Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері



 Другие рефераты
Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерi Италия Республикасының Конституциялық құқығы Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар Жеке бас құжаттары

Біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім. Лексикографиялық құрастырма негіздері туралы Р.Түсіпқалиева былайша жазады: «Үлкенді-кішілі сөздіктерді жасауда атқарылатын қызметтің, істелетін істің біртекті болмайтындығына әліге дейін жеткілікті назар аударылмай келеді. Мысалы, сөздікті түзудегі атқарылатын қызметтің бірі - таза филологиялық қызмет. Мұнда әртүрлі атаулық бірліктерге анықтама беріліп, талдау жасалады. Екінші қызмет - осы филологиялық деректердің түрлі қасиеттерін мақсатты түрде тұтас жүйеге айналдырып, ашып көрсету арқылы жаңа сапада қайта ұсынуды қамтиды. Бұл жерде сөздікшінің тек қана тілші емес, оған қосымша құрастырма жұмыстарының маманы, сөздікші-инженер болуына тура келеді. Сөздікті құрастыруға байланысты жұмыстар лексикографиялық құрастырма деп аталады. Лексикографиялық құрастырма – үлкенді-кішілі сөздіктерді, сөздіктің жүйелері мен серияларын ойлап шығарумен, олардың мақсатқа сай ең тиімді түрін, компоненттік құрамын белгілеумен, сондай-ақ, құрылымдық жаңартулар көмегімен сөздікке максималды ақпараттық құндылық беретін, пайдалануға ыңғайлы етіп жасайтын инженерлік-филологиялық қызметтің түрі» [8]. Бұл жерде құрастырманың кем дегенде үш түрі туралы сөз болып отырғандығын баса айту қажет. Оның бірінші түрі – кез келген сөздікті құрастыру ісі және оны құрастыруға қатысты құрылымдық мәселелердің жиынтығы. Яғни бұл ұғым бір сөздік көлеміндегі, сөзтізбе мен сөздік мақаланың құрылымына қатысты, сөздіктің ішкі құрылымына қатысты құрастырма мәселелер көлемін ғана қамтиды. Екінші түрі – лексикалық құрамы тілді үйренудің деңгейіне байланысты бірте-бірте күрделеніп жасалатын, бірнеше кітаптан тұратын сөздіктер сериясын құрастыруға қатысты. Мұндай сөздіктер оқытудағы сатылылық (градуалдылық) ұстанымына негізделіп түзіледі. Үшінші түрі – белгілі бір тілдің құрамы мен құрылымын толық ашып көрсету мақсатында немесе тілді жан-жақты меңгерту мақсатында әртүрлі сөздіктерден құралатын сөздіктер жүйесін жасауға қатысты.
Бастапқы материалдар (картотека қоры) туралы ілім. Сөздіктердің дереккөздері жөніндегі, сөздікке негіз болатын бастапқы материалдарды жинақтау мен сақтаудың формалары мен әдіс-тәсілдері жөніндегі мәселе – сөздік түзу жұмысындағы келелі мәселелердің бірі. Қандай лексикографиялық шығарма болса да, оның түзілуі картотека мәселесінің оңды шешілуімен тікелей байланысты екендігі анық. Жобаланып отырған сөздікке алынатын дереккөздер корпусын анықтау, басқа сөздіктерді дереккөз ретінде пайдаланудың сипаты мен ерекшеліктерін белгілеу, жалпы ғылыми, жалпы әдеби, жалпы тілдік шығармалардан, сонымен бірге, арнаулы салалық бағдарлы шығармалардан материал жинақтаудың әдіс-тәсілдерін сипаттау, ауызекі сөйлеу тілі негізінде даярланған жазбаларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері мен қолданым шектерін анықтау, тиісті тілдік бірлікті ұсынатын мәтін бөлшегінің сипаты мен ұзындығын белгілеу, тілдік бірліктің қолданымын дәйектейтін мәтін бөліктерінің жалпы санын айқындау – материалды дайындауға қатысты іс-шаралардың қысқаша тізбесі осындай. Оның үстіне сөздік материалдарды жинақтайтын картотекалардың түрлері, оларды толтырудың әдістемесі, сонымен бірге, материалды сұрыптап алудың инструкциясы, картотека жасау ісін механикаландырудың, автоматттандырудың жолдары, т.б. – лексикография теориясында қарастырылуы тиісті мәселелер.
Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім. Әрбір лексикографиялық туындының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оны жоспарлаудың, инструкциясы мен проспектісін жасаудың, сөздікті түзу ісін ұйымдастырудың өзгешеліктері болатыны белгілі.
В.В. Морковкиннің жазуы бойынша, сөздік проспектісі мынадай негізгі бөліктерден тұрады: 1) сөздіктің мақсаттары мен міндеттерін баяндау; 2) нақты адресатты көрсету; 3) сөздіктің композициясын сипаттау; 4) сөздіктің сөзтізбесін сипаттау (сандық және сапалық); 5) сөздік мақаланың құрылымын сипаттау; 6) сөздік мақаланың жекелеген элементтерін жүйелі түрде, бірте-бірте, ретімен және детально сипаттау; 7) белгілерді, қабылданған қысқартпаларды, шартты таңбаларды сипаттау; 8) дереккөздерді (соның ішінде лексикографиялық та) көрсету; 9) қосымшаларды сипаттау [9, 55-56].
1.2 Лексикография тарихының мәселелері. Сөздіктер тарихын зерттеу. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы. Лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеген В.В.Морковкин лексикография тарихы ұғымының өзінің біртекті еместігін, оның өзі іштей екі тармаққа бөлінетінін жазады. Оның біріншісі ретінде – сөздіктер мен лексикографиялық тұжырымдамалар тарихын атайды. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі – М.Малбақовтың «Қазақ лексикографиясының тарихы» атты зерттеуі. Аталған жұмыста XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында жазылған лексикографиялық туындылар қарастырылады. Зерттеуде, сонымен бірге, аталған кезеңдегі сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен сөздік мақала құрылымы, атаулардың лексика-семантикалық құрамы баяндалады. Сөздіктер мен олардың авторларының қазақ лексикографиясы тарихындағы орны айқындалады. Қазақ лексикографиясының өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір еңбек – Б.Атабайдың Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен құрылымын қарастыратын жұмысы. Зерттеуде жалпытүркілік сөздікке алынған қазақ лексикасының тақырыптық, семантикалық құрамы, фонетикалық құрылымы баяндалады, аталмыш сөздіктің типологиялық сипаттамасы, оның қазақ лексикографиясы тарихындағы алатын өзіндік орны туралы сөз болады. М.Малбақов ортағасырлық түркі лексикографиясында, ортағасырлық араб жазулы сөздіктерде‚ сондай-ақ‚ кейінгі түркі тілдерінің лексикографиясында‚ соның ішінде қазақ лексикографиясында да бұрынғы дәстүрдің жалғасып келгендігін, алайда XVІІІ ғасырдан бастап Ресейге тәуелді болып‚ оның құрамына кіре бастаған қазақ елінде араб жазулы қазақ лексикографиясындағы орта ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығының бұзылғандығы туралы жазады. «Аталған кезеңдегі қазақ тіліне қатысты сөздіктердің басым көпшілігі орысша-қазақша тіл үйрену‚ аударма жасау қажеттілігін өтеуге арналып‚ сол дәуірдегі патшалы Ресей әкімшілігі мен Кеңес үкіметінің ұстанған тіл саясатына сәйкес келетін прагматикалық мақсат-мүдделерге сай жасалды» деген тұжырым жасайды [10]
Типтес лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы. Лексикография тарихының екінші тармағы ретінде типтік сипатты лексикографиялық мәселелердің шешілу тарихы, атап айтқанда, сөзтізбенің құрамы, атау сөздердің сипаты тәрізді сөздіктің құрылымына қатысты жағдайлардың тарихи кезеңдегі жекелеген сөздіктер мен ғылыми-теориялық еңбектердегі қарастырылуын атайды. Аталған мәселелге байланысты жазылған ғылыми-теориялық еңбектер қатарына Ш.Ш. Сарыбаевтың «Проблемы казахской региональной лексикографии» [11], К.Ш. Хұсайынның «Радлов и казахский язык»[12], М. Малбақовтың «Қазақ лексикографиясының тарихы» атты еңбегін [13] жатқызуға болады. Ш.Ш. Сарыбаев зерттеуінде диалектологиялық сөздіктердегі лексикографиялау ұстанымдары, сөзтізбе мен сөздік мақала құрылымы мәселелері талданады. К.Ш. Хұсайын еңбегінде Сөздіктердегі типология мәселесі, В.В.Радлов сөздігінің қазақ лексикографиясындағы орны сөз болады. М. Малбақов зерттеуінде қазан төңкерісіне дейінгі қазақ сөздіктерінің құрылымдық элементтері, атап айтқанда, сөзтізбе құрамы мен сөздік мақала құрылымы, атау сөз тұлғасы, негізгі сөздік тұлға мәселесі, фонетикалық және грамматикалық сипаттама, параметрлік құрылымдар талданады. Қазан төңкерісіне дейінгі сөздіктерде қамтылған лексика-семантикалық топтар құрамы баяндалады.
«Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымдық негіздері» деп аталатын екінші бөлімде «оқу лексикографиясы» терминінің мәні, оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары, оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының қолданым ерекшеліктері, біртілді шағын оқу сөздігінің лексикалық негізі мәселесі, шағын оқу сөздігіндегі құрылымдық сөздер құрамы, оқу сөздігіндегі лексикалық минимум мәселесі, оқу сөздігінің «ортақ минимумы», біртілді шағын оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары туралы зерттеу жүргізіледі.
2.1 Оқу лексикографиясы терминінің мәні. «Оқу лексикографиясы» тіркесіндегі жетекші мүше – лексикография. Ал осы сөздің ішкі формасы, мәні қандай деген сауалға жауап іздер болсақ, оны сөздің этимологиясынан табамыз. В.В. Морковкиннің пікірі бойынша, «лексикография» терминіне берілетін этимологиялық түсініктемелерді екі түрге бөліп қарастыруға болады. Бірінші түсінікті жақтаушылар бұл грек тіліндегі Λεξικόν - ‘сөздік’ және γράφω - ‘жазамын’ сөздерінің қосындысынан келіп шыққан деген көзқарасты ұстанады. Алайда, аталған екі сөздің ішкі формасына бұлайша талдау жасауда терминнің мағынасын оның қазіргі кезде білдіретін ұғымына етене жақындастырушылық байқалады. Нәтижесінде сан қырлы лексикографиялық қызметті оның бір-ақ қырынан түсіндірушілік орын алған. Екінші көзқарас бойынша, термин Λεξικός - ‘сөзге қатысты’ және γράφω - ‘жазамын’ сөздерінің бірігуінен пайда болған. Қазіргі кезде осы көзқарастың дұрыстығы дәлелденіп отыр. Демек, терминнің қазіргі мәнін («сөздік түзудің теориясы мен практикасы») назарға алмай, сөздің бастапқы этимологиясына үңіліп, оның ішкі формасын ашуға талпынған кезде «оқу лексикографиясы» деген сөз тіркесінің «сөздерге тілүйретім мақсатында сипаттама жасау» деген мәнде қолданылуы тиіс екендігі мәлім болады. Талданып отырған терминді осы мәнде түсіну негізінде аталмыш саланың қарастыратын нысандары құрамына оқу құралдарындағы, тілүйретімдік-әдіст

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Фуллерены
Малый бизнес и реклама
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
История компьютерных вирусов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ