Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

емелік басылымдардағы сөздердің семантикалық, синтаксистік, стилистикалық, морфологиялық, статистикалық қасиеттеріне сипаттама жасау ісі кіреді. Оқу лексикографиясын осындай жаңа ұғымда түсінушілік оның екі бірдей ғылым саласының, атап айтқанда, лексикография мен лингводидактиканың ара-жігінде пайда болған ғылыми пән екендігіне көз жеткізеді. В.В. Морковкин «оқу лексикографиясы» ұғымын анықтау мақсатында жаңа саланың бес түрлі қолданым аясы болатындығын сөз етеді.
Ғалым «оқу лексикографиясы» терминінің мағынасын ашуда, бір жағынан, өз табиғаты бойынша бір-бірімен тығыз байланысты қызмет түрлерін бір пән аясында біріктірудің қажеттігін, екінші жақтан, бұл пәннің бірнеше ғылым саласының жігінде пайда болған аралық пән екендігін көрсете отырып, үшінші жақтан, қазақ тілі лексикасына тілүйретімдік мақсатта түсініктеме жасаудың жаңа мүмкіндіктері ашылатынын ескерте келіп, оған төмендегідей анықтама береді: «Оқу лексикографиясы – басты мазмұны лексикаға тілүйретімдік мақсатта сипаттама жасаудың теоретикалық және практикалық аспектілері болып табылатын арнаулы мақсатта қолданылатын лексикографиялық, лингвоәдістемелік пән. Ғалым оқу лексикографиясының басты бөліктері ретінде: а) оқу сөздіктерін жасаудың теориясы мен практикасын, ә) лексикалық минимумдарды түзудің теориясы мен практикасын, б) оқу лексикостатистикасының теориясы мен практикасын, в) лексикографиялық типтегі лексика оқулықтарын жасаудың теориясы мен практикасын, г) оқулықтардағы сөздікшелерде берілетін лексиканы лексикографиялау мен семантикалаудың теориясы мен практикасын атайды.
«Оқу лексикографиясы» және «оқу сөздігі» атаулары туралы. Орыс тіліндегі «Учебная лексикография», «учебный словарь» терминдеріне балама ретінде қазақ тілшілері тарапынан осы атаулар қолданылып келеді. Біз де өз жұмысымызда бұрыннан келе жатқан дәстүрлі қолданысты бұзбай қолданып отырдық. Бұдан әрі де қолдана береміз. Алайда, жоғарыда келтірілген талдаудан кейін оқу лексикографиясы мен оның басты өнімі ретіндегі оқу сөздігінің басты мақсаты оқу немесе оқыту емес екендігіне, басты мақсат - тілді үйрету болып табылатынына көз жеткізу қиын емес. Және бұл жерде басын ашып, анықтап айтатын бір жайт бар. Мақсат - тілді ұстаздардың көмегімен үйрету емес, керісінше, осы сөздіктің көмегімен оқырманның өзінің үйренуі, оқырманның тілді өз бетінше үйренуіне жағдай жасау. Оқырман осы сөздікті оқи отырып тілді өз бетінше, өз күшімен үйренеді. Сөздіктің құрылымы сол мақсатқа лайықталып жасалады. Бұл жерде мәселе аталмыш сөздіктің актив типті сөздік екендігінде ғана емес. Себебі, ол қаншалықты сапалы, жақсы жасалған актив типті сөздік болса да, оқырманның ниеті, талабы, құлқы болмаса, тілді үйрене алмайтындығы белгілі. Бұл жерде басты назар оқырманның белсенділігіне аударылғаны жөн. Оның үстіне, оқу лексикографиясының бағдары - адамның тілді үйренуіне бағытталған антропоөзекті бағдар болып табылады. Осындай алғышарттарды ескере келіп баламалы қолданым ретінде тілүйренім лексикографиясы, тілүйренім сөздігі атауларын жөн санап отырмыз.
2.2 Оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары. М. Малбақов сөздікте үш түрлі интенцияның болатынын жазған еді. Олар: дидактикалық, анықтамалық және ғылыми интенциялар. Түсіндірме сөздіктің құрылымын зерттеуге арналған еңбегінде ғалым: «Жалпылама қолданымға арналып жасалатын түсіндірме сөздіктердің жұртшылық тарапынан үнемі қолданымда болуы және неғұрлым ұзақ уақыт ішінде (ондаған‚ жүздеген жылдар бойы) қолданымда болуы ондағы интенциялардың арасалмағына байланысты. Егер сөздіктегі ғылыми интенция басқаларынан басым болса‚ ол сөздік негізінен ғылыми жұртшылықтың пайдаланатын кітабы болмақ. Анықтамалық интенция басым болса‚ энциклопедияға айналып кету қаупі бар. Дидактикалық интенцияның басымдығы оны негізінен тілүйренім‚ оқу құралына айналдырады. Сондықтан‚ сөздіктің шын мәніндегі «халық кітабына» айналып, ұзақ қолданылуы үшін ондағы үш интенция теңгермелі қалыпта болу керек» деген тұжырым жасаған болатын [10]. Демек, оқу лексикографиясының туындыларында дидактикалық интенцияның басым болатындығы белгілі.
Осы тұрғыдан, сөздіктің барлық түрлерінде де дидактикалық интенцияның басым болатындығы туралы ойдың сонылығы анық. Мұндай тұжырымды лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеген француз лексикографтары К. Дюбуа мен Ж. Дюбуа жасайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, жалпы сөздік атаулының бәрі дидактикалық жанрдағы туындыларға жатады. Сол себепті осы жанр ауқымындағы лексикографиялық айтылым педагогикалық тілге тән ең маңызды сипаттамаларға ие болады: «педагогикалық тілдің кез келген түрі тәрізді, сөздік те оқырманды коммуникацияның нақты бір айқын типіне бағыттайды. Әрі сөздіктің авторы, әрі коммуникация субъектісі болып табылатын лексикограф өзімен сырттай пікірлесуші оқырмандар тарапынан өзіне қойылатын сауалдарға бағдар ұстайды. Олар лексикографқа оның өзіне тиесілі емес мәтіндер туралы сауал қояды. Сауалдарға жауап бере отырып, лексикограф коммуникациядағы айқын субъект рөлінде көрінбейді, коммуникацияның ұжымдық субъектісі яғни қоғам атынан сөйлейтін байланыстырушы, дәнекер бейне рөлінде көрінеді. Демек, лексикограф қоғам тарапынан жүзеге асырылатын ұжымдық айтылымның болжалды субъектісіне айналады. Оқырмандар өздерін идеалды түрдегі сөйлеуші субъект ретіндегі лексикографпен бірбүтін санайды. Ал сөздікте берілетін жауаптар - нақты мәдени қауымдастық атынан айтылатын соңғы ақиқат болып табылады. Сөздіктен алынатын білік пен білім оқырмандардың білімі мен білігіндегі кемістіктердің орнын толтыруға көмектеседі. Лексикографтың білігі мен жекелеген оқырмандардың толымсыз білігі арасындағы алшақтықты жояды. Осылайша, сөздіктегі лексикографиялық хабарламаның табиғаты да оқытушы ұстаздың педагогикалық хабарламасының табиғатымен бірдей. Лексикограф істен мүлде сырт қала алмайды. Оның тілге деген, тілге жасаған өз сипаттамасының негізінде жатқан лингвистикалық теорияларға деген өзіндік ғылыми көзқарастары бар. Ол ғылыми хабарламаның авторы болып шығады. Және оның іс-қимыл мәнері педагогикалық тіл (айтылым) авторынікіне қарағанда басқарақ. Лексикографтың позициясы белгілі бір теориядан, басқа теорияларға қарсы қойылған, өзі жөн санаған, лайықты деп тапқан теориядан келіп шығады. Осылайша, бір жағынан, ғылыми полемикалық әдіс-тәсіл, екінші жағынан, педагогикалық нормативті әдіс-тәсіл арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі байқалады... Ғалымдар сөздік тілінің ең алдымен педагогикалық тіл болып табылатынын бұлтартпастай дәлелдейді. Оқу лексикографиясының негізгі туындысы ретіндегі оқу сөздіктерінде дәл осындай педагогикалық қызмет орын алады. Лексикограф оқырманның тілді өз бетінше меңгеруіне жағдай туғызады. Сөздіктің тілі, авторлардың тұжырымы бойынша: «ғылыми талдаудан өткізілген, зерделенген тіл. Аристотельдің үлгісі бойынша бөлшектерге бөлінген мәтін. Табиғи тілдегі біртұтас айтылым тіл білімінің қағида, ережелері бойынша жеке-жеке сөздерге мүшеленіп, ол сөздердің өзі белгілі бір қалыптарға түсіріліп, белгілі бір сөз таптарына телінеді. Табиғи тілдегі сөздер ғылыми сараптамадан өткізіліп, жасанды тілдегі (ғылым тілі) лексикалық бірліктер ретінде белгіленеді, таңбаланады, жік-жікке бөлінеді. Осындай бірліктерді жинақтаушы сөздік, шын мәнінде, екінші қатарлы туынды болып табылады. Оның нысаны тіл мен әлем емес. Оның нысаны – тіл туралы, әлем туралы жұрт не айтады, не дейді, - міне, сол» [14]. Бұл жерде, әрине, сөздіктің метатілі туралы әңгіме болып отырғандығы белгілі. Сипаттамалы-жүйелеуші лингвистикада тілдің жиынтық әлеуметтік құбылыс ретіндегі қалыптасуы мен қызмет етуі сөз болса, антропоөзекті лингвистикада, В. Гумбольдттың сөзімен айтқанда, энергея тіл - адамның тұла бойында өркен жайып, өсіп шығатын организм бейнесіндегі тіл қарастырылады. Оқу сөздігінің басты қасиеті – оның антропоөзекті сипаты.
2.3 Оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының қолданым ерекшеліктері. М.Малбақов ағылшын лексикографиясындағы тілүйренімдік мақсаттағы түсіндірме сөздіктердің «мектепке дейінгі балаларға арналған‚ бастауыш мектептегі балаларға арналған‚ орта мектеп оқушыларына арналған‚ студенттерге арналған‚ от басында қолдануға арналған‚ жұмыс орнында қолдануға арналған‚ кітапханада қолдануға арналған‚ жол-жөнекей қолдануға арналған («жол ашар»‚ «қалта сөздіктері») дегендей, түрлі дәреже-деңгейлерде жасалып отырғандығын» жазады. Ғалым сөздіктердің осындай алуан түрлерін жасауға негіз болатын басты ұстанымның - градуалдылық екендігіне тоқтала отырып, аталмыш ұғымның мәнін ашады: «Латын тіліндегі «адым‚ қадам» мағынасындағы gradus сөзі мен ортағасырлық латындағы gradarіus «ақырын адыммен жүруші‚ асықпайтын»‚ gradatіm «қадам сайын‚ бірте-бірте‚ ақырын-ақырын»‚ gradatіo «бірте-бірте биіктеу‚ ақырын көтерілу»‚ gradualіs «басқыш сайын‚ бірте-бірте» сөздерімен төркіндес градуалдылық ұстанымының негізінде тілдің жүйелілік қасиеттерін кеңейте көрсету‚ «тілді үйрену процесін сатылы түрде‚ үздіксіз жүргізу‚ оны бірте-бірте күрделендіру» ұғымы жатыр. Градуалды сипаттама біріне бірі кірігетін сөздіктер сериясы түрінде жүзеге асады» [10]. Ғалым өз ойын «осы тәрізді сатылы тілүйренім сөздіктерін жасау - қазақ лексикографиясы үшін де қажетті іс екендігі даусыз» деген түйінмен аяқтайды. Біз де осы пікірді қостаймыз. Оқу сөздігінің көп түрін жасауға болады. Қазақ тілін үйренушілерге арналып жасалатын осындай градуалды сөздіктер қажет-ақ. Алайда, олардың ғылыми негізде жасалуы, қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексиканы қамтуы шарт. Қазақ тілінің лексикалық негізі инвариант қызметін атқарады.
2.4 Лексикалық негіз. Біртілді оқу сөздігіндегі құрылымдық сөздер. Ең алдымен қазіргі қазақ тіліндегі негізгі
1234
скачать работу

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ