Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы. Қоғамды басқару



 Другие рефераты
Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың қалыптасу Акционерлік қоғамды құру мен ұйымдастыру тәртібі (мемлекеттік тіркеу)

Жоғары орган — акционерлерінің жалпы жиналысы ( барлық дауыс беруші акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда — осы акционер)
Басқарушы органы — директорлар кеңесі;
Атқарушы орган — алқалы орган немесе атауын қоғамның жарғысы белгілейтін, қоғамның атқарушы органының қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
Акционерлік қоғамның органдары: жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру коммисиясы ( алқалы немесе жеке- дара тексеруші) болып саналады.Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс жиналыстар болып табылады.Қоғамның ең жоғары органы — оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып табылады. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезеңдегі қоғам қызметінің аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып есептеледі.Жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның өткен қаржы жылының таза табысын бөлу, бір жай акцияға шаққандағы дивидент мөлшері сияқты мәселелер жауабын табады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыреті заң актілерімен белгіленеді. Айрықша құзыретіне қарасты кейбір мәселелерді айтсақ, олар: қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту, акциялардың санын өзгерту; қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату; қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту; оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін бекіту; қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа жайттар. Барлық акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді акционерлік қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акциялардының елу және одан да көп процентіе иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді жазбаша шешімдерін түрде ресімдеуге құқығы бар.
Акционерлік қоғамда директорлар кеңесі құрылады. Ол қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және қоғамның басқару органы табылады. Жоғарыда атап кеткендей сияқты бұл директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерін акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуіне беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген жағдайларда, бір акционері бар акционерлік қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесін құрмай-ақ, акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Оның міндеттеріне қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау, акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау, олардың күн тәртібін бекіту, қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау, таза табысты, резервтік апитал мен қоғамның өзге де қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.
Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара ( директор, бас директор, президент ) болуы мүмкін. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, жалпы жиналыс шешімдерін жүзеге асыру — осы органның құзырында. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басқаруды жүзеге асырып, директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Бұл орган акционерлік қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, штатты шығарып, қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді. Акционерлік қоғамның атқарушы органының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын мүшелік орган – тексеру комиссиясы.Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез-келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 пайызынан астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 92-бабының 6-тармағына сәйкес, қоғамда өзге де органдар құрылуы мүмкін. Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда акционерлердің жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол заңдарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды.
Дауыс беру «қоғамның бір акциясы – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады. Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік ара қатынасы. Іс ра қатынасы. Іс лердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.
Бұрын уәкілетті мемлекеттік реттеу органының мемлекеттік қызметшісі болған және өзінің қызметтік міндеттері бойынша акционерлік қоғам қызметіне мемлекет тарапынан қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, барлық дауыс беруші акциялары мемлекетке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы акционерлік қоғамның органына сайлана алмайды.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің келісімдері бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:
Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;
Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивиденттер төлеу жүзеге асырылады;
Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;
Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 93-бабының екінші тармағына сәйкес, акционерлік қоғам шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы. Оның мүлкін меншіктенуші немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша, акционерлік қоғам кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.
Соттың шешімі бойынша акционерлік қоғам:
1) Банкрот болған;
2) Акционерлік қоғамды құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) Қоғамның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
4) Тиісті рұқсат алынбаған ( лицензиясыз ) қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы ( жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы ) декларация немесе оңайтылған декларация табыс етпеген, акционерлік қоғамның кредиторлары, оның орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмаған;
5) Заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның мүлкін меншіктенуші немесе қоғамды тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

скачать работу


 Другие рефераты
Великое посольство и его значение
Сон
Расчет экологических показателей на ТЭЦ
Полупроводники, р-n переход


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ