Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы музыка және театр өнері



 Другие рефераты
Арқа күйшілік мектебі «Царская невеста» операсы Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері Қазақ халқының әншілік-өнері. 20 ғасырдағы атақты әншілер

Қазақстандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылды. Техникумда ұстаздық ететін мамндар жетіспегендіктен 1933 жылы Ленинград көркемөнер зерттеу академиясының аспиранты Ахмет Жұбанов шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастырды. А. Жұбанов содан екі жыл бұрын Ленинград консерваториясын бітірген Е. Брусиловскийді жұмысқа шақырды. А. Жұбанов пен Е. Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оқу орыны ғана емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендету дің ошағына айналды. Солардың бастамасымен техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ музыка аспаптарын жетілдіру музыка-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Қызметке дәстүрлі халықтық музыка өнерінің шеберлері: Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Д. Нүрпейісова, Қ. Байсейітов, А. Айтбаев т. б. тартылды.  

        Сол 1933 жылы А. Жұбановтың ұймдастыруымен техникум жанынан құрамы 11 адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Ансамбль аз уақыт ішінде өзінің өміршеңдігін танытып, тез жетілді. Көп кешікпей сахналарға шығып, Көпшілікке өнерлерін көрсете бастады. 1934 жылы ансамбль құрамының мүшелері 17 – ге жетті. Техникумда қобызшы, сыбызғышылар болмағандықтан, ансамбль құрамы скрипка мен флейта ендірілді. 1934 жылдың маусым айында Алматыда халық таланттарының Бүкілқазақстандық слеті өтті. Слетке техникум жанындағы ансамбль  де қатысып, болашақ өнер өрісін меңзей сарапшыларға өзекті ой тастап кеткен еді. Екі жұмаға созылған өнер сайысының нәтижелерін қорытындылау барысында басқа да мәдениет саласындағы ұйымдстыру шараларының қатарында халық таланттары- домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, өзге де музыка аспаптарында орындаушылардың басын біріктіріп, ұлт аспаптары оркестрін құру жоспарланып, оны ұйым дастыру мен оған басшылық жасау А. Жұбановқа жүктелді. Сөйтіп қазіргі Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің ірге тасы қаланып, дүниеге келген еді. Оркестр ол кезде Қазақстан Орталық Атқару комитеті атындағы қлттық оркестр деп аталды. Оркестрдің құрылғанына екі жыл болған 1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерірің онкүндігі өткізілді. Сындарлы өнер сынына жас оркестр де қатысып сынақтан сүрінбей шықты. Сүріну былай тұрсын, «Тұлпар ат  тай кезінен танылады» дегендей, өз тиісті бағасын алып, айы оңынан туды. 

         Мәскеуде өткен онкүндіктен шығармашылық еңбек жемісінің дәмін татып оралған оркестр ұжымы одан әрі қанаттана түсіп, жұмыстарына құлшына кірісті. Репертуарға орыс және шетел композиторларының классикалық шығармалары енгізіле бастады. Глинканың «Руслан – Людмила» операсынан фрагменттер, Шуберттің «Музыкалық сәті»,  Римский-Корсаковтың «Патшаның қалыңдығы» операсынан интермеццо, Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» операсынан Полина романсы, Кеңес Одағы композиторларының күрделі туындылары т. б. шығармалар орындалатын болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Қазанғап, Сейтек, Сүгір және Дина мен басқа да халық композиторларының щығармалары кеңінен қамтылды. Мәскеудегі онкүндіктен кейін соңғы екі-үш жыл мерзім ішінде оркестр үлкен жетістіктерге жетті.

        1935 жылы республика үкіметінің қаулысымен оркестр ұжымы негізінде Қазақтың Жамбыл атындағы филармониясы құрылып, оркестр соның қарамағына көшті де, Жұбанов енді  филармонияның көркемдік жағын басқарушысы және директоры болып тағайындалды. 1938 жылы оркестрге компо зитор Латиф Хамиди шақырылды. Жұбанов оркестр ұжымына жетекшілік етуді Хамидиге тапсырды. 1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге күйші-композитор Құрманғазының аты  берілуі тегіннен емес. Өйткені, Жұбановтың айтуы бойынша, Құрманғазы күйлерінің басым көпшілігі және ол туралы деректерді жеткізген күйшінің тікелей шәкірті Д. Нүрпейісова бастаған көпшілігі оркестрдің күйші-орындаушылары болған Махамбет Бөкейханов, Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Лұқпан Мұхитов, Мұрат Өскенбаев, Оразғали Сүйімбеков сынды өнер иелері еді. Сондықтан алғашқы оркестр репертуарының негізін құраған да Құрманғазы күйлері болды. 

           1939 жылы Қазақстанға келіп симфониялық оркестрдің бас дирижері болып орналасқан маман Леонид Шаргородский кейіннен қазақтың мемлекеттік филармониясына жетекші, Абай атындағы операжәне балет театрында дирижерлік қызметтер атқарып, 1942 жылдан бастап біраз жылдар бойына Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне жетекшілік етті. Л. Шаргородский оркестрге дирижерлық ету мектебінің алуан түрлі көркемдік, эстетикалық, әдістеме-тәсілдік принциптерін өзінің жас ізбасарлары Ш. Қажығалиев, Ф. Мансуров, А. Мырзабеков, М. Әубәкіровтердің бойына сіңіруге ден қойып тәлім-тәрбиелік жұмыстарды да қоса жүргізді.

                 Қазақстанның алуан салалы музыка өнері қайраткерлерінің ішінде Құрманғазы оркестріне қатысы болмаған адамдар кемде-кем. Мысалы, әр жылдары өздерінің бар ынта-ықыласын салып, бойындағы күш-қуат, жалпы жігерлерін жұмсап оркестрде дирижерлық еткен А. Жұбанов асситенттері – М. Жаппасбаев, Ғ. Матов, Қ. Мусин, дирижер лар – Ж. Қаламбаев, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев, Ф. Мансуров, А, Мырзабеков есімдерін ардақтай айтуға тиіспіз.

         Жезтаңдай ұлы әншілеріміз Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Жамал Омаровалар көп жылдар бойына оркестрмен қосыла ән шырқап беделін арттыра түсті.

          Оркестр жайлы шынайы ой-санамызға салып, көңіл-сезім, көкірек көзімен тереңірек үңілер болсақ – телегей теңіз төгілген тер, жұмсалған қыруар ақыл-зейін, қажыр-қайрат, ересен еңбекті айтпағанда, үлкен бір дәуірді қамтитын өнер өлкесі өмірінің қиын да қызғылықты, әрі жарқын іздерін көрер едік.  

скачать работу


 Другие рефераты
Социокультурный подход к анализу общества
Химиялық қозғалыс
Лазерная безопасность
Возникновение и развитие Киевской Руси


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ