Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

жақсарту жəне салық заңдарының нормаларын мүлтiксiз сақтау есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Барлық дамыған елдерде бөлiнетiн IЖӨ-нiң үлесi əрбiр он жыл сайын заңды түрде өсiп, IЖӨ-нiң 50%-ына жақындағанын ескере отырып, таяу жылдарда мемлекеттiк бюджетке салық жəне салықтық емес түсiмдердiң деңгейi IЖӨ-ге қатысы бойынша 30%-ға жетедi.

4.3. Салық заңдарын жетiлдiрудi қамтамасыз ету.
Перспективада 5-7 жылдан кейiн салық жүйесiнде мынадай бағыттар бойынша реформалар жүргiзiлетiн болады:
- жеке табыс салығына салық салу жүйесi бойынша едəуiр ұқсастығы бар əлеуметтiк салық, мемлекеттiк сақтандыру қорына төленетiн жарна болып қайта құрылатын болады. Бұл жағдайда жарна төлеушiлер бюджетте неге жұмсалатыны белгiсiз əлеуметтiк салықпен салыстырғанда, қор қаражатының қандай мақсаттарға пайдаланылатынын бiлетiн болады (қараңыз. IХ-бөлiм. Инвестициялық саясат);
- салық төлемдерiнен жалтарудың мүмкiн еместiгi мен оның тиiмсiздiгiн қамтамасыз ететiн, соның ішінде жеке тұлғалардың табысын жаппай мəлiмдеу жəне табысы неғұрлым жоғары тұлғаларға салық салуды күшейту есебiнен қамтамасыз ететiн тетiктер қолданысқа енгiзілетін болады, мұның өзi осы санаттағы салық төлеушiлерден салық жинау iсiндегi жағдайды едəуiр жақсартады;
- салық салу базасын кеңейту жəне экономиканың нақты секторына салық жүктемесiн неғұрлым теңдей бөлу үшiн əлемдiк практикада жергiлiктi бюджеттер үшiн кiрiстiң маңызды көзi болып табылатын бөлшек саудада сатуға салық салуды енгiзудiң орындылығы қарастырылатын болады.

4.4. Салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру.
Салық жүктемесiн барлық салық төлеушілерге теңдей жəне əдiлеттi бөлу мəселесi принциптi мəнге ие. Басымдықты салаларда iскер белсендiлiктi ынталандыратын мақсатты бағытталған бiрыңғай жеңiлдiк жүйесiн қалыптастыру қажет. Салық артықшылықтарын пайдаланбайтын салық төлеушiлерге қатысты салық жүйесiндегi əдiлеттiлiк принципiн бұзатын негiзсiз жеке салық жеңiлдiктерi жойылады, өйткенi салық төлеушiлердiң бiрi үшiн жеңiлдiктi салық режимi сөзсiз басқаларға қосымша салық ауыртпалығын түсiру дегендi бiлдiредi.

4.5. Кəсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмдi
мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету.
Қазақстандық тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметiнiң өсуi, сыртқы экономикалық қызметтегi белсендi өзгерістер кеден шекарасында экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, контрабандаға тосқауыл қоюда, кеден төлемдерi мен салықтарды толық көлемде өндiруде республика кеден органдарының рөлiн арттырады. Кеден əкiмшiлiгiн жүргiзудiң сапасын арттыру республиканың кеден қызметiне бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгiзiлуi қамтамасыз етiлетiн болады. Сонымен қатар кеден қызметi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн, əсiресе кеден шекарасынан өткiзу пункттерiндегi жүйесін реформалау қажет, өйткенi нақ осы еңбекке ақы төлеудiң төмендiгi сапасыз кеден бақылауының себебi болып отыр жəне кеден қызметi қызметкерлерiнiң арасында сыбайлас жемқорлықтың көбеюi де соның салдары.

4.6. Бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру.
Ол үшін мыналар қажет:
- жергiлiктi бюджеттердің мейлiнше дербестiгiн қамтамасыз ету жолымен бюджетаралық қатынастардың тиiмдi жүйесiн құру;
- шығыс жасау өкiлеттiгi мен шығыстар бойынша жауапкершiлiктi заң тұрғысынан айқын ажыратуға қол жеткiзу;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн əзiрлеу жəне қабылдау, ол бюджеттердi жасаудың, бекiтудiң жəне атқарудың бiрыңғай құқықтық нормасын қамтамасыз етедi;
- салықтар мен алымдарды мемлекеттiк бюджеттiң белгiлi бiр деңгейлерiне бекiту;
- трансферттердiң тиiмдi жүйесiн құру;
- дамудың жалпы мемлекеттiк стратегиясы шеңберiнде əлеуметтiк-экономикалық дамудың жəне бюджет қаражатының соларға сəйкес жұмсалуының басымдықтарын белгiлеуде аймақтардың дербестiгiн қамтамасыз ету.

4.7. Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын даму
стратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайтын
бюджет саясатын жүзеге асыру.
Республикалық бюджеттiң ағымдағы жəне даму бюджетi деп бөлiнген жаңа құрылымын жасау көзделедi. Қазақстан Республикасының ағымдағы бюджетiнен (бұдан əрi ағымдағы бюджет) функционалдық топтардың ағымдағы шығыстарын қаржыландыру жəне мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету. Ағымдағы бюджеттің шығыс бөлiгi нақты мақсаттары көрсетiле отырып, бюджеттiк бағдарламалар негiзiнде қалыптастырылады. Əлеуметтiк салаға арналған шығыстар ағымдағы бюджеттiң негiзгi басым шығыстары деп болады. Бiлiм беруге арналған шығыстар IЖӨ-нiң 8%-ына, денсаулық сақтауға IЖӨ-нiң 4%-ына, əлеуметтiк қамсыздандыру мен əлеуметтiк көмекке — ІЖӨ-нiң 9%-ына, қорғанысқа — IЖӨ-нің 1%-ына дейiн жеткiзiледi.
2010 жылға қарай мемлекеттiк бюджеттiң шығысы IЖӨ-нiң 30%-ына дейiн жетедi. Еуропа елдерiндегi мемлекеттiк шығыс 1970 жылы орта есеппен IЖӨ-нiң 34,5%-ынан 1997 жылы 46,6%-ға дейiн көбейдi. Қазiргi кезде осындай көрсеткiштер АҚШ пен Жапония бойынша IЖӨ-нiң тиiсiнше 34%-ын жəне 35%-ын құрайды. Қазақстан Республикасының даму бюджетi (бұдан əрi — даму бюджетi) күрделi шығыстар құрамында қалыптастырылатын жəне инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн пайдаланылатын (қараңыз. IХ-бөлiм. Инвестициялық саясат) республикалық бюджеттiң құрамдас бөлiгi болады. Даму бюджетi шығыстарды қаржыландырудың мынадай бағдарламаларын қамтамасыз ететiн болады:
- экономиканың нақты секторын кредиттеу;
- бюджет аясындағы салаларда жаңа объектiлер салу;
- көлiк инфрақұрылымы;
- осы заманғы жабдықтар сатып алу жəне бюджет саласының объектiлерiн техникалық жарақтандыру;
- ұлттық-мəдени құндылықтарды қайта түлету.
Даму бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң құрамында ұсынылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бөлу шотының қаражатынан түсетiн жыл сайынғы түсiмдi даму бюджетi көздерiнiң бiрi деп белгiлеу мүмкiндiгi қарастырылады.

4.8. Бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру.
Ресми трансферттердi айқындау əдiстемесi жетiлдiрiледi. Трансферттер жүйесi аймақтарда əлеуметтiк қызметтердiң ең төменгi қамтамасыз етiлуiне кепiлдiк бередi жəне сонымен бiр мезгiлде аймақтарды салық базасын кеңейтуге ынталандырады. Ағымдағы бюджет өзiнен төмен тұрған бюджеттердi, негiзгi объективтi факторларды (халықтың саны, оқушылардың, қарттардың саны, табиғи-климаттық жағдай, кедейшiлiк деңгейi, автомобиль жолдарының ұзындығы жəне т.б.) ескере отырып, халықтың жан басына есептелген трансферттер қорының қаражаты
есебiнен аймақтарға қажеттi трансферттермен қамтамасыз ететін болады.

4.9. IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне
бiртiндеп қысқартуға қол жеткізу.
Мемлекеттің төлем қабiлеттiгiн қамтамасыз ету шаралары қолданылады.
IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне бiртiндеп қысқартуға қол жеткiзу керек. Бюджет тапшылығының деңгейiн қысқарта отырып, мемлекеттiк жəне мемлекет кепiлдiк берген қарыз алудың жəне Үкiмет борышын басқарудың тетiгiн жетiлдiру қажет.

4.10. Бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру.
Олар мыналар:
- бюджеттi жоспарлаудың əдiстемесін жетілдiру, соның iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың орындалу нəтижелерiн бағалау негiзiнде жетiлдiру;
- мемлекеттiң мiндеттемелерiн өзiнiң ресурстарымен мейлінше теңдестiре отырып 3-5 жылға дейiнгi бюджет көрсеткiштерiн орташа мерзiмдi жоспарлаудың жүйесiн əзiрлеу;
- орталық жəне жергiлiктi басқару органдарының арасындағы ресурстарды олардың мiндеттерiне барабар бөлудi жүзеге асыру;
- мемлекеттiк қызмет көрсетудi қаржыландырудың үздiксiздiгi жəне тиiмдi қаржылық жоспарлауы қамтамасыз етiледi.

4.11. Бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету.
Бюджеттiк қаржыландыру туралы нақты жəне айқын ақпаратқа қол жеткiзу керек.
Бюджеттiк қаржыландырудың ашықтық принципi:
- заңдық жəне нормативтiк құжаттардың жариялануымен;
- жылдық қаржылық жəне жедел баяндамалар мен есептердiң (бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi жасаған) жариялануымен;
- мемлекеттiк қаржы жасаған толық ақпараттың жариялануымен жүзеге асырылатын болады. Жүзеге асырылып жатқан шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылау күшейтiледi. Қаражаттың жұмсалуына мониторинг қатаң жəне жетiлдiрiлген жүйе бойынша жүзеге асырылатын болады. Iшкi, сол сияқты сыртқы аудит те маңызды рөл атқарады, өйткенi олар шығындар мен бұрмалаушылықтар жағдайларын анықтауға мүмкiндiк береді.

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы
ереже.

 Жалпы ережелер.
 Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары.
 Министрлiктiң мүлкi.
 Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру.
 Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату.
 Вексель.
 Вексель деген не?
 Вексельдің түрлері.
 Вексельдің пішіні.
 Вексель – төлем құжаты.
 Вексельдерді есепке алу.
 Бірінші сыныпты эмитенттер.
 Вексельдерді өтеу қалай іске асырылады?
 Вексельдік есеп айырысудың артықшылықтары.
 Мақсат.
 Ахуалды таңдау.
1) Күштi жақтар.
2) Əлсiз жақтар.
3) Мүмкiндiктер.
4) Қатерлер.
 Стратегиялық міндеттер.
 Iс – қимыл стратегиясы.
1) Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2) Бюджетке салық түсiмiнiң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн
қамтамасыз ету.
3) Салық заңдарын жетiлдiрудi қамтамасыз ету.
4) Салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру.
5) Кəсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмдi
мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету.
6) Бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру.
7) Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын даму
стратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайты

12345След.
скачать работу

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ