Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

нттер б.з.б. 2 ғасырларда ене бастады. Бұл көріністі археологиялық деректер де растайды: Осы кезеңнен бастап, адам қаңқалары арасында енді монғолтұрпатты бас сүйектер пайда бола бастайды. Оған дейін Қазақстан жерін негізінен еуропатұрпатты нәсілділер мекен еткен болатын. Сансыз көп Сақ-скиф тайпалары Қара Теңізден Байкал көліне дейінгі аралықты жайлап, негізінен Тұран тілінде (Көне Иран тілінің бір тармағы) және Угор (Орал тілдерінің бір тармағы) тілінде, сонымен қатар Түркі тілінде, сонымен қатар ішінара Палеоазиат тілдерінде (Азиядағы барлығынан бұрын тұрған ежелгі нәсілдер мен көне халықтардың тілі), ал шығысқа қарай Монғол тілдерінде сөйлеген болатын. Жоғарыда көп дәлелдегеніміздей, «Сақтар – Иран тілінде сөйледі» деген көзқарастан арылу керек.

 

Бұл аймақты ертеде де, қазір де жалпағынан басып мекен ететін Түркі-Монғол тайпалары аспаннан түскен жоқ. Және қазір де, ежелгі тарихта да Иран тілдес көшпенділер саны көп емес. Сақтар, Азиялық көшпенді тайпалар көптеген тілдерде сөйлеген. Ал Қазақтан тарихы Ғұндардың тарихын қазіргідей б.з.б. 3 ғасырдан Мөде сайыннан бастамауы керек, Қытай жылнамалары Ғұн елінің мемлекеттілігін б.з.б. 18 ғасырдан бастайды, сондықтан Қазақстан тарихы да, Ғұндар мемлекетінің тарихын дәл осы датадан бастауы тиіс. Ғұн халқы мен Ғұн мемлекетінің тарихы қашанда Түркі тілдері мен Түркі халықтарының тарихы болғандықтан, осы датаны барлық Түркі халықтары да, өз тарихтарын жазғанда қабылдауы тиіс болады...

 

Сондықтан, мойындау керек, Түркі тілдерінің алғашқы көрінісін бұл далаға, қазіргі Алтайдан Атырауға дейінгі Қазақ жеріне бір кезде алғаш рет Ғұндар алып келді. Олар б.з.б. 160 жылдары көршілес Юечжі мемлекетін құлатқаннан кейін, Қазақ даласында тұратын Қаңлы елімен туыстық қатыстар орнатты, Содан Үлкен Ғұндардың Тынық мұхитынан Еділ өзеніне дейін созылған алып империясы орнады. Сондықтан, бұл сәттен бастап, Қазақ даласында Ғұн-Қаңлы дәуірі басталып, даламызда Түркі тілдері және Монғолтекті нәсілдер тарай бастады. Ғұн-Қаңлы дәуірі шамамен 250 жылға созылды. Себебі 90-100 жылдар аралығында Үлкен Ғұндар империясы бөлшектеніп кетті және Монғолия далаларында Қытайлар мен Сәнбилерден жеңіліс тапты. Алайда қазақ даласына Қытайлар да, Сәнбилер де дендеп енген жоқ. Бұл дала жеңілген және бөлшектенген Ғұндардың және жергілікті Үйсіндер мен Қаңлылардың мекеніне айналды.

 

Қазақстанда енді 2 ғасырдан бастап, 6 ғасырға дейін Кіші Ғұндардың дәуірі басталды. Жайық пен Еділ бойында Еуропалық Гундер орнықты, ал Сарыарқада Қаңлылар мен Гаогюй, Теле тайпалары мен Жетісуда Жетісу Ғұндары тұрды. Бұл кезде болжаммен айтсақ, Қазақ даласында негінен Бұлғар тілдерінде сөйлейтін тайпалар басым болды. Бұлғар тілі деген – Ғұндардың ұрпақтарының, Еділ бойы Гундерінің және Жетісу Ғұндарының тілі. Ал қазіргі жалпақ Түркі халықтарының арғы атасы Гаогюйлер (Арбалылар) болса, қазіргі Оғыз-Қыпшақ тілдерінің бөлінбеген ортақ ежелгі нұсқасын орнықтыра бастады. Сөйтіп, келесі дәуірде Көне Түркі дәуірінде Гундердің Бұлғар тілдерін енді Көне Түркілердің Оғыз-Қыпшақ тілдері ығыстырып шығарды. Көне Түркі дәуірінің империялары - Көне Түркілер және Көк Түркілер мен Түргештердің, Хазарлардың мемлекеттері бір-біріне сабақтасып келген бір халықтық құрылымның елдері еді. Ал Бұлғар тілдері жоғалып кеткен жоқ, олар одан әрі Еуропаға қарай ығып кетті. 6-8 ғасырлар аралығын қамтыған Көне Түркі дәуірі немесе Қазақ даласындағы Ұлы қағандықтар дәуірі аяқталған соң, келесі бір дәуір басталды.

 

Енді Оғыз тілдері мен Қыпшақ тілдері өзара бөлшектеніп үлгерген еді. Оғыз тілдері батыста Арал бойында, Сарыарқада қалыптасты. Қыпшақ тілдері Алтайда, Монғолия далаларында қалыптасты. Ал Қазақстанның 8-10 ғасырларында келесі кезең өтті. Бұл Оғыз-Қимақ дәуірі. Бұл кезеңде Қазақ даласында Оғыз тілдері басым болды. Ел елдің Оңтүстігінде Оғыз хандығы және Солтүстігінде Қимақ хандығы үстемдік етті. Бұл кезеңнен соң, Қимақтар мен Оғыздарды Қыпшақтар ығыстырып шығарды. Оғыз тілдері жоғалып кткен жоқ – ол тілдің иелері Түрікмен, Азербайжан, Түркия жерлеріне қарай ойысып кетті. Содан 12 ғасырдан басталып, Қыпшақ тілдері үстемдік етті. Одан кейін Шыңғысхан шабуылдары кезінде Қазақстанға келген Монғол тайпалары тым аз болатын да Қыпшақ тілдерін жеңе алған жоқ.

 

Сөйтіп Қазақ даласы Қыпшақ тілдерінің өлкесі болып қалды, ал Алтын Орданың жері әрқашан да Дешті-Қыпшақ деп аталады. Алтыгн Орданың мемлекеттік тілі Қыпшақ тілі болды. Оның себебі «Монғолдар» деп жүргеніміздің басым бөлігінің өзі осы Монғолия далалары мен Алтайдан келген Қыпшақ тілдес Түркі тайпалары еді. Алғашқы кезеңін Қыпшақ-Керей-Найман дәуірі деп алайық. Себебі бұл үш тайпаның атауымен аталатын қуатты хандықтар Шыңғысхан заманына дейін өмір сүрген. Одан кейінгі дәуірді Алтын Орда-Ақ Орда-Дешті Қыпшақ дәуірі деп алсақ түсінікті болады. Сөйтіп Қыпшақ-Керей-Найман хандықтары дәуірінде қазақ халқының қалыптасуы басталып, Алтын Орда-Ақ Орда-Дешті-Қыпшақ дәуірінде толық аяқталды.

 

Ұлығ Ұлыстың, яғни Алтын Орданың (Жошы ұлысының) ыдырауымен бірге бұл далада кенеттен үш халық пайда болды. Бұл қандай халықтар еді. Ибн Рузбихан, жазады: «Шыңғысханның иелігіндегі даңқты халық Өзбектер үшке бөлінеді. Олардың біріншісі – Шибаниттер, оның әулеті ескі замандардан бері хандық құрып келеді. Екіншісі – Қазақтар, әлемге өзінің күштілігі м ен батылдығы арқылы даңқы шыққан халық. Үшіншісі - Манғыттар оларға Хажы-Тархан (Астрахань) паишалығы билік етеді». Өзбек деп отырғаны Алтын Орданың ханы Өзбек ханның халқы, яғни Алтын Орданың мұсылман халқы. Шибанидтер деп отырғаны - Көк Орданың халқы. Немесе Өзбек Қыпшақтары. Қазақтар деп отырғаны – Ақ Орданың халқы. Немесе Керей мен Жәнібек хандардың халқы. Ал Маңғыттар деп отырғаны – Ноғайлар.

 

Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығы пайда болғанда, оның алғашқы құрамында негізін құраған қазақ халқынан басқа аздаған ноғайлар мен татарлар, башқұрттар мен қарарақалпақтар, өзбектер мен түрікмендер болды. Сәл кейінірек қазақ даласында Ежелгі Отаны Енисей мен Алтайдан келген Қырғыздар пайда болды. Алғашқыда олар Талас-Шу өңірін мекен етті де, кейін Тянь-Шан тауларына және Ыстықкөлден әрі қарай ығысып кетті. Сосын, Еділ мен Жайық бойында, кейін Сібірде казактар (казак-орыстар дейміз) пайда болды. Бұл - 1510-1540 жылдар аралығы болатын.

 

Құдіретті Алтын Орда империясы негізі үш ақ бөліктен тұрды: Ақ Орда, Көк Орда және Ноғай Ордасы. Бұл үшеуі туыс халықтар еді. Алтын Орданың мұрагерлері де осылар болатын, себебі осы үш халық құраған Ордадан басқа Алтын Орда жоқ. Алтын Орда демогрфиясында өз басынан ерекше қырғынды екі рет өткізді: бірі 14 ғасырда Ұлы Даланы жайлаған жұқпалы дерттің – оба ауруының салдары болған еді. Ол кезде соғысқанда, жаулар қарсыласын қалайда жеңу үшін қала ішіне, ел ішіне ауырған адамның не малдың өлігін тастайтын болған еді. Қазіргі бактереологиялық қару сынды өте қауіпті еді бұл. Бұл дерт кең даланы қаңыратып бос тастап кетті, Ал әлемге ықпалын жүргізген Ұлы Империяны күйзелтіп кетті. Алтын Орда құлдырай бастады. Екіншісі – түбінде, сол ғасырларда Алтын Орданы күйретіп тынған Әмір Темірдің (Ақсақ Темірдің) жорықтары еді. Ал Қазақ хандығы заманында ондай қырғын бір рет болды: «Ақтабан шұбырынды» жылдары. Одан бергі тарихтағы тағы бір орны толмас апат – 1932-1933 жылдардағы аштық...

 

Мысалы, Ұлы Түрік қағандығының құрылғанын қай жыл деп есептеген жөн. Немесе оның мерекесін қашан атап өту керек. Дерек бойынша Бумын қаған хан тағына 542 жылы отырған. Яғни оған алда келе жатқан 2012 жылы - 1470 жыл толады. Бұл барлық Түркі халықтарына ортақ атаулы күн. Ал қазақтың тұңғыш өз мемлекеті Ақ Орда қашан құрылды деп есептеген жөн. Жошыханның баласы Орда Ежен хан тағына 1226 жылы отырған. Ендеше Ақ Орданың құрылғанына келе жатқан 2016 жылы 790 жыл толады. Қазақ хандығы қашан құрылған. Керей мен Жәнібек 1458 жылы үлкен Әбілқайыр ханнан бөлініп көшкен, сол жылы Керей хан сайланған. Ендеше, биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Бұл даталар шыныда да, ғалымдар бір ауыздан мақұлдаған тарихи оқиғалар, яғни анықтың анығы...

 

  1. Қазақстанның халықнамасы соңғы 150 жылда.

Келгендер мен кеткендер.

 

Бұл 150 жылдағы Қазақстан халқының өзгерістері еліміздің ауыр жылдарын да, даму дәуірлерін де көрсетіп бере алады. Бұл кезеідегі қазақ халқының санын Ресей империясы мен КСРО деректері бойынша шығарғандықтан, Қытай қазақтары бұл санға енбей қалған. Алайда, Қытайға қазіргі қазақтардың бастып барған жылы 1740-1760 жылдар екенін айтуға болады. Жоңғар шапқыншылығы саябыр тауып, Абылай хан енді Қытай елімен бетпе-бет келді. Хан неліктен екені белгісіз, Ресейді аса қауіпті деп санады да, Қытай елінен келер келер қауіп жоқ деп санаған. Мүмкін Қытай әлі алыста деп түсінген болар. Онысы рас еді. Қытай негізі шынында да Алтайдан тым алыста болатын...

 

Сондықтан, 21 ғасыр басталғанда да, Қытайдағы көптеген Қазақ ауылдары мен аудандарында қазақтар тіпті 90 пайыздай болып отырған. 20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың басындағы және қазір де жалғасып отырған Қытай еліндегі қауырт экономикалық даму, өнеркәсіптің жандануы ақыры қазір одағы Қазақ аудандарындағы Қытайлардың санын да, пайызын да үздіксіз арттырып келеді. Әрине, Қытай елінің экономикасы қарқынды даму арнасына түсіп, алып елдің шалғай аймақтарындағы халқының әлеуметтік жағдайы көтерілгені өте қуанышты. Егер осы қарқынмен дами беретін болса, Қытайдағы халықтың тұрмысы жақсарған сайын оның жалпы Шыңжаң аймағы халқына да да ететін ықпалы игі болмақ. Алайда бұл аймақтағы Қытайлар санының өсуіне әкеледі де, бір кездегі Қазақстандағы «орыстану» жүргені сияқты Шыңжаң аймағының «қытайлану&

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ