Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

әсеріне;
- бөгеттің мемлекетаралық мәніне.
3. Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі республикалық, бассейндік және аудандық мәндегі бөгеттерге техникалық қызмет көрсету және пайдалануды жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды, инспекцияны, мониторингті ұйымдастыру тәртібіні анықтайды.

77 бап. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия

1. Қырғыз Республикасының Үкіметі тәуелсіз техникалық орган ретінде бөгеттің қауіпсіздігі бойынша комиссия құрады.
2. Бөгеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссияның бөгеттер инспкциясы өткізген қорытындысы бойынша шаралар қолдану үшін Мемлекеттік су әкімшілігіне ұсыныстар беріледі.  Мемлекеттік су әкімшілігі мүмкін төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында орындау үшін міндетті, жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын өткізу туралы бөгетті пайдаланушыларға немесе иелеріне нұсқау береді.
3. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия бөгетті инспекциялау бойынша ұсыныс әзірлейді және белгіленген тәртіпте оларды Қырғыз Республикасының Үкіметіне ұсынады.
4. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша комиссия қауіпсіздік жөнінде есеп дайындайды және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар  береді:
- республикалық мәндегі бөгет үшін – бес жыда бір реттен жиі емес;
- бассейндік мәндегі бөгет үшін – он жылда бір реттен жиі емес;
- аудандық мәндегі бөгет үшін  -  он бес жылдар бір реттен жиі емес.

78 бап. Бөгетті тіркеу

1. Бөгеттің иесі немесе пайдаланушы осы Кодекстің күшіне енген күнінен бастап алты ай ағымында Мемлекеттік су әкімшілігіне оны тіркеуді өткізуге өтінім беруге міндетті.  Тіркеуге өтінім белгіленген түрде беріледі және бөгетті пайдаланушы немесе иесі, орналасқан жері және бөгеттің көлемі, құрылым бөлшектері туралы мәлімет және басқада қажеттә ақпараттар енеді.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі Қырғыз Республикасының бөгетін тіркеуді жүзеге асырады және осы баптың 1 тармағында көрсетілген ақпарат берілген мәлімет банкін жүргізеді.
3. Бөгеттің иесі немесе пайдаланушы Мемлекеттік су әкімшілігіне бөгеттің құрылымдық элементтері жұмысында анықталған ақаулар мен кез-келген өзгерістерді бөлшекті сипаттаумен, сондай-ақ кемшіліктерді көрсетумен техникалық қызмет көрсету және ұстау мен оны пайдаланудағы мәселелер бойынша жылдық есепті ұсынады.

13 ТАРАУ. ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІ

79 бап. Ирригация және дренаж бойынша комиссия

1. Ирригация және дренаж бойынша комиссия республикалық, бассейндік және аудандық деңгейде құрылады:
- өткен суармалы маусымға ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасын тексеру және келешектегі маусымға пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша ұсыныстарды беру;
- кезекті суармалы маусымда ирригациялық және дренаждық жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету  бойынша ұсыныстардың орындалуына қадағалау үшін;
- мелиорация және суару мәселелері бойынша суару суын пайдаланушылар қызметін үйлестіру үшін;
- оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру үшін.
2. Ирригация және дренаж бойынша республикалық комиссияны Мемлекеттік су әкімшілігі басқарады және оның аумақтық органдарының басшыларын, басқада суды жеткізушілер, суармалы суды пайдаанушы өкілдері енеді.  Ирригация және дренаж бойынша республикалық комиссия құрамы Қырғыз Республикасының Үкіметімен бекітіледі. Ирригация және дренаж бойынша республикалық комиссия республикалық және мемлекетаралық мәндегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасын тексеруді жүзеге асырады.
3. Ирригация және дренаж бойынша бассейндік комиссияны Мемлекеттік су әкімшілігінің сәйкес бассейндік органының басшысы басқарады және суды жеткізушілерді, суармалы суды пайдаланушылар өкілдері енеді. Ирригация және дренаж бойынша бассейндік инспекцияның құрамы Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітіледі. Ирригация және дренаж бойынша бассейндік комиссия бассейндік мәндегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасына тексерісті жүзеге асырады.
4. Ирригация және дренаж бойынша аудандық комиссияны мемлекеттік ирригациялық жүйелерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша сәйкес аудандық ұйымның басшысы басқарады және суармалы суды пайдаланушы өкілдер енеді.  Ирриагция және дренаж бойынша аудандық комиссия құрамы Мемлекеттік су әкімшілігімен бекітіледі.  Ирригация және дренаж бойынша аудандық комиссия жергілікті мәндегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің пайдалану сапасына тексерісті жүзеге асырады.

80 бап. Ирригациялық және дренаждық жүйелерге қызмет көрсету  бойынша жұмыстарды орындау
1. Ирригациялық немесе дренаждық жүйелердің иесі немесе пайдаланушы оның қалыпты ұстауы мен техникалық қызмет көрсетуіне жауап береді.
Пайдаланушы немесе иесі осы жұмыстарды өзінің күшімен немесе мердігерлік ұйымдарды тартумен орындауы мүмкін.
2. Егер ирригация немесе дренаждық жүйелердің иесі мемлекет болғанда, мердігерді таңдау конкурстық негізде Қырғыз Республикасының заңнамаларымен анықталған жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртіптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жөндеу және оңалту жұмыстарын өткізгенде су шаруашылығы имараттары мен каналдардың иесіздену белдігі шегінде орман екпелері мен бұталы өсімдіктерді кесу, сондай-ақ  санитарлық кесу және кепкен ағашты кесу арнайы уәкілетті мемлекеттік органмен келісусіз жүргізіледі.

81 бап. Ирригациялық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоспарлар

1. Ақау актілерінің және ирригация және дренаж бойынша комиссияның қорытындылары негізінде суды жеткізушілер ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңарту және ұстау, техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарларды әзірлейді. Жоспарлар жыл бойына және болашақта орындауға есепті әзірлейді.
2. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы жоспарды ұстау:
- олардың орындаудың жобалық құнын анықтаумен ирригациялық және дренаждық жүйелерге, олардың түрлері бойынша талап етілген жөндеу жұмыстары көлемдерін белгілеу;
- суару маусымының бастау мерзімдерін ескеріп, жөндеуді бастаудың және аяқтаудың күнтізбелік мерзімдері, жөндеу жұмыстарын орындау үшін орындаушыларды таңдау;
- суды жеткізушінің қаржылық мүмкіндіктерін және ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсетуге қаражат тұтынушылығын анықтау.
3. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңарту (оңалту) бойынша болашақтағы жоспарды ұстау:
- қайта жаңартуды талап ететін ирригациялық және дренаждық жүйелердің тізбесін анықтау;
- оларды орындау жобалық құнын анықтау және жұмыс көлемдерін белгілеу;
- жоспарланған жұмыстың экономикалық тиімділігін анықтау;
- ағымдағы жылды қоса, жақын уақыттағы бес жылға жұмысты орындау кестесін әзірлеу;
- жұмысты орындауға жоспарланған қаржыландыру көздері мен мердігерлерді анықтау.

82 бап.  Ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді қаржыландыру

1. Мемлекеттік меншіктегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстауды және техникалық қызмет көрсету суды жеткізу бойынша төлем мемлекеттік бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ирригациялық және дренаждық жүйелерді оңалтуға инвестициялық шығындар  суды жеткізуге қызметтерге төлем мемлекеттік бюджеттен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Қырғыз Республикасы заңнамаларымен тыйым салынған басқада көздер.

83 бап. Ирригация мен дренажға жәрдемақы

Ирригация және дренажға жәрдемақыны жыл сайын Қырғыз Республикасының Үкіметінің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш белгілейді.

14 ТАРАУ. СУ ҚОРЫ ЖЕРЛЕРІ МЕН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИМАРАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ МЕНШІГІ

84 бап. Ириигациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттары меншігі

1. Ириигациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттары мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарының тізімін бекітеді және кезеңді түрде қарастырады.
3. Ауданаралық, облысаралық және мемлекетаралық ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттары мемлекеттік меншікте ғана тұрған бір суды пайдаланушыдан артық қызмет көрсететін немесе қызмет көрсет алатын.
4. Ирригациялық, дренаждық жүйелер немесе олардың бөліктері (канал,  дрена, коллектор немесе су қоймасы), сондай-ақ олар қамтитын су қорының жерлерін мемлекетітк су шаруашылығы органымен пайдаланылады және суды пайдаланушылардың  бір ғана қауымдастығына қызмет көрсетеді, Қырғыз Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте осы қауымдастықтың меншігіне берілуі мүмкін.

85 бап. Су қорының жерлерін пайдалану

1. Ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарымен қамтылған жерлерден басқа, су қорының жерлері Қырғыз Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ауылдық, орман, балық, аңшылық шаруашылық қажеттіліктері үшін және басқада мақсаттарға пайдалануға берілуі мүмкін.
2. Мемлекеттік су әкімшілігі қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын басқару мүддесінде немесе Қырғыз Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған басқада себептер бойынша нақты белгіленген жерлерде немесе Қырғыз Республикасының барлық аумағында су нысандары жағалауларын пайдалануды шектеуі мүмкін.
3. Суды пайдалануға арнайы рұқсатты қоса, суды пайдалануға рұқсат берген кезде су қорының жерлері Қырғыз Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша су шаруашылығы имараттарының құрылыс мақсаттары үшін пайдалануға берілуі мүмкін, олар қарастырады:
- суды пайдалануға рұсқаттың қызмет мерзімінен аспайтын, су қоры жерлерін п

Пред.678910След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ