Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі Әлем тілдерінің топтастырылуы

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қатынастар

 

 

 

            Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 20 сәуірде ноталармен алмасу жолымен орнатылды.

 

Қазақстанның Бейруттегі Дипломатиялық миссиясы 2003 жылғы маусымнан жұмыс істейді. 2008 жылғы қазаннан бастап Миссия басшысы Е.Қалекенов.

 

2009 жылғы наурыздан Қазақстандағы Ливанның Елшісі – Вазкен Кавлакян. 2002 жылғы маусымда Қазақстанның Ливандағы Құрметті консулы болып Ю.Канаан тағайындалды.

 

1997 жылғы қыркүйекте Ливандық «Әл-Мабани» компаниясының өкілдері және өнеркәсіпшілер қауымдастығы делегациясы Қазақстанға келді.

 

            1998 жылғы маусымда Ливандық бизнесмендер, Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетте, Энергетика, Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы министрліктерінде, сонымен қатар «Казахойл» Ұлттық мұнай компаниясында, Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау агенттігінде, Астана және Алматы әкімдіктерінде, Сауда-өнеркәсіптік палатасында және ҚР Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағында кездесулер өткізді.

 

            2003 жылғы 27-28 тамызда Ливан Республикасының Премьер-Министрі Р.әл-Хариридің Қазақстанға ресми сапары болды. ҚР Президенті Н.Назарбаетың қабылдауында болып, сондай-ақ ҚР Парламентінің мәжілісі Төрағасы, Премьер-Министрі және Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізді.

 

            Осы сапар нәтижесінде екі елдің Премьер-Министрлері Қазақстан мен Ливан арасындағы өзара түсіністік декларациясына қол қойды. Аталмыш құжат тараптардың екіжақты саяси қатынастарды, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту ниеттерін бекітті. Сондай-ақ Декларацияда, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-ливан бірлескен үкіметаралық комиссиясын құру, білім саласындағы байланыстарды студенттер мен жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен алмасу жолымен кеңейту қарастырылған.

 

2004 жылғы маусымда ҚР Парламенттік делегациясы ҚР Парламенті мәжілісінің Төрағасы басшылығымен Ливанда болды. Сапар барысында Мәжіліс спикері Ливан Президенті Э.Лахудпен, Премьер-Министрі Р.әл-Хариримен, Парламент Төрағасы Н.Берримен және Сыртқы істер министрі Ж.Обейдпен кездесулер өткізді.

 

Қазіргі таңда Қазақстанда бірнеше Ливандық компаниялар сәтті жұмыс атқаруда.

 

            2007 ж. Қазақстан мен Ливан арасындағы тауар айналымы 12,86 млн. АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт). 2008 ж. екіжақты сауда мөлшері 19,8 млн. АҚШ долл. жетті (экспорт – 18,9 млн. АҚШ долл., импорт – 992 мың АҚШ долл.).

скачать работу


 Другие рефераты
Методы оценки управленческого персонала в организации
Эмоционально-чувственные и волевые психические процессы
Таразы ақын
Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ