Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорқыт ата

й тартып, сарын айтып жүретін қарияларды «Жиренше» не «Сары абыз» деп атаған», – деген сөзінен Қорқытқа да қатысты сәуегейлік пен қобыздың маңызды екенін ескертеді.
Шындығында, Қорқытты халық арасында тек бақсы емес, әулие деп тану да бар. Бұл ойды дәлелдеуге әзірбайжан мәтінінің де көмегі бар. Қорқытты мың жыл өмір сүрді деп баяндайтын әзірбайжан әпсанасында ол ғажайып туу сарыны бойынша таныстырылған. Мәтін бойынша, топан су басқан кезде Нұқ баласы Түрік жалғыз (Бұл Әбілғазы баһадүр шежіресінде де бар, оны Ш.Құдайбердіұлы да пайдаланған. Сондықтан әзірбайжандық әпсанаға шежіренің ықпалы бар деп айтуға болады) өзі бір қошқар мен бір саулық қой алып, кемеге мінбей, жағада қалады. Малы көбейіп, бүкіл аймаққа жайылады. Уақыт өте бір қасқырдың қойларды жеп жүргенін біледі, бұл оның құрғақ жер тауып шығуына жолбасшы болатын тотемдік қызметімен астарлас ойды да білдіреді. Сөйтіп, осы кезге дейін шағын аралда жүрген Түрік кең далаға шығып, мамыражай күй кешеді. Бірақ жалғыздықтан қиналған ол бұрын қасқырмен кездескен жерге барады. Ол жер бұрынғыша айналасының бәрі су күйінде тұр. Ол жерден тірі пенде кездестіруден үміті қалмаған ол біреудің өзіне жақындап келе жатқанын сезеді. Көз алдына қыздың елесі тұрады, ол келе сала Түрікпен алыса кетеді. Сөйтсе, бұл су перісі болып шығады. Түрік оның сұлулығын көріп, аяушылық тілеп, «Аман ғыз!» деп айтып, бұл сөз кейін ол қыздың есімі сияқты айтылады. Архаикалық шығармаларға тән қыз бен жігіт арасында жекпе-жектің бірнеше рет өтуі мұнда да орын алған. Әуелі қыздың басымдылығы көрінеді, бірақ, ақыры, Түрік жеңеді де, су перісін жағаға алып келеді. Екеуі бірге түнейді. Түрік ұйықтаған кезде Аманғыз қашып кетеді. Қыздың сұлулығына тәнті болған Түрік Аманғызды бір жыл бойы сол жерде күтеді. Бір жерден жылтыраған от көріп, барса, суға батқан Аманғыздың өлі денесі мен қасында жылап жатқан нәрестені көреді. Мұнда, бір жағы, Көрұғлының көрден шыққаны еске түседі. Алайда бұл мәтіннің айтар ойы сәл өзгешелеу болғанымен, түп-тегінде көрден шығу мен өлі денеден шығудың өзінде де кейіпкердің басқа әлеммен байланысын айқындайтын наным болуы керек. Түрік сәбиді қолына алса, оның денесі айналаға жарық сәуле шашып, жап-жарық етеді. Бұл Қорқыт Ата екен [19, 275-б.]. Демек, бұл мәтін Қорқыттың туысын ерекшелеуден туған. Оның шешесі қарапайым адам емес, су стихиясымен байланысты көрсетуде де тылсым күштің араласы болғандығына мән беруден шыққан. Есімі Тәураттан белгілі Моисей Синай тауында Құдаймен сөйлескеннен кейін жүзінен нұр шашып тұрған. Ал А.Н.Афанасьевтің: «Әулие – жарық» [20, 138-б.], – дегені славян фольклорынан да үндестік табуға көмектеседі. Дегенмен Қорқытта ислам әулиесіне тән сипаттар жоқ. Қорқыттың денесінен от шығып, айналасын жарқыратып тұруы классикалық діндердегі әулиелер мен пайғамбарлардың Құдаймен сөйлескеннен кейін жүздерінің нұрлы болуынан бөлек. Ал періштелердің жүзі нұрлы болуын Рабғузи: «Хақ періштелерді – оттың нұрынан, жын-періні оттың жалынынан жаратты» [21, 5-б.], – деген сөзінің мәнін тереңнен іздесек, ислам діні, әрине, архаикалық мифологиялық түсініктерді өз мақсаттарына жаратқанын ойлап, оттың қасиетті саналғаны арийлік заманнан бастау алатынын, сондықтан Қорқыттың (адамның) жүзінде оттың нұры болуының да, әулие типінің түп-тамырын да осындай ерте заманнан бастауға мүмкіндік береді. Бұған тағы бір дәлел – әулие ағаштар мен әулие көлдердің болуы. Олардың пайда болуында ислам немесе басқа классикалық діндердің ықпалынан бөлек, фетиштік нанымнан тамыр тартқан түсінік бар. Әулие ағаштарға шүберек байлаудың мәні Жер-Ананың образдық бір түрі ағашпен байланысты қабылданғандықтан, оған жалбарынғанда адамдар тілектері қабыл болу үшін оны киіндіріп, көңілін табу ниетінен жасалғаны анықталды.
Гильгамештің өлгеннен кейін жерасты әлемінде төреші болуы, ал Геракл атақты ерліктерін жасағаннан кейін Зевс тарапынан құдай санатына қосылған себепті (кейбір нұсқаларда ол өлген деп те айтылады) «жартылай құдай, жартылай адам» типінде атаған П.А.Гринцер оларға қатысты ұқсас сарындарды айқындаған [22, 32-б.]. Бұл ұқсастықтар белгілі дәрежеде Қорқытқа да қатысты екенін байқауға болады.
1. Екеуі де дүниені шарлап шыққан. Гильгамеш «все видавший до края мира» деп аталған, Геракл он екі ерлік жасау жолында бүкіл әлемді шарлаған. Қорқыт та ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлаған.
2. Гильгамеш те, Геракл де – атлет. Қорқыт өлгенде денесі көрге сыймай жатуы оның дене бітіміндегі осындай ерекшелікті танытады.
3. Гильгамеш те, Геракл де арыстан терісін жамылған. Бұл оларға арыстанның күші дарыған деген поэтикалық тәсілдің астарында тотемдік ой жатуы мүмкін. Бірақ Қорқытқа байланысты бұлай айтылмаса да, Гильгамеш буырқанған арыстанды, ал Гераклдің алғашқы ерлігі Немей арыстанын өлтіргенін Қорқыт атаның Бамсы Бәрікке Бану Шешекті сұрауға келгенде қыздың ағасы Дели Қаршардың ерні көгеріп, көбіктеніп, «Аяқтылардың бұл араға келгені жоқ, ауыздылардың суымнан ішкені жоқ, саған не болды, амалың азды ма, пиғылың бұзылды ма, ажалың келді ме? Бұл арада неғып жүрсің?» – деуі оның типі бөлектігін көрсетсе керек. Мұны Қорқыт атаның:

Қарсы жатқан қара таудан асуға келдім,
Ағынды қара судан өтуге келдім.
Кең етегіңе, тар қолтығыңа паналауға келдім, – дегенінде таудың да, судың да қара болып аталуы оның өлілер әлемімен байланысын көрсетеді. Яғни Қорқыт ата жай құда болып келген жоқ, ол өлімге басын тігіп келген. Ақыры, келгендегі мақсатын білген соң Дели Қаршар қара атына мініп, Қорқыт атаның соңына түседі. Қылышын қолына алып, ұмтыла бергенінде: «Қылыш сермеген қолың құрысын», – деп, қолын қатырып тастауы, оның талап еткен қысырақ көрмеген мың айғыр, інген көрмеген мың бура, саулық көрмеген мың қошқар, құлақсыз, құйрықсыз мың ит, қараша-қараша мың бүрге талап еткенде хан таба алмаған сиқы бөлек ит пен адамның айдауына жүрмейтін бүргені тауып берген. Тек тауып қана қоймай, бүргеге таланып, Қорқыт атаға жалынышты болған Дели Қаршардан ақылы артықтығын көрсетіп, жәндіктен қалай құтылудың амалын айтқан. Бұл оның түрі бөлек образдарға да ықпалы бар деген нанымды көрсетсе керек. Сондықтан «Қорқыт Ата кітабында» Қорқыт Ата өлмеген образ ретінде сомдалған деген қорытынды жасауға болады.
4. Гильгамеш жырындағы Машу тауы «Күннің шығуы мен батуын аңдып тұрған, Жоғарыдан – аспанға, төменнен жердің түбіне жеткен» [23, 57-б.]. Мұндай әлемдерді байланыстырушылық Гераклдің алтын алма іздеп Гесперид бағына барғанда Атластың аспанды иығымен тіреп тұрған қызметі арқылы көрінеді. Су – әлемдерді байланыстырушы болғандықтан, Қорқыттың дария ортасына келіп отыруы да осындай мәнде.
5. Геракл айдаһарды өлтіріп, сонша қиындықпен келген алтын алманы жоғалтып алса, Гильгамеш теңіз түбінен тапқан мәңгі өмір беретін гүлді жыланның кесірінен жоғалтып алады. Яғни екеуі де мәңгі өмірге жете алмай қалған. Қорқыт та жүз жыл бойы ажалдан қашып, жан сақтап жүргенінде жыланның кесірінен өледі. Шындығында, Қорқыт та Гильгамеш сияқты жеке бастың мүддесін ойлайтын сияқты, бірақ дәл осылай қабылдаудың өзі қате болуы мүмкін. Гильгамеш пен Қорқыт бір типке ұқсағанымен, мақсаттарында бөлектік бар. Гильгамешті әулие деп атаған аккадтық бір мәтінде оның жеке өз басының мүддесін ойлап, есімін мәңгі етуді ойлайтыны айтылған. Философиялық үлкен толғанысқа кетсе де, өзінің мақсатына жетуде Күннің өзіне дос (одақтас) болуын сұрайды. Мұндай жағдайды білгеннен кейін Қорқытқа қатысты маңызды жағдай ерекшеленіп шығады. Қорқыт есімімен айтылған мәтіндерде Құдай образы жоқ. М.Әуезовтің 1939-1940-жылдары «Литературный критик» журналына жариялаған «Эпос и фольклор казахского народа» атты зерттеу еңбегінде Қорқытқа қатысты шығарманың жанрын әпсана деп танығаны бүгінгі фольклортану ғылымындағы жетістікпен үндесетінін айта отырып, ол келтірген мәтіндегі «мені тапқан ажал сені де табады» деп айтатын тамыры қурап қалған ағаш пен қаусап құлағалы тұрған құз-жартастың қосылуы немесе көр қазушылардың кездесуі маңызды сарын. Яғни Қорқыттың өлетіні туралы хабар Құдайдың хабары ретінде емес, түс көру арқылы белгілі болуы да бұл сюжеттің ежелгі дәуірде жасалғанының дәлелі.
Башқұрт әпсанасында Қорқыт өзін елшімін деп таныстырады. Бұл мәтінде башқұрттарды Алтайдан көшіріп әкеле жатқанында жолда кездескен біреулер: «Алға қарай жүрмеңіз, келген жағыңызға кері қайтыңыз. Әйтпесе, алдыңызда Сізге арналған көр қазылған», – дейді. Бірақ Қорқыт ол сөзге қарамай, көшті кері қарай бұрмай, Ақеділдің бойына жайғастырыпты [19, 105-б.]. Бұл қазылған көрді кездестіріп, одан қашатын кейіпкер енгізген қазақ мәтінінен кейін шыққан. Өйткені, ажалмен айқасу – ежелгі сарын орын алмаған.
Гильгамеш есімінің этимологиясын анықтауда айтылған біраз пікірді талдай келе, Е.М.Мелетинский оның «баба», «рубасы» (родоначальник) деген мағынада қабылдау керектігін білдірген [14, 410-б.]. Шығыс мифтерін, соның ішінде шумер, аккадтық Гильгамеш эпостарын зерттеуші И.М.Дьяконов оны Урук қаласының әскерибасшысы және абызы деп есептеген [23, 108-б.]. Е.М.Мелетинский Гильгамешті «жартылай құдай» десе де, И.М.Дьяконовтың «абыз» дегендері, бәрібір, бір типті айтқаны. Абыз, әулиелер Құдай деңгейіне жетпеген, бірақ тумысында Құдай араласуы бар тұлғалар. Бұл Қорқытты түсінуге де көмектеседі. Гильгамеш тарихи тұлға екені белгілі болса да, осыншалық мифтік сюжетке кіріккенде Қорқыттың әулие атанғанында ислам дінімен байланыстырмай, отқа табынушылық, Күнге табынушылық кезеңмен сабақтастық болуы. Өйткені, Күнге табыну кезінде де Құдаймен екі ортадағы байланысшы абыздар болғаны үнді мифтерін зерттеушілердің еңбектері арқылы белгілі.

Қашқар таудың басында Қошқар ата,
Өгіз таудың басында Өгіз ата.
Өлі десем, өлі емес,
Тірі десем, тірі емес.
Сол атаның атасы –
Ер

12345
скачать работу

Қорқыт ата

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ