Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

4 баяндама жасалды.

Жұмыс ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

 Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Жұмыстың негізгі мазмұны

 

Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, міндеті мен мақсаттары, әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы мен қолданбалық маңызы айқындалды және зерттелу дәрежесіне тарихнамалық талдау жасалынып, пайдаланылған дерек көздеріне сипаттама берілді.

«ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің дамуы» атты бірінші тарауда 1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайы, Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясаты, Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуы және міндеттері қарастырылады.

Қазақ кітаптарының араб шрифтінде шығарылуының статистикасы А.Г. Каримуллиннің еңбегінде келтірілген. Осы жерде айтып кететін нәрсе Ресейде араб жазуы негізіндегі баспа ісі ХVIIIғ. басында пайда болды. 1722 жылы І Петрдің бұйрығымен Астраханда жорық баспасында мұсылман халқына үндеу «Манифест» жарияланған. Ал ХVIIIғ. екінші жартысында араб шрифтімен Ғылым Академиясы және Москва университеті баспасында кітаптар шыға бастаған. 1776 ж. академиялық баспада француз тілінен аударылып Холдерманның «Түрік грамматикасы» араб графикасымен шықса, университет баспасынан Сағит Халфиннің «Татар тілінің әліппесі» жарық көреді. Ал 1785 жылы Петербургте кітап саудагері Вейтбрехт төрт баспа станогымен араб, парсы, татар, түрік тілдерінде типография ашады. Ол 1786 жылы татар тілінде «Губерния мекемелері» және «Полиция жарғысын», 1787 ж. 477 беттен тұратын Құранды басып шығарады. Татар және түрік тілдерінде осы баспадан маңызды мемлекеттік құжаттар шығып тұрған.

1768 ж. Қазан, Уфа, Орынбор губернияларынан Қазақстанға қазақтар туралы мәліметтер жинауға адамдар жіберіледі. Осы сапардың нәтижесінде 1772 жылы Н.П. Рычковтың «Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи» атты еңбегі жарық көреді [20 ].

Ресей мұсылмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін дін иелерінің өтінішімен және І Павелдің бұйрығы бойынша Қазанда «Азиат» типографиясы ашылады. Оған Петербордан екі баспа станогы және араб литерлері жіберіледі. Бұл типографияны ұйымдастырған прапорщик Абдулғазиз Бурнашев еді. ХІХ ғ. ортасына дейін «Азиаттық» баспада діни кітаптар – Құран, Хефтиэк, Иман шарты басылып шыққан. Бұл кітаптар Ресейді мекендеген мұсылман қауымына, оның ішінде қазақтарға да тарады деген дерек бар. Жалпы Шығыс ғалымдарының еңбектерін басып шығару ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Кейіннен европалық елдерде шығыстану орталықтары ашылып, шығыс ғұламаларының қолжазбаларын жинастырып, жариялап отырған. Қазақ, өзбек, башқұрт, азербайжан, тәжік, түркімен, құмық тілдеріндегі алғашқы кітаптарды татар баспагерлері шығарған. Түркі халықтарының тілдік негізі мен әдеби дәстүрлері бір, олардың фольклорлық шығармалары да ұқсас. Ал олардың дербес тілдері араб графикасын қолданған уақытта қалыптаса бастаса керек.

А.Г. Каримуллиннің айтуынша, қазақ тілінде шыққан алғашқы кітап – «Киссаи Тамимдарды» 1866 жылы Ш. Хусаинов шығарған. Қазанда ол 6 рет – 1882, 1895, 1896, 1906, 1913 жж. баспадан шығарады. Ш. Хусаиновтың жеке баспасы болмағандықтан Қазанның түрлі баспасына тапсырыс беріп отырған [12, 176-б.].Кітап шежіресіне қарағанда қазақ тілінде шыққан бірінші кітап «Ер Тарғын» болып есептеледі.

Еділ бойында және Орал маңында 500 атау кітап 2186305 данамен шығарылды. Оның ішінен 474 атаулы кітаптардың 2037480 данасы Қазанда басылып шықты. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазанда қазақ тілінде 114 кітап шыққан, оның жалпы тиражы жүздеген мың дана болған [12, 112-б.]. Кеңес дәуіріне дейін Ресейде, қазақ аймақтарын қосқанда 1100 атау қазақ кітаптары шығарылды. Қазақ халқының арасында кітаптың таралуына Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев үлкен үлес қосты.

Қазақ кітаптарын таратуда татарлардың кітап саудасы үлкен септігін тигізді. ХІХ ғ. аяғында құрылған мәдени-ағарту қоғамдарының бұл іске қосқан үлесі де үлкен. Қазақ тіліндегі кітаптардың басылып, оның сатылуы қазақ тілінде жазатын авторлардың да көбеюіне әсер етті. Кітап басу ісі, республикадағы баспасөз шығармашылығы қазақ тілінің синтаксис, грамматика, лексикасын нығайтумен байланысты болды. Шығыс тілдері мәселесі де Кеңес өкіметі үшін өткір мәселе болды. Латын әліпбиіне өту жөнінде 1926 ж. Бакуде І Бүкілодақтық түркологиялық съезде қарастырылды. Ал 1928 жылы Қазақ КСР Орталық Атқару комитетінің ІVсессиясы латын әліпбиіне көшуді заңдастырады. Партиялық бағыттағы басылымдардың негізгі міндеті партия ұстанған саясат пен идеологияны насихаттау болды. Партия мүшелерінің саяси мәселелер жөніндегі ой-пікірлері, идеялары бір жерден тоғысып жатуы тиіс болды.

Қазақ мерзімді баспасөздерінде партия құжаттары, В.И. Лениннің, И. Сталиннің сөздері жарияланып тұрды. 1921–1930 жж. қазақ тілінде В.И. Лениннің 31 шығармасы 141 500 данамен шыққан болатын.

1922 ж. күзінде типографияның бастауымен баспа жұмысшыларын дайындау үшін қысқа мерзімді курстар ашылды. Бұл республикадағы қазақ мамандарының бірінші жұмысшы отряды еді.

1920 ж. наурызда Ташкентте алғашқы Орта Азия мен Қазақстанда «Түркістан мемлекеттік баспасы» құрылып, 1921 жылы ол өзбек тілінде 2 147 850, қазақ тілінде 680570, түркімен, тәжік, т. б. тілдерде 233 800 дана кітап, 50 мың дана әліппе, т. б. шығарды. 4 мамыр 1920 ж. Ленин Қазақстан өкілдерін қабылдап Мемлекеттік баспа мен Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесі баспасына типография, қағаз жағынан көмектесу жөнінде тапсырма береді. Бұл қазақ кітап баспа ісін дамытуға септігін тигізді. 3 қараша 1920 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиум мүшелері С. Мендешев, В.А. Радус-Зенькович, С. Сейфуллин т.б. алғаш рет баспа ісін талқылады. Мәжілістің № 9 хаттамасына қарағанда С. Мендешев ҚазАКСР-гі баспа ісінің құқықтары мен міндеттері айқындалған «Мемлекеттік баспа» туралы Ережеге қол қояды. Осылайша қазақ халқы тарихында мемлекеттік баспа Мембаспасы (кейіннен «Қазақстан» баспасы) құрылады. Ол идеологиялық және мәдени жұмыстың орталығы болды.

30-жж. басында Москвада БКП(б) ОК жанында орталықтанған «Партбаспа» жұмыс істей бастады. Ол негізінен партиялық-саяси әдебиеттерді шығарып тұрды. БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1932 ж. 9 мамырда «Партбаспаның» Қазақ бөлімшесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Орталықтанған билік жүйесі тұсында барлық жұмыс осылай жүргізілді, яғни Москва не істесе, оның көшірмесі шет аймаққа таратылды. 1937 ж. қаңтарда Қазақ КСР ХАК жанынан Қазмембаспасын да, газет-журнал баспасын, республика типографиясын бағындырған полиграфия мен баспа басқармасы құрылады. Мұның өзі қоғамдық-саяси, көркем әдебиет, басқа да әдебиеттерді шығаруға мүмкіндік берді. Дегенмен де, экономика, ауыл шаруашылығы, техника саласы бойынша кітаптар өте аз шықты. Жоғары оқу орындары мен техникумдарға кітаптар, оқу құралдары  жетіспеді. Полиграфиялық баспа өнімдері жоғары сапалы деңгейде шықты деп айту қиын.

Жазушы Ғ. Мүсірепов те Қазақстандағы кітап баспа ісінің дамуына көп үлес қосқан. Ол көп жылдар бойы Қазмембаспасының бас редакторы қызметінде болды. Қазақстан жазушылар ұйымының жетекшісі, елдің мәдени қызметкері бола отырып, редакциялық-баспа істеріне белсене қатысып, әсіресе, көркем әдебиеттерді шығаруға көп үлес қосқан.

1937 ж. 19 маусымда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша Қазақ КСР-нің Мемлекеттік кітап палатасы құрылды. Мемлекеттік библиография орталығының дамуы республикадағы баспа ісінің дамуымен тығыз байланыста болды. Содан бастап Кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік библиография орталығына айналды. 1939 ж. бастап жылына бір рет «Кітап жылнамасы» мен «Журнал мақалаларының шежіресін» қазақ және орыс тілінде шығарып отырды. Кітап палатасы Советтік Қазақстанда шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткішін «Кітап шежіресі», статистикалық материалдар ретінде Қазақстанда шықан басылымдар туралы жан-жақты толық мәлімет беріп отырды.

Бірінші тарауға қорытынды жасасақ, ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің ұйымдастырылуы қазақ халқы үшін жаңа нәрсе емес еді деп түсінеміз, өйткені 1917 жылға дейін-ақ қазақ тіліндегі кітаптармен Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» арқылы таныс болды. Қазан, Орынбор, Уфа қалаларындағы басылған баспа өнімдерінің қазақ оқырмандарының рухани болмысын өрістетуде үлесі зор еді. Кеңес өкіметінің халыққа білім беру саясаты мен Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыруда өз есебі болды, өйткені қазақ мектептерінің саны көп болды деп айту қиын, негізгі бағыт орыс тілінің шет аймақтарда мәртебесін көтеру еді. Сауатсыздық жою жолындағы жұмыстар да осы бағытта жүрді. Жоғары оқу орындарында қазақша факультеттер аз болды, ал техникалық мамандықтар факультеттерінің қазақшасы мүлдем жоқ еді. Баспадан шыққан қазақ кітаптары негізінен көркем әдебиеттер болса, техникалық әдебиеттердің қазақшасын айтпағанда орысшасының өзі аз болды. Қазақтың қисса-дастандары, эпостардың бірнеше нұсқалары шықты. Мәдени революция деген желеумен халықтың рухани құндылықтары толығымен халықтың алдына берілді, ашық қолдануға болды деп айту қиын. Қалай болғанда да Қазмембаспа, Өлкелік біріккен мемлекеттік баспа, арнайы салалық баспалардың құрылуы Қазақстанда кітаптардың көбеюіне, руханияттың дамуына ықпалын тигізді деп тұжырымдаймыз.

Екінші тарау «Қазақстандағы 20-30 жж. баспа

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ