Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ



 Другие рефераты
КСРО кезіндегі қақтығыстар Жапон-қытай қатынастары дамуының құқықтық саяси негізі Қазақстан – менің тағдырым Егемен Қазақстан

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жар¬тысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қар¬¬сы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, ше¬бер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ хал¬қы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы сая¬сат¬та нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді» [1.119].
Соның ішінде қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынас¬тар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.

Осылардың ішінде қазақ жерінің бірлігін қамтамасыз етіп, қантөгісті болдырмау, Қытай агрессиясына кез-келген жолмен тойта¬рыс беруді қамтамасыз етуде Абылай сұлтан тарапынан жоңғарлардың сол мерзімдегі билеушісі Әмірсанамен ХVІІІ ға¬сырдың 50- жыл¬дарының екінші жартысындағы бірлескен қи¬мыл¬дарының маңызы ерекше.
Елінің тағдыры нақты шешілер кезеңдегі аталған тарихи қимылдарға әкелген оның алдындағы оқиғалардың дамуына келетін бол¬сақ: «1750 жылы Жоңғарияда Ла¬ма-Доржының билік басына келуі өзара қырқысқан күрестің қайтадан тұтануына әкеп соқты. Бұл күрес¬те жеңіліс тапқан (Абылайдан үне¬мі қолдау тауып келген,-Ғ. Қ.) Даваци нойон жиен¬дері Әмірсана мен Байнджурды алып, 1751 жылдың көктемінде қазақтарға қашып келді. Оларды абақ-керейлердің билеушісі Қожаберген батыр қабылдады. Жоңғарияның билеушісі (Лама Доржы,-Ғ. Қ.) өзінің саяси бақталастарын қайтарып беруді талап етті. 1752 жылдың жазында ордада Орта жүз бен Ұлы жүздің батырлары мен рубасыларының жиыны болып, онда Абылай және батырлардың көпшілігі Давациді қолдады.
…Қазақтардың Даваци нойонды (Әмірса¬намен бірге,-Ғ. Қ.) беруден бас тартқанына ашуланған Жоң¬¬ғария билеушісі Лама Доржы Орта жүзге Са¬йын-Бөлек пен Шадыр басқарған әскер жі¬берді» [2.248]. Осы оқиға туралы тарихи деректерде: «Лама Даладжа Даваци мен Әмірсана хасақтардан (Абылайдан,-Ғ. Қ.) қолдау тауып, олардың көмегі арқылы дұшпанын қуатты күшке айналдырмау үшін өзі¬не берілген 60000 адамдық іріктелген әскер жіберіп, бүлікшілерді не тірідей ұстап немесе өлі¬дей әкелуге тапсырма берді» [3.51-52].
«Жоңғарлар Орталық Қазақстанда көшіп жүрген үйсін, уақ және керейлердің қоныстарына шабуыл жасады. 3 мыңнан астам қазақ тұтқынға алынып, орасан көп мал мен мүлік қолға түсірілді. Бұған жауап ретінде Абылай Сайын-Бөлекке қарсы (өзі қолдау көрсетіп отырған,-Ғ. Қ.) Давациді жіберді, оған… қазақ ұлыстарында тұтқында жүрген барлық жоңғар жауынгерлерін де қосып берді. Сонымен бірге ірі ауқымды соғысқа дайындық басталды,
… 1753 жылдың жазында жоңғар әскерлері қа¬зақ даласына тағы да басып кірді, алайда Да¬ва¬цидің 1753 жылғы қыркүйектегі Жоңғарияның терең түкпіріне жасаған батыл жорығында Лама-Доржы өлтірілді. Даваци жаңа қоңтайшы болып жа¬рияланды, ол бірден Абылайға елшілік жіберіп, өзінің ризашылығы мен достығына сендірді. Қазақтардың іс жүзінде жеңуі және Жоңғарияда қазақтарды жақтаушының билік етіп отыруы қазақ жүз¬дерінде Абы¬лай сұлтан беделінің күшеюіне жет¬кізді. Алайда дала өңірінде бейбітшілік ұзаққа созыл¬мады. Даваци билікті ұстап тұра алмады. Оның бұрынғы одақтасы әрі туысы, қазақтар жақтан қо묬дау тапқан Әмірсана оған қарсы шықты. Жағдайдың жаңадан шиеленісуін Орталық Азияда бел¬сенді басқыншылық саясат жүргізіп келген Цин империясы шебер пайдаланды.
ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарының орта шеніне қа¬рай Цин әскерлері Жоңғарияның шекарасында тұрып, басып кіруге дайындалды. Давацидың әл¬сіреуі, Әмірсана мен оның қазақ одақтастарының жеңістері мәселенің шешілуін тез¬детті. 1755 жылдың ақпанында (Қытай,-Ғ.Қ.) император Цян-лун ша¬буылға шығу туралы бұйрық берді…
… Басып кіруге Әмірсананың Цин үкіметіне өзара қырқысқан күресте көмек көрсету туралы өтініш жବсауы ресми дәлел болды. Көктемде Қытай әс¬керлері Әмірсананың жасақтарымен бірге Жоңғарияның аумағына кіріп, Дава¬циді оп-оңай талқандады. Алайда бұдан кейінгі оқиғалар Әмірсана мен Цин империясының мақсаттары мүлде қарама-қарсы екенін көр¬сетті. Егер де біріншісі орта¬лық¬танған күшті мем¬лекетті қалпына келтіруді қа¬ласа, соңғысы оны жойып, Жоңғарияның аумағын өзіне толық қосып алуға ұмтылды. Нәтиже¬сінде (Қы¬тайға қарсы,-Ғ. Қ.) көтеріліс шығып, онда Әмірсана өзінің бұрынғы одақтастарына (Қы¬тайға,-Ғ. Қ.) қарсы шықты»[2.248,249]. Осы оқиғаның барысы туралы аталған мерзімдегі қытай дерегі: «Әмірсана залым және тұрақсыз болды. Ілені бағындыру үшін ол Қытай әскерін бастап олардың көмегі арқылы Жоңғарияның ханы болғысы келді. Басталуы оған едәуір тұрғыда қолайлы болды… алайда Сарайдың (Пекин,-Ғ. Қ.) басқаша маңызды жоспары болып, істің өзінің ойлағанындай болмай ба¬ра жат¬қандығын көрген Әмірсана бүлік шығару¬ға деген шешім қабылдады.
… Шабуыл тұтқиылдан болып, …Әмірсана оларды қаталдықпен талқандады,- [4.108-109] деген анықтама береді.
«1755 жылы Әмірсана, – деп көрсетеді М. Тынышбаев, – Абылай және Қытай императорының кө¬мегімен бүкіл Қалмақ мемлекетін бағындыра ал¬ды» [5].
Аталған уақыттағы тарихи құжаттарда баян¬дала¬тынындай: «Давацидың бақытсыздығына қуанған Әмірсана барлық ықыласымен Жоң¬ғарияның би¬леушісі болуға ұмтылды. Ол Қытай әскерлерінің қай¬тадан қайтуын күтті. Императордың қолбасшы¬лары Баньди мен Ожунань көпсанды әскерлеріне жабайы және өңделмеген елден тамақтануға азық таба алмай, оларды қосымша дүкендері бар Турфан мен Ха¬миге жіберуге мәжбүр болды. Ал өз¬де¬рі іріктелген әскердің бір бөлегімен жаңа бағын¬ған жерді басқаруға арналған тиісті жарлықтар дайын¬дау үшін Мирцин өңірінде қалды. Осы мер¬зімде Әмірсана ойластырған жоспарын іске асыруға кірісті. Ол жасырын түрде қытайлықтардың өр¬көкіректігі мен олардың жаңа нұсқаулары ұнамаған лама, князь және зайсандарды жинап, олар¬ға бұғаудан құтылудың жолдарын ұсынып, егер де олар бір¬ауыздан өзіне көмектесіп, Жоңғарияның барлық күштерін толық қарамағына беретін болса, еркіндіктерін қамтамасыз етуге өз өмірін қыюға дайын екендігін мәлімдеді. Шарттар мен сенім ризашылықпен қабылданып, антпен бекітілді. Әмірсана Жоғары Әміршінің туын желбірете ұстады. Мұны көрген әркімнің еркіндікке деген ұмтылы¬сы артып, барлығы қаруға жармасып, бірауыздан Әмірсанадан Қытайға қарсы жорыққа бастауды сұ¬рады. … Оларды осында аз ғана әскермен Баньди мен Ожунань орналасқан Мирцинге бағыттайды, оларды қапыда бас салып, барлығын өлтіреді. Одан ары Қытайға қарай асықпай бара жатқан Қы¬тай әскерінің соңына түседі, оны қуып жетіп, толығы¬мен талқандайды. Еш жерде өзіне қарсылық кез¬дестірмеген ол Хамиге дейін жетеді, … Хами елін тнап, Іле өзеніне жеңісін тойлау үшін қайтып оралды [6.70-72,73].
Әмірсананың осындай батыл да ержүрек әрекеті Цин империясының барлық назарын оған қарсы аударды. Сөзсіз жазалауға, Жоң¬ғар халқын құр¬ту¬¬ға деген шешім қабылданды. Ал тура осы мер¬зім¬нен Әмірсананың күші аса басым жаулаушы Қытай империясына қарсы Жоңғария мемлекетін қалпына келтіріп, оның тәуелсіздігі жолындағы азат¬тық соғысы бастау алады деп есептеуге болады. Яғни аталған уақыттан Әмірсана азаттық қозғалысының бастаушысына айналды. Абылайдың да осы кезеңдегі жауынан жеңіліске ұшырап, өзінен пана іздеген Әмірсанаға көмектесуін шарасыздыққа түсіп, құруға айналған халыққа деген игі шарасы деп ұққан жөн болар. Аталған тұрғыдағы келесі тарихи деректерден белгілі болғанындай: «… Ол (Қытай императоры Кянь-Лун ) жауыз Әмірсананың көзін жоймай, осы арқылы қырғынға ұшыраған мыңдаған өзінің әскер¬лерінің кегін алмай бастаған ісін тоқтатпауға уәде береді. Оның жарлығымен екі көпсанды жасақ ұйымдастырылып, не жеңу не сонда өлу туралы тапсырмамен Жоңғарияға асқан асығыстықпен аттандырылды. …Әмірсана ті¬келей шайқасқа қатысқысы келмей, керісінше тынымсыз шабуылдарымен … Қытай әскерлерін әлс¬і¬¬ретуді ойлады. Осыған қарамастан Қытай қолбас¬шылары жоңғарлар тобын ажыратып, олардың бас¬шысының қашып кетуіне мәж¬бүрлік жасады» [6.73-74]. Міне осылай … «Бұл күресте оған тағы да Абылай көмек¬тес¬ті»[2.249].
… Мұның бәрі Цин өкімет орындарын шындап алаңдатты, олар көтерілісшілерге қолдау көрсе¬туді дереу тоқтатуды талап етіп, Орта жүзге бір¬¬қатар елшіліктер жіберді. Абылай елшілерді өзінің Цин империясына адалдығына сендіріп отырды, алайда жоңғарларға көмек көрсетуін тоқтатпады. Көреген саясатшы болған ол Жоңғарияның қазақ қо¬ныстарын Қытай экс¬панциясынан қорғап, аралық орын рөл атқаратынын тамаша ұғынды [2.249].
Яғни, осы кезеңде Қытай империясының Жоңғариямен арадағы қатал қырғын саясатын көріп, сонымен қатар Цин империясының Жоңғариямен шектелмей, қарудың күшімен қазақ жеріне де ұмтылатындығын болжай білген Абылай қайткен күнде де осындай сын-сағатты мерзімде Қытай басқыншылығына қарсы тұрар өзіне көмек іздеді. Аталған уақыттағы Ресей патшалығымен арадағы жүр¬гізілген тиімді келісімдер де осының себебінен болғандығы белгілі. Айтылғандармен қатар көреген саясаткер Абылай жоңғарлар арасындағы беделді, білгір әскер басы, елдегі жоғары билік¬ке ұмтылушы Әмірсанаға Қытай тарапынан қауіп төнген кезде оған белсенді тұрғыда әскери көмек көрсетуді де жоспарлады. Әлі қолынан қаруы түспей, Аспан асты елінен өз жерін алып қалуды мақсат еткен Әмір¬санамен ортақ жауға қа

1234
скачать работу


 Другие рефераты
И.А. Бродский
Методы переоценки основных фондов
Блеск Петербурга
Военные действия в ходе первой мировой войны


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ