Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

ысы сипатталған. Мәдени революцияның Қазақстанда қалай жүзеге асқаны туралы Р.Б. Сүлейменов жан-жақты зерттеген. Кеңестік тарихнамада Р.Б. Сүлейменов Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеу мектебін қалыптастырып, шығыстану мәселесін республикада жолға қоюдың негізін қалады. К. Кереева-Канафиева орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихын революцияға дейінгі орыс баспасөзі бойынша сипаттаған [6].

«Советтік Қазақстан кітаптары» (1917-1945) атты екі томдық библиографиялық көрсеткіштің әр томы қазақ және орыс тілінде құрастырылған екі бөлімнен тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің бірінші томына саяси-қоғамдық, көркем әдебиет және балалар әдебиеттері, тіл білімі, өнер, баспа, кітапхана, библиография жұмыстары туралы кітаптар тіркелген [7]. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым мәселесі орыс тілінде бірінші томға, қазақ тілінде екінші томға енгізілген [8].

Қазақстанда мәдениет мәселесімен айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин өз еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А.К. Бектемісов жазса, 60-жж. Орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы материалдар да бар.

Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа кітаптарының тарихын 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәлімет береді [9]. Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған көлемді кітабы орыс тілінде де жарық көрді. М.К Мамажанов, М.П. Коротовский еңбегінде республикадағы кітап баспа ісінің дамуына, қазақ әдебиетінің маркстік-лениндік идеяны таратудағы қызметіне, баспа өнімдерінің насихат жүргізудегі роліне назар аударған.

Қазақ кітаптары туралы библиографиялық көрсеткіштердің маңызы зор, өйткені библиография – білім кілті. Бұл тақырыпқа 80-жылдары жазған ғалымдар шоғыры С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина 1807-1917 жылдары шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіштерін құрастырған [10]. Бұл көрсеткішке алғы сөз жазған Ү. Субханбердина әр кітапқа сипаттама жасап, анықтама берген.

Ә.Бектемісовтың кітабында Қазақстанда кітап баспаларының өткен жолы мен өркендеуі, қаз тұрып қадам басуы, оқулық әдебиеттері, қазақ баспагерлері туралы әр жылдарда жазылған естеліктері бар[11].

А.Г. Каримуллин еңбегінде Қазан төңкерісінен кейінгі кітап баспа ісінің қалыптасуын сипаттап, оның кейбір жеке қайраткерлеріне тоқтаған [12]. Бұл еңбектің құндылығы Москвада шыққан татар кітаптарына анықтама жасап, Москва, Қазан қалаларындағы мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға енгізгенінде. Бұдан татар және қазақ баспа істері осылайша тығыз байланыста болғанын байқаймыз.

Біз өз зерттеуімізде кітап тарихына қатысты еңбектерді пайдалана отырып, баспалардың қандай бағытта жұмыс атқарғанына талдау жасадық. Кітап баспа ісі туралы Ресейде шыққан еңбектерді тақырыптың кейбір тұстарын ашуда қолдандық. Атап айтқанда, И. Баренбаум еңбегінде кітап тарихына сипаттама жасалған. Кітапта мемлекеттік баспалардың, жалпы Кеңес дәуіріндегі баспаның тарихы ғылыми түрде жазылған. Автор кітап тарихына байланысты ғылыми методологияны ұтымды пайдаланған. Осы бағытта жазылған еңбекке К.И. Абрамовтың зерттеуін жатқызуға болады.

 А.К. Бочагов еңбегінде Қазақстандағы кітап баспа ісінің алғашқы бастауындағы атқарылған жұмыстары баяндалған. Ғылым мен кітапты бұқара арасына кең тарату туралы үкімет ұран тастады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кітапхана ісі туралы еңбектер де жарық көрді.

Кеңестік кітап баспа ісінің мәселелері, кітап тарихы туралы пікір-талас материалдарын жариялаған Бүкілодақтық Кітап палатасының «Кітаптар. Зерттеулер мен Материалдар», Қазақ ССР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасының «Вопросы истории и кнгиговедения», ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапханатану, библиография, кітаптану» жинақтарының маңызы зор.

90 жж.біз тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алып, өзімізді тарихи тұрғыдан тани бастағанда тарихтың «ақтаңдақ» беттерін жаңа көзқараспен саралап, бұрын тиым салынған деректерімізді зерттеуге мүмкіндік алдық. М. Қозыбаевтың еңбегін елдегі мәдени революцияны жаңа көзқараспен сипаттағанымен құнды деп есептейміз. М. Қозыбаев, І. Қозыбаевтың тарихнама туралы жазған кітаптарында Қазақстандағы ғылыми қоғамдар жұмысы туралы толық мәліметтер бар.

Т. Қожакеевтің еңбегі 1937-1938, 1950 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған және Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жиырмасыншы жылдардың көрнекті публицист баспагер журналистерінің шығармашылық қызметіне арналған.

Ә.Н. Құдайбергеновтің «Мәдени мұра» бағдарламасының білім беру үдерісіндегі маңызы жайында жазылған мақаласында ХХ ғ. 20-40 жж. республиканың мәдени және ғылыми тынысына қатысты тұжырымдар берілген.[13]

Ө. Озғанбай кітабында Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай отырып, патша үкіметінің отаршылық саясатын аша білген. Алашорданың күрделі мәселелерін зерттеуде үлкен қадам жасаған К. Нұрпейісов болды. Ол тарихи әдебиетте алғаш рет Ә. Бөкейхановтың «Алаш» партиясын құру, «Алашорданың» төрағасы болған кездегі қызметін, жалпы ел басқарудағы рөлін көрсеткен. Автордың бұл еңбегінің біз үшін құндылығы сол кездегі баспасөз материалдарына, мұрағат құжаттары бойынша кейбір еңбектер мен мақалаларға сипаттама жасағаны болып табылады. М. Қойгелдиевтің зерттеулерін Алаш зиялы қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға ат салысып атқарған қызметтері мен ғылыми еңбектеріне талдау жасағанымен құнды деп есептейміз. 20-40 жж. тарихи оқиғаларына ғылыми түрде сипаттама жасап, мұрағат құжаттары мен сол кездегі еңбектерге сараптама жасаған Т.Омарбековтың еңбегі де маңызды болып табылады.

Біз зерттеуімізде ұлттық баспа ісінің бастауында оның қалыптасуына зор еңбек сіңірген Алаш зиялыларының өз еңбектерін де мүмкіндігінше пайдалануға тырыстық. Атап айтқанда, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Тынышбаевтың, С. Сейфуллиннің, М. Дулатовтың еңбектері пайдаланылды. М. Құлмұхамедтің Жақып Ақбаев туралы еңбегі сол кездегі баспадан шыққан материалдарды алуға септігін тигізді. Алаш тарихнамасын зерттеген Р. Нұрмағамбетованың еңбегі ескі және жаңа көзқарастарды салыстыруға көмектесті. М. Тынышбаев туралы Г. Жүгенбаеваның еңбегінде тарихи-танымдық еңбектер қатарына жатқызамыз.

Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы басшылығы 1931 ж. «Қазақстантану» жабық, ерекше (нөлдік) қорында Алаш Орда белсенділерінің кәмпескеленген кітаптарының қорын ұйымдастырды. ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстантану» кітап қорларының қалыптасуы жөніндегі Р. Бердіғалиеваның еңбегінің де маңызы зор.ХIХ екінші жартысы мен XX басындағы Қазақстанда кітапхана ісі туралы В.З. Галиевтің еңбегінде аталған мәселенің кейбір тұстарын ашуда пайдаландық [14]. С. Рахимжанованың Қазақстан кітаптарының тарихына арналған оқу құралында 1945–1960 жж. кітап баспа ісіне сипаттама берілген [15]. Өз зерттеуіміздегі ХХ ғасырдың 20-40 жж. кітап баспа ісінің дамуы мен міндеттерін ашуда автордың 40 жж. қатысты мәліметтерін пайдаландық. Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.

Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж. әлем баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер де шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор, көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.

ХХІ ғ. басында да баспа ісі мен баспагерлер туралы әдебиеттер шыға бастады. Мысалы, Ү.Х. Субханбердина революцияға дейінгі қазақ баспасөзі бетіндегі жарияланған материалдарды қазақ халқының атамұраларын, арыстар қалдырған аманаттарды жинақтаумен айналысты. Ол әр материалдарды терең зерттеп, ғылымдағы маңызын түсіне білді. Оның барлық еңбегінде Қазақстанның төңкеріске дейінгі бейнесін көрсететін қазақ мерзімді баспасөзі туралы теңдесі жоқ бағалы мәліметтер берілген. Автордың cондай еңбегінің бірін бізтөңкеріске дейінгі ғылыми еңбектерді сипаттағанда пайдаландық.

Қазақстанда кітап баспа ісі үлгісінде мәдени құрылыс тарихынан оқу құралын жазған Д.А. Атабаев, Ә.Ғ. Есенғалиеваның еңбегі де мәдени құрылыс тарихындағы кітап баспа ісі үлгісіндегі әдебиеттер қатарын толықтырады. Қазақстан Ғылыми қоғамдарының жарық көрген еңбектеріне анықтама жасағанда Г.А. Демешеваның библиографиялық көрсеткішін пайдаландық [16]. Е. Валиханов Орыс Географиялық қоғамы, А.Т. Селкебаева Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері мен құрылу тарихы туралы еңбектер жазған [17]. Т.А. Мансұровтың КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы қызметін атқарып, 1928–1936 жж. Төтенше және өкілетті өкіл (сол кездегі ең жоғарғы дипломатиялық атақ) деген лауазыммен Кеңес Одағының қазіргі Сауд Арабиясындағы елшісі болған, 1937 ж. «халық жауы» деген айыппен атылған Нәзір Төреқұлов туралы зерттеуі баспагерлер тұлғасын ашқан үлкен еңбек деп санаймыз. Бұл туралы тарихшылар К.Н. Бурханов пен С.Ф. Мажитовтың мақаласында да жоғары баға берілген.[18]

Қазақстандағы мәдени революция идеологиясы тұжырымдамасы 20-3

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ