Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

зерттеудіңтеориялық және методологиялық негізін құрады. Зерттеу процесінде негізінен ауыл шаруашылығы саласыныңтоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік экономикалық шараларымен, дағдарыстардыңболу себебі, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалған. Зерттеу барысында тарихи салыстырмалық, диалектикалық, статистикалық, демографиялық талдау және басқа әдістемелер қолданылды.
Зерттеудіңқолданбалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында отандық тарих ғылымы тұрғыдан зерттелуіне келетін болсақ, 1985-2006 жылдар аралығындағы Қазақстанныңаграрлық қатынастар және ауылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалды. Диссертацияда келтірілген мәліметтерді, айтылған сын пікірлер мен көзқарастар және жасалған тұжырымдамалар жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы курсы бойынша, Жер құқығы, әлеумет-тану курстары бойынша оқылатын дәрістер мен өткізілетін семинар сабақтарына кеңінен пайдалануға болады. Аталған зерттеу жұмысыныңтеориялық қағидалары шаруашылық өндірістерінде пайдалануға өз әсерін беретіні анық. Сонымен бірге, диссертация материалдарын жас жеткіншіктер арасында, отаншылдық рухта өткізілетін сұхбаттарда, диспуттарда, қолданудыңмаңызы зор. Зерттеу жұмысымыздыңаграрлық қатынас саласындағы қызметкерлерге әдістемелік көмекші құрал, ал студенттерге оқу құралы ретінде қажеттілігі бар деп тұжырымдаймыз.
Зерттеу жұмысыныңсыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс ҚР БҒМ Ғылым комитетініңШ.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының«Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат» бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Ғылыми зерттеу жұмысына өзек болған мәселелер ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен тізімдегі басылымдарда, ғылыми конференциялар материалдарында жарияланды.
Диссертацияныңқұрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын 3 тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢНЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


Кіріспеде тақырыптыңөзектілігі айқындалып, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен негізгі қағидалары, зерттеу пәні, тақырыптыңзерттелу деңгейі мен әдеби деректерге сипаттама жасалды.
Диссертацияның«Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанныңауыл шаруашылығы» деп аталатын бірінші тараудыңҚенес өкіметініңауыл шаруашылығы және оныңтоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік және экономикалық шараларыныңнәтижесіздіктеріне, ахуалдарына, осы кезеңдегі аграрлық қатынастардыңдаму кезеңі мен оныңжаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнына талдау жасалады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дағдарысы республиканыңегемен ел ретінде дамуы барысында (1991 ж.) басталған жоқ. Оныңтүп тамыры Кеңес Одағы агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) кезіндегі 80-ші жылдарда жатыр. Нақ сол кезде советтану саласындағы көптеген батыстық сарапшылар АӨК-тіңқұрылымдық дағдарысы ретінде қарастырып, бұл ауылшаруашылық өндірісін толық қожыратып, Кеңестер елініңазық-түлік импортына, негізінен сырттан астық сатып алуға, тәуелділігін күшейтуге әкелетінін болжаған еді.
Кеңес Одағы кезінде КОКП аграрлық саясатыныңкателіктері мен кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстанныңауыл шаруашылығы сол жүйеде дамудыңайтарлықтай жоғары деңгейіне көтерілгенін мойындау қажет. Ауыл шаруашылығында қоғамдық меншіктіңқалыптасуы оныңорнығуында, нығаюында және ауыл шаруашылығы халқыныңтұрмысын қайта құруда ауыл шаруашылық еңбектіңөнімділігін арттыруда маңызды роль атқарды. Алайда, техникасыз егіншілік пен мал шаруашылығыныңпәлендей алға басуын қамтамасыз ету мүмкін болмас еді. Ауыл адамдарыныңеңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа аймақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген иесіз қалған кішігірім ауылдар саны шексіз өсіп жатты. КСРО-ныңбүкіл экономикасы сияқты, Қазақстанныңауыл шаруашылығында да тоқырау кезеңі кеңетек алды. Оныңбасты себебі, бұл сала өндірісті бұрынғысынша қарадүрсін әкімшілік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылды. Интенсивті факторлар жүзеге асырылмады, керісінше экстенсивтік тұғырда шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар мен өнер тапқыштардыңегіншілік пен мал шаруашылығындағы ауыр жұмыс процестерін механикаландыруға бағыттылған құнды ұсыныстары өндіріске енгізілмеді. Осы кезеңде аграрлық саланыңартта қалуыныңбасты себептері, ол әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде жүргізілген реформалар қиратып-бүлдіруші сипатта, орасан зор қаржы талап ететін мазмұнда іс-жүзіне асырылды; басқару жүйесінде өндірісті ұйымдастырудыңэкономикадан тыс әкімшілік-бюрократиялық тәсілі үстемдік етті. Аграрлық салада жүзеге асырылған жаңаша өзгерістер жоспарлы-әкімшілік қатынастарына сүйеніп, олардыңқызметі ұзаққа бармай, шаруашылық есепті бойынша жүргізілген жүйесіз реформалар соңғы қортындысында мемлекеттік меншік пен орталықтан басқаруға негізделген жүйеге төтеп бере алмады. Сондықтан, да басқару тәсілі ретінде, ауыл шаруашылығы саласыныңэкономикалық, саяси зорлық-зомбылық, күш көрсету ұтымсыз болып шықты. Шаруаныңжерден, еңбек нәтижесінен аластатылуы экономиканыңдамуына кері әсерін тигізді. Әкімшілік басқару жүйесі жағдайындағы аграрлық қатынастардыңдамуыныңбір тармағы бұл ауыл шаруашылығындағы өндірісті интенсивтендіру жұмысы. Оныңнәтижесі еңбекшілердіңәл-ауқатын өсіруге, өндірістік потенциалды қосымша өсіруге тигізетін жалпы әсері, халық шаруашылығындағы орны мен роліне, материалдық-техникалық базасыныңсипатына, технологияның, әлеуметтік-экономикалық құрылымныңерекшеліктеріне байланысты біршама әр қилылығымен ерекшеленді. Ауыл шаруашылығы саласында еңалдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияныңаграрлық саясаты ауыл шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамныңдамуында елеулі қиыншылықтар туғызды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардыңбас кезінде республиканыңаграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардыңөз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік жасалды, нарықтық қатынастардыңдамуы бір орталықтан басқару жүйесін әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктіңкүшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердіңдамуы үшін жағдай жасаудыңорнына ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердіңбасым бөлігініңұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердіңнегізгі бөлігініңұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.
Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтыңтұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканыңкүн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соныңарқасында тауар өндірушілердіңқаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады, базардыңқұрылуы және дамуы қиындай түсті.
Осы тарауға қорытынды жасасақ – Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанныңауыл шаруашылығы саласына үлкен тереңөзгерістер әкелді. Кеңес экономикасыныңорталықтандырылған басқару әдістерініңмемлекеттік монополизмніңұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаңәміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудіңикемді жүйесімен ауыстырылды [15, 156-б.]. Мемлекет ішінде демократия мен жариялық біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы қозғалыстар бола қоймады. Оныңүстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала бастады, олар нағыз шығынға ұласты.
Жұмыстыңекінші тарауы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы аграрлық саланыңахуалы» деп аталады. Бұл тарауда тәуелсіздік жылдарындағы республика аграрлық саласыныңдағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардыңқалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығыныңпроблемаларын одан әрі теориялық негізі, өтпелі дәуірдегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудіңбағдарлмасыныңкезеңдері, ауылдағы жекешелендіру процессініңқателіктері талданған. Қазақстандағы аграрлық сектор кеңестік теңгермешілік экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған кезде, өтпелі кезеңге аса күрделі проблемалардыңшешімі табылмаған күйде келді. Экономикалық қайта құрулар

12345След.
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ