Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қонақ үй туристік кешендер менеджменті.

ық болуы шарт.

Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметін ұйымдастыру

Қонақүй тарапынан демалушылардың алғашқы пікірін қабылдау және оррналастыру қызметтерінен басталады. Қонақүй қызметін тұтынушылармен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады. Олар:
1. Алдын ала орынға сұраныс беру (брондау);
2. Қонақтарды қабылдау, тіркеу және орналастыру;
3. Қонгақжайлылық және тамақтану қызметін ұйымдастыру;
4. Тұрғындарға басқаша қосымша қызметтер көрсету;
5. есеп айырысу және чек беру;
6. шығарып салу рәсімі.

Көмекші қызмет көрсету саласына бизнес орталығы, шаштараз, сұлулық салоны, магазин және тағы басқалары жатады. Осы айтылғандар кешенді түрде ұйымдастырылса, тұтынушылар тарапынан айтылатын кемшіліктер болмайды және қызмет көрсету дәрежесінің жоғары болғандығын көрсетеді. Алдын ала орынға сұраныс берумен тұтынушыларды орналастыру, қабылдау мен кезекші адмимнистратормен, портье, есеп айырысу кассирі, төлқұжат тіркеуші айналысады. Қабылдау және орналастыру қызметкерлерінің жұмысы кәсіби стандартқа, талапқа сай орындалуы тиіс. Қабылдау және орналастыру қызметі көпшілік қонақүйлерде ағылшынша «reception» деп аталады.
Портье қызметі бөлме кілттерін қонақтардың қолдарына беру, тіркеу, кіру карточкасымен таныстыру міндетіне жауап береді. Сонымен бірге, қосымша қызмет, ақпаратты анықтама беру және алумен айналысады. Қонақүйдегі брондау өтініші жазбаша түрде беру арқылы телефон және компьютерлік әдіспен сайт жүйесі арқылы жүргізіледі.
Шетелдік қонақтарды қабылдау барысында виза мәселесіне басты назар аударады. Визалар жеке, топтық бірреттік пайдалануға, студенттік, кіріп шығуға және транзиттік болып бөлінеді. Ал бұлардан басқа ерекше аталып өтілетін елшілік визасы, қызмеет бабындағы арнайы тур және жарнамалынған әйгілі виза түрлері болады.

Қонақ үйдің тамақтану жүйелігін басқару

Орналастырудың негізгі функциясына уақытша қоныспен қамтамасыз етіп, қонақтардың көңіл көтеру және тамақтану жағдайына көңіл бөлу. Үлкен қонақ үйлер қонақ үй иелері және атқарушы директорлары ( менеджерлер ) арқылы басқарылып, оның әрқайсысы қабылдау және орналастыру қызметі, нөмірлік қор қызметі, тамақтандыру, маркетинг т.б. қызмет түрлерінің негізін атқарады.
Қонақ үйдің тамақтандыру кешенінің қызметі – бұл үй бас директорының жетекшілік есебіне кіретін, басқарушы директоры бар жеке жүйелі бөлім.
1. Бас директоры
2. Тамақтану кешенінің директоры
3. Бас аспазшы
4. Көпшілік мереке не банкет өткізу бөлімінің меңгерушісі
5. Мейрамхана және жинастыру және ыдыс жуу бөлімінің меңгерушісі
6. Бар менеджері
7. Нөмірлерде қызмет көрсету қызметшісі
8. Банкеттік менеджер
Тамақтану кешенінің директоры мына қызмет бойынша бақылау жүргізеді:
- асхана жұмыстарын;
- буфеттер жүйесіндегі жұмыстар;
- банкеттік қызмет түрлерін;
- мейрамханаларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- нөмірлерде қызмет түрлерін;
- мини – барларды жабдықтау не қажетті азық – түлік қамтамасыз ету;
- бөлмелерде не демалыс зоналарында қызмет көрсету;
- қонақтарға барларда қызмет жасау;
- ыдыс жуу және бөлме жинастырушылардың жұмысын жүргізу.
-

Қонақ үйдегі мейрамхана асханасын басқару

Қонақ үй асханасына бас аспазшы жетекшілік етіп, оның бірнеше орынбасарлары асхана жұмыстарын ұйымдастырып, тамақ дайындаудың сандық сапалық жақтарына жауапкершілік міндетін атқарады. Ол қаржылық смета құрып, әкімшілік функциясын орындайды. Бас аспазшы тек қана тұтынушының сұранысын орындап қоймай, оның сапалы дайындалуымен ұсыну рәсімдерін қанағаттандыруы шарт.
Бас аспазшы мейрамханалардағы тамақ түрлерін жасауда және жоспарлауда маңызды рөл атқарады.
Тағам түрлері (меню) – мейрамхана жұмысының қол жеткізген табысы болып, тағам түрлерінің көптеген типтері бар.
Бас азпазшының каталогы немесе тағамдардың фирмалық түрлері – бұл қымбат қонақ үйлердегі мейрамханаларға тән сипат.
«Аля карт» тағам түрлері – бір кісіге арналып жасалған, жеке бағасы көрсетілген тағам. Сонымен бірге, бұл астық түрін еркін таңдау сұранысы арқылы жүзеге асырылады.
«Табль ход» тағам түрі – белгіленген баға бойынша әрбір ас түрінің бір немесе бірнеше варианттары таңдалып ұсынылады. Мұндай тағам түрлерінің типтерін негізінен Еуропа елдерінің қонақ үй мейрамханаларында пайдаланылады. Оның артықшылығы қонақтардың тұжырымдауынша, өте үнемді және бағасына сәйкестік жасайды.
«Дю жур» тағам түрі – кезекшіліктегі астың қатарына еніп, күндізгі, әйгілі, арзан және дайындалуы өте тез астың қатарына енгізілген.
Туристік тағам түрлері — әсіресе туристердің көңілін аудару үшін, оның арзандығына және қуаттылығы мен жұғымдылығына, сапалығына назар аударады. Туристік тағам түрлері бірнеше рационды құрап, 4,3 және 2 уақыт тамақтануды жоспарға енгізген.
Жалпы тағам түрлерін құру, өте күрделі шаруалардың бірі. Дегенмен, мейрамхана бизнесінде мынандай факторларды ескерусіз қалдыруға болмайды:
- келушілердің талғамы және тілегі;
- аспазшылардың классификациясы;
- құрал-жабдықтардың түрі және қуаттылығы;
- баға және бағалық стратегия (құны және пайда үлесі);
- жұғымдылық бағалануы;
- түсетін пайдасы;
- тұжырымдау нақтылығы;
- тағамның түрлерінің сапа сараптамасы;
- тағамдардың сыртқы безендірілуі.
Бас аспазшы туристік кешен немесе қонақ үй саясатына сәйкес асхананы басқарып, табыс көзіне ие болуды негіз мақсатқа санайды. Кейбір қонақ үй компаниялары бас аспазшыны менеджер санатына енгізсе, ал кішігірім қонақ үйлерде тамақтану кешені директорының функциясын атқарады.

Қонақ үйдің мейрамхана және барларын басқару

Бір қонақ үйде бірнеше мейрамхана тізбегі болуы мүмкін немесе жүлде жоқ болуы ықтимал. Мейрамханалар өздерінің типтеріне қарай, бір-бірінен айырмашылық жасайды. Белгілі қонақ үй жүйелігіне қарайтын үлкен қонақ үйлерде екі мейрамхана болады – біреуі өте қымбат, ал екіншісі – кішігірім кафе типтес. Олар қонақ үй тұрғындарын және сырттан келушілерге қызмет көрсетеді. Соңғы уақытта келушілер талабының өсуіне байланысты, тамақ дайындау сапасының деңгейін көтеру және өнегелі қызмет көрсетуді мақсат етуде. Сонымен қатар, мейрамханалардың жоғарғы талаптарының бірі, өте тәжірибелі мамандарды топтастыру.
Басқа мейрамхана типтері тәрізді, қонақ үй мейрамханаларын менеджерлер басқарады.
Мейрамхана менеджерінің міндеттері:
- келушілерге жоғары сапалы қызмет түрлерін көрсету;
- қызметкерлерді жалдау, оқыту және оларды ұтымды пайдалану;
- бөлмелерде, мини-барларда, коктейль-барларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- маркетингтік зерттеу жүргізу;
- тамақтану кешенінің келесі аптаның, айдың, жылдың бизнес бағдарламасын бюджеттік есепке алуына ұсыныс жасау.
Тұрғындардың санына қарай, әрбір нақты таңертеңгілік, түскі және кешкі асқа, қана тағам және сусындарды дайындау мүмкіндігін есептеу.
Қонақ үйдің тамақтану кешенінің қызметін тұтынушы қонақтарды, әдетте қамту деңгейі деп атайды.
Сонымен бірге, банкет ұйымдастырушылар, әртүрлі мерекелерді атап өтушілерде тамақтану кешенінің негізгі табыс көзі бола алады.
300 нөмірден астам қонақ үйді басқарудың құрылымдылық жағдайы жоғарыда келтірілгендерге сай келеді. Міндетті түрде мұндай қонақ үйлерде тамақтану кешенінің түрлері өте ауқымдылық көрсеткішіне ие. Ірі қонақ үйлерде негізгі фирмалық мейрамхана болады және күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі ас ішетін орта дәрежелі кафелерде қызметтерін ұсынады. Фирмалық мейрамханалар көп жағдайда банкеттермен лауазымды қонақтарды қабылдауға немесе сьезд, конференция мүшелеріне қызмет көрсетуге жиі пайдаланылады.
Қонақ үй барлары мейрамхана менеджерлерінің үнемі қырағы бақылауында болуы шарт. Қонақ үй барларында күні бойы шаршаған қонақтар, демалыстарын көңілді әрі ұтымды, әрі әсерлі өткізуге мүмкіндік жасалуы қажет. Бұл өте ұтымды, себебі тағам түрлерінен гөрі, сусын түрлері өте ұтымды келеді. Көлеміне қарай барлар бөліну түрлері:
1. вестибюльдік;
2. мейрамханалық;
3. мини-барлық;
4. түнгі клубтық.
Вестибюльдік бар – кедесуге өте ыңғайлы орын.
Мейрамханалық бар – оңаша, еркін демелысқа арналған орын.
Көмекші бар – кейбір өте қонақ үйлерде қосымша барлар тізбегі орналасқан саудалық қызметін атқаратын орын.
Банкеттік бар – тек бакеттер мен конференцияларға қызмет көрсетуге арналған.
Бассейн маңындағы бар. Курорттық қонақ үйлер бассейнсіз болмауына байланысты, бардың бассейннің жағалауында орналасуы қонақтарға комфорттылық жағдайын туғызады.
Мини-барлар – кез-келген уақытта нөмірлердің тоңазытқышында орналасқан мини-бар.

Мейрамхана залдарында қонақтарды күту

Мейрамханаларда негізгі басқарушы және ұйымдастырушы метрдотель немесе мейрамхана менеджерлері деп аталады. Метротельдық негігі жұмыс барысына сауда орындарының жағдайындағы: тазалықты, құрал-жабдықтарды, залдың безендірілуін, нарық жағдайын және оның қалыпты жұмыс істеуіне ат салысады.
Міндетті түрде бірінші болып, қонақтарды метрдотель күтіп алады, олардың ұсыныс, сұрақ, талаптарын тыңдап, мүмкіндігінше көңілден шығуы шарт.
Мысалы, ағылшындарша дайындалған тағамды арнайы сүйреме арбашада алып жүрудің өзі көп жаттығуды талап етеді.
Мұндай қызмет түрлерін ұйымдастыру үшін толық бригада қызметшілері қатысу қажет. Оларға:
- мейрамхана менеджері;
- аға даяшы;
- төрт столға жауапты даяшы және т.б.
Тәжірибелі даяшы қонақтардың қас-қабағына қарап, оларға көрсетілген қызметке ризашылығын анықтайды.
Метрдотель түсінбеушіліктің үнемі даяшылар және асхана қызметшілері, бармен және т.б. қызметкерлерді

12345
скачать работу

Қонақ үй туристік кешендер менеджменті.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ