Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізудің саяси құқықтық негіздері
Другие рефераты
Жақында Астана қаласында, конституциялық кеңес міндеттері мен мүдделері жайлы қысқаша брифинг болып өткен еді. ҚР бас прокурорының орынбасары Конституциялық кеңес өз қаулыларын қайта қарау немесе алып тастау жөнінде бастама көтере алмайды дегеген пікірде. Бұл туралы ол бүгін Ата заңға енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің 16 нормативтік қаулысын қайта қарау, толық немесе жартылай алып тастау мәселесі талқыланған кеңесте мәлімдеді. «Конституцияның «Конституциялық кеңеснің өкілеттігі» атты бөлімінде кеңестің өкілетіліктері нақты айқындалған, ал Ата заңның 72-ші бабында Конституциялық кеңесте қаралатын мәселелерге бастама көтететін субьектілердің тізімі нақты келтірілген», — деді А. Дауылбаев.
«Егер, Конституцияның 72-ші бабына сілтеме жасайтын болсақ, Кеңестің алдына қаралатын мәселелерді қою құқығына ие субьектілердің тізімі қатаң айқындалғандықтан Ата заң Кеңесті өз бастамасы бойынша ешбір шешім қабылдай алмайтын, пассивті органға кездейсоқ айналдырмаған болса керек. Бұл тізім Конституцияда түбегейлі көрсетілген және оған кеңейтілген түсініктеме беруге болмайды», -деп санайды ол. «Конституциялық кеңес конституциялық орган болып табылады, парламент, президент, үкімет секілді органдар мен институттардың өкілеттілігі Конституция шеңберінде өте айқын белгіленген. Егер Конституция оларға қосымша өкілеттілік беруге мұрсат беретін болса, оны ол тура атап көрсетеді, бұл институттарда заңда көрсетілген қосымша өкілеттіліктер берілуі мүмкін деп айтады», — деді бас прокурордың орынбасары. Алайда, оның айтуынша, Конституцияда айтылғандай, «заңда көрсетілген басқа да өкілеттіліктер берілуі мүмкіндігі» көрсетілген президентпен салыстырғанда Конституциялық кеңеске қатысты оның өкілеттіліктері аясының кеңейтілу мүмкіндігін Ата заң бермеген. «Бұл заңнамадағы ақтаңдақ екенін мен түсінемін, ол заң нормаларымен емес Конституция нормаларымен жойылуға тиіс, атап айтсақ, «Конституциялық кеңес туралы» конституциялық заңмен түзетілуге тиіс»,- деді ол. Ал Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов өз кезегінде ҚР бас прокурорының орынбасарының пікірімен келіскен жоқ. «»Конституциялық кеңес туралы» конституциялық заңға сәйкес, шешімдері мен қаулыларын кеңестің өзі егер шешімге негіз болған немесе шешім қабылданған кезде Кееңске беймәлім болған елеулі жайттар жаңаша шағымдануға түрткі болатындай Конституция нормасы өзгергенін Кеңес айқындаған жағдайда өз шешімдері мен қаулыларыфн кеңес өз бастамасымен қайта қарай алады», — деді ол. «Елімізде өз шешімін өзерте алуға құқығы жоқ бірде-бір мемлекеттік орган жоқ, президент те, парламент те жаңа заң қабылдай алады, Жоғарғы сот та өз шешімін өзгерте алады», — деді ол. «Қаралып отырған мәселе жеткілікті деңгейде айқындалған, Конституциялық кеңес шешім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетеді, түпкілікті шешім қабылданатын орын мен уақыты жайлы біз қосымша хабарлайтын боламыз, — деді И.Рогов. [1]
Бұдан бұрын хабарлағанымдай, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заңның қабылдануына байланысты елімізде қолданыстағы заңдар, үкімет қаулылары мен басқа да құқықтық нормативтік актілерді жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру мақсатымен Конституциялық кеңестің бүгінгі отырысында кеңестің 16 нормативтік қаулысын қайта қарау, толық немесе жартылай алып тастау мәселесі талқыланды.
«Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007ж. Жолдауындағы жаңалықтарға ерекше тоқталғым келіп тұр. Өткен 2007 жыл Қазақстанның конституциялық дамуы, саяси жүйені жетілдіру және елдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту үшін айтулы жыл болды. Жүргізілген конституциялық реформалар нәтижесінде саяси партиялардың ролі арттырылды, Парламенттің өкілеттігі кеңейтілді, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына жол ашылды, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының байланысы күшейді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың соттық және өзге де механизмдерін жетілдіруге жағдай жасалды. Бұл орайда, Республика Президенті тарапынан қазіргі кезеңде қойылып отырған басты міндет – конституциялық новеллаларды құқықтық заңдастыру және елдің бүкіл заңнамалық базасын жаңартылған Негізгі Заңға сәйкестендіру болып табылады.
Осы мақсатта Конституциялық Кеңес өз бастамасымен конституциялық іс жүргізу қозғады және 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 нормативтік қаулымен, Негізгі Заңның бұрын қолданылып келген нормаларына негізделген өзінің бірқатар қорытынды шешімдерін қайта қарады. Конституциялық Кеңестің күші жойылған қаулыларында Президент сайланатын мерзімді өзгертуге, Парламенттің өкілеттігіне, оның депутаттарының саны мен оларды сайлау тәртібіне, кейбір мемлекеттік органдарды құру рәсіміне, сот қызметіне және құқық қорғау жүйесіне, жергілікті мемлекеттік басқаруға және өзін-өзі басқаруға, сондай-ақ тұтқындауды және қамауда ұстауды санкциялауға қатысты құқықтық позициялар болатын. 2008 жылғы 7 ақпандағы № 1 нормативтік қаулымен Конституциялық Кеңес, Қазақстандағы аралық соттардың қызметі және олардың шешімдерін орындау тәртібінің мәселелері жөніндегі 2002 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулыны, сондай-ақ осы қаулының негізінде қабылданған 2002 жылғы 12 сәуірдегі № 1/2 қосымша қаулыны қайта қарап, толық көлемінде күштерін жойды. Бұл аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төреліктің қызметін реттейтін ұлттық заңнаманы жетілдіруге, шаруашылық дауларын соттан алдын реттеу мүмкіншіліктерін кеңейтуге және баламалы сот төрелігі институттары негізінде кәсіби судьялардың жұмысбастылық проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Конституциялық Кеңес барлығы болып 13 нормативтік қаулыны өз бастамасымен қайта қарап, толық көлемінде, 5 қаулының – ішінара күшін жойды. Бұл ретте, конституциялық жаңалықтарға сәйкес келмейтін жекелеген ережелерін алып тастағанда Конституция нормаларын түсіндірудің ішкі қисыны мен өзара байланысы, мазмұндылығы мен мағынасы жоғалмаған қаулылар ішінара қайта қаралып, күші жойылды. Шығарылған шешімдерді орындаудың тәртібін айқындай отырып Конституциялық Кеңес, қаулыларды қайта қарау конституциялық емес деп танылған заңдарға Республика Президенті қол қоюы немесе оларға заңдық күш қайтарылуы мүмкін екендігіне әкеп соқтырмайды. Мұндай заңдар Конституцияда және заңнамалық актілерде көзделген рәсімдердің бәрін сақтай отырып қана қайта қабылдануы мүмкін, деп атап көрсетті.
Конституциялық Кеңестің қайта қаралған қаулыларының бәрі осыдан бұрын Негізгі Заңның күші жойылған немесе өзгертілген нормалары негізінде қабылданған болатын. Бұл қаулыларда болған құқықтық позициялар қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастауды, Парламенттің өкілеттігін, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін, Үкіметті және өзге де мемлекеттік органдарды құру тәртібін өзгертуді көздейтін конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтін. Конституциялық Кеңестің өз актілерін қайта қарауға бағытталған шешімдері мемлекеттік институттардың мән-мағынасын, мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларының мақсатын, сондай-ақ оның азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекеттесуі принциптерін тұжырымдамалы түрде жаңаша байыптауға жол ашады, олар, қажет болғанда, конституциялық реформа нәтижелерін ескере отырып қайтадан түсіндірілуі мүмкін.
2007 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бұдан бұрынғы жолдауы оқылған күннен бері Конституциялық Кеңес Республика Парламенті депутаттарының және соттарының өтініштері бойынша басқа да, солардың ішінде, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, нормативтік қаулылар қабылдады. [2]
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі, Парламент пен оның Палаталарының жаңа өкілеттіктеріне, оларды құру тәртібіне, сондай-ақ жаңа конституциялық талаптарды ескере отырып басқа да бірқатар мәселелерге қатысты конституциялық нормалардың қолданысқа енгізілу тәртібін айқындайтын Конституция ережелерін түсіндіру мақсатында үшінші сайланған Парламент Мәжілісі бір топ депутаттарының Конституциялық Кеңеске жүгінуіне негіз болды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы» 2007 жылғы 18 маусымдағы № 7 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес, Парламенттің және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкілеттіктері үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі, Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталған кезде де, Республика Президенті оны таратып жіберген жағдайда өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде де осылай істеу мүмкін болады, деп атап көрсетті.
Тиісті мемлекеттік органдардың Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын уақтылы орындауы және жыл сайынғы жолдауларын жүзеге асыруы елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін бағалаудың маңызды элементі және оны қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Конституциялық Кеңестің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 5 нормативтік қаулысында тұжырымдалған құқықтық көзқарастарды ескере отырып, Парламент 2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелер
| | скачать работу |
Другие рефераты
|