халқы деп түсінуге болады. Оғыздардың мұсылман дінін ерте қабылдаған бөлігі Түрікмендер деп аталып кеткен болса, негізгі орны Еділ бойы мен қазіргі орыс далаларына таман болып, мұсылман дініне сол кезде енбеген бөлігі Қарақалпақтар болып шығады. Тегі Түрікмендерге жақын болғанмен, тілі қазақтарға жақын халық осылай қалыптасқан сыңайлы. Негізі мүмкін Оғыздардың әйгілі Қарақойлы тармағынан шығар. Ал Аққойлы тармағы оңтүстікке ерте кеткен, қазір Түркия мен Әзірбайжанда көп тұрады.

 

Ал Ноғай мен Қазақтың қандай туыс екенін жоғарыда бір Ноғай халқы туралы жазбаларда ру-тайпаларын салыстыра отырып (Қанжығалы, Сүйіндік, Қаракерей, Ашамайлы, Табын, Шөмекей т.б.) айтқанмын. Руларын осылай түгендеп отырсаң, Ноғайлар мен қазақтардың құрылымы толық сәйкес келеді. «Қазаққа ең жақын халық Ноғайлар» немесе «Ноғайлар деген Қазақтардың бір бөлігі» дейтініміз сондықтан. Кейде Ноғайларды Қазақ пен Татардың арасындағы халық деп те түсінетіндер бар. Мүмкін, алайда Ноғайларды Татардан гөрі Қазаққа ұқсататын бірнеше себептер бар. Біріншіден тарихи ортақтықтығы. Күні кешеге дейін 17 ғасырға дейін бұл екі халық бөлінбеген. Бөлінгенде әйгілі «Ел айырылған» күйі дүниеге келген. Сондықтан Асан қайғы мен Қазтуғанды, Шалкиіз бен Доспамбетті, Әз Жәнібек пен Хақназарды, Қырымның қырық батырын да (тіпті Уақ Ер Қосайға дейін), Жиренше шешен мен Қарашашты – бәрін Ноғайлар еді деп те түсінуге де болады. Олардың әдебиеті-тарихы солай оқытады. Және тарихи тұғыдан келгенде дұрыс оқытады. Екіншіден, Ноғайлар да көшпенді халық, Татарлар сияқты ежелден отырықшы ел емес. Үшіншіден, ру-тайпалық құрылымы да Қазақпен бірдей, мүмкін түркіленген монғол тайпалары (төлеңгіттер мен төрелер, маңғыттар мен қияттар) сәл көбірек болар. Себебі Ноғайлар негізі Алтын Орданың Астаналары орналасқан, Сарай Бату мен Сарайшықты, жалпы Еділ бойын мекен еткен жұрт қой. Ноғайларды көз-көре Татарлармен шатастырып жүрген Орыс жылнамашылары.

 

Сонымен «Қыпшақ Түркілері» деп тек қана Қазақтар мен Ноғайларды ғана айтуға болады екен. Ал Қазақ даласынан басқа қай жерлерде Қыпшақтар болған. Алдымен Египет қыпшақтары (Мәмлүк қыпшақтар) еске түседі. Мысалы, Түрікмен жерінен құлдыққа сатылған Бейбарысты неге басқа Түркі халықтары иемденбейді. Ол кезде де, Бейбарыс бабамыз ерекше көзге түсетін монғол-татарлардың Шам мен Бағдадқа шабуылдары кезінде де қазақ дейтін халық жоқ еді ғой. Сосын Армян қыпшақтары деген бар. Қыпшақ жазулары сақталған. Алайда бұл Қыпшақтар, Қара татарлармен бірге қазір Түріктердің құрамына сіңіп кеткен. Ресейдің Ноғайлар көтерілісін қырғынмен басуы кезінде оған әйгілі орыс қолбасшысы Суворовтың өзі қатысқан. Дерек бойынша «Татарлардың өлген мүрделері жерленбестен тау-тау болып үйліп жатқан», «бүкіл дала жүрек айнытып қан сасып кеткен», «жинап алып өртей беруден басқа амал қалмаған». Бұл - Қазақтар Жайықтан өтіп бері қашқан, ал Ноғайлар Еділден өтіп әрі қашқан, сөйтіп «Ел айырылған» заманнан кейін болған оқиға. Себебі екі ортаға келіп, Еділ қалмақтары орналасты. Ноғайлар сөйтіп толықтай Ресейге бағынышты болып қалған еді. Аман қалған Ноғайлардың 250 мыңдай жанұясы (мүмкін адамның саны шығар) Кавказдан әрі өтіп, Түркияны паналап қашқан...

 

Қазір ол Ноғайлардың кейінгі ұрпақтарының саны млн-нан асқан шығар, оқиғаға 200 жылдай болды ғой, дегенмен діні мен тілі де туыс болғандықтан, Түркияның халқына еніп кетті. Түріктердің өздері тарихи тұрғыдан «Сельжүқ Түркілері» деп аталатын топқа жатқызылады, көршілес Әзірбайжандар өздерінің барлық туыстарымен «Иран Түркілері» (Кавказ Түркілері) деп аталатын топқа енеді. Біздің қазақ жағрапиясы да Каспий теңізі дегеннің орнына барлық Шығыс халықтары сияқты «Хазар теңізі» деген атауды қолдануы керек тәрізді. Азербайжандар мен Түріктер Түрікмендермен, Авшарлармен, және Қытайдағы Саларлармен қосылып, енді бұлардың бәрі «Оғыз Түркілері» деп аталады.

 

Египет және Армян қыпшақтарынан басқа, енді «Венгр қыпшақтары» деген бар. Және Венгр Қыпшақтар деген кімдер өзі. Венгр қыпшақтарын зерттеуші И.Қоңыр Мондопи ағамыздың деректеріне сүйенгелі отырмыз. Өзі Венгр қыпшақтарынан шыққан ғалымның жазуынша, Венгрия жерінде "Улкен-қыпшақ" (өздерінше айтқанда, Нань (Нән дегені)-Кунчак), "Кіші қыпшақ (Киш (Кіші дегені)-Кунчак)" деп аталатын екі аймақта қыпшақтар мекендейді. Бұлардың негізін құраған - баяғы монғол-татар әскерлерінен жеңіліп, Венгрия жеріне қашқан 13 ғасырдағы Қыпшақтардың ұрпақтары. Сонымен бірге қазіргі батыс сібір жерінен Мажарстанға қоныс аударғандар. Венгр қыпшақтарының құрамын ағамыз "тайпалар" және "рулар" деп бөлген екен. Тайпалары мыналар: Тоқсаба, Қоңыр, Уылу, Тархан, Жалайыр, Ұлаш, Байандұр, Бешене, Керей, Тортуыл, Шортан, Таз, Будақ. Ал "Венгр қыпшақтарының" рулары: Құлан, Тағы, Маңғыт, Барлас, Жылан, Қырғыз, Түрікпен, Торыайғыр, Шерік, Болыш, Кетбұқа, Қарағаш, Ерсары, Ербұға, Торта, Тардуш, Мин, Байсын, Телес, Байауыт, Ұзын, Қаңлы, Қатаған, Теке, Ерсін, Садыр, Дорман (дүрмен), Байтур, Кенегес, Ақташы, Тоба (тува), Егдер (ығдыр), Шандыр, Қарақойлы, Есен, Есенбұға, Құманшық, Қаблан, Қарсақ, Шұбақ (Шумақ), Сөйке, Қаба, Еслемес, (естеміс), Құлын, Құлыншақ, Ақбура, Бөриу (беріш), Барқы (барғы, көкшор, отар, алтыүй, апай, апабары, қантемір, қонар) ас (асы), Негер, Наурыз, Жақыр, Арық, Жарық, Еркін, Атқар, Найман, Қырғи, Тұйғын, Тұрымтай, Тұрғын т.б.

 

Былай қарағанда кімдер жоқ десеңізші: мұның ішінде бәрімізге таныс Қыпшақ-Қазақ рулары (Тоқсаба, Жалайыр, Таз, Ерсары, Садыр, Шумақ, Беріш т.б.) ғана емес, ішінде Оғыз тайпалары да (мысалы, Баяндур, Түрікпен, Теке, Қарақойлы т.б.) жүр, монғол тайпалары да (мысалы, Маңғыт, Барлас, Дүрмен) бар, алтай түркілерінің тайпалары да (Тағы, Жылан, Қырғыз, Қарағаш, Теле, Тоба, Құманшық, Қарағаш т.б.) бар, сонымен қатар қазақта ру не тайпа емес, тек рудың ішіндегі бөлімдері мен тармақтары саналатын аталар да жүр. Ағамыз тайпа-руларды ата бойынша тармақтап көрсетпей, өзінің естіген тайпа, ру, оның ішіндегі бөлімі аттарын бірыңғай қатарға тізіп жаза берген сыңайлы. Сондықтан, оның ішінен біз руымызды және онымен қоса өзінің тайпалық бөлімін, тармақтағы ру атасын тауып алып жатсақ, таңданатыны жоқ. Алайда "Венгрия қыпшақтары" дегені әйтеуір осылар. Алайда «Венгр Қыпшақтары» дегеннің тек қыпшақтар ғана емес екеніне және олардың қазіргі қазақтармен 30 пайыздай туыс екеніне көзіміз жетеді.

 

Бұдан басқа Өзбек қыпшақтары жөнінде көп айтылды. Енді «Қытай қыпшақтары» деген тағы бар. «Қытай қыпшақтары» деп негізі Білге қағанның халқын айтамыз. Селенга жазуларындағы 50 жыл билік құрған «Түрік қыбчақтар» осылар. Бұл жазбаның оқылуы «Түрік-қыпшақтары болмауы мүмкін. Ол негізі «Түрік, Қыпшақтар» болып оқылуы тиіс еді. Түріктер мен қыпшақтар болып. Әрине Ұйғырлардың өзі Түріктерге де, Қыпшақтарға да жатпайтыны белгілі. Бұл жердегі «Түріктер» деп отырғаны әрине Көне Түркі заманында өзін Түрік деп атаған халық. Ол шағын ғана халық болатын. Ол халық қазір жоқ. Көне Түркі халқының тек бір жұрнағы ол – Ұлы жүздегі Дулаттар ғана. Соған сүйеніп біздің аға ғалымдар кейде «Алпамыс батыр» және «Манас батыр» жырларын - «Қоңыраттардың көне әдеби ескерткіші», ал «Білге қаған» мен «Тоныкөк» жазуларын - «Дулаттардың көне әдеби ескерткіші» деп атаушы еді. Олай атауға тікелей келгенде көп қарсылығым жоқ, Білге қаған Дулат руынан екен деп, немесе Котрак қаған да Дулат руынан екен деп бір дәуірді руларға тели салуға болмайтын шығар. Онда «Қобланды батырды» Қыпшақтардың, ал «Ер Тарғынды» Ноғайлардың, «Қорқыт атаны» Оғыздардың Баяндур руының, «Батыр Баян» жырын Уақтардың ескерткіші деп бөлшектеп алып кетеріміз тағы бар...

 

Әрине, Дулаттардан басқа Көне Түркілердің тікелей мұрагерлері жоқ. Ал Қыпшақтар бар. Мен «Қытай қыпшақтары» дегенде қазіргі Қытайқыпшақ руын айтып отырғаным жоқ. «Қытай» деп аталатын ру немесе тармақтар көптеген түркі халықтарында кездесіп отырады. Қазақ пен Өзбекте, Қырғызда да бар. Алайда, олардың қазіргі Қытайларға қатысы жоқ. Бұлар - бір кездегі көшпенді Қарақытай империясы халқының ұрпақтары. Бұл тұрғыдан келгенде «Қытай» деп аталған рудың арғы тарихын қаза келгенде Наймандар мен Керейлерге тектік болмаса да, тарихи және аймақтық-мәдени туыс болып қалуы мүмкін. Қидан империясына қарасты болған халықтар ретінде.

 

Қазақ даласының арғы тарихын қазбағанда да біздің далада алдымен Сақ-сармат дәуірі, одан кейін Ғұн-Қаңлы дәуірі, одан осң Бұлғар дәуірі (немесе Гундер дәуірі), содан кейін Көне Түркі дәуірі, содан соң Оғыз дәуірі, ақыры Қыпшақ дәуірі деп аталған кезеңдердің болғаны шындық. Ал Қазақ хандығы сол Қыпшақ дәуірінің бел баласы. Қазақтардың Түркі басқа халықтарынан жастау болатыны да сондықтан. Қазақ даласына Түркі тілді элеме

12345След.
скачать работу

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ