Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

рсы уақытша болсада келісімге келу, осы арқылы қазақ жеріне деген Қы¬тай экспанциясына бөгет жасау қазақ билеушісі тарапынан сол мерзімдегі нақты да батыл істердің бірі болғандығы анық.
Ғасырлар бойы Орталық Азияда үлкен әскери ықпалды мемлекет құрып, айналасын соғыс ошақтарына айналдырған, алайда қазақтардың бірлес¬кен күштерінен және қытай әскер¬лерінен үлкен жеңілістерге ұшыраған, сонымен бірге одан ары ішкі өзара бітіспес қанды бақталастықтан әбден әлсіреп, тұтастығы бұзылып, ыдыраған жоңғарлардың тура сол сәтте жұртына елеулі тұрғыда қауіп тудырмайтыны да Абылайға анық болды
Көрсетілген тұрғыдан алғанда ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарындағы Абылай мен Әмірсана арасындағы аталған мақсаттағы қатынастың орын алуы туралы қытай деректері төмендегі¬дей мәліметтер береді: « … Міне осылай бүлікші Абылайға барып тығылды. Әскер басылар … Әмірсананың ұсталынып, Қытай үкіметіне тапсырылуын қалайтындықтарын білдірді, алайда Абылай бұған қарсы тұрып қана қоймай, Кодзи Боркенді әскерлерімен Нулаға бағыт алған Әмірсанаға жіберді; өзі мың атты әс¬кер¬мен батысқа бет алып, Каоказалак таулары ет嬬гінде өзінің көмекшісіне қосылып, біздің (қытайлық) әскерлерімізді күтуге дайындалды» [7.312].
Қазақ-жоңғар және қазақ-қытай арасындағы оқиғалардың осылай ушыға түсуіне орай Абылайдың шешімі туралы Ж. Қасымбаев тө¬мен¬дегідей дерек береді: »Амурсана әскерінің қал¬дығымен қашып келіп, сол Абылайдан жәр¬дем сұрайды. … егер маған сенім артсаң, менің жауынгерлерім сенің туыңның астына кіреді. Өзің шеш, – деп мәмлеге шақырады. … Абылай сұлтан ойрат жауынгеріне қол ұшын бермек болды» [8].
«Ол, – деп жазады И. Златкин, – Абылайды көмекке шақырды. Абылай көмек беруге келісті және 10 мың әскермен Жоңғарияға келді. … Үлкен маньчжур армиясының таяп қалғандығын білген Әмір¬сана Жоңғарияны тастап, Орта жүзге Абылай -сұл¬тан¬ға қашып, тағы да одан пана тапты» [9.295]. Яғни «Әмірсана Абылай ауылына барып жан сауғалайды» [10].
Әмірсанаға байланысты туындаған қазақ-жоңғар арасындағы осындай қатынасты Цин империясы түпкі ниетін орындаудағы қолайлы кезең деп есеп¬теді. Міне сондықтан да өзінің осы мерзімдегі мақсаты-бүкіл жоңғар жерін алу¬дың орайы келген сәті – Әмірсананың сат¬қындық жасап, Іле аңғарындағы қытай әскер¬лерін жоюының кегін алуды желеу етіп, «.. ішкі қарама-қайшылықтардан мүлдемге әлсіреген Жоңғарияға 1756 жылы мань¬чжур императоры Хун Лидің көп мыңдаған армиясы аттандырылып, … оның толық талқандалуына әке묬ді. … маньчжурлар елдің байырғы тұрғындары-ойраттардың басым көпшілігін қырғынға ұшыратты. … Қолбасшылар Чжао Хой және Фу Де өз жол¬дарындағы ойраттарды толығымен жойды. Барлығын, балаларды, әйелдерді, қарттарды да аямастан қырды. Бір миллионнан артық адам өлтірілді.
Циндіктердің аса қаталдығы ойраттарды … қазақтар … арасынан пана іздеуге мәжбүр етті» [11.207]. Қытай империясы тарапынан жасал¬ған асқан мейірімсіз жорық қорытындысында Жоңғария одан ары өмір сүруін тоқтатты. «Аталған мер¬зім¬нен бастап жоңғарлар Қытай империясына толығымен қосылды. Елді басқару үшін бас қолбасшы анықталды және әр жерлерге әскерлер қойылды» [4.110].
Осындай алапатты шапқыншылығымен бүтіндей бір халықты жойып жіберу арқылы қазақтарға да ескерту жасалғандығын Аспан асты елі әмір¬ші¬лерінің одан кейінгі Абылайға қойған талаптарынан білуге болады.
Аталған жағдайдағы … «Жоңғар мемлекеті¬нің құлауы аймақтағы саяси жағдайды түбірі¬нен өз¬герт¬ті. Қазақтың Орта жүзі мен Ұлы жүзі Қазақстан жөнінде де басқыншылық жоспарлар жасаған орасан зор агрессияшыл Цин империясымен бетпе-бет қалды. 1756 жылдың көктемінде Абылайға Әмірсананы ұстап беруді талап еткен грамота жіберілді. «Өздеріңе келешекте өнетін қасірет туралы мықтап ойлаңыздар, сонан соң өкінесіңдер, бірақ кеш болады,» – деп қорқытты император қа¬зақтарды. Дегенмен де Абылай қытайлықтарға қарсы тұруға шешім қабылдады» [2.249]. Тарихи деректерден айқындала түсетініндей: «Цин әс¬кери басшылығына Әмірсананың тығылған жері белгілі болғаннан кейін Абылайға «Әмірсананы беру, егер ондай жағдай болмағанда соғыс ашатындығын талап еткен» жаңа елшілік жіберілді. Үзілді-кесілді қарсылық алғаннан кейін цин үкіметі армияларға Қазақстанға сол¬түстік және оңтүстік бағыттарда екі топпен жылжу туралы бұйрық берді. Абылай қазақ әскерлері мен Әмірсананың адамдарынан жа¬сақ жинап, цин әскеріне қарсы шықты»[12.58].
Нәтижесінде «1756 жылдың жазында Қа¬зақстан аумағына екі ірі топқа бөлінген Цин армиясы басып кірді. Солтүстіктегі армияны мань¬чжур генералы Хадаха, батыстағысын -генерал Дардана басқарды. Қазақтар мен қытайлардың алғашқы қақ¬тығысы 1756 жылдың мамырында Шаған Оба ауданында болды» [2.249]. Соғыстың екі жақтан да ауыр шығындар әкеле отыра ұзаққа созылатындығы белгілі болып, »жазбойғы қантөгіс-алма-кезек шабуыл, ит жығыс күрес үстінде өтеді. Қазақтармен бірге Әмірсана бастаған қалмақ шерігі де қайтпай соғысады.» [13] Туған жерлерін өліспей беріспеуге бел шешкен »… 10 мың адамдық қазақ әскерлері Қалмық Толағай және Аягөз өзені аңғарларында бірнеше күшті соққылар берді»[12.59]. Алайда сансыз көп цин әскерлеріне ұзақ уақыт төтеп беру мүмкін болмағандықтан… »Қантөгісті шайқастан кейін қазақтар батысқа қарай шегінуге мәжбүр болды» [2.249].
Абылай бастаған қазақ әскерлерінің табанды қарсылығынан және оның ұзақ уақытқа созылуынан сескенген Цин империясы Қазақ хандығын ке¬лісім арқылы өз талабына көн¬дір¬мек болды. Осы тұрғыдағы А. И. Лев¬шиннің айқындауынша: »1756 жылы оған Қытай елшілігі келді» [14]. Алайда Қытай басшылығы Абылай тарапынан өздеріне қажетті жауапты ала алмады.
… 1756 жылдың аяғында соғыс қимылдары қайтадан Жоңғария аумағына ауысты. Жоғар¬ғы Ертісте, Аягөзде қазақ жасақтары пайда бол¬ды, жоңғарлардың Қытайға қарсы қозғалысын тағы да Әмірсана басқарды. Алайда күрес нәтижесі белгілі болатын. Көктем ішінде цин әскерлері көте¬рілісшілердің бытыраңқы топтарын талқандап, 1757 жылдың жазында Тарбағатай таулары арқылы қазақ жеріне келіп кірді [2.250].
Өзіне қарсы жіберілген қытай жазалаушы әскерлерінен соңғы рет соққы жеп, амалсыздан көмек сұрап, бұл жолы да Абылайға барған Әмір¬сананың келесі әрекеті туралы қытай мағлұматтары төмендегідей анықтама береді: «… Жиырма екінші жылы (1757 жыл) маршал Чао Гуей және дзан-дзан Фу-То батыста соғыс жүргізіп жатқан кезде Әмір¬сана тағы да қазақтарға қашты»[7.313].
Жағдайдың халқының тағдыры шешілер тұр¬ғыда¬ғы шиеленісуіне қарамастан Аягөз өзе¬нінің аңғарында Абылай Әмірсанамен келісім жасасып, оны Қытайға бермеу туралы шешімге келеді. Бұл келісім туралы халқымыздың ұрпақтан – ұрпаққа жетіп келе жатқан … «Қандыжап, Мамырсу бітімі» –1757 жылы жасалған. Абылай хан қалмақпен шайқасып жатқанда, шабылған қалмақ Еженхан атынан Құлжадан көп әскермен шығып, жапа көрген қалмақтар екі мыңдай адамды алып, екі жақтың ортасында, Аягөз суының етек жағы – Батпақ су жеріне түсіп, Абылай ханға елші салады. Абылай да мыңнан аса қолмен, лай су бойында бітім жасасады. Көк қасқа айғыр мен қара бас қош¬қар сойылады, қолдарын қанға батырып, шарт бойынша кешірім болып, құн, мал дауы болмады. Лай суды халық »Мамырсу» деп атап кетті» [15].
Аталған оқиға туралы С. Липовцовтың жазуынша: »Әмірсана тағы да күшін жинап, хасақтармен (қазақтармен,-Ғ.Қ.) өзіне көмек көрсетуді талап еткен келісім жасады» [6.74].
Яғни »Жоңғариядағы көтеріліс және Абылай, сонымен бірге тағыда басқа қазақ батырлары тарапынан Әмірсанаға белсенді көмек Цин империясының жоспарларын болдырмады.
… жоңғар тағына өз адамын қоюға үміттенуі, тіпті бұлай болмағанда Әмірсананы бұрын жоңғ¬арлар басып алған байырғы қазақ жерлерін қайтарып алу жолындағы күресте пайдалану оны (Абылайды,-Ғ. Қ.) Әмірсананы белсенді түр¬де қолдауға мәжбүр етті» [12. 56, 57].
Сонымен қатар елі, жерінің қауіпсіздігі үшін Қытаймен арадағы болмай қоймайтын соғыс жағдайында ержүрек батырлары бастаған қазақ қолы мен олардан сын сағатта ортақ жауға қарсы бостандық жолында көмек іздеп келген жоңғар көтерілісшілер тобының біріккен күштерінің құдіретін көрсету де Абылайдың негіз¬гі мақсаттарының бірі болғандығын тарихи оқиғалар бекіте түседі.
Абылайдың Әмірсананы үнемі қолдап келген¬дігі туралы келесі тарихи құжатта: »Батысты бағындырушы » цзян цзюнь Дардана … хабардар етеді: … тұтқындар айтты: «Әмірсана қазақ жеріне аяқ басқаннан бастап біздің жүздің кәрі ақсақалдары, ол шүршітке бағынып, төрт ойраттың түбіне жетті. Енді оған сат¬қын¬дық жасап, біздің жерімізге қашып келді, сонымен бізге бақытсыздық әкеледі. Егер оны ұстап алып, қайтарып бермесек, ешқашан тиыш өмір сүре алмаймыз,»-дейді. Бірақ, Абылай «Әмірсана өлімнен қашып, қарағанға қорғалақтаған торғайдай. Оны ұстап алып, шүршітке беру арға сын» деп Әмірсанамен келісім жасап, қазақ руларынан әскер жинақтауға бұйырды», – [16] деп көрсетіліп, Абылайдың алдына қойған мақсатына жетуде берік шешім қабылдағандығын одан ары айғақтай түседі.
Міне осындай келісім арқылы жоңғарлардың арасында әлі де беделі болған Әмірсананы қолдай отыра көреген саясаткер Абылай сұлтан оны сонымен қатар Қытаймен екі арадағы қорған ретінде пайдаланбақ болғандығы белгілі. Осылармен бірге Әмірсананы Қытайдың ұстап беру туралы талабын кез -келген уақытта орындауымен Қытай ықпалында кетіп қалған қазақтардың тарихи жерлерін қарату да Абылайдың жоспарында болды. «Уақыт өте келе жағдай өзгеріп, қытай әскер басылар
1234
скачать работу

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ