Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау

қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағалармен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар , мысалы, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз  ететін үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепеті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет себебі үшін, жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады.

 

 

 

  • Жалпы ұлттық өнімді  шығындар, табыстар  бойынша есептеу

 

Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі  бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру «табыстар ағымы».

Экономистердің көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. Жалпы ұлттық өнім құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлінеді:

  1. Тұтыну (С), тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік т.б) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары.
  2. Инвестициялар (І), Станок, гимарат, үй құрылысы және тағы басқаларды алу үшін
  3. Мемлекеттік сатып алу (G), тауар және қызметі (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар және т.б) және транспорттың төлемдерге ( зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б төлеуге) кететін шығындар.
  4. Таза экспорті (Xn), экспорт пен импорт  көлемінің арасындағы айырмашылық.

Y = C + I + G + Xn

Жалпы ұлттық өнім – бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, жалпы ұлттық өнім құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл тендік өрнек болуы – осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен тендік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;
  2. Ұзақ мерзімді қоолданылатын тауарлар;
  3. Көрсетілген қызмет.

Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мәселен, киім және азық-түлік тауарлары, т.б. жатады.

Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т.б. жатады.

Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.

Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік фактор инвестициясы жатады);
  2. Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
  3. Қор инвестициясы.

Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.

Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады)

Мемлекеттік шығындар – үкімет тарапынан сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады. Мұнда трансфертті төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кірмейді. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар жалпы ұлттық өнім құрамына енгізілмейді.

Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерін көрсететін таза экспорт. Таза экспорт тауарлар мен көрсетілген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда жалпы ұлттық өнім ішкі шығындар жиынтығына тең болады. Бірақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда жалпы ұлттық өнім ішкі шығын көлемін жоғарылатады. Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады.

Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнім қолданылады, одан кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады.

Таза ұлттық өнімді алу үші, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз.

Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмалардағы жанама салық сомасына жүргізіледі. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, басқа көрсеткіш аламыз. Оның атауы – ұлттық табыс. Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы 5 санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:

  1. Еңбекақы (73%). Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.
  2. Жеке меншік табыстар (70%). Кішігірім дүкендер, фермалар, т.б.
  3. Ренталық табыс (2%). Жылжымайтын мүлік иелерінің алатын пайдасы, оған қоса өздері өзіне «төлемейді» деп есептелінген жалдау ақысы жатады.
  4. Корпорация пайдасы (11%). Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.
  5. Таза пайыз (7%). Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең.

Қайталап есептеуді болдырмау үшін, жалпы ұлттық өнімге  кірмейтіндер:

  1. Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады.
  2. Төлемдер ( әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
  3. Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар.
  4. Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
  5. Ұсталған заттарды сатып алу

 

Жалпы ұлттық өнімді  шығындар, табыстар  бойынша есептеу

 

 

  • Тұтыну бағасының индексі және ЖҰӨ дефляторы

 

Номиналдды жалпы ұлттық өнімінің нақты ұлттық өнімге қатынасы бағаның көтерілу есебін жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді және оны жалпы ұлттық өнім дефляторы деп атайды.

Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленуі. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100 тең болады.

Ж­ҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгеі туралы экономикада әр түрлі ақпарат берді. Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:

1) Жалпы ұлттық өнім дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ол тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының жалпы ұлттық өнімін алуға болады.

2) Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар жалпы ұлттық өнім дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, оны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ жалпы ұлттық өнім дефляторында көрсетілмейді.

3) Бағаның әр түлі болуында.Тұтыну баға индексі есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал жалпы ұлттық өнім дефляторы есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ тұтыну баға индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал жалпы ұлттық өнім дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни жалпы ұлттық өнім құрамының өзгерісіне байланысты болды.

ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну баға индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарларды бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. ТБИ өзгермейтін тұтыну қаржыны қолданылыды, ал ЖҰӨ

1234
скачать работу

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ