Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау

а берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды.

Жалпы ұлттық өнім көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

Жалпы ұлттық өнім тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына коршаған ортаның жай-күйі, қылмыстың аукымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. Жалпы ұлттық өнім есеп-шотын есептеу де бұл параметрлер ескерілмейді.

  • Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім

 

Жалпы ұлттық өнімді номиналды және нақты деп айырады.

Номиналды (атаулы) жалпы ұлттық өнім – сол жылғы ағымдағы бағамен есептелген тауарлар мен қызмет көлемі.

Нақты жалпы ұлттық өнім – баға өзгерісін ескеретін немесе базалық бағамен есептелген жалпы ұлттық өнім көлемі, сонымен қатар инфляция немесе дефляцияны (номиналды жалпы ұлттық өнім инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді.

Номиналдық жалпы ұлттық өнімді нақты жалпы ұлттық өнімге келтіру үшін екі индекс қолданылады. Тұтынушылық бағалар индексі және жалпы ұлттық өнім дефляторы.

                           

                             Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ  =     баға индексі

 

 

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ x ЖҰӨ дефляторы

 

Жалпы ұлттық өнім 90-шы жылдардың басында АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл. құрады, ал тұрақты бағада (1982 жылы) – 4254 млрд. долл. болды. Баршаға белгілі жай, егер жалпы ұлттық өнімнің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан асса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал жалпы ұлттық өсімнің нақты өсімі 4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды. 

Номиналды және нақты жалпы ұлттық өнімді дұрыс түсіну үшін оны мысал ретінде қарастырайық: апельсин мен алма өндіретін экономика. Жалпы ұлттық өнім өндірілген алма мен апельсиннің құнына тең:

ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны)

Жалпы ұлттық өнім өлшемі осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өсуінен жоғарылайды. Осындай жолмен есептелген жалпы ұлттық өнім экономика жағдайының тура әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Ол тұтынушылар, фирмалар мен мемлекет сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін тура сипаттамайды.өндірілген өнімнің құны 2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онда жалпы ұлттық өнім де 2 есе көбейеді. Сонымен бірге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса, онда тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі 2 есе өсті дегеніміз қате. Жалпы ұлттық өнім құрамында тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы жалпы ұлттық өнім деп аталады. Экономика жағдайын нақты көрсету үшін, экономикада өндірілген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерісінің әсеріне тиісті болмауы керек. Нақты жалпы ұлттық өнім көрсеткіші осы мақсатты көздейді, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенеді.

Жалпы ұлттық өнім нақты көлемінің есебі үшін базисті жыл, мәселен 1982 жыл таңдалады. Содан кейін барлық тауар құны 1982 жылғы құнмен есептелінеді және жинақталады. Сонымен, біздің алма-апельсин экономикамыз үшін нақты жалпы ұлттық өнім 1990 жылда былай болады:

 

Нақты ЖҰӨ= (алма бағасы 1982жылы х алма саны 1990жылы) + (апельсин бағасы 1982жылы х апельсин саны 1990 жылы)

Яғни, баға тұрақты болғандықтан, жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің шешіміне алма мен апельсин өндірісі көлемінің өзгерісі ғана әсер етеді. Сондықтан, нақты жалпы ұлттық өнім – бұл базисті жылдағы өндірілген өнім бағасының жиынтығы (яғни 1982 жыл).  Халықтың материалдық  тұтыну қанағаттануының дәрежесі өндірілген тауарлар мен қызметтерге тәуелді болса, онда атаулы жалпы ұлттық өнімге қарағанда, экономика жағдайының тура көрсеткіші нақты жалпы ұлттық өнім болып табылады.

 

 

      2 бөлім. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Аралық өнім және қосымша қосылған құн

Жалпы ұлттық өнім көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т.б. қамтиды. Жалпы ұлттық өнімді «сол елдің өндіре алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәлірек сипаттайтын өлшем ретінде батыс экономистері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды»:

  1. Аралық өнім және қосымша қосылған құн әдісі. Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеніңдегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықтағанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.
  2. Табыстар мен шығындар ағымы әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.

Екі әдістің екеуі де бірдей бағалы. Дегенмен АҚШ-тың Сауда министрлігінің экономикалық талдау бюросы жүргізетін жалпы ұлттық өнімді есептеу статистикасы ең жетілген деп айтсақ қателеспейміз. Мұнда жалпы ұлттық өнім оқшауланбай, қайта ұлттық есептеу жүйесінің шеңберінде есептеледі, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстан басқа, тамақ пен күрделі қаржының салааралық балансын, финанс ағыстарының балансын, ұлттық байлық пен еңбек ресурстарының балансын қамтиды. АҚШ-тың жалпы ұлттық өнімі түпкі тауарлар мен қызмет көрсеуді есепке алады, яғни жалпы ұлттық өнімге жеке және қоғамдық тұтынуға түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем қайтып оралмайтын немесе еңбек құралдары ретінде өндіріс саласына қайтып оралатын өнім түрлері жатады. Жалпы ұлттық өнім АҚШ-тың басқа елдермен сыртқы сауда жұмыстарының қалдығын қамтиды. Баланс беру үшін жалпы ұлттық өнімге АҚШ азаматтарының өз елінен тыс жерлерде өндірген өнімдерінің бір бөлігі кіреді, ал АҚШ-та американдық емес азаматтардың өнімдері есепке алынбайды. Осыдан басқа жалпы ұлттық өнімге шетелдегі капиталдың пайда, дивиденттер, проценттер, ренталық төлемдер таза табыс ретінде енеді. АҚШ-та алғашқыда жалпы ұлттық өнім нақты, ағымдағы бағалармен есептелді, алайда ол бағаға ықпал ететін инфляциялық құбыластармен байланысты өндіріс көлемін өлшеуде дұрыс болмады. Өндіріс динамикасын таза күйінде, базистік жылдың тұрақты бағасымен есептеу жалпы ұлттық өнімді көрсетеді.тұрақты бағадағы жалпы ұлттық өнім көрсеткіші ағымдағы бағамен салыстырғанда баяу өседі.

Аралық өнім және қосылған құн әдісі бойынша есептеу әдісі. Көптеген тауарлар және

1234
скачать работу

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ