Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

ңды күшіне енуі;

6)         әскери оқу орнынан шығарылуы;

7)         Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы бойынша жүргізіледі.

2.         Әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеріп жүрген әскери қызметші:

1)         ұйымдық-штаттық іс-шаралар кезінде;

2)         мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты;

3)         оның келісімшарт талаптарын орындамауына, сондай-ақ дәлелсіз себептермен қызметке шықпауына байланысты;

4)         арнайы тексерістен бас тартқанда;

5)         әскери қызметшіге шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы сот үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

6)         теріс себептер бойынша мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

3.         Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші:

1)         келісімшарт талаптары өзіне қатысты елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылған жағдайда;

2)         мыналардың:

 әскери қызметшінің отбасы мүшесінің медициналық көрсетулер бойынша әскери қызметші әскери қызметін өткеретін жерде тұруына болмауы және әскери қызметшіні жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;

 отбасын басқа жерге көшіру қажеттігіне байланысты әскери қызметші күйеуінің (әскери қызметші әйелінің) әскери қызмет орнының өзгеруі;

 тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысына сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімді (көмекті, қадағалауды) қажет ететін, не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын әкесіне, анасына, әйеліне, күйеуіне, аға-інісіне, апа-қарындасына, атасына, әжесіне немесе асырап алған адамына немесе қартайғандығына байланысты зейнетақы жасына жеткен немесе он сегіз жасқа толмаған, заң бойынша аталған азаматтарды асырауға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажеттігі;

 әскери қызметші анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған, он сегіз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі салдарынан отбасы жағдайы бойынша;

3)         Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған жағдайда;

4)         Судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылуға құқылы.

4.         Офицер әскери атағы жоқ және шақыру бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші мынадай мән-жайлар бойынша:

1)         осы Заңның 27-бабының 9-тармағына және 28-бабының 5-тармағына сәйкес кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруі салдарынан кейінге қалдыру құқығы туындаса,

2)         Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет елге шығуға құқық беретінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын отбасына қосылу үшін шетелде тұрақты тұруға кетсе, мерзімінен бұрын босатылуға құқылы.

5.         Шақыру бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген офицерлер құрамының әскери қызметшісі 27-баптың 2-тармағының 1),2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылуға құқылы.

6.         Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметші – қайтыс болған (қаза тапқан) күннен кейінгі келесі күннен бастап, ал сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шағарылады.

7.         Белгіленген мерзімді өткерген адамдарды әскери қызметтен босату, төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, оның қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

8-тарау. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

42-бап. Азаматтар мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының әскери заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

1.         Жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша, соның ішінде жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында, көрсетілген мерзімде жиын пункттеріне дәлелсіз себептермен келмеген азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2.         Әскери жиындардан жалтарғаны үшін, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезінде әскери қызметте болудың белгіленген тәртібіне қарсы құқық бұзушылық жасағаны үшін әскери міндеттілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

3.         Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзуға жол берген шақыру комиссияларының мүшелері, әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды медициналық тексеруге қатысатын дәрігерлер, сондай-ақ басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

4.         Азаматтардың әскери міндетті атқарудан жалтаруына жәрдемдесетін немесе олардың әскери қызметті өткеруіне кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

5.         Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары мен ұйымдардың басшылары осы Заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны, жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың уақытылы келуіне кедергі келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

43-бап. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

1.         Әскери қызметшілер, әскери атағы мен лауазымына қарамастан заң алдында бірдей.

2.         Әскери қызметшілер қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 Әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі әскери жарғылармен белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і. №74-ІІІ ҚРЗ.

 

 

 

 

                                                                                                     

 

 

 

 

     

Қосымша №4

 

Әбілқайыр хан

 

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілхайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді. “Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде, шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қоңтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін Кіші орда оны хан сайлады”.

Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қоңтайшының ұлы басқаратын экспедиц

Пред.1112131415След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ