Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі



 Другие рефераты
Педагогическая деятельность Л.Н.Толстого началась Қарабура Жамақұлы Бейбарыс Жетісу күйшілік мектебі

ҚАЗІРГІ  ЗАМАНДАҒЫ  ШЕРТПЕ  ДӘСТҮРІ

                                

       Кеңес дәуірі (1917-1990) қазақ музыка мәдениетіне үлкен серпіліс әкелді. Бұрынғы күйшілік дәстүрдің ғасырлар бойы еркін дамыған ғұрыптық жолы ендігі жерде басқа соқпаққа түсті. Байырғы күйшілік салт ноталық жүйеге ауыстырылды, барлық күйшілік үрдіске ортақ  орындаушылық методикақалыптасты, бұл жағдай домбырашылықтың ноталық сауатын ашқанмен, күй мектептерінің дәстүрлі дамуына едәуір зардабын тигізді. Европалық нота жүйесінің домбыра меңгертуді жеңілдетуден басқа зияны жоқ еді, мәселе қазақы күй өлшемдерінің орыстың халық аспаптары үлгісіне ұқсастырылып, ықшамдалып нотаға түсуінде болды. Материал ретінде қолға бірден Батыс Қазақстандық күйшілік мектеп алынды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина күйлері түгелдей өңделіп тартылды. Түпнұсқасынан айрылған күйлердің ноталық жазбалары ендігі жерде тұтас бір оқыту жүйесінің іргетасын қалады. Соның себебінен жалпы домбыра өнері далалық егемендігінен ілезде айрылды, әбжіл техника алға шықты. Бұған бірден алаңдаушылық білдірген А.Қ.Жұбанов «Өскен өнер» атты кітабында: «Күйшілердің репертуарындағы жүдеулік, бірін-бірі қайталаушылық бар екеніне байланысты айтылған сын да дұрыс. Шынында да, қазіргі күйшілердің орындаған күйлерінің бәрі шапшаң, бәрі асығыс. Музыка - өмір  айнасы  дейміз. Өмірде ылғый жүгіріп жүреміз бе?» - деген кейісін жазды. Орыс әндерін домбыраға сала білу шеберліктің шыңына баланды, Қазақ күйлерінің ішінен орысша ырғақтарды тауып, оны екі ұлт мәдениетінің туыстығы етіп көрсету жаппай саяси науқанға айналған да замандар туды. Оқыту бағдары да орыс балалайкасының әдістемесіне біржақты сүйеніп жасалды, қысқасын айтқанда, Қазақ күйді тартудың орнына «ойнайтын» болды (Бұл жат сөз оқыту барысынан әлі түспей келеді).

      Шертпе күйге келсек, кеңестік өкіметтің идеологиясына берілген өз ұлтымыздан шыққан коммунистер оған үзілді-кесілді тиым салды, құлақ аспағандарды атып отырды, көп күйшілер құсалықтан өлді, жеңіл жазаланғандары айдауға бұйырылды. Мұндай теперішті көрген күйшілер өкіметтен қорқып домбыраларын отқа жақты, арттарына шәкірт қалдыру бақытынан айрылды. Сол себептен шертпе күй мектебі түбегейлі жойылуға айналды. Сол нәубетті өз басынан өткеріп, тағдырдың жазуымен аман қалған ұлы күйші - Әбікен Хасенов (1892-1958). Әбікен шертпенің шетқақпайға ұшыраған заманын өз көзімен көрді, Арқаның солқылдаған мырзасының өнері жаңа өкіметке керексіз болған соң, ол театрда актер болып нан табуды қанағат қылды. Соның өзінде өмірінің соңына қарай денсаулығының төмендегеніне қарамастан күйтабақ жазып қалдырды. Атышулы «Қоңыр» бір өзі қырық буын қосбасарға татитын алапат күй болды, Әбікен құлдықтың қамытын кигізген кер заманға ішкі наразылығын домбыраның қос ішегіне сиғызды, Алаш үшін жан берген арыстарды жоқтады. Кеңес дәуіріндегі мәдениет саясаты Әбікеннің күйшілік дарынын елемеді, көзі ашық оқығандардан С.Сейфуллиннен басқа күйіне оң баға берген ешкім болмады. Әр дыбысы шер мен шеменге толы «Қоңырды» өзінен кейін тісі батып тартқан домбырашы болған емес, Әбікен де Дина ана сияқты «күйін байлап кеткен» өнерпаз қатарында қалып отыр. 

      Арнайы оқу орындарында оқытылуына шек қойылған шертпе күй ендігі жерде басқа саладан саңлау тауып халық жүрегіне жол алды, жаңа дәуірін бастаған ұлттық театр, кино саласында музыкалық көркемдеуші бояу ретінде шертпе күйлер сәтті пайдаланылды. Бұған композитор Нұрғиса Тілендиевтің  төккен тері адал. Ол көптеген киноларда («Қыз Жібек», «Көксерек»т.б.) музыкалық көркемдеуші құрал ретінде халық композиторлары - Тәттімбет, Тоқа, Тіленді күйлерін өз орындауымен жазды, білікті домбырашы ретінде ескі шертістің бар көркемдігі мен нақысын сақтады. Өзінің «Аққу», «Арман», «Әлқисса» күйлері арқылы күй дәстүрінің сақталуына барынша еңбек етті.

       Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) Жетісу күйшілік мектебінің өкілі, солай бола тұра Арқа мен Қаратау күйлерін асқан ыждаһаттылықпен меңгерген домбырашы болды. Тоқа күйлерін алғаш рет күйтабаққа жазды, Сүгір күйлерін оркестрге түсіріп, ел игілігіне айналдырды. Өзінің ұстазы – Латиф Хамидиге арнаған «Баламишка» күйі орындаушылықтың шырқау шыңы болып саналады. Нұрғиса Тілендиевтің өнерде үзеңгілес болған досы, дарынды сазгер – Кенжебек Күмісбеков (1927-1998) те шертпе күйге еңбегі ерен адам. Композитордың «Арман» күйі Арқаның қоңыр күйлерінің ізімен шығарылған көркем туынды, күйдің өн бойындағы қобыз сарыны Дәулет Мықтыбаевтың қобыз шалысын еске түсіреді. 

       Тәттімбеттің біршама күйлері оркестр репертуарына кірді. Жетісу күйшілерінің жоғалудың аз ғана алдында тұрған мұралары «Отырар  сазы» оркестрінің орындауында ел игілігіне айналды. Осыдан кейін «Мұрагер», «Сазген», «Адырна» сияқты жаңадан құрылған фольклорлық ансамбльдер өз репертуарларына шертпелерді көбірек кіргізе бастады. 

     Кеңес кезеңінде шертпе күйдің туын желбіреткен таланттардың бірегейі – Мағауия Хамзин (1927-2000) болды. Дарынды домбырашы Тәттімбет, Тоқа,  Әшімтай, Аққыз күйлерін кең насихаттаумен бірге өз жанынан жаңа күйлер шығарып отырды. Мағауия күйшіліктің жаңа мектебін салған өнерпаз, ол домбыра тарту техникасын жетілдірді, шертпе күйдің үніне бұрын-соңды болмаған жаңа тембр бере алды, соның нәтижесінде халықтың марапатына ие болды. Мағауия күйлерінің дәстүрлі орындау шеңберінен шығып сахналық-академиялық сипат алғаны рас. Солай бола тұра, оның күйлері Арқа мектебінің өркендеуіне қосылған үлкен үлес болды.

      Шертпе күй мәдениетінің жарық жұлдызы болған таланттың бірі – Уәли Бекенов (1934-2004). Дарынды күйшінің саналы ғұмыры шертпе күйді зерттеумен өтті. «Күй табиғаты», «Шертпе күй шеберлері» атты монографиялар жазып қалдырды. Арқа, Алтай, Жетісу, Қаратау күйлерін тұтас тартатын энциклопедиялық білімнің адамы болды. Консерватория қабырғасынан қиын заманның өзінде шертпе күй сыныбын ашып көптеген шәкірттер тәрбиеледі. «Боздағым», «Жеңгем  сүйер», «Ерен толғау», «Күй аңсаған» сияқты айшықты күйлер шығарды. 

       Сахналық-академиялық сипаттағы шертпе күйлерді шығарушы сазгердің бірі – Шәміл  Әбілтаев (1948). Заман талабына ылайық жаңа күйлерді көп шығарған композитор өзінің алғашқы күй жинағын «Ұлытау» деп атады. Бұл кітаптағы «Жорға», «Жырау», «Өрікгүл» күйлері, кейінгі шығарған «Жусан иісі», «Бұлақ» шығармалары Арқа күйшілік мектебінің қоржынына қосылған  құнды туындылар болып саналады. Шәміл Әбілтаев қазақ күй мәдениетінің қай мектебі болса да еркін меңгере білген сирек дарын иесі.

        Жетісу күйшілік мектебінің дәстүрімен тамаша күйлер жазған композитор - Әбдімомын Желдібаев өзінің шығармаларында таза қазақы сарынды сақтай білген дара дарын иесі. Отызға тарта туынды шығарған, соның басым дені шертпелер. «Толғау», «Бозжігіт», «Көкшолақ» сияқты күйлері Шу өңірінің байырғы мақамымен үндесе жалғасады. Кәсіби білімінің жетіктігінің арқасында оркестрге жазған күйлері де ел игілігіне әлдеқашан айналған дүниелер.

       Шертпе мәдениетін шет жерде жүріп жалғастырған дарынды күйшінің  бірі – Тайыр Белгібайұлы (1906-1979). Ол Шығыс Түркістанда ғұмыр кешті, осы күні халыққа кең тарап кеткен «Салкүрең» күйін шығарған сазгер, бұл күйді «Хасен-Жәмила» фильміне лейттема ретінде жазған. Мұнан өзге «Ақарал», «Серпін» атты күйлері көпшілік құлағына таныс, бірақ әртүрлі себептермен күйші атымен аталмай, кітаптарға халық күйлері деп беріліп келді. Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» монографиясынан кейін ғана күйшінің аты ақталып, өз дүниелері өзіне қайтарылды. 

        Күйсандықтың сүйемелімен тартылатын шертпе күй формасындағы пьесалар жазуда композиторлар – Айтқали Жайымов пен Ермұрат Үсенов көзге түсті. Олардың шығармалары әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен концерттік іс-шараларда орындалып отырады, оқу бағдарламасына да енген.

        Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Консерватория қабырғасынан ашылған шертпе күй сыныбынан сабақ алған, Уәли мен Мағауияның сирек шәкірттерінің бірі – композитор Мұхамбетқали Тінәлин. Оның шығарған күйлері Мағауия мәнеріне жақын, жүрдек шертіледі, жаңашыл, теріс бұрау, шалыс бұрауларда шертілетін қайырымы аса күрделі күйлері бар. «Шідері қайыс», «Әлбекесін-ән» атты шығармалары қазіргі кезде жиі орындалып  жүр.  

        Байырғы шертпелік мәнерді бойына сіңірген қазіргі белді сазгерлеріміздің бірі – Орынбай Дүйсен. Ол «Жетісу», «Жұматайға арнау» сияқты күрделі шертпелердің авторы. Күй шығарумен қатар шертпе методикасы саласында қағыс техникаларын анықтау ісімен айналысып оны төбелі әдістемелік құрал етумен де көптен шұғылданып келеді.

   &n

12
скачать работу


 Другие рефераты
Активные операции коммерческих банков
Искусство Швейцарии эпохи Возрождения
Использование элементов проблемного обучения в преподавании экологии
Камбоджа


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ