Экономика. Экономиканың негізгі элементтері
Другие рефераты
Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.
Макроэкономикада елдің экономикасы біртұтас зерттеледі. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т.б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздықты реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.
Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.
Біріншіден, экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және өндірістегі тәртіпті, тауар мен қызметті айырбастау кезіндегі, шектеулі ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес өнімдерді қоғам мүшелерінің пайдалануын зерттейді.
Екінші: саяси экономияның зерттейтін объектісі — шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады.
Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын, экономикалық процесс пен құбылыстың негізін қарастырады.
Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдардың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материалдық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.
Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыссыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.
Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т.с.с.
Ресурстардың шектеулі болуымен байланысты оларды пайдалану баламалы жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауарды мысалға ала отырып, қарастырған зеңбіректер мен май өндірістерін қарастырайық.
Бірінші вариант: қоғамның барлық ресурсы май өндірісін өндіруге бағытталған, бұл 5 млн. кг майды максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.
Екінші вариант: 15 мың зеңбірек шығаруға бағыт-талған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.
Үшінші вариант: қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.
Балама мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген.
Өндірістік мүмкіншіліктің көлбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл экономика толық жұмыс істеген кезде баламалы болады.
Өндірістің техникалық-экономикалық жағдайына қарай ресурстарды бөлу арқылы өндіруге мүмкіндік бар. Ресурстар толық жұмыс істеген кезінде байланыс болады, барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты, көлбеу трансформацияланады. Кез келген нүкте көлбеуге парето тиімділік жағдайын анықтайды.
Өндірістік мүмкіншілік толық қамтамасыз етілмесе, не өндірістік комбинациясында жұмыссыздық болса, оны 4 нүктесінде деп болжасақ, май мен зеңбірек көлбеуде жатпайды. Бұл жағдай мынаны ескертеді: егер қолда бар қосымша ресурстарды пайдалансақ, онда қару-жарақ және май өнімдерін шығаруды молайтамыз. Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында болса, онда қоғам бір мезгілде зеңбірек және май өндірісін ұлғайта алмайды.
Трансформация көлбеуінің өндірістік айырмашылы-ғын білу, артық экономикадағы трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге көтерілуі техникалық жаңалықтар ашуға, қазба байлықтарының жаңа қорын табуға және т.б. мүмкіндік береді. Қоғам әр кезеңде қорлануды таңдайды (қаржылық және нақты секторларды инвестициялау мен тұтыну) (жеке). Қорлануды көбейту (жаңа зауыттар мен фабрикалар үшін күрделі қаржыны көбейту) қоғамның бірнеше жылдан кейін көлбеу трансформация сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді.
Экономикалық заңды қалай түсіндіруге болады?
Бұл – экономикалық ұғым ретінде қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілерді топтастырып, жинақтап қорыту қажет. Бұл индуктивті әдіс, яғни жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|