Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

r /> 2. Су ресурстарының мемлекеттік мониторинг ақпараты мемлекеттік су кадастрына енгізіледі, ол су қорын тиімді пайдалану және қорғау, су шаруашылығын дамытуды жоспарлау, су ресурстарын басқару үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік су кадастры Мемлекеттік су әкімшілігімен, гидрометеорология жөнінде уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрогеология жөнінде уәкілетті мемлекеттік органмен Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі.
4. Мемлекеттік су әкімшілігі, гидрометеорология жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган және гидрогеология жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік су кадастрын жүргізу үшін қажетті мәлеметті суды пайдаланушы – азаматтардан және меншік түріне тәуелсіз және ведомствалық қатыссыз кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан кедергісіз және кейін қайтарусыз алуға құқы бар.

95 бап. Мемлекеттік мелиоративтік кадастр

1. Мемлекеттік  мелиоративтік  кадастр  су нысандары бөліндісінде және әкімшілік-аумақтық бөлуде суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтің жүйелендірілген жиынтығын ұсынады және мына негізде белгіленеді:
- барлық жұмыс істейтін бақылаушы ұңғымалар бойынша топырақты суларды минералдау туралы мәлімет;
- есептік және алдыңғы жылдарға суармалы жерлердің тұзды суреттер мәліметтері;
- алдыңғы жылдарға статистика мен маусымды ерекшеліктерінің ауытқуы есебімен бақылау ұңғымаларының көрсеткіштері бойынша топырақты сулардың деңгейлерінің ауытқуы туралы мәлімет.
2. Мемлекеттік мелиоративтік кадастрды Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережеге сәйкес Мемлекеттік су әкімшілігімен жүргізіледі
3. Мемлекеттік су әкімшілігі мемлекеттік мелиоративтік кадастрын жүргізу үшін қажетті мәлеметті суды пайдаланушы – азаматтардан және меншік түріне тәуелсіз және ведомствалық қатыссыз кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан кедергісіз және кейін қайтарусыз алуға құқы бар.

96 бап. Ақпараттық жүйелерге қоғамдық қол жеткізу

Қоғамдастық өкілдері 2 баптың тармағында анықталған біртұтас ақпараттық жүйеге қол жеткізуге құқы бар.

97 бап. Ақпараттық жүйелерде мазмұндалған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу

1. Біртұтас ақпараттық жүйеге Қырғыз Республикасының заңнамалыран сәйкес мемлекеттік құпия болып табылатын ақпарат енбейді.
2. Заңды және жеке тұлғалар тізілімді жүргізетін мемлекеттік органға  хабаласа алмайды, өйткені рұқсатқа өтінім немесе өтінімге қатысты ақпарат құпия болып табылады және осындай ақпарат тізілімде болғанда ол адамға экономикалық шығындар мен зиянды әкеледі. Осындай өтінішпен хабарласқанда өтініш иесі оған келтірілуі мүмкін экономикалық шығын мен зияндарға дәлелдерді беруге тиіс.

18 ТАРАУ. СУ ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

98 бап. Қырғыз Республикасының мемлекетаралық пайдаланудағы су нысандары, су ресурстары және су шаруашылығы имараттары
Қырғыз Республикасының су нысандарын, су ресурстары және су шаруашылығы имараттарын мемлекетаралық пайдалану мәселелері Қырғыз Республикасының Конституциясымен, Қырғыз Республикасының халықаралық шарттармен, жалпы танылған халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.

19 ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

99 бап. Осы Кодекстің күшіне енуі және оған сәйкес нормативтік құқықтық актілерді келтіру

1. Осы Кодекс ресми түрде жарияланған күннен күшіне енеді.
2. Бұдан былай осы Кодекске сәйкес Қырғыз Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді келтіргенге дейін қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы Кодекске қайшы келмейді және Қырғыз Республикасының Конституциясымен қарастырылған тәртіпте және шекте пайдаланылады.
3. Қырғыз Республикасының Үкіметіне осы Кодексті қабылдаған күннен алты ай ағымында тапсырылсын:
- осы Кодексті іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- осы Кодексті қабылдауға байланысты Қырғыз Республикасының заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешке белгіленген тәртіпте дайындайды және енгізеді.

Қырғыз Республикасының
Президент
А.Ақаев

Бішкек қ., Үкімет үйі
2005 жыл 12 қаңтар №8

Пред.1112
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ