Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

вексель бойынша міндеттеме «бір рет және біржола» беріледі, өзі дербес әрекет етеді және кез келген жағдайда орындалуға жатады, бірақ бұл үшін вексельдің мәтінінде жоғарыда келтірілген міндетті деректемелердің барлығы жазылған болуға тиіс.

Вексель – төлем құжаты.
Сөйтіп, вексель Қазақстан төлем құжаты болып табылады, яғни осы құжаттың негізінде немесе оның көмегімен ақшалай міндеттемелер орындалады. Вексельдің негізгі фукнциялары сауда мәмілелері бойынша есеп айырысу болып табылады. Бір айта кететін жайт, біздің республикада вексельдерді ақша тарту мақсатында шығаруға тыйым салынған, яғни, мысалы,дәстүрлі ұғымдағы ақшалай қарыздық қарым-қатынастар вексель арқылы көрсетіле алмайды. Мұндай вексельдер қаржылық вексель деп аталады да, оларды шығаруға заңмен тыйым салынады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тек тауарлық вексельдерді, яғни, тауарды сатып алу-сату туралы мәміленің негізінде шығарылған вексельдерді шығаруға ғана рұқсат етілген. Мысалы, сатып алу-сату туралы мәміледе, тауарды сатып алушы, қолында мәміле жасау үшін жеткілікті ақша сомасы болмағандықтан, немесе басқа себептен, мысалы, өзінің ақша қорына тиіскісі келмегендіктен, жеткізуші келіссе, онымен вексель арқылы есеп айырыса алады. Әдетте (бірақ міндетті емес) мәміленің тараптары вексельде көрсеткен сома, дереу есеп айырысқан жағдайда сатушы ала алатын сомадан сәл жоғары болады. Бұл айырма төлемнің мерзімінің шегерілгені үшін өзінше бір ақы болып табылады, себебі осылайша сатушы сатып алушыдан ақшаны «қазір» алудың орнына, ақшаны «кейін» төлеу туралы вексель түрінде бейнеленген уәдені қабылдай отырып, іс жүзінде оған несие береді. Бұл орайда сатып алушының тауардың ақысын төлеу бойынша тікелей міндеттемесі орындалды деп саналады, себебі сатушы одан ақшаның орнына есеп айырысу құралы ретінде вексельді қабылдады. Енді аталған тараптардың арасында жеткізілген тауар үшін ақы төлеу бойынша берешек емес, вексельдік міндеттеме бар, бұл міндеттеме жоғарыда айтылғандай, дербес әрі аталған вексель төлеміне шығарылған сатып алу-сату келісімшартының шартарынан тәуелсіз міндеттеме болып табылады.

Вексельдерді есепке алу.
Біз қарастырып отырған мысалдағы вексельдің келесі «таңдамалы мүмкіндігі» – егер вексельді иеленуші – тауарды сатушының вексельде көрсетілген төлем мерзімі келгенше күткісі келмесе, вексель есепке алуға ұсынуға мүмкіндігі бар. Яғни, сатушы Бақылаушы директорлар кеңесінің вексель банкке апарып оны банкке қайта шегініп бере алады, бұл жағдайда банк есепке алу кеңсесі ретінде әрекет етеді. Банк, жай сөзбен айтқанда, осы вексель үшін төлем мерзімі келгенде вексель бойынша төленуге жататын соманың мөлшерінен сәл азырақ ақша төлеп, вексель иеленушіден оны сатып ала алады. Осы айырма (дисконт) банктің табысы, сыйлықақысы болып табылады, яғни, бұл – вексель бойынша төлем жасаушының вексельдің белгіленген мерзімде төленбеуінің ықтимал тәуекелдігіне байланысты несиелік тәуекелін өзіне қабылдағаны үшін банк алатын сыйақы. Ал вексельді иеленуші-сатушының таңдау мүмкіндігі бар – төлем мерзімі келгенше күтпестен дереу кемірек табыс алу немесе күте тұрып, көбірек алу, бірақ белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін алу.Вексельді есепке алуға ұсынғаннан бөлек, сатушы сондай-ақ қолындағы өзінің векселімен өзінің несиегерлерінің бірімен есеп айырыса алады, ол үшін несиегерге тауардың төлемақысы ретінде ақшаның орнына вексельді береді (әрине, ол үшін аталған несиегер вексель төлемақы ретінде қабылдауға келісуі керек).
Вексель бойынша құқықтарды шегініп беру оған табыстау жазбасын – индоссаментті жазу жолымен жүзеге асырылады. Вексель бойынша құқықтар осылай шегініп берілген жағдайда, осы вексельдің бір адамнан екінші адамға табысталу тарихын тіркеп отырған индоссаменттердің үздіксіз тізбегі арқылы вексельге деген құқығы расталатын тұлға оның түпкілікті заңды иегері болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысал қарапайым мысал болып табылады, және ол, әрине, вексельдің барлық мүмкіндіктерін және вексельдік заңнаманың ерекшеліктерін көрсетпейді, тек вексельдерді пайдалану арқылы іске асырылуы мүмкін операциялардың бір түрі ғана. Вексель дербес актив болып табылады, ол төлем жасау құралы ретінде қолданылып, қандай да бір міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде (кепілге берілген күйінде) және тіпті инвестициялау құралы ретінде де жүре алады. Дұрыс қаржылық жоспарлау вексельдерді қысқа мерзімдік табыстық мәмілелерді жасауға арналған құрал ретінде де, бір мезгілде қаржылық ағындарды оңтайландыруға және кәсіпорынның өтелімділігін басқаруға мүмкіндік беретін саудалық есеп айырысу құралы ретінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанда өкінішке орай вексельдер нарығы жеткіліксіз дамыған, мұның бірқатар себептері бар. Бұл – біздің менталитетіміз үшін есеп айырысудың вексельдік жүйелерінің дәстүрлі болмауы, және нарыққа қатысушылардың төлем жасау мен несиелендіру құралы ретіндегі вексельдің мүмкіндіктері туралы едәуір нашар хабардарлығы, вексельдер эмитенттері туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы және басқа бірқатар жайттар.

Бірінші сыныпты эмитенттер.
2000 жылы ҚР Ұлттық Банкі “Бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алу жөніндегі бағдарламаны” іске қосты, оның мақсаты вексельдің айналым нарығын дамыту және стратегиялық өндірістік кәсіпорындарды қаржыландыру болып табылады. мәртебесін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі береді. Аталған бағдарлама енгізілгеннен кейін бірінші сыныпты эмитенттердің ресми тізіміне кіретін компаниялардың вексельдерін ҚР Ұлттық банкінде қайта есепке алу мүмкіндігі туды. Сөйтіп, бірінші сыныпты эмитенттің векселін есепке алған коммерциялық банктің оны кез келген сәтте Ұлттық Банкке сатып, дисконтты шегергендегі вексельдің атаулы құнына тең соманы лауға мүмкіндігі бар (ҚРҰБ дисконты қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сәйкес келеді).
Вексельдердің бірінші сыныпты эмитентінің артықшылықтары:
• Вексельдерді есепке алуға шек қою міндеттемелердің кепілзатпен қамтамасыз етілуін талап етпейді
• Компания қымбат тұратын несие ресурстарын пайдаланбастан, өзінің қаржылық ағындарын жоспарлау мүмкіндігіне ие болады
• Бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерінің көтеріңкі өтелімдігі бар
• Бірінші сыныпты эмитент мәртебесі тұтас алғанда компанияның қаржылық беделіне оңды ықпал етеді

Вексельдерді өтеу қалай іске асырылады?
1) Банктің төлеуіне ұсынылатын вексельдер сараптамадан өткізіледі. Төленуге төмендегілер қабылданбайды:
• жалған вексельдер;
• пішіндері ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін вексельдер;
• өтеу мерзімі өтіп кеткен вексельдер.
2) Вексельді иеленуші вексель төленуге ол төленуге тиіс болатын күні немесе келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Вексель осы мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, вексельдің мерзімі өткен деп саналады.

Вексельдік есеп айырысудың артықшылықтары:
• Өнімді сатып алушы үшін төлем мерзімін шегеру, себебі өзінің мәні бойынша вексель коммерциялық (тауарлық) несие болып табылады
• Өтелімді қаржылық құралды пайдалану
• Дебиторлық және несиегерлік берешекті оңтайландыру мүмкіндігі
• Компанияның айналымдық қаражатының босатылуы
• Қаржыландыру құнының төмендетілуі
• Пайыздық вексельдер бойынша қосымша табыс алу
• Сауда келісімшатттары бойынша форфейтингілік операцияны жүргізу жолымен шетелдік банктерден арзан қарыз қаражатын тарту мүмкіндігі
• Вексельдерді қысқа мерзімдік несиелер бойынша кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болады.
Қазақстандық банктер жекелеген кәсіпорындардың вексельдік бағдарламаларының бастамашылары және белсенді қатысушылары болды. Вексельдермен сауда жасау мүмкіндігі Қазақстан қор биржасының ішкі ережелерімен көзделген. Әрине, Қазақстанның қор нарығы одан әрі дамып, ірі, орнықты кәсіпорындардың саны артып, вексельдік заңнама жетілдірілген сайын және оңды шетелдік тәжірибенің келуімен, вексельдің әлемдік іс-тәжірибеде кең тарағандығын, оның тарихы мен мүмкіндіктер жиынтығын ескерсек, республиканың қор нарығының негізін қалайтын қаржылық құралдардың қатарында вексель өзіне лайықты орнын алатыны сөзсіз.

1. МАҚСАТ.
Мемлекет өз мiндеттерiн орындау үшiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қажеттi түсiмдердiң көлемiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық өзара қарым-
қатынастағы мүдделерiнiң балансына қол жеткiзу жəне Қазақстан Республикасының стратегиялық жəне бюджеттiк жоспарлауының бiртұтастығын қолдау мақсатында орнықты бюджет жүйесiн, əлеуметтiк-
экономикалық басымдықтарды қалыптастыру.

2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ.

2.1. Күштi жақтар.
Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде, бюджеттiң атқарылуында бiраз табыстар бар, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едəуiр қадамдар жасалды.
1999 жылғы есептiк деректерге сəйкес мемлекеттiк бюджетке түсiмдер IЖӨ-нiң 19,8%-ын, шығыстар мен кредиттер — IЖӨ-нiң 23,2%-ын құрады. Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы IЖӨ-нiң 3,5%-ын құрады жəне 1998 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмендедi. Есептiк деректер бойынша, (есептеу кезеңiнсiз) 2000 жылы мемлекеттiк бюджеттің IЖӨ-ге 0,1% болған шамалы профицит жағдайында, мемлекеттiк бюджетке түсiмдер IЖӨ-нiң 23,1%-ын, шығыстар мен кредиттер — IЖӨ-нiң 23,0%-ын құрады. Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Оны 1995 жылы қабылдау республиканың қаржы жүйесiн қалыптастыруда, барлық мiндеттi төлемдердi бюджетке құрылымдандыруда, салықтарды есептеу мен алудың тəсiлдерiн белгiлеуде едəуiр рөл атқарды.
Мемлекеттiк кiрiс жүйесiндегi реформалау, мемлекеттiк бюджет қаражатының келiп түсуiн бақылау мəселелерiне байланысты барлық фискалдық органдарды бiр вед

12345След.
скачать работу

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ