Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

омство шегiнде шоғырландыру процестерi
табысты жүргiзiлдi. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Экономиканың даму перспективасын ескеретiн жəне мемлекет пен салық төлеушiлердiң мүдделерiн оңтайлы үйлестiретiн қолайлы орта жасауға
барлық нормативтiк құқықтық актiлердi бiр заң актiсiнiң шеңберiнде бiрiктiруге бағытталған жаңа Салық кодексi қабылданды. Салық жүктемесiн азайту мақсатында 2001 жылы қосылған құн салығының ставкасы 16%-ға дейiн жəне əлеуметтiк салық 21%-ға дейiн төмендетiлдi. Шығыстардың тиiмдi жүйесiн жасау жөнiнде шаралар қолданылды. Қазынашылық жұмысы тиiстi деңгейде жолға қойылды. ТМД елдерiнiң арасында алғашқылардың бiрi болып Қазақстан қазынашылық жүйесi арқылы бюджеттiк бағдарламаларды уақтылы жəне мақсатты қаржыландыруға қол жеткiздi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жəне Қазақстанның Даму Банкi құрылды. Əлемдiк стандарттардың талаптарына жауап беретiн кiрiстер мен шығыстарды жаңа бюджеттiк жiктеу енгiзiлдi. Шығыстар жүйесiн жетiлдiру жөнiнде маңызды iс-шаралар орындалды. 1999 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар таратылды, ал олардың кірістерi мен шығыстары
мемлекеттiк бюджетке шоғырландырылды. Сондай-ақ алдын ала бақылау жасау тетiгiн жетілдiру жөнінде шаралар қолданылды, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi есепке алу енгiзiлдi. Сондай-ақ
республика халқының белгiлi бiр санаттарына бюджет көтере алмайтын нақты жеңілдіктер мөлшерiн берудiң көп жылдық практикасы оларды азаматтардың жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы берумен алмастыру арқылы алып тасталды. Барлық деңгейдегi бюджеттер бюджеттік бағдарламалар деңгейiнде бекiтiледi, ал бюджеттен қаражат бөлу жекелеген министрлiктер мен ведомстволарды қаржыландыруға емес, бюджеттiк бағдарламаларды орындауға жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бюджет кiрiсiн басқару процесiн жетiлдiру шеңберiнде 1999 жылы мемлекеттiк қаржыны
басқару мəселелерi бойынша бюджет заңдарына өзгерiстер енгiзiлдi. 1999 жылдың 1 сəуiрiнде қабылданған «Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бюджетаралық қатынастың жаңа тетiктерiн белгiледi. Мемлекеттiк секторға функционалдық талдау жүргiзу нəтижесiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кəсiпорындарға бөлiндi. Азаматтық жəне бюджеттiк заңдарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. 1999 жылдан бастап кейбiр мемлекеттiк функциялар бəсекелестiк ортаға берiлдi жəне мемлекетке қызмет көрсету нысанында орындалады. Мұндай функцияларды iске асыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар мемлекеттiк тапсырыс нысанында орындалады.

2.2. Əлсiз жақтар.
Қазақстанда жұмыс iстейтiн iрi шетел компаниялары салық заңдарын жиi бұза отырып, салық төлеуден жалтарады, мұны тiптi халықаралық ұйымдар да атап көрсетедi. Бюджетке түсiмдi көбейту үшiн едəуiр резерв нақ осында бола тұрса да, бюджетке берешектi өтеу жөнiндегi жұмыс нашар жүргiзiледi.
Бюджетке төлем жасау жөнiндегi салық мерзiмiн кейiнге қалдырудың тəртiбiне өзгерiстер енгiзу талап етiледi, өйткенi қазiргi кезде салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсiм
бойынша салық төлеу жөнiндегi мерзiмдi ұзартуға құқылы. Соттардың жұмыс бастылығына жəне судьялардың арнаулы бiлiмiнiң жоқтығына байланысты кəдiмгi сот арқылы салық төлеушiлердiң құқығын қорғау тым қиындатылған. Қазақстан аумағына шектес мемлекеттерден тауарлардың кеден бақылауынан өтпей əкелiну мүмкiндiгi мемлекетке елеулi экономикалық залал келтiредi. IЖӨ көлемiнiң жыл сайынғы өсуi жағдайында мемлекеттiк бюджеттің көлемi тұтас алғанда төмен болып отыр, ол IЖӨ-нiң 25%-дан кем мөлшерiн құрайды. Шығыстардың мұндай деңгей жағдайында
мемлекеттiк бюджет мемлекеттiң барлық функцияларын орындауды толық қамтамасыз ете алмайды. Бюджет жүйесiн орталықсыздандырудың аяқталмауы бюджетаралық қатынастың өзектi проблемасы болып отыр.
Бюджеттiң теңдестiрiлмеуi бюджеттер өкiлеттiгiнің айқын ажыратылуының жеткiлiктi болмауына байланысты тереңдей түсуде. Бюджет ресурстарын орталықсыздандыру мен бюджет өкiлеттiктерiн орталықтандыру арасында
үйлесiмсiздiк бар. Қазiргi кезде қалыптасқан жағдай бюджет жүйесiн орталықсыздандыруды күрделендiредi. Бұл ең алдымен бюджеттiң тiгiнен түсiрiлуi туралы түсiнiктiң сақталуына байланысты. Аймақаралық күрт айырмашылық бюджет жүйесiн орталықсыздандырудың артықшылықтарын
пайдалануға кедергi келтiредi. Бюджеттi жоспарлаудың уақыт аясы орталықта да, сондай-ақ аймақтық деңгейлерде де қысқа мерзiмдi болып отыр. Бюджеттердiң аудандық жəне облыстық деңгейлерiнде өзіндік кiрiс көздерi бекiтiлмеген. Республикалық бюджетке iшiнара аударылатын кiрiстер есебiнен жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiн асыра орындауы көбiне мемлекеттiк бюджеттiң еркiн қаражатын түзедi. Жергiлiктi атқарушы жəне өкiлдi органдар осы көздер бойынша кiрiс жоспарын ұлғайту жəне
қаражатты қосымша шығыстарға бағыттау мүмкiн болмайтын проблемаларға тап болады. Еркiн қаражат айналымға уақтылы тартыла алмайды жəне өткiр əлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге жiберiле алмайды.
Қайсыбiр кiрiс көздерi бойынша болжамды деректердi асырып жiберу немесе төмендету фактiлерi жиi кездеседi, бұл өз кезегiнде, əр түрлi деңгейдегi бюджеттердiң атқарылуын тұрақсыздандырады. Заңдарда белгiленген ұзақ мерзiмдi бюджеттiк алу мен субвенциялар мөлшерiн белгiлеу рəсiмi практикада жеткiлiктi деңгейде iске асырылмайды. Жергiлiктi бюджеттердiң шығысы негiзiнен ағымдағы шығындарға шоғырландырылған жəне күрделi шығындарды бекiтуде белгiсiздік орын алған. Трансферттердiң ағымдағы тетiгi аймақтардың жай-күйiн бағалаудың маңызды факторларын қамтымайды, ол ашық емес жəне орталықтан тұрақты түрде түзетiлуге мұқтаж. Трансферттердің қолданыстағы жүйесi алулар мен субвенцияларды реттеу əдiсiмен «жыртықты жамаудың» ескi тетiгiн шын мəнінде қайталайды жəне сол арқылы облыстардың бюджетiн теңдестiредi. Шығыстар жоспары ел дамуының басымдықтарымен əрдайым байланыстырыла бермейдi.
Республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының жеткiлiктi дəрежеде ашық болмауы мемлекеттiк шығыстарды тиiмсiз басқаруға алып келедi. Бюджеттiң шығыс бөлiгiнде ағымдық сипаттағы шығыстар мен дамытуға арналған шығыстар бөлек көрсетiлмеген. Iшкi жəне сыртқы аудит жүйесi тиiмсiз. Жүзеге асырылып жатқан шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау тұрғысынан бюджет қаражатын жұмсаудың мониторинг жүйесi жоқ.
Бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi жəне оларға ведомстволық бағынысты мекемелер деңгейiнде бюджет қаражатын тиiмсiз басқару нəтижесiнде, сондай-ақ тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алуға
арналған уақтылы өткiзiлмейтiн конкурстар есебiнен бюджеттiң пайдаланылмаған қаражаты көбеюде. Өткiзiлген конкурстар басқа ықтимал жеткiзушiлердiң жоқтығына иек арта отырып көбiне бiр көздегi жеңiмпаздарды айқындайды. Тауарлар мен қызметтердi конкурстық айқындау есебiнен пайда болған бюджет қаражатын үнемдеу ашық болмай отыр. Аумақтық Қазынашылық органдарының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетуге қатысты талаптары қаражатты ұтымды жəне тиiмдi пайдалануды толық қамтамасыз етпейдi. Шетелдiк көздерден қарызға қаражат алуға байланысты консультациялық шығыстар жоғары күйiнде
қалып отыр.

2.3. Мүмкiндiктер.
Салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық əкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту. Кейбiр салықтардың ставкасын төмендету.
Салық салу жүйесiн жеңiлдету. Тұрақты кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру. Халықаралық ұйымдар тарапынан жəрдемдесудiң болуы, шетелдiк тəжiрибенi зерделеу жəне енгiзу.

2.4. Қатерлер.
Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласының құлдырауы. Салық заңдары мен салық əкiмшiлiгiн жүргiзудiң жетiлдiрiлмегендiгi төлем тəртiбiн арттыруға ықпал етпейдi. Алым түрлерінiң жəне басқа да мiндеттi төлемдердiң жəне оларды өндiрiп алу рəсiмдерiнiң көптiгi салық жүйесiн күрделендiредi. Əлеуметтiк дамудағы аймақтық үйлесiмсiздiк. Мемлекеттiк борыштың өсуi.

3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР.
Салық-бюджет саясаты саласында 2001-2010 жылдар кезеңiне арналған мынадай негiзгi стратегиялық мiндеттер болады:
- салық жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- бюджетке салық түсiмiнiң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн қамтамасыз ету;
- салық заңдарын жетiлдiру;
- салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру;
- кəсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмді мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
- бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру;
- мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын даму стратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайтын бюджет саясатын жүзеге асыру;
- бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру;
- IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне бiртiндеп қысқартуға қол жеткiзу;
- бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру;
- бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету.

4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ.

4.1. Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Салық заңдарының тұрақтылығы принципiн заң тəртiбiмен бекiту қажет, өйткенi салық заңдарына өзгерiстердi жиi енгiзу елдегi экономикалық ортаға терiс ықпал етедi. Қаржы-банк жүйесiнiң, экономиканың аграрлық секторының нығаюына, шағын кəсiпкерлiктiң қоғамның орташа табы ретiнде қалыптасуына, əлеуметтік саланың экономикалық негiзiнiң нығаюына қарай,
Салық кодексiнiң жаңа редакциясын қабылдау қажет. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң нығаюына жəне өсу мүмкiндiктерiне орай халықтың өз күнiн өзi көру жəне экономиканың жекелеген секторларына салық жеңiлдiктерiн беру саясатынан халықтың əлеуметтiк əлсiз жiктерiне, сондай-ақ экономиканың тиiмсiз, бiрақ үлкен əлеуметтiк маңызы бар
секторларын мемлекеттiң тiкелей қолдауының рөлiн күшейту саясатына көшу қажет.

4.2. Бюджетке салық түсiмiнiң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн
қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк бюджетке салық түсiмiнiң өсуi салық əкiмшiлiгiн жүргiзудi

12345След.
скачать работу

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ