Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Конституция – Қазақстан Республикасының демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының негізі



 Другие рефераты
Конституция тұрақтылықтың кепілі Қазақстанның конституциялық дамуы мәселесіне Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық тұрақтылықтың және ұлттық бірліктің негізі Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізудің саяси құқықтық негіздері

Еліміз 70 жыл ішінде Кеңес Одағы жүргізген аяусыз қанау тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ,  ол отанымыздың құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуымызға кері әсерін тигізді. Құқықтық мемлекет құру мен  қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан   тұру  жолынан да жақсы байқалады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты еңбегінде “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр”, – деген сөзі бар. Республиканың конституция тарихына үңілгенде тарих тол­қы­нындағы айтылған қазақ құқы­ғының тарихында бізге аңыз бойынша жеткен Қасым мен Есім хандар­дың есімдеріне байланысты ай­ты­латын “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” және Тәуке ханның “Жеті жар­ғысы”. “Жеті жарғыға” ХVІІ ға­сыр­дағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік өмір қажеттілі­гі­нен туған қаулылар еніп, қазіргі көзқараспен айтқанда дала кон­с­ти­туциясы құқығына ие болған.

Жиырмасыншы   ғасырдың алғашқы жартыжылдығында “Алаш” партиясы бағдарламасы­ның жобасы 1917 жылдың 21 қара­ша­сын­да қабылданған, Қазақстанның бірінші Конституциясы  СССР құрылған соң 1925 жылы 18 ақпандағы ҚазАССР Орталық атқарушы комитеттің қаулысының нақты редакциясымен және Қазақстан РСФСР қол астында болғандықтан 1925 жылғы РСФСР Конституциясының  есебімен қабылданды. Аталмыш негізгі заң басқару формасын, мемлекет құрылымын, саяси тәртіпті, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-басқаратын органдардың құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау құқықтарының белсенді және енжер бастау негіздері анықталды. Аталмыш Конституцияға сәйкес  Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика болды.   Қазақтың  Советтік Социалистік Респуб­ли­ка­сы­ның 1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ СССР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды.   Конституцияда  азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу      (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы. Демек, бұл конституцияның нұсқасы демократиялық мемлекеттің принциптеріне жақын келеді. Бірақ, Кеңес Одағының құрамында болғандықтан бұның бәрі тек формальді құжат жүзінде қалды.    1937 жылғы 26 наурыз­дағы және екінші жартыжылдықта қабылданған Қазақ КСР-нің 1978 жылғы 20 ақпанда республиканың Жоғары Кеңесі шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Қазақ СССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады қабылданған  конституция тарихтан белгілі. Демек, Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін де демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының бастапқы көріністері байқала бастады. Америка Құрама Штаттары өз конституциясына екі ғасыр бойы өзгеріс енгізбеген екен деген пікірді айтып жатады. Америка ешкімнің боданында болған жоқ. Әрине, әр мемлекеттің құ­рыл­ған кездегі жағдайы әртүрлі болады. Сондай-ақ, ұстанған бағыттары да әртүрлі. Біздің мемлекетіміз бұрын Кеңес одағының құрамында болып келді. Ол жүйеден шығып, өз алдына тәуелсіздік алған тұста бірден дамыған елдердің ұс­танымындай талаптарды қоя алмайтыны белгілі болды. Оған қарамастан, 19 жыл ішінде Қазақстан аяққа тұрып, халықаралық аренада өзін демократиялық қағидаларымен көзге түсе бастады. Оның көрінісі ретінде, 2010 жылы ЕҚЫҰда төрағалық етуіміз. Біз білетініміздей бұл халықаралық ұйымның негізгі қағидаларының бірі демократиялық ұстаным болса керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты  Қазақстан Республикасының негізгі заңы — Конституция болып табылады.

КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағанына қарамастан заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрды. Сөйтіп,  Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы  Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев деп толық сеніммен айтуға болады. Тәуелсіз Қазақстанның конституциясының құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары —Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар.  1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. Бірақ, көп ұзамай 1993 жылғы Конституция саяси,  құқықтық негізге келмей, жана Ата заңымыздың жобасын құру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы  1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылы қабылданған Конс­титуция еліміздің стратегиялық мақсаттарын айқын анықтаған Ата заң болды. Конституцияда айтыл­ған және іс жүзінде нақты нәти­же­сін берген Қазақстанда демо­кратиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекетті орнық­тырумен қатар мемлекеттің басты мақсаттарын, яғни мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылығы – адам, адам өмірі, құқықтары мен бос­тандықтарын белгіледі. Мемле­кет­тік биліктің үш буыны – заң шы­ғарушы, атқарушы және сот билігі – осы үш буынның біреуіне де жат­пайтын басқа да ерекше ор­ган­дар бар екенін осы конституция заңдастырды. Оларға жататындар – конституциялық Кеңес, Бас прокуратура. Олар белгілі дәрежеде аталған мемлекеттік билік буындарына байланысты тежемелік құрал ретінде айқындалады.

1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі  өзгерістер енгізілді. Жаңа Конституция бойынша: «1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.» – деп көрсеткен.   “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Еліміздің тәуелсіздігіне 19 ақ жыл толып отыр. Соған байланысты жас мемлекетіміздің демократиялық, құқықтық жағдайы біртіндеп дамып келеді. Оның көрінісі, Конституцияның келесідегі баптарында көрсетілген: «3-бап 1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық. 2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. 14-бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды. 16-бап 1. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. 17-бап 1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. 18-бап 1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 19-бап 1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. 2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар. 20-бап 1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады.» Жоғарыда келтірілген жекелеген баптар тек кағаз жүзінде қалып отырған емес, іс жүзінде да көруге болады. Мәселен,  АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитінде Ақ үйдің кеңесшісі Майк Макфолдың АҚШ Президенті Обаманың ядролық қауіпсіздік мәселелерінде «оған теңелуге ұмтылуға лайық көшбасшылардың бірі» және Вашингтондағы саммит «оның қатысуынсыз өтпес те еді» деп сипаттады, деген мәлімдемесі көп жайды аңғартары анық. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның «Қазақстан ядролық қарусыздануда ерекше артықшылығын аңғартуда. 1991 жылы Пре

12
скачать работу


 Другие рефераты
Клиническая психология: предмет, задачи, виды диагностики
Оценка обстановки при чрезвычайных ситуациях
Табиғи ресурстарды тиіміді пайдалану
ДЕТИ И МУЗЫКА


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ