Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

ы жаулары тарапынан үнемі соққыға ұшырай отыра жоңғарлар жерінен шабуыл жасауға мәжбүр болды. Міне осылай аталған жорық та сәтсіздікпен аяқ¬талды» [6.74-75]. Яғни, сол мерзімдегі тарихи деректерден айқындала түсетініндей Әмір¬¬сана мен Абылайдың біріккен қолдары күші басым қытай әскерлеріне ойдағыдай соққы берген. «Алайда Қытай әскер басы Фуде көпсанды атты әскермен олардың артынан ере отыра, Хан (Абылай хан,-Ғ.Қ.) мен сұлтандарға кімде-кім сатқын Әмірсанаға пана беретін болса империяның жауына айналатындығын жариялап, Жоңғария сияқты қарудың күшімен жазаланатындығын ескертті» [6.77-78]. Осыған орай «Әмір¬сананың Абылай сұлтанның көші өңірінде тығылып жүргенін білген отряд (қытай отряды,-Ғ.Қ.) Орта жүзге бет алды»[5.296].
Cонымен бірге Абылай сұлтанның Ресеймен арадағы қатынасын ескерген Қытай үкіметі Ресеймен тыныш жағдайды да сақтағысы келді. Сондықтан да «… 1756 жылдың соңында Пекиннен Петербургке …Әмірсана қазақтарға қашқан сатқын екендігі, соңғыларына (қазақтарға,-Ғ.Қ.) оны және жақтастарын ұстап беруді талап еткен әскер аттандырылғаны туралы хабар берілген хат жіберілді» [9.301].
Одан арғы тарихи оқиғалар көрсеткеніндей: «…Аягөз ауданында қазақтардың қытайлармен соңғы шайқасы өтті. Тамызға қарай қытайлар Семей бекінісі ауданында Ертіске дейін жетті. Қазақ билеушілері Жоңғарияны қалпына келтіру үшін күрестің келешегінің жоқ екен¬дігін түсіне бастады. Абылай, Әбілпейіз сұл¬тан¬дар мен Қожаберген батыр қытайлармен келіс¬сөз жүргізіп, өздерінің жеңілгенін мойындады, Цин империясымен саяси және экономикалық байланыстарды жолға қоюға тілек білдірді. Қы¬тай әскери басшылығы Абылайға Пекинге елші¬лік жіберуді ұсынды, оған сұлтан келісті және 1757 жылдың қыркүйе¬гінде Хан¬жігер мен Өмір¬тай бастаған елшілік жіберді. Императордың қабылдауы кезінде қазақ елші¬лері, бір жағынан, өздерінің 1756-57 жылдардағы Қытайға қарсы қимылдарын қателік және Әмірсананың арамдығы деп түсіндірді, екінші жағынан, Тарбағатайды өздерінің заңды қоныстары деп жариялап, оны қазақтарға беруді талап етті.
… Қазақстанның Қытаймен бұдан кейінгі қатынастары негізгі екі мәселеге байланысты болды. Біріншісі және ең маңыздысы жер мәсе¬лесі еді. Қазақтар жайылымдарды, әсіресе Ер¬тіс пен Іле аңғарындағы және Тарбағатайдағы бай жерлерді қайтарып алуға ұмтылды. Ал циндер бұрын Жоңғарияға қараған барлық жерге дәмеленді» [2.250,251].
Қазақ елшілерімен болған осы кездесуде Қытай әкімшілігі Абылай ханға хат жолдап, онда: »Абылай, сендер шалғайда жатқан бөтен елсің¬дер. Егер сендерге моңғолға жасағандай ішкі жасақ тәртібін қолдансақ, қысым көріп қаласыңдар. Демек, бұрынғы салт-жүйеле–ріңде бола беріңдер … Елші жіберіп, патшаға сәлем беріп тұрсаңдар, рақым көресіңдер.
Ал, сенің елшің бізге жеткізген : «Тарбағатай тегін¬де біздің байырғы жайлауымыз еді, сол жер¬ді патша бізге берсе» деген сөзге келсек, бұл жерлер жаңа ғана тыныштандырыл¬ған. Әлі иен жатқан өңір.
Патша, әсілі, ол жерді сендерге қиып бере салушы еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірген жоқсыңдар, ебін тауып ел болып алғансыңдар. Сондықтан , ол жерлерді сендерге сиға бере салу мемлекеттің тәртібіне қиғаш келеді.
Сендер егер, бұрын айтқандай, Әмірсананы тұт¬қындап әкеліп беретін болсаңдар, онда ол жер¬лерді жарылқап беруге болады», – [17] деген талап қойылды.
Тарихи деректер мен мұрағат құжаттарынан айқындала түсетініндей, осы мерзімдегі қазақ елі мен Цин империясы арасындағы алдағы іске асырылатын қатынастың барлығы да Абылайдың Әмірсананы Қытайға ұстап беру ісімен байланыстырылды. Қытай үкіметі бұл талапқа ерекше маңыз беріп, қазақ хандығына нақты талаптар қойылып, орындалмайтын болса әскери күш көрсетілетіндігі айқындалды. Атап айт¬қанда 1757 жылды 1 қыр¬күйегінде Цин императоры қазақ ханы Абылайға: »Айтуға қарағанда, бүлікші (Әмірсана ) біздің жерге қашып келген болса, дереу ұстап, тапсырамыз депсіз, мен бұл сөзіңізге кәміл сенемін. Сіз қазір мем¬леке¬тіміздің мәдениетіне пейіл беріп, адалдықпен бағыныштылық білдіріп отырсыз. Бірақ мынаны ұғынуыңыз лазым: Жоңғарлар жайлаған жерлердің барлығы да біздің иелігіміз. Ал сіз өз елі¬ңіздің топырағын қапысыз қорғаңыз. Біздің иелігімізге бей-берекет соқтығушы болмаңыз,» [18] – деген мәлімдеме жасап, өзінің жоңғарлардан босаған жерге деген ұм¬тылысын ескертті. Ал бұл Жоңғар хандығының кезінде басып алған қазақтардың Орта жү¬зі руларының тарихи мекендері – Алтай, Тарбағатай, Зайсан көлі, Қара Ертіс өңірлерінің Қытайға кететіндігін білдірді. Яғни, осы арқылы қазақ жеріне бөлшектену, халқына ыдырау қаупі төндірілді.
Абылай үнемі қамқорлыққа алып, көмектесіп келген, осы мерзімдегі қазақ-қытай қатынасының шиеленісуіне әкелген Әмірсана, оның шығу тегі, Қытай империясы және қазақтармен жүргізген саясаты туралы Шәкәрім Құдай¬бердіұлы төмен¬дегі¬дей деректер береді: »Ғалдан хан өлген соң өзге ағайынның балалары сол сөзді сылтау етіп, (Халық аузындағы мәлі¬мет негізіндегі Шәкәрімнің жазуынша Әмір¬сана Ғалданның баласы емес, оның әке¬сі қа¬зақ¬тың Ұлы жүзінің батыры Төлеки деген сөз тараған, ал Әмірсананың шешесі Қытайдың Ежин ханының қызы болған,-Ғ.Қ.), Әмірсана қазақтың баласы деп хан қоймай, қалмақтың көбі өзгелеріне қосылып, хан қоймаған соң, Әмір¬сана нағашысы Ежин ханға барыпты. Ежин хан бұл жақтағы қытайлардың бастықтарына -қалмақты Әмірсанаға қаратып бер десе-Қытай келіп, қалмақты шауып, быт-шыт қылып тоздырып жіберген соң, Әмірсана-елімді тоздыр де¬генім жоқ, – деп Қытайдың әскерімен жауласып, қашып Абылайға келеді. Абылай Қытай келіп қала ма деп, жер шола үш мың кісімен бар¬са, осы Аякөз өзенінде жолығыпты. Неғып жүрсің десе-Әмірсана сенде, соны бермесең қазақты шабамыз,-деген соң, не қыларын біле алмай, Әмірсананы үш күнге шейін тауып бермек болып, қайтып келіп, қытай әскері жоқ десе Әмірсана Абылайға: – сен Қытайға жолықтың, бірақ мені береріңді, иә қазақты шапқызарыңды білмей отырсың ғой. Мені Қытайға бер, бірақ екі сөз айтайын, әуелі мені алдым деп хат бересің. Соған тоқсан жақсы кісінің бармағын сиялап, мөр орнына басқызып ал, мөрден танар, қол сызығынан тана алмас. Екінші, мен де хан баласымын … және Ежиннің жиенімін ғой, өз алдына алып барғанша байламай, күзетіп бос алып бар деп тілек қыл деді.
Абылай Әмірсананың айтқанын қылды да Қытайға берді. Былай шыққан соң, үш күн өтпей, Әмірсана біртұман күні қашып кетіп және Абылайға келген соң, Абылай ұстап тұра алмай, орыстың Екатерина екінші деген қатын патшасына жіберіпті. Қытайлар қайтып келіп сұраса, Абылай өздеріңе бергенмін, деген соң қайтып кетіпті.
Орыс патшасы Әмірсанаға қалған қалмақтарды қаратып бер деп, көп әскер жібергенде, жолда Әмірсанаға шешек шығып өлген соң, орыс әскерлері қайтып кетіпті» [19]. Бұл деректі «Өзіне хасақтардан (қазақтардан,-Ғ.Қ.) қауіп¬сіздік таба алмаған Әмірсана еріксізден Оң¬түстік Сібірдің тауына кетіп, осында өзінің өмірін аяқтаған»[6.78], деген сол мерзімдегі нақты тари¬хи мәлімет дәлелдей түседі.
«Алғашында Давацидың одақтасы және досы, одан кейін қас жауына айналған , алдымен өз халқын сатып, Цин империясы жағына өткен, ал одан кейінгі екі жыл бойы жаулаушыларға қарсы азатттық соғысын бастаған, осы азаттық күрестің туына айналған адам өзінің аз ғана, алайда тынымсыз өмірін (35 жыл ғана өмір сүрген) аяқтады» [9.302].
Яғни, өзінің Әмірсанамен екі арадағы бірлес¬кен қимылдарына қарсы қазақ жұртына Қытай империясы тарапынан жоғарыда аталғандай ашық қысым көрсетілуіне орай халқының болашақ тағдырын, жерінің түгелдігін сақтауды ойлаған Абылай орайы келген қадамға барып, Әмірсананы ұстап беруге келісті. Алайда берген сөзіне адал ол бұл іске тікелей өзі ара¬лас¬па¬ды да. Қазақ-цин билігі арасындағы қатынастағы осыдан кейінгі қадамдар мен Қытайға жасалған қазақ елшіліктері талаптарының орындалуы еліміздің ХVІІІ ғасырдың ортасындағы Қытай басқыншылығына қарсы күресін¬дегі орын алған Абылайдың Әмірсана¬мен уақытша болса да одақтастық қызметінің оңды орнын айқындай түсетіндігі белгілі.
Жоғарыдағы орын алған оқиғалардан кейін Абылай еліне алдыңғы ғасырлық кезеңде соншама қасірет әкелген жоңғарларды толығымен талқандау мақсатында оларға қарсы бірден сәтті жорық ұйымдастырды. Тарихи құжаттар баяндай түсетініндей: «1757 жылы сұлтан Абылай және батыр Қошқарбай бастаған Орта Орданың (Орта жүздің,-Ғ. Қ.) қырғыздары Алтайға басып кіріп, көпсанды тұтқын төленгіттерді (төленгет- Алтай қалмақтары,- Зобнин Ф.) алып кетті» [20]. Бұл мәлімет Абылайдың белгілі мақсатқа жетудегі жекелеген қадамдарға бару арқылы түпкі жоспары – сырт¬қы жауларға деген толық жеңіске жеткенге дейін¬гі ымырасыздығын паш етті. Сонымен қа¬тар аталған жорықтағы табыс оның әскери кү¬шінің қуаттылығын Қытай империясына да көр¬сетіп берді. Міне сондықтан да Абылайдың өскери күшін сезініп, оны өз ықпалынан шығармау мақсатында »боғдыхан Орта жүз қазақтарына «жоңғар жерлерін» бермек болды»[11. 211].
Осыдан кейінгі бірнеше рет орын алған елшілік уағдаластықтардың нәтижесінде қазақ жұртына аса қажетті болған Қытаймен арадағы қатынас, соның ішінде жер мәселесі екі жақты келісімдер арқылы қазақтар үшін тиімділік жағдайында шешімін тапты. «Мәселен, қазақ елшіліктері 1757 жылы Тарбағатайға, 1759 жылы – Ертістің жоғары ағысындағы жерлерге, 1760 жылы Іленің жоғары ағысына өз құқықтарының танылуына қол жеткізді. Қытайлар бұған келісіп, қазақтарға заңды түрде тиесілі жерлерді жоңғар көтерілісшілеріне қар¬сы күресте көмек көрсетуге уәде бергені үшін қайтарып берді» [2.251. Осындай көреген де батыл саясатының нәтижесі арқылы Абылайдың есімі барша жұртына ұран болып тарады. Тіпті ... «Қытайлықтардың арасындағы оның есіміне деген құрм
1234
скачать работу

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ