Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

жасаған ықпалын көрсету;
- 1985-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдыңәлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштері нақты статистикалық мәліметтер негізінде зерттеу;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі және оныңнәтижелерін көрсету;
- Ауыл шаруашылығыныңқазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, аграрлық қатынастардыңжаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындау;
- Нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастарды жетілдіру бағыттарын қарастыру;
- Қазақстанда «Ауыл жылдары» кезінде жүргізілген аграрлық реформаныңпроблемаларына талдау жасау;
- Өтпелі кезеңге сәйкес келетін жер қатынастарыныңдаму процессініңерекшелігін қарастыру;
- Ауылдыңжағдайын, ондағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру.
Зерттеу жұмысыныңғылыми жаңалығы:
- Қазақстандағы аграрлық қатынастардыңдаму кезеңдері мен жаңа әлеуметтік мазмұнын айқындалды, аграрлық өндірісіндегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, аграрлық саясат бағыттарына талдау жасалған;
- Өтпелі кезеңге сәйкес келетін жер қатынастарыныңдаму процессініңерекшелігі қарастырылған;
- Проблеманы зерттеу барысында соңғы кезге дейін ғылыми айналымға енбеген мұрағат қорларыныңдеректері негізінде ауыл шаруашылық жағдайыныңмәні мен принциптері жан-жақты зерттелген;
- Ауылдыңжағдайы, ондағы әлеуметтік мәселелері қарастырылған. Агроөнеркәсіп мемлекет иелігіне «алу» мен «жекешелендіру» колхоздар өміріндегі алғы шарттары мен қиыншылықтары, колхоз өндірісін басқарудағы орталықсыздандыру саясаты мен оныңмазмұныныңбіртіндеп өзгеруі көрсетілген;
- Аграрлық саладағы дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардыңқалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығыныңпроблемаларын одан әрі теориялық негізі талданған;
- Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылған реформалардыңкемшілігін, өтпелі кезеңнніңобъективті заңдылықтарын, еңалдымен оныңтарихи сипаты жан-жақты сипатталған;
- Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық және методологиялық тұжырымдама жасалған;
Қорыта келгенде, зерттеуде Қазақстандағы қазіргі кездегі аграрлық қатынастардыңжағдайы мен ерекшеліктері негізінде, осы саланыңнарыққа өтпелі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуы, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бүгінгі тарихи көзқараспен зерделеніп, дәйекті түрде тереңталданды.
Зерттеудіңқорғауға ұсынылатын тұжырымдары. 1985-2006 жылдар аралығындағы қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастары, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуы және оныңзерттелу мәселелері жөнінде мынандай тұжырымдар жасалды:
- Кеңес өкіметініңаграрлық салада жүргізген саясатыныңмәнін ашып, тәжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығыныңжағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауыныңсебептерін ашып көрсетілді;
- Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық және методологиялық тұжырымдама жасау арқылы, өзіндік баға берілді;
- Аграрлық қатынастардыңмәні ретінде, жердіңоныңауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетуде, заңдық-құқықтық актілерді орынды пайдаланған;
- Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет иелегінен алуда және жекешелендіру саясатын жүргізуде болған жағымсыз жақтары баспасөз материалдарын сараптау арқылы дәлелденді;
- Жер қатынастарыныңөтпелі кезеңдегі ерекшеліктерін талдау нәтижесінде қазіргі нарықтық қатынастар негізінде жаңа өзіндік тұжырым жасалды;
- Ауылдағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдыңсауығуына байланысты орталықсыздандыру саясаты және оныңауылдық аймақтарды басқаруға жасаған ықпалы көрсетілді.
Зерттеудіңнысаны. Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар даму кезеңдерін мен жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын көрсететін ғылыми еңбектерге талдау жасау. Кеңес мемлекеті мен тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанныңауыл шаруашылығы мен қазіргі кездегі республиканыңауыл шаруашылығыныңдаму деңгейін салыстыру. Сонымен қатар, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтау.
Зерттеудіңхронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысы: ХХ ғасырдың1985 жылдан, яғни Кеңес Одағыныңыдырауы қарсаңындағы кезеңнен бастап, 2006 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдыңәлеуметтік–экономикалық дамуы көрсетілген. Зерттеу жұмысы Кеңес мемлекеті мен тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның, яғни 1985 жылдан – 1991 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласыныңтоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік экономикалық шараларымен, дағдарыстардыңболу себебін, оныңегіншілік және мал шаруашылығындағы жүргізілген шараларды нәтижесіздіктерін объективті түрде көрсетілген. Осы жылдар аралығында Қазақстандық ауылдардыңалдында тұрған проблемалардыңелдіңқалаларымен салыстырғанда асқан өзектілігін көрсетеді.
Диссертацияда Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму мәселелерін:
-1991 – 1995 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында нарықтық құрылымныңдамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру саясаты жүргізілген кезеңдер.
- 1995 – 1997 жылдар республикадағы экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленіскен кезең.
- 1998 – 2000 жылдар аралығы ауыл жағдайы бұрынғыдан да ауырлап, жергілікті ауыл халқы ауылдан қалаға көшу жиілеп, елді мекендер қаңырап бос қалды.
- 2001 – 2003 жылдар аралығы Қазақстанныңсалауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттіңбелсенді рөліне және аграрлық салаға шетел инвестицияларын тартуға негізделген кезең.
- 2003 – 2005 жылдар аралығы «Ауыл жылдары» бағдарламасыныңорындалу кезеңі.
- 2006 жыл – Қазақстан өте қарқынды дамыған 50 мемлекеттіңқатарына еуропалық стандартқа сай келетін, мінсіз де нақты дамыған ауыл шаруашылығы жүйесімен кіруі үшін еңөзекті мәселесі – бұл Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту дамытудың2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңқабылдау кезеңі.
Диссертацияныңдерек көздері. Зерттеу жұмысында әртүрлі деректер пайдаланылды, олардыңбастылары: мұрағат құжаттары мен мәліметтері, жарияланған статистикалық жинақтар, баспасөз мәліметтері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарыныңәлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентініңжарлықтары мен еңбектері, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағатының(ҚРОМА), Қазақстан Республикасы Президент мұрағатының(ҚРПМ), Алматы, Ақтөбе қалаларыныңмұрағат қорларыныңқұжаттары құрайды. Олар зерттеу жұмысында кеңінен пайдаланылды. Негізгі пайдаланылған мұрағаттар – Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденттік архиві (708, 709 қорлары), Қазақстан РеспубликасыныңОрталық мемлекеттік мұрағаты (1890, 2199, 2270 қорлар), Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты (725 қор), Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты (72, 85, 510, 579, 725, 1359 қорлар). Зерттеу жұмысында, Ақтөбе облысыныңауыл шаруашылығы басқармасыныңмәліметтері, жылдық қорытындылары, бағдарламалары берілген. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, облыстардыңәлеуметтік-экономикалық даму есептеулері, кеңес үкіметі кезеңіндегі ауыл шаруашылық басқармаларыныңесептеулері, мемлекеттік органдарыныңқұжаттары, мұрағат құжаттары пайдаланылған. Сондай-ақ мерзімді басылымдар деректері, статистикалық органдар құжаттары және ғылыми журналдар мен жинақтар материалдары диссертацияны жазуға қолданылды. Алайда, бір ескерер нәрсе, соңғы 2004-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мұрағат құжаттары жоқтыңқасы. Қолданыс тапқан дерек көздерін мұқият талдауға, ғылыми құндылығын ашуға ерекше мән берілген. Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылған. «Ауыл жылы» бағдарламасы бойынша көптеген құжаттар, ғылыми мақалалар күнделікті баспасөз беттерінен пайдаланылды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысыныңқұқықтық бағытын көрсету мақсатында Қазақстан РеспубликасыныңАта Заңы, «Қазақстан – 2030.Қазақстандықтардыңөркендеуі, қауіпсіздігі және игілігі» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының2010 жылға дейінгі даму жоспары, Қазақстан республикасыныңПрезиденті Н.Ә. НазарбаевтыңҚазақстан халқына Жолдауы, Заңдар: Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңы , «Жер кодексі», «Астық туралы Заң» «Бидай туралы» «Қазақстан Республикасыныңжергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Мемлекеттік бағдарламалар: 2003-2005 жылдарға арналған «Ауыл мектебі» Мемлекеттік бағдарламасы, БҰҰДБ «Қазақстандағы кедейшілік: себептері мен жою жолдары тәрізді жинақтар басшылыққа алынды.
Зерттеу пәні. Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мен ауылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006).
Зерттеу жұмысыныңметодологиясы. Зерттеу жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін, тарихи зерттеудіңлогикалық тәсілімен тығыз байланыстылығы тарихилық, объективтілік, сабақтастылық, ғылыми таным принциптері басты назарда болды. Нәтижесінде қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстандағы аграрлық реформаныңүрдістерін жан-жақты зерттеу негізінде оныңтиімді және тиімсіз жақтары анықталды. Ғылыми танымныңнақты тарихи-сараптамалық принципін қолдану арқылы ауыл шаруашылығыныңқазіргі жағдайына талдау жасай отырып, аграрлық қатынастардыңжаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындауға ұмтылыс жасалды. Аграрлық мәселе жөніндегі Ресей және отандық ғалымдардыңеңбектері, заңды нормативті құжаттар: Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентініңЖарлықтары, Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бойынша статистика жөніндегі Агенттіктіңстатистикалық көрсеткіштері және интернет жүйесі бойынша алынған ақпараттар мен мерзімді баспасөз, ғылыми басылым деректері
12345След.
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ