Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

айдалану мерзімі;
- пайдаланушыға өтемақыны төлеу және мемлекеттік меншікке су шаруашылығы имараттарын тапсыру жағдайында немесе суды пайдалануға рұқсат қызметі мерзімінің өтуіне байланысты оларға салынған су шаруашылығы имарттарын тарату бойынша пайдаланушының міндеті.
4. Суды пайдалануға арнайы рұқсаттың, суды пайдалануға рұқсаттың, су қорының жерлерін пайдалану құқығының қызмет мерзімі өткен жағдайда, су шаруашылығы имараттары Қырғыз Рспубликасының заңнамаларына сәйкес өтемақы төлеумен мемлекеттік меншікке тапсырылады.

Статья 86. Су қорының жерлері мен сы нысандарынан қиыршық тас пен басқада материалдарды өндіру

1. Осы Кодекстің 4 тарауына анықталған тәртіпте Мемлекеттік су әкімшілігіне пайдаланушының өтінімі бойынша қиыршық тасты өндіруге рұқсат берілген жағдайдан басқа, өзендер арнасынан, олардың жағалаулары мен қорғау аймақтарынан қиыршық тас пен басқада материалдарды өндіруге тыйым салынады.
2. Осы бапқа сәйкес берілген рұқсат бес жылға дейін жарамды. Рұқсатта көрсетілуі тиіс:
- өндіруге болатын қиыршық тастар мен басқада материалдардың түрі мен көлемі;
- қиыршық тас және басқада материалдарды өндіру құралы;
- рұқсатқа қоса берілген жоспарға сәйкес қиыршық тас пен басқада материалдарды өндіруге болатын аумақ;
- рұқсат бойынша есептілік және мониторинг, мәлімет жиынтығына жататын рұқсат иесіне қойылатын талаптар.
3. Қиыршық тасты өндіру зиын әкелуі мүмкін болған жағдайда рұқсат берілмеуі тиіс:
- сумен байланысты қоғамдық жұмыстар;
- су нысандары жағалауларының орнықтылығы;
- су фаунасы;
- қолданыстағы суды пайдаланушылармен суды пайдалану;
- су шаруашылығы имараттарының қауіпсіздігі.
4. Қиыршық тасты және басқада материалдарды өндіруге рұқсат бергені үшін рұқсат иесінен төлем алынады.  Қиыршық тасты өндіруге рұқсат беру тәртібі мен төлем көлемі Қырғыз Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

87 бап. Сервитут

1. Сервитут   су ресурстарын басқару, ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету және құрылыс мақсаттары үшін тараптар келісімі бойынша (еркін сервитут) немесе, қажет болған жағдайда Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі негізінде (мәжбүрлі сервитут) белгіленуі мүмкін.
2. Сервитутты белгілеу туралы шартқа (еркін сервитут) енеді:
- сервитутты белгілеу мақсаттары;
- сервитутпен міндеттелген учаскені сипаттау;
- сервитутты белгілеу мерзімдері мен шарттары;
- сервитутты орналасқан жерін көрсетумен учаске картасы немесе жоспары.
3. Мәжбүрі сервитут белгіленген жер учаскесіне қол жеткізуді қамтамасы ету үшін Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі негізінде туындау мүмкін, егер осы баптың 1 тармағында қарастырылған мақсаттар үшін қажетті басқа қол жеткізу мүмкін болмағанда, өте қиындық туғызады немесе белгісіз шығындарды талап етеді
4. Сервитутты белгілеуді немесе сервитутты белгілеуде жерді пайдалану немесе жер учаскесінің меншік иесіне бас тартуды көздейтін Мемлекеттік су әкімшілігінің шешімі сотқа шағымдалуы мүмкін.
5. Сервитутты белгілеумен жерді пайдаланушы немесе жер учаскесінің меншік иесіне келтірілген шығындар Мемлекеттік су әкімшілігі анықтаған көлемде мүддесіне сервитут белгіленетін тұлғаның өтеуіне жатады, жерді пайдаланушының немесе жер учаскесінің меншік иесі келіспеген жағдайда – сотпен шешіледі.
6. Сервитут жер учаскесіне құқықты тапсыру, ауысу жағдайында сақталады.
7. Шарт бойынша туындаған сервитут,  шартта көрсетілген мерзімге немесе анықталмаған мерзімге белгіленуі мүмкін.  Сервитут белгіленген негіздеме болмаған жағдайда мәжбүрлі сервитут  Мемлекеттік су әкімшілігі немесе соттың шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
8. Сервитутты белгілеу Қырғыз Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

15 ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК СУ ИНСПЕКЦИЯСЫ

88 бап. Мемлекеттік су инспекциясы

1. Мемлекеттік су   инспекциясы Қырғыз Республикасының су нысандарын және су ресурстарын пайдалануға мемлекеттік қадағалау қызметтерін орындауды қамтамасыз ететін Мемлекеттік су әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады
2. Мемлекеттік су әкімішілігінің басшысы, атқарып отырған лауазымына сәйкес, Қырғыз Республикасының бас мемлекеттік су инспекторы болып табылады.

89 бап. Мемлекеттік су инспекторларының құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік су инспекторының құқы бар:
- меншік түріне және ведомствалық қатыстылығына тәуелсіз мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден, сондай-ақ жеке тұлғалардан Қырғыз Республикасының заңнамаларымен осындай ақпаратты алудың арнайы тәртібі белгіленген жағдайдан басқа, оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты тегін алуға;
- анықталған кестеге сәйкес тастауға рұқсат пен суды пайдалануға рұқсатты алған адамдарды жыл сайын тексеруді жүзеге асырады;
- су заңнамаларын бұзғандарға қатысты сотқа талап арызбен хабарласады.
2. Өз міндеттерін орындағанда мемлекеттік су инспекторы Қырғыз Республикасының Үкіметімен немесе Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітілген ережелер мен тәртіптерді сақтауы тиіс.

16 ТАРАУ. ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУ ЗАҢНАМАЛАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

90 бап. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік

1. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзу болып табылады:
- Мемлекеттік су әкімшілігімен белгіленген тәртіпті бұзғанда суды пайдалану;
- суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсатсыз іс-әрекет немесе қызметті жүзеге асыру;
- суды пайдалануға арнайы рұқсат немесе суды пайдалануға рұқсат жағдайын сақтамау;
- суды пайдалануға рұқсатты немесе суды пайдалануға арнайы рұқсатты Мемлекеттік су әкімшілігінің жазбаша келісімінсіз тапсыру;
- ұңғымадан судың құйылуын толығымен жабуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықты қолданусыз артезиан (өзі құятын) ұңғымасынан суды пайдалану немесе қайта басталмаған көздерден жер асты суларын пайдалану немесе суды пайдалануға арнайы рұқсатсыз немесе суды пайдалануға рұқсатсыз метрден артық тереңдікке артезиан ұңғымасынан суды пайдалану;
- суға рұқсатсыз ұңғыманы бұрғылау, бұрғылау бойынша есепті бермеу немесе осындай рұқсаттың шартын бұзу;
- бұрғылау бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясыз суға ұңғыманы бұрғылау;
- тастауға рұқсатсыз немесе оны бұзып су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне қалдықтар немесе ластаушыларды тастау;
- су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне тыйым салынған заттарды тастау;
- басқа тұлғаға тастауға рұқсатты тапсыру;
- аумақтық ластау көздерімен ластауды болдырмау бойынша ережелер мен тәртіптерді бұзу;
- су қорларын қорғау бойынша жұмыстарды орындамау;
- жер асты суларын қорғау бойынша тәртіптерді бұзу;
- мұздықтарға шығын және басқада зиянды келтіру;
- санитарлық қорғау аймақтарында тәртіптерді бұзу;
- ағынды құру аймақтарында тәртіпті бұзу;
- жер асты суларын қорғау аймақтарында тәртіпті бұзу;
- су қорғау аймақтарында тәртіпті бұзу;
- сел өтуден қорғауға қатысты тәртіпті бұзу;
- құрғақшылық кезінде белгіленген тәртіпті бұзу;
- бөгеттің қауіпсіздігі бойынша тәртіпті бұзу;
- қиыршық тастарды және басқа да материалдарды өндіруге рұқсат шартын бұзу;
- су қоры жерлерін пайдалану бойынша тәртіптерді бұзу;
- мемлекеттік су инспекторына қызметтік міндеттерін орындауда кедергі келтіру және заңсыз бас тартуға ақпарат беру.
2. Қырғыз Республикасының су заңнамасын бұзған адамдар Қырғыз Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және басқада жауапкершілікті атқарады.
3. Қырғыз Республикасының Заңнамалары су заңнамасының басқада түрлеріне жауапкершілікті белгілейді.

91 бап. Су нысанына келтірілген шығынға азаматтар мен заңды тұлғалардың жауапкершілігі

1. Заңды және жеке тұлғалармен су нысандарына келтірілген шығын, жіберілген  пайданы қоса өз еркімен немесе сот шешімімен өтеледі.
2. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзумен су нысанына келтірілген шығын бойынша талап-арыздар мемлееттік су инспекциясымен және қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өтеледі.
3. Өтелген шығын сомасы Қырғыз Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджеттеріне аударылады.
4. Қырғыз Республикасының  су заңнамасын бұзу нәтижесінде су нысандарына келтірілген шығынды өтеу тәртібі мен шарты осы Кодекспен және оған сәйкес қабылданған Қырғыз Республикасының басқада нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

92 бап. Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзумен жасалған келісімдердің жарамсыздығы

Қырғыз Республикасының су заңнамаларын бұзумен жасалған және су қатынастарымен байланысты келісімдер жарамсыз болып табылады.

17 ТАРАУ. СУ ЖӨНІНДЕ БІРТҰТАС АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

93 бап. Су жөнінде біртұтас ақпараттық жүйені ұстау

Су жөнінде бітұтас ақпараттық жүйе тұрады:
- суды пайдалануға арнайы рұқсат және суды пайдалануға рұқтса тізімдемесінен;
- су нысаны, су шаруашылығы имараттары мен су қорының жерлеріне қалдықтар мен ластаушы заттарды тастауға рұқсат тізімдемесінен;
- мемлекеттік су кадастрынан;
- Қырғыз Республикасы Үкіметімен анықталған басқада ақпараттан.

94 бап. Мемлекеттік су кадастры

1. Мемлекеттік су кадастрына мынадай ақпарат енеді:
- үстіңгі сулардың көлемі мен сапасы бойынша;
- жер асты суларының көлемі мен сапасы бойынша;
- су қорының жерлері бойынша;
- мемлекеттік ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарының орналасқан жері мен жағдайы, шарты бойынша.

Пред.1112
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ