Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі



 Другие рефераты
Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ӨЗ ОТАНЫН ШЕКСІЗ СҮЮІ КЕРЕК

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ — Енді бірнеше күннен кейін халқымыз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын мерекелеуді бастайды.

Осы ұлық мейрамның маңызы туралы, ерекшеліктері жайлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Өстемір Бектөреев былай деп әңгімелейді. - Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.

Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.

Кеңес Үкіметінің солақай саясатының салдарынан Наурызда Құран оқылмаса да, діни мереке ретінде бағаланып, оны 1926 жылдан бастап атап өтуге тиым салынған еді. Содан ұзақ жылдар бойы мемлекеттік деңгейде тойланбады. Бірақ ескінің көзін көрген қарияларымыз ауылдық жерлерде наурыз көже даярлап, отбасылық мереке ретінде тойлап келген.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Наурыз мемлекеттік деңгейде барлық қалаларда, облыс, аудан орталықтарында, ауылдарда бүкілхалықтық мереке ретінде тойланып келе жатыр.

Наурыз мерекесі үш күн тойлантынын халқымыз қуана қабылдады. Қазақстан Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы Наурыз мейрамын жаңа тұрғыда мерекелеу қажет екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысының осы бастамасына байланысты Парламентке заң жобасы келіп түсті. 2009 жылы 4 наурыз күні Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады. Кейін Сенат қарап, қабылданған заңға Қазақстан Президенті қол қойды. Сол заңға сәйкес мемлекеттік мереке Наурыз мейрамы бір күннің орнына үш күн бойы, яғни, 21-22-23 наурыз күндері мерекеленетін болды.

Наурыз мерекесі күні — қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған.

Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды.

Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп есептеген.

Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің,  бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.

Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным  ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.

Қазір батыс елдері демократия деп жүр ғой, оны біздің ата-бабаларымыз осыдан жүздеген жылдар бұрын қалыптастырған, Патшалар өз тағы мен билігін наурызда бір күн кедей-кепшікке беруді дәстүрге айналдырған.

Ұлыстың ұлы күні жұмыс істемейді, іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, өзі де ренжімейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, шарап ішпейді, құрбандық шалмайды.

Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды деп үйінің есігін ашып отырады. Жастар үлкен кісілерден бата сұрайды, жігіттер қыздарға сый-сияпат жасайды. Ренжісіп қалған азаматтар бір-бірінен кешірім сұрайды.

Айта кету керек, еліміздің оңтүстігіне көктем ерте келеді, тұрғындар да ұлттық өнерді айрықша қадір тұтады. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстан облысында Наурыз мейрамы ерекше тойланады. Бұл мерекеге дайындық алдын ала жүргізіледі. Облыс, аудан және ауыл әкімшіліктерінің ұйымдастыруымен нақты іс-шаралар жүзеге асырылады. Ақшаңқан киіз үйлер тігіледі. Наурыз қарсаңында әр отбасы өз үйінің айналасын тазартады. Бұл іске мекемелер мен жеке адамдар да қуана кіріседі. Көшелерді тазалау жұмыстарына барлық адам қатысады. Өзім жуырда оңтүстік өңірдегі жолдастарыма хабарласып едім, олар Наурызға дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

Ал Наурыз мерекесі күндері оңтүстікте қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылады. Театрландырылған көріністер көрсетіледі. Ұлттық ат спортынан жарыстар өтеді. Соның ішінде көкпардың орны бөлек. Әрбір ауылдың командасы тартысқа түседі. Қазақша күрес, арқан тарту, бағанға өрмелеп, жүлде алу секілді жарыстар қызықты болады. Гір көтеру, жүгіру сияқты қазіргі заманғы спорттық шаралар да өтеді. Және бір айта кетерлігі Наурыз мейрамында жақсы ырыммен көшелер мен алаңдарға тал-теректер отырғызылады. Бұл іске де кәрі де, жас та қатысып, оның тәрбиелік мәніне назар аударады.

Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін  ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:

«Пәле-жала жерге енсін!

Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға,үйің жанға толсын!

Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсанында біздің мемлекетімізде Наурыз мейрамы 21-22-23 Наурыз күндерінде еліміздің бүкіл аумағында тойланбақ. Халқымызға Жаңа жыл,  «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» әрбір отбасына толағай табыстармен, жақсылықтар әкелсін!

АСТАНА. ҚазАқпарат. Айдар Оспаналиев.

Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі- депутат Ө. Бектөреев

скачать работу


 Другие рефераты
Идеология и практика фашизма
Азаматтықты тоқтату
Гормондардың негізгі қызметтері. Гипоталамус. Гипофизарлық жүйенің ерекшелігі
Затраты предприятия. Себестоимость продукции и услуг предприятия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ