Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау

дефляторы өзгермелі тұтыну қаржыны бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мысалы Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма бағасы қатты көтеріледі. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаны жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. ТБИ өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасынан көтерілуі тұтыну бағасының индексі көрсетілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрс индексі», ал өзгеретін тауар жиынын «Поаше индексі» көрсетеді.

Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Поаше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиыны есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Поаше индексінде тауардың бір бірін алмастыруы есепке  алынады. Бірақ мұнда әл ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді. Тұтыну бағасының индексі, яғни мұнда тұтынушы үшін алма бағасы өсімі жоғарылайды. Бұл жерде өзгермейтін тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкіндігі есепке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы  бұл Паоше индексі, мұнда керсінше , тұтынушы үшін бағаның жоғарылауы толығымен көрсетілмейді. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өсім құнын көрсетіп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигізді.

 

 

3 бөлім. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМНІҢ РЕСПУБЛИКА ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

3.1 Жалпы ұлттық өнім көрсеткішінің мемлекетке тигізер жағымсыз әсерлері

 

Жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім көрсеткіші елдің жылдық өндіріс көлемін өлшеу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім кейбір жағлайлармен байланысты ұлттың нақты экономикалық тұрмыс-тіршілігін толық сипаттай алмайды. Барлық елдерде дерлік қоғам мүшелерінің әл-ауқатының жақсаруына ықпал ететін қызмет түрлерін, атап айтқанда, науқас адамдар мен балаларға қамқорлық жасау, жеке құрылыс, репетиторлық жұмыс және тағыда басқа есепке алынатын, жүйелі статистикалық мәліметтер жоқ. Қоғамның «таза экономикалық әл-ауқатына» теріс ықпал ететін «көлеңкелі экономика» секторының салдары есірткені сату және т.б. жағымсыз факторлар есепке алынбаған. Көлеңкелі экономика – бұл мемлекетке салық төлеуді жасыратын және заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет. Жалпы ұлттық өнім халық тұрмысын көтеруге қатысты, үй жұмыстарын да қамтымайды (пәтерді, электр, радио жабдықтарын, аяқ киімді, автомашинаны жөндеу т.б.). Бұл көрсеткішке қоғам мүшелерінің тұрмысын жақсартуға кедергі келтіретін, қоғамдық өндірісті ұлғайтуға кері әсер ететін жағдайлар енбейді (ресурстардың азаюы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы). Сонымен бірге елдің экономикасы дамыған жағдайда табыс деңгейі өсіп ойдағыдай демалуға, халықтың басым көпшілігінің демалыс уақытын ұзартуға мүмкіндік туады, ал соңғысы қоғамның әл-ауқатын арттырумен пара-пар.

3.2  Қазақстан Республикасындағы жалпы ұлттық өнім көрсеткіші

 

Жалпы ұлттық өнімнің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық қызмет ету орны жалпы ішкі өнімді ұлттық есептер жүйесін жасауда негізгі көрсеткіш ретінде пайдаланады. 1988 жылдан бері жалпы ұлттық өнім көрсеткіші біздің елімізде де осы Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы бойынша есептеліп, халықаралық салыстыруға пайдаланып келеді.

 

Қорытынды

 

Қорытындылап айтқанда, жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады.

Жалпы ұлттық өнім көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстан ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-ші жылы енгізілді.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. Алматы, 2003

 

  1. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика: Оқу құралы. Астана, 2009.

 

  1. Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Макроэкономика. Алматы, 1995.

 

  1. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика». Алматы, 2000.

 

  1. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы.  Алматы, 1998.

 

  1. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы, 2002.

 

  1. Ред. Смаилов Ә.А. Қазақстан цифрларда. Алматы, 2008.
1234
скачать работу

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ