Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

) экономикалық сараптама жүргiзу;
2) өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру және оларға салықтық сараптаманың қорытынды кезеңiн жүргiзу.
13. Өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін Министрлiктің заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орта мерзiмдi жоспарларды, Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарларын iске асыруының мониторингiн жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметіне Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әрі iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгiзуге;
5) өз құзыретi шегiнде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды мемлекеттік органдарға ұсынуға;
6) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеуге және шығаруға;
7) өз құзыретi шегiнде келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалармен келiсiмдер жасасуға;
8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
10) консалтингтік қызметтердi жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;
11) шетелдiк мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
12) мониторинг объектілерiн тiкелей зерттеуге, меншіктiң мемлекеттiк мониторингі нысанасына жататын ақпаратты талдауға орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдерiн тартуға;
13) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
14) Министрлiктің қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың мемлекеттiк басқару органы ретiнде түсуге;
15) Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражат шегiнде аса маңызды ғылыми қаржы-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн айқындауға, Министрлiктiң құзыретіне енетін мәселелердi әзiрлеу үшiн белгіленген тәртiппен ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тартуға құқылы.

3. Министрлiктiң мүлкi.
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктің есебiнен қалыптасады.
15. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгінен иелiктен айыруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру.
17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) оның ішінде бір бiрiншi орынбасары болады.
18. Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауаптылықта болады.
19. Министр осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;
4) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;
5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдіреді;
7) Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi.
20. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен рәсiмделедi.
21. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.

5. Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату.
22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Вексель.
Вексель әлемдегі ең көне қаржылық құралдардың бірі болып табылады, оның сан алуан түрлері Ежелгі Грекия дәуірінің өзінде-ақ болған, орта ғасырдағы Еуропада кеңінен қолданылған, және ол біздің кезімізде көпшілік таныған әрі кең тараған төлем жасау мен несиелендіру құралы болып табылады. Қазақстан вексельдің айналымының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 28.04.1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» № 97-1 Заңында айқындалған.

Вексель деген не?
Вексель – бұл төлем құжаты, ол өзінде көрсетілген ақша сомасын өзінде көрсетілген мерзімде вексельді иеленушіге төлеу туралы ешқандай шартсыз міндеттемені көрсетеді.
Вексель 2 басты функцияны атқарады:
1. несиелендіру құралы
2. төлем құралы.
Қазақстанда коммерциялық (тауарлық) вексельдің айналымына рұқсат етілген, ол серіктестерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу-сату бойынша мәмілені төлемнің мерзімін шегеру шартында ресімдеуге мүмкіндік береді. Келісім-шарт бойынша төлемнің мерзімін жай ғана шегеруден өзгеше, тауарды сатушы оп-оңай ақшаға айналатын өтелімді қаржылық құралға ие болады. Кең тараған пікірге керісінше, Қазақстанда вексель – бағалы қағаз емес. Отандық заң шығарушының осы көзқарасын түсіндіру айтарлықтай қиын және ол заң әдебиетінде талай рет сынға ұшырады, себебі, вексель бағалы қағаздың барлық дәстүрлі нышандарын иеленеді, және де ол аз болғандай, әлемнің барлық басқа елдерінде ол бағалы қағаз болып табылады да. Бастапқыда, 1994 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі қабылданған кезде вексель «толық құқылы» бағалы қағаз болып танылғанын айта кету керек, алайда 1997 жылы заңнамалық негізде бағалы қағаздар тізбесінен шығарылды.

Вексельдің түрлері.
Шыққан тегі, табыстылығы мен мерзімділігі бойынша вексельдердің төмендегідей түрлері болады:

Айырмашылық параметрлері Вексельдің түрі Қысқаша сипаттамасы
Шыққан тегі бойынша
Жай (соло)
Аударымды (тратта) Төлем жасау мен несиелендіру құралы
Борыштарды өзара есепке жатқызуға мүмкіндік беретін төлем жасау мен несиелендіру құралы
Табыстылығы бойынша
Дисконттық

Пайыздық
Төлем мерзімінде атаулы құны бойынша төленеді, кең тараған тауарларды жеткізушілермен есеп айырысу үшін пайдаланылады
Вексельдің сомасына өсім есептеледі, айрықша өнімдерді жеткізушілермен есеп айырысу үшін пайдаланылады
Мерзімділігі бойынша
Мерзімді
Ұсыну бойынша Белгіліленген өтеу мерзімі көрсетіледі (мысалы, 2005 жылғы “01” желтоқсан)
Белгіліленген өтеу мерзімі көрсетілмейді, пайыздық вексельдер үшін пайдаланылады

Жай вексельде онда көрсетілген ақша сомасын оны жазып берген тұлғаның, яғни вексель берушінің тікелей төлейтіні туралы міндеттеме жазылады, осылайша ол тұлға сонымен бір мезгілде вексель бойынша төлем жасаушы да болып табылады.
Бұдан өзгеше, аударымды вексельде көрсетілген соманы вексель беруші емес, басқа тұлға төлеуге тиіс. Бұл басқа тұлғаның төлем жасау туралы міндеттемесі әдетте осы тұлға мен вексель берушінің (яғни, вексельді шығарған адамның) арасындағы екі жақты қарым-қатынастарға негізделеді және мысалы, қандай да бір берешектің немесе басқа келісімнің нәтижесінде орын алуы мүмкін. Осылайша, вексель беруші аударымды вексель бойынша төлем жасаушы болып табылмайды.

Вексельдің пішіні.
«Қатаң шартты түрдегі пішін» деген ұғым, вексель жарамды болуы үшін оның белгілі бір пішіндік деректемелерінің болуының маңызы аса зор екенін білдіреді. Вексель қатаң құжаттық пішінде шығарылады. Вексельдің бланкінің беттік жағы, сыртқы жағы және аллонжы болады. Беттік жағында вексельдің деректемелері көрсетіледі. Сыртқы жағында индоссаменттер көрсетіледі. Вексельде индоссаменттерді қою үшін орын қалмаған жағдайда, вексельге аллонж қосылады.
Вексельдің элементтері:
• “вексель” атауы, ол құжаттың мәтініне кіргізіледі, және осы құжат қай тілде құрастырылса, сол тілде жазылады;
• белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы ешқандай шартсыз міндеттеме (жай вексельде) немесе бұйрық (аударымды вексельде);
• төлем жасаушының атауы;
• төлем мерзімдері;
• төлем жасалатын жердің атауы;
• төлем кімге (немесе кімнің бұйрығы бойынша) жасалуға тиіс болса, соның атауы;
• берілген күні;
• вексель жасалған жер;
• вексель берушінің қолтаңбасы.
Жоғарыда аталған элементтердің кез келгенінің болмауы вексельдің жарамсыз болуына әкеледі, бұл кез келген басқа төлем құжаты сияқты оның да қатаң ресмилігінің белгісі болып табылады. Осыған байланысты вексельдің мына бір қызықты ерекшелігін атап өту керек – егер тіпті төлеміне осы вексель берілген міндеттеменің өзінің жарамсыз деп танылуы төлем жасаушының төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемесін тоқтатпайды. Басқаша айтқанда,

12345След.
скачать работу

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ