Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

0жж мәдениеті баспа ісі, ғылым және ғылыми қоғамдар тарихы бойынша қорғалған соңғы жылдардағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қатарына Қ.Ә Ахметов., А.Т Қапаева., С.Р Рахимжанова, Д.А. Атабаев, Е.Д. Қасымов, А.Т. Селкебаева т.б. ғылыми зерттеулерін жатқызуға болады.

Аталған мәселенің зерттелу деңгейі бойынша байқағанымыз біріншіден, бұл тақырып кеңестік жүйедегі мәдени саясат шеңберінде болған үрдістердің ғылыми түрде талдануы үшін әлі де өзекті екендігі. Екіншіден, ХХ ғасырдың 20-40 жж. жарық көрген ғылыми кітаптар мен басылымдарға байланысты осы күнге дейін арнайы зерттеу ісі жұргізіліп, жан-жақты баға берілмегендігі. Үшіншіден, мемлекетіміздегі «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан шараларды жүзеге асыруда ғылыми кітаптардың басылымы, олардың қоғамдағы рөлін анықтау ісі әлі қолға ойдағыдай алынбай жатыр.

Зерттеу нысаны. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың бағыттары, салалары, баспа ісінің дамуы, дайындалу және олардың жарық көру үрдісін зерделеп, оның тарихын жүйелі түрде көрсету.

Зерттеу пәні.ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар тарихын жан-жақты зерттеп, оған объктивті баға беру.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсатыХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихын зерттей отырып, оның Отан тарихында алатын орнын айқындау. Осы мақсатқа орай алға мына міндеттерқойылды:

–       1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайына сипаттама жасау;

–       Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясатын талдау;

–       Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуын көрсетіп, оның міндеттерін айқындау;

–       ХХ ғ. 20-40 жж. баспа өнімдерінің негізгі бағыттарын көрсету;

–       Оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама жасау;

– Ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдарға анықтама жасау;

–       Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік ұйымдар мен мекемелердің басылымдарына талдау жасау;

–       Қазақ зиялыларының өлкені зерттеу және баспа ісін ұйымдастырудағы қызметін көрсету;

–       Қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 30 жж. даму үрдісі қандай деңгейде болғанын айқындау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғ. 20-40 жж., яғни ел азаматтық қорғаныс кезеңінен бас көтеріп, қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, жаңа экономикалық саясат жүргізілген кезде кітап баспа ісінде де өзгерістер болды. 30 - жж. елде ұжымдастыру саясаты жүріп, қалжыраған халық Ұлы Отан соғысын бастан кешірді. 1946 жылы Ғылым Академиясы құрылып, Қазақстан ғылымы бой көтере бастады. Осы уақыттар аралығында бірқатар жаңа баспалар жұмыс істеді.

Зерттеу жұмысының әдістемелік базасына тарихилық қағидалары алынды. Зерттеуге негізгі диалектикалық методология тұрғысынан қарап, салыстырмалы, индуктивтік, дедуктивтік, құрылымдық-функционалдық әдістер бойынша талдау жасалынды. Ғылыми тәсілдер ішінен өркениетті тәсілді қолдануға тырыстық.

 Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістердің дамуын нақты зерттейтін тарихи объективтілік және тарихты диалектикалық заңдылық тұрғысынан қарастыру қағидалары негізге алынды. Кеңес үкіметіне, партиялық материалдарға салыстырмалы-тарихи түрде сыни талдау жасалынды. М.Қ.Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, М.Х. Асылбеков, С.Ф. Мажитов, т.б. бірқатар ғалымдардың теориялық маңызы бар еңбектеріндегі методологиялық ой тұжырымдарын негізге алуға талпыныс жасадық.

Зерттеудің деректік негізі. ХХ ғ. 20-30 жж. шыққан басылымдар зерттеу нысанының дерек көзі ретінде алынды. Атап айтқанда, Қазақ АКСР мемлекеттік баспасы туралы 1929 ж. шыққан каталог [19]. Ол қазақ тілінде араб шрифтісімен шыққан. Сол сияқты 1930–1934 жж. басылымдар каталогын, Қаз ССР мемлекеттік библиография орталығының «Кітап шежіресін» атауға болады. Қазақстандағы біріккен мемлекеттік баспасының каталогы да жарық көрген. Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің «Мемлекеттік баспа туралы» декреті кітап баспа ісін қолға алғанын дәлелдейді.

Кеңес Одағының коммунистік партиясының мәдениет бойынша жинақталған құжаттар жинағы партияның баспа ісі саласындағы саясатын талдағанда қолдандық. «Печать Каз ССР » статистикалық материалдар, 1917–1967 жж. Қазақстандағы баспа өнімдері туралы көрсеткіштер бар. КОКП резолюцияларын, партия съездері, Пленумдары материалдарын да дерек көзі ретінде қолдандық.

Баспа ісіндегі Кеңес үкіметінің саясатын ашып көрсету үшін сол кездегі мемлекет құжаттары мен заңдық материалдарын, Кеңес үкіметінің декреттерін тақырыптың кейбір тұстарын дәлелдеуде пайдаландық. Қазақ кітаптарының жиынтық каталогы да сараптама жасағанда дерек ретінде пайдаландық. Қазақстандағы социалистік құрылыс туралы құжаттар мен материалдар жинағынан Кеңес өкіметінің халыққа білім беру саласындағы саясатын сипаттағанда қолдандық.

Деректердің бір тобын Ғылыми қоғамдардың Еңбектері, Жазбаларындағы материалдар құрады. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ) Кеңестік кезең қорындағы 30, 929, 1241, 1384, 1386, 693, 1252, ҚР Президент мұрағатының (ҚР ПМ) 720 қорларындағы тақырыпқа байланысты материалдар алдық. Сонымен қатар республикалық кітап мұражайындағы, ҚР Ұлттық кітапханасындағы, ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының материалдарын да мүмкіндігінше пайдаландық. Республикалық кітап мұражайының сирек кездесетін кітаптар каталогы да негізгі дерек болды.

Деректердің келесі тобын баспасөз материалдары құрайды. Олардың ішінде «Новый Восток», «Сарыарқа», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» т. б. бар. Түркістан қаласындағы газеттерде «Ғылыми хабарлар» рубрикасы шығып тұрды. Баспасөзде қазақ зиялы қауымының мақалалары кезінде көп жарияланған. Мысалы, Н. Төреқұловтың Орталық баспаға 5 жыл толуына байланысты шыққан мақаласы 1929 ж. «Новый Восток» газетінде жарияланған.

Сол сияқты Қ. Сәтпаевтың хаттары, орталыққа жазған баспа істері туралы өтініштері біз үшін маңызды дерек болды.

Анықтамалық материалдардан сөздіктер, энциклопедияларды да қолдандық. Кітаптану туралы энциклопедия да коммунистік идеология тұрғысынан жазылғанына көзіміз жетті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отандық тарих ғылымында алғаш рет ғылыми тұрғыда Қазақстанда алғашқы жарыққа шыққан ғылыми кітап басылымдарының тарихы қазіргі замана талабына сай талданып отыр. Алынған ғылыми жаңалықтарды былай көрсетуге болады:

– Қазақстан тарих ғылымында алғаш рет ХХ ғ. 20–40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жүйеленіп, кешенді түрде зерттеледі;

– Қазақстандағы кітап баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер жаңа көзқарас тұрғысынан талданады;

– ХХ ғ. басындағы реформаторлық қозғалысты бастаған қазақ зиялыларының ғылыми мұраларын игеру ғылыми кітаптардың тарихын зерттеудің негізі екені дәлелденеді;

– ХХ ғ. 20-40 жж. оқулықтардың тарихи танымдық жағы мен қазақ тіліндегі оқулық жазу талаптары қазіргі кезбен салыстырыла айқындалады;

– КСРО Ғылым Академиясының хабаршылары, бюллетендері республикадағы ғылыми кітаптар басылымының негізі болды;

–        нақты деректер негізінде ғылыми кітаптар басылымы қазіргі уақыт талабы тұрғысынан объективті түрде талданды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

– ХХ ғ. 20-40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жалпы ғылыми әдістер негізінде жүйеленді;

– 20-30 жж. қазақ зиялыларының өзі баспагерлік қызметте болғандықтан, қазақ тілінде ғылыми еңбектер жазыла бастады;

– Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихын Алаш зиялыларының еңбектері бойынша анықтау ұсынылады, өйткені 20–30 жж. Алаш зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына қосылған үлкен үлес.

– Қазақстандағы ХХ ғ. 30-40 жж. баспа ісінің ерекшелігі арнайы баспалар ашыла бастады («Казтехиздат», «Педагогика»).

– Кітап палатасының құрылуы елімізде кітап ісінің, көрсеткіштерінің дамуына ықпалын тигізді. Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасауға да жеңілдік туғызды.

– Кеңес үкіметінің баспа ісін ұйымдастырудағы саясатында кеңестік үлгідегі отарлау саясатының белгілері көрініс тапты;

Диссертациялық зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Зерттеу нәтижесі болашақ тарихи зерттеулерге негіз бола алады деп есептейміз. Зерттеу жұмысының деректері мен ғылыми материалдарын қоғамдық ғылымдар саласында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижесі Қазақстан тарихы, отандық кітапхана ісіне қатысты еңбектердің қатарын толықтырады. Сонымен қатар оларды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, Қазақстан тарихынан ғылыми еңбектер жазғанда қолдануға болады.

Еңбектің нәтижесін жоғары оқу орындарында жүргізілетін дәрістерде, тарих факультеттері студенттеріне жүргізілетін арнайы курстар мен семинарларда қолдануға болады деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімдегі ғылыми басылымдарда 3 мақала жарияланды. Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында өткен халықаралық конференцияларда

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ