Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жалпы және жартылай тепе — теңдік



 Другие рефераты
Экономика. Экономиканың негізгі элементтері Қоғамдық игіліктер және сыртқы әсерлер Өндіріс факторларының нарығы Олигополия нарығы

Дәрістің мақсаты: Бұл тақырыптың басты мақсаты: барлық игіліктер мен өндіріс факторлары нарығында бір уақыт мезгілінде біріңғай тепе теңдік орнатыла ма? қоғамның шаруашылық мүмкіндіктерін экономикалық түрде оңтайлы пайдалану дегеніміз нені білдіреді деген сұрақтарға жауап беру.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Жеке және жалпы тепе-теңдіктің бағалары
  2. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің Вальрас моделі
  3. Бәсекелестік тепе-теңдік және қоғамдық жағдай

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

Экономикада қызмет ететін рыноктар өзара тәуелді, олардың біріндегі өзгеріс басқаларындағы товар бағасы мен өндіріс көлеміне әсер етеді. Себебі рыноктағы бір өндірушінің соңғы өнімі келесі біреуі үшін ресурс болады немесе игіліктер бірін — бірі айырбастайды, толықтырады. Осыған дейін қарастырылған жеке рыноктардағы тепе — теңдік жартылай тепе — теңдік деп аталады. Олар рыноктық жүйе бөлшектері.

Рыноктық жүйені құрайтын әртүрлі рыноктар мен бағалар арасындағы байланысты ірі масштабта қарастыру жалпы тепе — теңдік деп аталады.

Экономикадағы кез келген –згеріс сыртқа кемімелі толқынмен таралады. Экономикалық әдебиеттерде осы құбылысқа айқын мысал ретінде жетпісінші жылдардағы әлемде мұнай бағасының күрт оншақты есе жоғарылап кеткенін келтіреді. Тұтынушылар мұнай өнімдерін пайдалануды шектеп, мұнайды айырбастайтын өнімдерді іздестіре бастады. Валюта рыногында да өзгерістер басталды…

Рынокта айырбас бір жаққа тиімді болу үшін екінші жаққа міндетті түрде тиімсіз болуы керек. Өзара тиімді келісімдер экономикада игіліктерді тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Экономикалық ғылымда айырбас тиімділігін білу үшін «Эджворт диаграммасы»  («Эджворт жәшігі») пайдаланылады.

Диаграммадағы әр нүкте өнімдер өндіруде пайдаланылатын ресурстар санының үйлесімі варианттарын көрсетеді.

Өндіріс тиімділігіне жету үшін бір товар өндірісіндегі ресурстарды екінші өнімді өндіру санын азайтпастан айырбастауға болмайтын жағдай. Эдвортдиаграммасы өндіріс тиімділігіне сай ресурстарды бөлу нұсқасын анықтауға пайдаланылады.

Тиімділік басқа әлеуметтік мақсаттарға қайшы келеді. Тиімділік ұлттың тұрмысын максимизациялаумен байланысты түсінік. Мысалы еркін сауда тұтынушыларға бағаны төмендету жағынан тиімді, ал экспортерлер үшін сауда көлемін ұлғайту мүмкіндігімен пайдалы.

Егер бір жақтың жағдайын жақсарту екінші жақтың жағдайын нашарлатпастан мүмкін болмаса, ресурстарды бөлуде Парето оптималдылық орындалды деген сөз.

Порето оптимум өндіру тәсілін өзгерту арқылы немесе адамдар арасында өнімдерді қайта бөлу арқылы қосымша таза ұтыс алуға болмайтын экономикалық жағдай.

Бақылау сұрақтары

  1. Айырбастағы Парето- тиімділік
  2. Өндірістегі Парето- тиімділік
  3. Айырбас және өндірістегі өзара Парето- тиімділік

Әдебиеттер тізімі:

  1. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства» от 17 июля1997 г.
  2. Закон РК «О банкротстве» от 11 июля2001 г. (с изменениями и дополнениями)
  3. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. — СПб.: Литера плюс, 1994
  4. Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
  5. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. Т. 1, 2. — М.: Финансы и статистика, 1992
скачать работу


 Другие рефераты
Международная валютная система и валютный курс
Эстония
Дамыған елдердегі баға белгілеу
Античная философия классического периода


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ