Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

- Әскери-дәрігерлік сараптама ережелері) айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.

      Медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссияның шешімімен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне алынады, ал әскери-медициналық комиссияның шешімімен әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар әскери есепке алынбайды.

7.         Он жеті жасқа толатын жылының 1 сәуіріне дейін дәлелді себептерсіз әскери есепке тұрмаған әскерге шақыру жасына дейінгілер әскери есепке қоюдан жалтарғандар деп есептеледі.

8.         Азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.

9.         Тіркеуді жүргізу тәртібі Әскери есеп ережелерімен айқындалады.

 

4-тарау. Азаматтарды әскери қызметке шақыру

22-бап. Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың міндеттілігі

Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.

            Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.

23-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

1.         Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет жүргізіледі.

            Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.

2.         Оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ осы Заңның 16-бабының 4-ші тармағында көрсетілген, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар осы Заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.

28-бап.Әскери қызметке шақырудан босату

1.         Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан:

1)         әскери міндетті өткеріп жүрген немесе өткерген;

2)         денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

3)         жиырма жеті жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған;

4)         әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;

5)         басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;

6)         ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.

2.         Офицерлер құрамының әскери атағы беріле отырып, запасқа қойылған азаматтар жиырма тоғыз жасқа толғаннан кейін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметке шақырудан босатылады.

3.         Әскери жиындарға шақырудан:

1)         тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйымдарда мамандықтары бойынша жұмысқа кірген әскери міндеттілер, жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;

2)         Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;

3)         Мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;

4)         ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін адамдар, егіс және егін жинау жұмыстары кезеңіне;

5)         күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері оқу жылы кезеңіне;

6)         күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарында оқитындар;

7)         әскери міндетті әйелдер;

8)         әскери міндеттілер запасқа шығарылғаннан кейінгі екі жыл ішінде;

9)         он сегіз жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;

10)       өздеріне қатысты анықтау, алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе сот қылмыстық іс қарап жатқан адамдар;

11)       Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.

4.         Осы баптың 3-тармағының  1) және 8) тармақшаларында аталған әскери міндеттілер арнаулы жиындардан, өтеуден босатылмайды.

5.         Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.

6.         Мүдделі адамдардан нотариаттық куәландырылған тиісті құжаттарды және өтініш ұсынған кезде, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған азаматтардан басқа, әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар олардың қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

7.         Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталмаған азаматтар бейбіт уақытта әскери қызметке шақыруға жатпайды.

8.         Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шақырудан босатудың негіздері жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыруға жатады.

5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызмет.

29-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт

1.         Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты Қазақстан Републикасының азаматы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті лауазымды адамымен жасасады.

2.         Келісімшарт ерікті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

1)         мерзімнің өтуі бойынша;

2)         әскери қызметшінің мерзімінен бұрын босатылуына байланысты;

3)         әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру туралы басқа келісімшартты жасасқан күнінен бастап;

4)         Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтады.

3.         Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартта азаматтың әскери қызметке кіруінің еріктілігі, азаматтың әскери қызметті өткеруге міндеттенген мерзімі мен келісімшарттың басқа да талаптары бекітіледі.

4.         Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптары азаматтың келісімшартта белгіленген мерзім ішінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру міндеттілігін қамтиды. Келісімшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен  өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталу құқығы көрсетіледі.

5.         Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиісті лауазымдағы әскери қызметті әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаспастан өткереді.

Аталған әскери қызметшілер қызметінен босатылғаннан кейін Әскери қызмет өткеру ережелерімен айқындалған тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасады немесе әскери қызметтен босатылады.

6.         Жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Әскери қызмет өткеру ережелерінде айқындалған тәртіппен  келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.

30-бап. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар

1.         Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар  мынадай талаптарға сай келуге:

1)         Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға;

2)         Курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші және

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ