Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қонақ үй туристік кешендер менеджменті.

кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс — әрекетін қадағалай білуі тиіс.
Менеджердің екінші міндетіне – кез келген шешімді қабылдап, іс әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы, перспективасы туралы да ойланып – толғануы жатады. Әрбір менеджерге – деп атап көрсетеді. Дракер — өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс — әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе білуі — әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Қонақ үй, мейрамхана т.б. менеджмент және маркетинг туристік бизнесте ерекше орын алуға тиісті.
Барлық елдерде қонақ үйлер басқару жүйесінде менеджмент жетістіктерін ұтымды жақтарын пайдалануға тырысады. Сондықтан да менеджерлер алдына қоятын талап тілектер қалыптасқан.
Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы және тікелей жұмыс атқаратын адамдар тобы қалыптасқан.
Менеджерлер үш топқа бөлінеді:
- жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа менеджерлер қызметіне араласпайды;
- басқа менеджерлер жұмысын қадағалаушы менеджерлер, жоспарлау саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады;
- қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер;
- қонақ үй кәсіпорынның даму стратегиясының қалыптасуына, ірі мәселелерді шешуші мамандар.
Қонақ үй бизнесіндегі менеджер төмендегі бес негізгі іс — әрекеттерді жүзеге асырады.
Біріншіден, ол – қарамағындағыларға бағдар бере алатын, мақсат қоя білетін оның орындалуын талап ететін тұлға.
Екіншіден, менеджер – мақсатты огрындау бағытында сараптама жүргізе отырып дұрыс шешім қабылдауы, проблема мәселесін топтамастырып, шешуде қызметкерлерді жұмылдыра білуі қажет.
Үшіншіден, қонақ үй ұжымымен тығыз қатынаста болып, жұмысты ұйымдастыра, жүргізе білу.
Төртіншіден, қонақ үй қызметкерлерінің әрқайсысының жұмысына баға беріп, бағалау, марапаттау менеджерлердің функциясына жатады.
Бесіншіден, адамдардың кәсіби шыңдалуына, өсіп жетілуіне назар аудара отырып, өзінің жетілуіне көңіл бөлу қажет.

Басқару әдістері

Басқару әдістері – бұл мақсатқа жетуге арналған басқарылып отырған обьектіге әсер ету және қабылдау жиыны. Менеджмент әдістерінің көптігі және олардың класификацияларының әр – турлі ыңғайлығына келу нақты басқару міндеттерін шешкен кезде нәтижелі болып келеді.
Практикада басқарудың қонақ үй кәсіпорындарымен қатар көптеген әдістер және олардың үйлесімділігі қолданылады. Негізгі әдістемелік топқа қатысты:
1. экономикалық
2. ұйымдастыру — әкімшілік
3. әлеуметтік – психологиялық

Басқарудың экономикалық әдістері. Басқару қатынасы бірінші кезекте экономикалық қатынастарымен және оның негізінде жатқан адамның қызығушылығы мен қажеттілігін анықтайды. Содан да басқарудағы экономикалық әдістеріне басты орын беріледі.
Бұл әдістерді қолдану туралы басқарылып отырған обьектіге экономикалық ынталандыруға ұйымдастырудың қайырымдылығын қамтамасыз ету керек. Өз бетімен жұмысқа негізделген жағдайларда ғана басқарудың экономикалық әдісіне көшуге мүмкін болады: ұжым, материалдық қорды, түскен пайданы, еңбек ақыны басқарады және өздерінің экономикалық көзқарастарын іске асырады.
Экономикалық әдістер жаңа мүмкіндіктердің және қордың анықталуына себеп болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды. Өндірістік процесстің бар қатысушылары экономикалық қызығушылығымен жүйенің материалдық ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады.
Бұл бағыттағы барлық жұмыстың бас мағынасы басқару іс — әрекеттерінің экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру секілді жағдайда қою.
Ұйымдастыру — әкімшіліктен айырмашылығы экономикалық әдіс басшылығы жұмыстың ортақ жоспарлы экономикалық көрсеткіштері мен оларға жету құралдарын ұйғарады. Экономикалық ынталандыруда жоғарылату нәтижесінде мына жағдай пайда болады, бұл жағдайды еңбек ұжымы және мүшелері жұмысқа әкімшілік қысымы нәтижесінде емес ( бұйрық, директивалар, жарлықтар) экономикалық ынталандыру нәтижесінде талпынады. Басқарудың экономикалық әдісі негізінде ұйымдастыру — әкімшілік және әлеуметтік – психологиялық әдісі даму және нығаю қажет, кәсіпкерлік және оларды мәдени қолдануы жоғарылауы керек.
Басқарудың ұйымдастыру — әкімшілік әдістері. Тіке директивтік нұсқауда негізделеді. Басқару механизмі бөлігін құрайтын обьетивті негіздегі қолданылған ұйымдастырылған қатынастағы әдістермен шығады.
Ұйымдастыру — әкімшілік қызметінің міндеті бағынушылар қозғалысының үйлесімділігін құрайды. Ешқандай экономикалық әдістер ұйымдастыру — әкімшіліктің ықпалынсыз болмайды. Ол айқындылықты және ұжым жұмысының тәртіпке келуін қамтамасыз етеді. Қолайлықтың үйлесімділігі, экономикалық және ұйымдастыру — әкімшілік әдісінің рационалдық байланысын анықтау маңызды.
Экономикалық әдістерінің әсер ету саласы шығарып тастау, ұйымдастыру әкімшілік басқару әдістерінің есебінен ғана кеңейеді, практикалық жағынан да, ғылыми жағынан да заңды деп есептей алмаймыз, өйткені , әрекет ету механизмі ерекшеленеді. Ұйымдастыру — әкімшілік әдістері негізінен жетекшінің билігіне және оның құқықтарына сүйенеді. Бірақ та әкімшілік әдістерін жетекшінің жігерлі және субъективтік әдістеріне ұқсастырмау қажет, яғни, әкімшеліктелуімен.
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістері еңбек тәртібін сақтау құралдарының әкімшілік жүйесі, олардың орындалуын бақылау, ауызша және жазбаша түрде берілетін жылдам нұсқа, бұйрық арқылы басқарылатын объектіге тікелей ықпал жасайды. Олар ұйымдастырудың айқындылығымен еңбек тәрбиесін қамтамасыз етуге белгіленген. Бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілерімен реттеледі.
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістерінің көрінісінің 3 түрі бар:
- міндетті жазылым ( бұйрық, тыйым және т.б. )
- келісімділік түрі ( кеңес, мәмілелердің рұқсаты )
- кепілдеме, тілек ( кеңес, түсіндіру, ұсыныс және т.б.)
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістердің барлық түрі бір жүйеде болады: бұл жоғарғы тұрған басқару мүшелерінің бұйрықтары және тікелей тапсырма, олар заңдар мен қаулылар, өндірістік үрдістерді оптимизациялау мақсатындағы басқарушылардың жарлықтары мен бұйрықтарын сақтауға бағытталған.
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістерін басқа әдістерден ерекшелейтін директивтердің анық мекен – жайлығы, бұйрықтар мен нұсқаулардың орындалуының міндеттілігі, бұлардың орныдалмауы орындаушылық дисциплиналардың тікелей бұзышылығы ретінде қаралады және белгілі бір жазалар тағылады. Нақты мазмұн бойынша, ұйымдастыру — әкімшілік әдістер – бұл зорлау әдістері, олар еңбек – адамның ең бірінші өмірлік қажеттілігі болғанға дейін өз күшін сақтайды.
Ұжымдағы қызмет ететін басқару әдістеріне байланысты оларға сәйкес келетін бағындыру жүйесі қалыптасады. Бұндай бағындыру түрі ең ақ жарқын мазмұнда болу керек ұжымда прогреске себеп болу керек, және керек қорлық , қолайсыз жағдайларды, тітіркену, кейде стресс сияқты эмоцияларды туындырмау керек, себебі олар басқаратын және басқарылатын жүйелер арасындағы кез – келген арақатынастарды алшақтатады.
Практикада басқару әкімшілік әсері ереже бойынша 3 түрлі бағындыру түрімен байланысты:
- амалсыз және сырттай көндіру, бұл жағымсыз тәуелділік сезіммен бірге жүреді және бағынушылардың түсінігі бойынша « жоғарыдан» қысым боп табылады.
- пассивті бағындыру, бұған өз бетімен шешім қабылдаудан босатылуға байланысты қанағат тән.
- сезінген ішкі тұрақталған, бұл жетекшіні де, бағынышты да қанағаттандырады.
Ұйымдастыру — әкімшілік басқару тәсілдерін қолдану басқарылатын жүйе дамуны және тіршілігіне жағымды жағдай жасайды, басқару обьетісіне мақсатты әсер етеді. Тікелей әскер етудің мазмұнды ерекшеліктеріне жетекші мен бағыныштының тікелей байланысы жатады. Бірақта тікелей әсер ету ақырында бағыныштылардың пассивтіліктерінің күшеюіне, ал кейде жабық түрде көнбеушілікке әкеледі. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асатын әсер етудің әдістері өте нәтижелі.

Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері. Еңбектің нәтижесі көп жағдайда психологиялық факторға байланысты екендігі белгіленген.
Осы факторларды ескере білу және олар арқылы мақсатты түрде жеке жұмысшыларға әсер ету басқарушыға бір мақсатты және шешімді ұжым құруға көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер шаруашылықты басқарушының ісінің табысы 15 % — мамандықты жақсы білуіне байланысты да, 85 % — адамдармен жұмыс істей алатындығына байланысты

12345
скачать работу

Қонақ үй туристік кешендер менеджменті.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ