Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қола дәуіріндегі Қазақстан



 Другие рефераты
Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ) Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғғ.) Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы

Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.

1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.

2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді.

Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».

3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.

Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.

Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.

Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.

Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.

Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.

Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.

Ыдысты жасау әдістері:
а) таспалық әдісі;
ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.

Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.

Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған.

Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.

Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).

Кен өндіру әдістері:
а) опыру әдістері;
ә) отпен үгіту әдісі;
б) ұңгіп қазу әдісі.

Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.

Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.

Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.

Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.

Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген:
1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.
2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған
3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.

Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.

Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.

Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.

Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Қазақстан территориясынан табылған ежелгі адамның іздері қай дәуірге жатады?
2. Ежелгі адамның тұрақтары Қазақстанның қай бөлігінен табылды.
3. Андронов тайпалары мекендеген жерлерді атаңдар.
4. Андроновтықтар мәдениетінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Ежелгі металлургия Қазақстанның қандай облыстарында дамыды?
6. Бегазы-Дандыбай мәдениетін сипаттайтын ескерткіштерді атаңдар.

скачать работу


 Другие рефераты
Ұлттық банк
Жалақы
Культура древних цивилизаций
Смысл человеческого бытия, проблема жизни, смерти и бессмертия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ