Қоғамдық игіліктер және сыртқы әсерлер
Другие рефераты
Дәрістің мақсаты: Қоғамдық және жеке меншік игіліктер туралы түсінікке анықтама беру және негізгі терминдерді меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
1.Қоғамдық және жеке меншік игіліктер туралы түсінік
2. Таза қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері
3. «Ақысыз жолаушылар» проблемасы
4. Таза қоғам игілігінің сұраныс қисығы
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Қоғамдық игіліктер тұтынуда бәсеке туындата алмайтын, екінші тұтынушыны рыноктан ығыстыру мүмкін емес игіліктер. Осы қасиеттерге ие товарлар мен қызметтер таза қоғамдық игіліктер деп аталады (ұлттық қорғаныс, қаладағы жарықпен қамту, маяк, тегін білім беру т.б.). Яғни төлем жасаған адам да, жасамаған адам да қоғамдық игілікті пайдалана береді. Бұндай игіліктер бөлінбейді: қоғамдық транспорт, театрдағы спектакль, би кеші т.с.с.
Рынокта ақпараттық ассиметриядан рыноктың монополизациялану мәселесі туындайды, трасакциялық шығындар өседі, кейбір товарларды артық, кейбірін кем өндіру қаупін туындатады. Егер тұтынушыда товар туралы біржақты ақпар болса, рыноктан сапалы товарлар ығыстырылуы мүмкін және интерналиилар болады. Интерналии келісімде көрсетілмейтін, келісушілердің ұтысы немесе ұтылысы.
Сыртқы әсер деген келісімде есепке алынбаған, үшінші жақтың алатын әсері. Бұл рыноктық бағада бейнеленбейтін шығын немесе ұтыс. Сыртқы әсер, әйтпесе экстерналии жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымдылар қосымша ұтыс әкеледі, жағымсызы — қосымша шығын.
Осы түсініктерге қатысты Коуз ілімінің мазмұны: сыртқы әсерді интернализациялауға болады, егер ресурстарға деген меншік құқығын анықтап мамандандырса және сол құқықтармен еркін айырбастау мүмкін болса.
Экстерналии рыноктық механизм жұмысының тиімділігін бұзады. Бәсекелі рынокта жағымсыз экстерналии қоғамдық тиімді қоғамдық өндіріс көлемінен артық өнім өндіруге себепші болады. Жағымды экстерналиилерде керісінше, товарлар мен қызметтерді өндіру азаяды. Қоғамдық тиімді өндіріс көлемі шекті қоғамдық пайдалылықтың шекті қоғамдық шығындарға тең ситуация.
MSU = MSC;
Мұндағы: MSU — шекті қоғамдық пайдалылық;
MSC — шекті қоғамдық шығындар.
Бақылау сұрақтары
1.Мына терминдерге анықтама бер: таза қоғамдық игілік, таза жеке игілік, саяси институттар, ұжымдық таңдау, нарықтағы саяси тепе теңдік.
2. Таза қоғамдық игілікке сұраныс қисығы
Әдебиеттер тізімі:
-
Закон РК «О профессиональных союзах» от 05 мая1993 г. // Советы Казахстана
-
Закон РК «О труде в Республике Казахстан» от 10 декабря1999 г.
-
Закон РК «О хозяйственных товариществах и акционерных обществах» от 21 июня1991 г.
-
Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева,М.Ә.Тілеужанова. Микроэкономика. Оқу құралы.Алматы: Экономика, 2004
-
Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т. 1, 2. — СПб.: Экономическая школа, 2002
-
Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика — Алматы: 2007
| | скачать работу |
Другие рефераты
|