Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

құрылымдық бірліктердің тізбесін жасаудың қажеттігі аян. М.Малбақов оны тілдегі лексикалық негіздің өзегі санайды. Құрылымдық сөздер тізбесі қазақ тілі бойынша тілүйретім сөздіктерін жасаушы авторлар үшін, қазақ тілі бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен оқылым кітаптарын құрастырушылар үшін, қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытушы ұстаздар үшін, қазақ тілін үйренуші шетелдік студенттер үшін, сондай-ақ, қазіргі қазақ тілі лексикалық өзегінің статистикалық және әдіснамалық құрылымын қарастырушылар үшін қажет. Бұл тізбеге семантикалық, синтаксистік және қатысымдық тұрғылардан маңызды құрылымдық бірліктер енеді. М.Малбақовтың пікірі бойынша, олардың қатарына қазақ тіліндегі ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жатыр, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, көр, қал, қой, қыл, отыр, өт, сал, таста, тұр, түс, шық тәрізді көмекші етістіктерді, асты, үсті, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, іші, сырты, тысы, арасы, басы, түбі, қарсысы, бойы, төңірегі, айналасы, жан-жағы, беті, шеті, ортасы, соңы, төбесі, ортасы тәрізді көмекші есімдерді, сияқты, сыңайлы, сынды, әлпетті, мүмкін, шамасы, сыңайы, әлпеті, жобасы, қисыны, тәрізді, сиқы, бәлки, бәлкім, кәдік, болар, шығар, білем, керек, ұқсайды, тиіс, лазым, көрінеді, екен, деседі, дейді, рас, расында, шынында, анығында, әрине, әлбетте, асылы, асылында, зады, түрі, кім біледі, шындығында тәрізді модаль сөздерді, есептік, реттік және жинақтық сан есімдерді, есімдіктерді, негізгі үстеулерді, кейбір қыстырма сөздер мен қаратпа сөздерді, негізгі жалғаулық, демеулік және септеулік шылауларды, негізгі көңіл-күй, императивтік және тұрмыс-салт одағайларды, кейбір негізгі еліктеуіш сөздерді, сөз әдебіне кіретін бірліктерді, т.б. сөздердің топтары мен түрлерін кіргізуге болады [15]. Сөз әдебіне кіретін бірліктер сәлемдесу, танысу, шақыру, назар аудару, өтіну, ризашылықты білдіру, кешірім сұрау, келісу, жоққа шығару, қошамет жасау, құттықтау, қоштасу салт-дәстүріне қатысты тақырыптық аяда өрбітіледі. Мәселен, сәлемдесуге кіретін: Саламатсыз ба! Халіңіз (хал-жағдайыңыз) қалай? Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Жол болсын! Сау болыңыз! Қош келдіңіз! Сәлем! Көріскенше! - тәрізді айтылымдар мен оларға қайтарылатын жауап, танысуға байланысты сұрақ жауаптардың минимумы, шақыруға қатысты: Қош келдіңіз! Төрлетіңіз! Шай ішіңіз! Дәм татыңыз! Қонақ болыңыз! - тәрізді қолданымдар, адамға қарата айтылатын: Әріптес! Жерлес! Бауырым! Достар! Қарындас(ым)! Ата! Әже! Ағай! Апай! – тәрізді айтылымдар, ризалықты білдіретін: Рахмет! Көп рахмет! Көп жаса(ңыз)! Тамаша! Кешірім сұрау ишарасын білдіретін: Кешіріңіз! Ғапу етіңіз! Айыпқа бұйырмаңыз! – тәрізді қолданымдар адамаралық қатынаста маңызды болғандықтан, тілүйренімдік мақсатта жасалатын оқу сөздігіне алынуы керек. Бұл тұрғыдан лексикалық негізге құрылған шағын сөздіктің құрылымында тілдескіштердің де элементтері болатындығын айту қажет.
Тілдегі нөлдік тізбені құрайтын құрылымдық сөздерді меңгеру ісі бастапқы элементарлық деңгеймен, бастауыш кезеңмен шектеліп қала алмайтындығы түсінікті жайт. Себебі қазақ тіліндегі құрылымдық элементтердің 1000-1500 сөзден тұратын шағын лексикалық минимумға симайтындығы белгілі.
Оқу сөздігіндегі минимум мәселесі. Біртілді оқу сөздігінің «ортақ минимум» негізі туралы. Тілдегі лексикаға тілүйретім мақсатында сипаттама жасаудың бір аспектісі – лексикалық минимумдар түзу. Сөздік құрамды тілді үйрету мақсатында ықшамдаудың бұрыннан қалыптасқан теоретикалық негізінде қате болжам орын алған еді. Лексиканы аталған мақсатқа сай ықшамдаудың басты тәсілі ретінде сөздік құрамдағы көнерген архаикалық және тарихи лексиканы, жергілікті қолданымдағы диалектілік, говорлық лексиканы, салалық терминологиялық лексиканы, қарапайым қолданымдағы лексиканы, ауызекі сөйлеу тілі бірліктерін, дәстүрлі жазба тілге тән арнаулы лексиканы, басқа да көптеген сөз топтарын алып тастау, қысқарту орын алған болатын. Жалпылама қолданымға арналып жасалған алғашқы лексикалық минимумдардың сөзтізбелерін құрастыруда қолданылған қысқартудың, ықшамдаудың негізгі тәсілі осындай болған еді. Сондықтан лексикалық минимум мәселесіне жаңаша көзқарастың қажеттігі, лексикалық минимумдардың нысаны мен қолданым аясына, құрылымына байланысты, минимумдарды сұрыптап алу мен лексикографиялау жолдарына қатысты қалыптасып қалған ескіше ғылыми түсініктерді өзгертудің қажеттілігі айқын болатын. Осы тұрғыдан, жаңаша ғылыми көзқарас негізінде жазылған еңбек ретінде тілді меңгерудің бастапқы сатысына арналып жасалатын екітілді оқу сөздіктерінің құрылымын зерттеуге арналған Р.Түсіпқалиеваның жұмысын атауға болады [8]. Ғалым «Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл және ұлтаралық қатынас тілі ретінде толыққанды қызмет жасауына жеткізетін жолдардың бірі - түрлі ұлт мектептерінің оқушыларына қазақ тілін бір, ортақ лексикалық материал негізінде үйрету. Тек осындай жағдайда ғана олардың бәрінде баршаға ортақ сөздік база жасалуы мүмкін. Осы міндетті шешуге қазақ тілінің ұлттық орта мектептерге арналған ортақ лексикалық минимумы мүмкіндік жасайды. Мұндай сөздіктің көлеміне келер болсақ, әдістемешілердің көпшілігі тілді белсенді түрде меңгеру үшін 3-4 мың лексикалық бірлікті жеткілікті санайды. Он жыл бойы қазақ тілі оқылатын мектепте – 4 мың болса, жеткілікті» деген ой айтады.
Кеңес дәуіріндегі оқу лексикографиясында үстем болған әмбебап минимум сөздік идеясы бойынша, ең жиі қолданымдағы сөздер тізбесі әмбебап минимумның бірінші бөлегін, ал тақырыптық тізім оның екінші бөлегін құрайды. Минимумның тұрақты элементі ретіндегі жиілік тізбедегі сөздердің меңгерілуі міндетті саналса, субъективтік негізде сұрыпталған тақырыптық тізбе құрамындағы, яғни минимумның өзгермелі элементін құрайтын тізбедегі сөздердің қайсыларын пайдаланудың шешімі осы минимумды пайдаланушы оқырмандардың еркіне қалдырылатын еді. Біз бұл көзқарасқа ұстанымдық тұрғыдан қосыла алмаймыз. Тілдің лексикалық негізін бейнелейтін минимумдағы екінші бөлік те тұрақты болу керек. Және ол тілдегі тақырыптық жүйені құрайтын негізгі атауларды мүмкіндігінше толық қамтуы тиіс. Онсыз тілдегі базалық лексиканы меңгеру ісі қиындап кетеді.
2.5 Біртілді оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары.
Р. Түсіпқалиеваның еңбегінде басты сұрыптау ұстанымдары туралы төмендегідей тұжырымдар келтіріледі:
«1. Сұрыптаудың басты ұстанымы – статистикалық ұстаным (Ең алдымен тілдік бірліктің қолданым жиілігі ескеріледі).
2. Сөздің тіркесімдік қабілеті (тіркесімге көп түсетін сөз – тілүйренім тұрғысынан маңызды сөз. Сондықтан ортақ минимумға синтаксистік және лексикалық тіркесімдік әлеуеті мол сөз алынады).
3. Тілдік бірліктің сөзжасамдық мүмкіндіктері, яғни сөз түбірінің тарамдану қабілеті мол сөз. Бір сөзді білсең, біртекті сөздерді тану қиын емес.
4. Сөздің семантикалық құндылығы. Бұл ұстаным бойынша, минимумға көпмағыналы сөздер алынуы керек. Барлық мағыналары бірдей актив меңгерілуге жатпайтындықтан, минимумға ол сөздің негізгі, басты мағынасы алынады. Бұл ұстаным тілдік қатардан синонимдерді таңдап алуға, антонимдерді тауып алуға, т.т. жағдай жасайды. Осы ұстаным арқылы интернационалдық лексиканың минимум сөздігіне сұрыптау жасалады.
5. Сөздің стилдік бейтараптығы. Бұл ұстаным бойынша, ұлттық мектепке (жоғарғы, орта) арналған минимум-сөздікке стильдік тұрғыдан бейтарап әдеби тіл сөздерін алуға жағдай жасайды.
6. Жағдаяттық-тақырыптық ұстаным. Бұл ұстаным қолданым жиілігі төмен болса да, тілде сөйлеушінің әрқайсысына да қажетті нақты сөздермен минимумды толықтыруға мүмкіндік береді. Лексиканы сұрыптаудың жағдаяттық-тақырыптық ұстанымның қолданылуы минимум сөздікке алынуға тиісті тақырыптар мен жағдаяттың нақты көлемі белгіленген жағдайда ғана мүмкін болмақ.
7. Сөздің методикалық тұрғыдан оқыту мақсатына сәйкестігі. Бұл ұстаным лексикалық минимумды үйренілетін тілдің грамматикасымен, сөзжасамымен, фонетикасымен, орфографиясымен, әдебиетімен, жалпы тілүйренім процесін ұйымдастырумен үйлестіруге мүмкіндік береді» [8].
Біз ғалым тарапынан келтірілген ұстанымдардың саны мен мазмұны туралы тұжырымдарды қолдаймыз. Біртілді оқу сөздігінің сөзтізбесін түзуде осы аталған ұстанымдарды басшылыққа алған жөн болмақ. Дегенмен, базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігінің құрылымына арналып отырған зерттеуімізде өте-мөте маңызды екі мәселеге кеңірек тоқталған дұрыс болады деп ойлаймыз. Олар: сөздікке алынатын лексикалық бірліктердің қолданым жиілігі мен тақырыптық таралымы туралы мәселелер.
Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің қолданым жиілігі. Мамандардың пікірі бойынша, бір мыңнан бастап төрт мың сөздік көлемге дейінгі минимум сөздіктер тіл негіздерін белсенді, пәрменді түрде меңгеруге бағдарланған актив сөздіктер болып саналады. Олардың ішіндегі 1500 бірлікке дейін қамтитын аса шағын көлемді туындылар тілді меңгерудің бастапқы сатысына арналған элементар сөздіктер қатарын құрайды. Демек, қазақ тілін үйренудің, меңгерудің бастапқы, элементарлық курсына лайықталып жасалатын шағын минимум сөздіктің сөзтізбесі әдетте 1500 сөзге дейінгі көлемді қамтиды. Р.Түсіпқалиева сұрыптаудың жеті ұстанымын қолдану негізінде сараланып, сарапталып алынған 1300 бірлікті қамтитын ортақ лексикалық минимум құрамын ұсынады. Бұл – жоғарыда сөз болғандай, тілді үйренудің бастапқы сатысы үшін арнайы жасалған тізбе. Ал біздің еңбегімізде сөз болатын 1500 бірліктен 4000 бірлікке дейінгі көлемдегі, тілдегі базистік лексиканы қамтитын сөздіктер келесі сатыға, тілді базистік деңгейде меңгеруге бағдарланады.
Диссертациялық еңбекте қазақ лингвостатистикасында түзілген жиілік сөздіктердің деректері өзара салыстырыла, салғастырыла зерттеледі. Жиілік тізбелерді талдау барысында жалпы қазақ ұлты өкілдерінің сөзқолданым жиілігіне тән бірқатар заңдылықтар байқалды. Мәселен, ең жиі қолданылатын сөздер қатарында адамның сөйлеу процесін суреттейтін де- етістігінің, жалпы тіршілікті бейнелейтін е- етістігінің, жалпы болмысты білдіретін бол- е
1234
скачать работу

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ