Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының әншілік-өнері. 20 ғасырдағы атақты әншілер



 Другие рефераты
Қазақстандағы музыка және театр өнері Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері Ежелгі Греция музыкасы Домбра күйлерінің аппликатура-интонациялық негізі

Қазақ халқының әншілік-өнері.

ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары.

 

         Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.

         Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.

         Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:

                               Құлақтан кіріп, бойды алар

                               Жақсы ән мен тәтті күй.

                               Көңілге түрлі ой салар

                               Әнді сүйсең, менше сүй – деген.

         Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.

         Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:

        

         1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.

        2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.

        3.Тұрмыс – салт әндері.

       4.Эпикалық жырлар.

     5.Тарихи әндер.

     6.Лирикалық әндер.

     7.Айтыс.

 

    Халықтың ескілікті

    наным – сенімінен туған әндер

     

       Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген.

      Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.

      Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді. Сондықтан бәдік тек мал ауырып, адам сырқаттанған кезде ғана айтылған.

 

Еңбек және шаруашылық әндері

 

        Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.

         Қазақ халқының негізгі тіршілік күн көрісі мал шаруашылығы болды. Төрт түлікке жылқы, қой, сиыр және түйе жатады. Шаруаның малды жоғары багалағаны сонша, тіпті ең асыл, ең қымбатты адамдарын солармен теңейтін. Мысалы, сұлу, келбетті, үлкен көзді қызды «Ботагөз», мықты, сымбатты жігітті, «Жігіттің нары» деп атады. Анасы баланы еркелетіп «қозым», «ботам», «құлыным» дейді. Кездескен кісілердің «Мал – жан аман ба?» деп сұрауы дамалдың ел тұрмысында келелі орын алатындығының белгісі. Сондықтан да мал жайында  көптеген мақал – мәтелдердің қалуы да тегін емес.

          Халық ертеден әрбір малдың өзінше әулие иесі, бабалары бар деп сенді. Сол себепті мал туралы тілек тілесе де, малға өз бағасын берсе де әуелі малдың «иелеріне» сөз арнады:

                           Шаруаның бір түлік пірі – Шопан,

                           Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.

                           Ай мүйізді шоқпақтай

                           Шүйделері тоқпақтай,

                           Тегене құйрық қошқарлы,

                           Малды берсең, қойдан бер. . .

 

                           Шаруаның бір пірі – Жылқышы ата,

                           Тілегенде, өзің бер ақтан бата. . .

                           Өңкей ала шұбардан,

                           Жал, құйрығы шұбалған

                           Айғыр берсең байсалды,

                           Үйірі толған байталды,

                           Өңкей мама бие бер

                           Сауған сайын иіген. . .

               

                           Шаруаның бір пірі – Ойсыл қара,

                           Түйе өсіріп, жарылқап, болып пана.

                    

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Особенности общения в подростковом коллективе
Интеллектуальные процессы: мышление
Системы координат, применяемые в топографии
ЖАМБЫЛ – ЖЫРАУ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ