Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жануарлар тектес талшықтылар класс тармағы



 Другие рефераты
Жасуша теориясы Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттер

Гетеротрофты талшықтылар, еркін немесе паразиттік тіршілік етеді. Олар құрылысы мен тіршілік әректіне байланысты көптеген отрядқа бөлінеді:

1. Жағалы талшықтылар отряды-Choanoflagellata

2. Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomas

3. Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida

4. Көпталшықтылар отряды-Polymastigina

5. Гипермастигиналар отряды-Hypermastigina

6. Опалинина отряды-Opalinina

 Жағалы талшықтылар отряды-Choanoflagellata

Жеке (Codosiga) және колония (Sphaeroeca) түзіп тіршілік етеді. Талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Талшықтың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық қоректік заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) жағаға жабысып, Бірте-бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуоліне өтеді.

Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomastigina

Бір немесе бірнеше талшықтары болады. Олар талшықтарымен  қатар жалған аяқтарын да (псевдоподияларын) шығара алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның аралық иесі болып саналады. Бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз жолмен ғана көбейеді. Тұщы суларда жиі кездесетін өкілдері: Mastigamoeba aspera, Actinomonas mirabilis және басқалары.

Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida

Бұл отрядтың ерекшклігі-талшықтың түбінде, яғни кинетосоманың жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың болуында. Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-ға толы. Бір немесе

екі талшығы болады. Басым көпшілігі жануарларда және адамдарда паразиттік тіршілік етіп қауіпті ауруларды туғызады.

Трипаносома туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар. Сурет 1

Сурет 1. Трипаносома: 1 — кинетопласт; 2- ядро; 3 — ундулирующая мембрана;  4 -  талшық.

Талшығы ұзын, артқы жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен клетка мембранасының арасында толқын тәрізді жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипаносомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан клеткалары мен тканьдерінде паразиттік тіршілік етеді. Trypanosoma rhodesiense адамда болатын «ұйқы ауруын» қоздырушы. Бұл ауру Африкада көп тараған. Трипаносоманы ауру адамнан сау адамға тасушы це-це шыбыны.

Көпталшықтылар отряды-Polymastigina

Өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді жарғақ мембранасы және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша-аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі-ұсақ түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер орналасқан. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Адамда трихомонас (Trichomonas) және лямблия (Lamblia) туысының өкілдері кездеседі.

Trichomonas chominis адамның тоқ ішегінде, Tr. vaginalis жыныс жолдарында тіршілік ететін сопақша кеоген кішкене 5-15 мкм-ді талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында төрт талшығы болады, олардың үшеуі бос күйінде алға қарап шығып тұрады, ал төртінші талшығы артқа қарай бағыттылып толқын тәрізді жарғақтың шетіне бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді.

Lamblia intestinalis адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі ядросы, 8 талшығы және парабазальды түйіршіктері болады. Денесінің қпқ ортасынын аксостильге ұқсас фибриллярлы екі жұқа тірек таяқшасы өтеді. Ішек эпителиіне жабысатын сорғышы болады. Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.

Опалинина отряды-Opalinina

Өкілдерінің негізгі ерекшелігі-көп ядролы, денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер, яғни Protociliata класс тармағына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы-ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді. Қосмекенділердің артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді. Басты өкілі-Opalina ranarum.

скачать работу


 Другие рефераты
Советский кинематограф в 20-40гг.
Крестьянская реформа 1861 года и её юридическое оформление
Архимед
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ