Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

шынайы объективтік, қоғамдағы тарихи заңдылықтар мен салыстырмалық, жүйелі тәсілдерге негізделген.
Тәуелсіз ел тарихының бұрынғы кеңестік тарих постулаттарынан дара қарастырудың ғылыми ұстанымдары оны объективті тәсілде бағамдаудың эволюциялық түзілімін қалыптастырды. Ғылыми танымдық тәсілдеріне тән кез-келген ғылыми тақырып саласына қарай қолданыс табуының тарихи шындық құбылысымен анықталатыны бар. Ол алға қойған зерттеу мәселесімен, мақсатының жүзеге асырылуы арқылы нығайып, өзінің жалпы ғылым жүйесіндегі орнымен нақтыланды. Бұл ұстанымдар өзге де ғылыми тақырыптың ортақ қарастырылар мәселесінде қаралған тәсіл ұқсастығына да сүйенеді. Қарақалпақ Автономиялық облысының Қазақ АКСР-іне қарасты болған кезеңіндегі кеңестік жүйе жүргізген саяси шаралардың салдарлы жақтары мен оларға қатысты ұстанымдар, сондай-ақ ондағы қоғамдық белестер өзара тарихи байланыс арқылы сипатталады.
Зерттеу жұмысының барысында қазіргі тарих ғылымындағы жаңаша ойлаудың шынайы стереотиптерін қалыптастыру және тақырып құрылымын бүгінгі тарих бағасында қарау қолға алынды. Сонымен қатар, зерттеудегі кейбір тарихи мәселелерді қарастыруда ұлттық мүдде тұрғысында тәсілдік ұстанымдар мен әлеуметтік-тарихи жағдайларды тарихтың салаларына қарай бағамдау да жұмыстың теориялық құрылымын жасау үшін пайдаланылды.
Жалпы зерттеу жұмысының теориялық-методологиясы қоғам мен дүниеге озық көзқарастың жандануымен, тарих ғылымын жандандырудың өтпелі кезеңімен тікелей байланысты. Сонымен бірге зерттеу жұмысының методологиялық негізінде ғылыми-танымдық және тәжірибелік-қолданбалы маңыздылық бар екендігін айта кеткен дұрыс.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Зерттеу жұмысында жасалынған қорытындылар мен тұжырымдар Қазақстанның қазіргі сыртқы саясаты тарихындағы маңызды қадам Орталық Азия елдерімен интеграция тұрпатында байланыс өрбітуде, мемлекеттілік мәселесіне қатысты тақырыптарда және екі мемлекеттің де Отандық тарихын оқытуға арналған монографиялардың және зерттеу еңбектерінің қатарын толтырады.
Мұндағы берілген фактілік мәліметтер, қорытындылар Қарақалпақстан тарихын жазудағы зерттеулер ауқымын толықтыруға да үлес қосарымен сипатталады. Сонымен қатар, зерттеу мәліметтері қарастырылып отырған кезең бойынша құжаттар жинағын жасауға негіз бола алады және Отандық, Автономиялық Республикаға қарасты жоғары оқу орындарында Отандық тарих бойынша арнаулы курстар оқу барысында, басқару институттарының насихат жұмыстарына септігін тигізе алады. Сондай-ақ диссертацияда жасалынған қорытындылар мен тұжырымдар арнайы зерттеулерде, осы тұрғыда даярланған материалдар мен басқа да ғылыми жұмыстарда кеңінен қолданысқа ену мүмкіндігіне ие.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Қазақстан тарихының автономиялық қоғамдық бірлестігінің болуына қатысты тарихи кезең мәселесін сол уақыт тарихи үдерістерінде қарау, Қарақалпақ Автономиялық облысы тәжірбиесінің қалыптасу барысына кешенді түрде талдау жасау арқылы күрделі зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесіне сәйкес мынадай тұжырымдар ұсынылады:
- Патшалы Ресейдің Орта Азиядағы өзіне бодан болған халықтар тағдырын ұлттық саяси идеялардың саясынан алшақтатудағы әрекеттерінің кеңестік билік басқарған тұстағы жалғасын табуы жіктелді;
- ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының және Орта Азияда жұмыс жүргізген өзге де ұлтшыл-саяси партиялық қозғалыстардың мемлекет мәселесіндегі идеялары Кеңес үкіметіне қорқыныш тудырып ұлттық-межелеу науқанын жүргізуге мәжбүр етті. Нәтижесінде қарақалпақтардың тарихта тұңғыш рет өзінің мемлекеттілігін айқындауға қатысты алғашқы шаралары нышан алды;
- Қарақалпақтардың жаңа одақтық жүйе жағдайында ҚазАКСР-і құрамында аумақтық тұтастықта болуға ықылас танытуының тарихи сұраныстары және 1922 жылдың өзінде де Хорезм Кеңестік Халық Республикасы құрамында Қазақ-Қарақалпақ Автономиялық облысын құру туралы мәселе көтеріліп, нәтижесінде Хорезм Республикасының Орталық Атқару комитеті өз аумағында Қазақ-қарақалпақ бөлімінің құрылғандығын қалтарыстарда болып келген тарихи ақтандақтары ашылды;
- Автономияның жаңадан құрылуы тұсындағы облыстың аумақтық бөлігін реттеуде өзбектермен арада туындаған шекара мәселесі бар. Қазіргі тәжік тарихнамасында қарастырылып отырғандай, өзбектердің өзімен қоңсылас ұлттарға қатысты саясаты тәжіктермен қатар, түркі тектес ұлттарға да, оның ішінде қарақалпақтарға да экономикалық мүдде тұрғысында қолданылған еді. Оны межелену қорытындыларына сай, Шурахан аумағын қарақалпақтарға бөлумен байланысты туған даудан көруге болатындығы, оның кейінде автономияны саяси жағдайлармен Ресейге қосып жіберу арқылы, одан соң өзбектерге мақта шаруашылығы мүддесінде беру амалдарымен де анықталды;
- Голощекиннің қазақ даласындағы «кіші қазан» саясатын жүргізу тәсілдерінің саяси салдары тудырған аймақтағы социализмнің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дақпырты асыра сілтеу шараларымен жүзеге асқаны белгілі. Автономияға қарасты Тақтакөпір ауданындағы орын алған Кеңес үкіметіне қарсы ұрандары бар оқиға, аталмыш саясаттың тарихи салдарын көрсетіп берді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелері 5 ғылыми мақалада және 3 халықаралық, 1 республикалық конференциялар барысында баяндалған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі сипатталады. Сонымен қатар, зерттеудің теориялық-методологиялық негізі, мақсат-міндеттері, деректік негізі, хронологиялық шеңбері, ғылыми жаңалығы мен қолданыс аясы айқындалған.
«Қазақ АКСР-і құрамында Қарақалпақ Автономиялық облысының құрылуы» атты бірінші тарауда қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихи негізіндегі Қазақ АКСР-і құрамында Қарақалпақ Автономиялық облысының құрылуы мен аумақтағы ұлттық межелеу шаралары және әлеуметтік-экономикалық жағдайының анықтамасы жасалынады.
Әлеуметтік өмірде қазақ халқының тарихымен, салт-дәстүрімен тығыз байланыс орнатқан қарақалпақ халқының оған қатысты тағдырының түзілімі әртүрлі. Тарихи-рухани сабақтастық екі елдің қоғамдық дамуындағы үндестік үрдісінде жатыр. Ол қазақ тарихының белесті кезеңдерінен көрініс тауып, белгілі жәйттерден сипат алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Н. Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа Жолдауындағы Орталық Азия елдері Одағын құру идеясын саралай отырып, оның мазмұнынан бұл аймақты мекен ететін мемлекеттер арасындағы жан-жақты интеграциялық нысаналар қалыптастырудың бірқатар тарихи негізін заңды құбылыс ретінде қабылдауға болады. Аймақтық Одақ құру ұсынысы, бүгінгі халықаралық қатынас тарихында маңызды рөл атқаруымен қатар, ынтымақтастық келісім негізінде белсенді саясат жүргізіп отырған жағрапиясы мен тегі жағынан жақын елдер тәжірибесі көрсеткендей, тарихи құбылыс ретінде сұранысқа ие. Осы бағытта Орталық Азия елдерінің тарихи түркі тектік негізгі бірлігінің бүгінгі мүдделігін жүзеге асыруды, уақыт талабымен қарай отырып, оны «біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз сыртқы қатерлеріміз де ортақ», - делінетін Елбасы Жолдауын қарастыру негізді сияқты [1, 44-45-бб.].
Түркі тектес халықтар бірлігін арман етіп, кезінде олардың тұтастығын көздейтін мемлекеттік құру идеясын жасап кеткен ұлт зиялысы, Мұстафа Шоқай өзінің 1936 жылғы Берлин қаласында Түркістан жастарына арнаған сөзінде: «бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан hәм Тәжікстан деп, жат үкімет күшін алты жұмхұриетке бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айырылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, діні бір. Түркістанның мақсаты - өзінің құрылысы – міллет үкіметін құрып, сәрвәз боп, өз алдына бір үкімет болып тұру...» деп, өз мүддесінің бағыт-бағдарына жетелейтін ой білдіреді [2, 64-б.]. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Түркістан – Ресей империясының генерал-губернаторлығы ретінде 1857 жылы құрылғаны белгілі. Ресей отарлағанға дейін Түркістан өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз, түркімен және қарақалпақ халықтары мекен еткен өлке еді.
Қарақалпақ Автономиясының большевиктік билік тұсындағы тарихы өте күрделі де шытырман беттерге толы. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өлкеде мазасыз саяси ақуал қалыптасады. Патша тақтан құлаған соң Түркістанда саяси және мәдени дербестікті көздеген ұлттық қозғалыстар етек алады. Халықтың көпшілік бөлігінен қолдау тапқан, кеңестік билікке қарсы құрылған мұндай қозғалыстарды, осы өлкеде құрылған «Шуран-Исламия», «Алашорда» және «Шура-И-Улама», «Турк адам», «Марказияти» сияқты саяси ұйымдар басқарады. Коммунистік жүйеге оппозициялық ұстанымда күрес жүргізген саяси ұйымдар Түркістанның тарихи дамуына қатысты өз ұстанымдарында табанды болды. Орта Азиялық аймақтың ауқымды бөліктері өршінген қарулы қақтығыстар майданына айналуын жалғастырып бақты. Бұл ұйымдар мұсылман халықтарының бірлескен, тәуелсіз мемлекеттік бірлікте дамуы, олардың негізгі ынтымағы бағытын ұстанады. Қарақалпақ жерінде де аймақтың «большевиктендірілуі» саясатына қарсы шаралар өзінің сипатын өздігінше тауып жатты. Хорезм озаисіндегі ұлт-азаттық қозғалыстарына жетекшілік еткен Құрбан Мамет (Жунайт хан), Убайдулла Бахаведдинов (Мақсұм хан), Құтлымұрат би (Бала би) мен өзге де бастаушыларға халықтың еруі, Түркістан өлкесіндегі мұсылман депутаттардың жалпы ұлттық «Иттифак», «Шура-Исламия», секілді саяси ұйымдарының жұмысына да үн қатуына қарамастан, сонымен бірге қарақалпақ ұлттық зиялыларының және діни мұсылман өкілдерінің қоғамдық өзгерістерге белсене араласпаса да назардан тыс қалдырмауларының өзі де, олардың әлі де болса талай жылғы өзге билеушіге телміріп, өз тағды
12345След.
скачать работу

Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ