Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

еттің терең кеткендігі сондай, оның жекелеген ұрпақтарына (Абылай қайтыс болғаннан кейін де,-Ғ.Қ.) силықтар жі¬беріп тұрды» [21].
Қорыта айтқанда «…қырғыз рыцарлығының ғасыры болып табылатын» [1.124] ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының ауыр да батырлыққа толы тарихындағы елін басқарып, жұртының амандығы мен территориясының тұтастығын сақтауда өміршең де батыл саясатты жүргізіп, оның оңды қорытындыларына жеткен Абылайдың кемеңгер де зор тұлғасы барша ұрпағына мақтан болып табылады. «Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі, – деп жазды Н. Ә. Назарбаев аталған бағытта,- Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды» [22].
Осы тұрғыдағы еліміздің азаттық жолындағы күрес кезеңінен өзінің нақты нәтиже¬лі¬лі¬гі¬мен белгілі орын алатын ХVІІІ ғасыр ор¬тବсын¬дағы қазақ елінің сыртқы саясатта¬ғы күші басым Цин империясы басқыншылығына қарсы осындай дипломатиялық, әскери әрекеті Абылай тарапынан іске асырылған оңды да қажетті қимыл болғандығын халқымыздың одан кейінгі даму тарихы дәлелдей түсті.
Яғни, Абылайдың аса қаһарлы жауға қарсы қазақ батырларының басын қосуы және сонымен бірге Әмірсанамен арадағы өз¬ара қажетті бірлескен әрекеттің нәтиже¬сінде:
– Цин империясына егерде ұйымдасқан, бірлескен жағдайда көшпенділер күшінің еселеп артып, соғыс қимылдарының ұзаққа созылуы және де елеулі тұрғыда шығын әке¬ле¬тіндігі белгілі болды, сондықтан Цин армиясы шабуылын тоқтатып, басып алған жерлерін қайтарып беруге мәжбүр болды, қазақтармен одан арғы жасалған қатынас¬тың барлық түрі елшіліктер арқылы шешіле бастады;
– Аталған мерзімдегі жоңғар, әсіресе Қы¬тай империясы тарапынан жасалған елінің тәуел¬сіздігі, халқының амандығына төнген қауіптің бетін қайтарар күш барлық жұртының бірігуінде екендігін ақсүйектер, батырлар, барша қазақ қоғамы ұғына білді. Осы оқи¬ғалардан кейін қазақ қауымының Абылайдың маңайына топтасуы қарқынды түр¬де іске асырыла бастады;
– Абылайдың батырларының басын қо¬сып, сонымен бірге Әмірсананы көмекке алып, бірнеше рет күші басым цин әскерле¬ріне тойтарыс беруі ел ішінде және көрші ха¬лықтар, тіпті жаулары тарапынан Қазақ хан¬дығының қуаттылығын, Абылайдың елі таныған мемлекеттік қайраткер, дарынды да ер¬жүрек әскери қолбасшы ретіндегі орнын айқындады;
– Оның осындай беделі қазақ елін қоршай жатқан қос империя билеушілері арасында өсе түсті. Екі жақ та (Ресей, Қытай) оны өз жақтарына тартуға барша шараларды қолданды. Негізінен Абылайдың оларға қойған талаптары орындалып, онымен үнемі санасулары қамтамасыз етілді;
– Нәтижесінде екі империя арасындағы қазақ елінде Абылай қайтыс болғанға дейін халқымыздың бірлігі, жердің тұтастығы, сонымен қатар далалық билік жүйесі сақталынып келді.

1234
скачать работу

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ