Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КСРО кезіндегі қақтығыстар

ады. Отанын сатты деп табылған В.Саблин ату жазасына кесіледі, ал А.Шеин – сегіз жылға бас бостандығынан айырылады.

1976 жылдың 3 тамызында үкім орындалады: 37-жасар Валерий Саблин атылған.

Бірде американдық журналистер АҚШ-тың қорғаныс министрі, ал оның алдында Орталық Барлау Басқармасының (ЦРУ) директоры болған Роберт Гейтске сұрақ қойып, КСРО-ның құлдырау кезеңі қашан басталғаны туралы пікірін сұрайды. Ол «1975 жылғы кеңестік әскери теңізшілердің көтерілісінен кейін» деп жауап берген.

Грузиядағы ұлттық қозғалыстар әсіресе 70-жылдардың соңғы кезеңінде кең қанат жайды. Сол уақытта билік Мәскеудің нұсқауымен жаңа Конституцияның (брежневтік) жобасында бұрынғы мемлекеттік тіл – грузин тілі деген жазу түсіп қалады. Бұл грузин халқы үшін күтпеген оқиға. Өйткені Ресейге экономикалық және саяси жағынан толық кіріптар болса да, жүздеген жылдар шет елдік басқыншылар мен отарлық езгіге мойынұсынбай ұлттық мақтанышы мен этникалық өзегін сақтаудың символына айналған тәуелсіздіктің бірден-бір қаруы грузин тілі еді. Қай заманда болсын рухани отаршылдық ықпалмен грузин тілінің күресе білгені соншалық, төменгі сыныптың мектеп оқушысы XII ғасырдың ұлы ақыны Шота Руставелидің шығармаларын түпнұсқасынан оқи алатын. Сондықтан да грузин ағайындар ұлттық құндылықты аяққа таптап, оның орнына орыс тілін мемлекеттік тіл етуді өздеріне қорлық деп санады. Осындай себептерге байланысты 1978 жылдың 14 сәуірінде Тбилисидегі партияның Орталық Комитеті ғимараты алдындағы алаңда он мың адам қатысқан (көбі жас жігіттер мен қыздар, студенттер) үлкен манифестация өткізеді. Балконға шыққан Шеварднадзе: «Дети мои, что вы делаете?» десе жастар шулап: «Мы не твои дети! Поезжай в Москву, там у тебя и дети, и родители!» депті. Сосын Грузияның Жоғарғы Кеңесі Кремльдің жасырын нұсқауына қарамай-ақ мәселені дұрыс шешіпті. Ал депутаттар болса мұны 15 минуттық ду қолшапалақтаумен қарсы алған. Шеруге қатысушылар бұл жақсылық хабарды естіп, зор қуанышқа бөленген, масайрап, бойларын шаттық кернеп, тыныштық сақтап, бейбіт жолмен үйді-үйлеріне тараған.

Сөйтіп, Грузия орыс тілінің озбырлығына қарсы күрестің алдыңғы қатарында тұрды. Бұлардан кейін көшеге шыққан көршілері армяндар мен әзірбайжандар да өздерінің ана тілі конституциялық тұрғыда республиканың мемлекеттік тілдері етеміз деген мақсатына жетті. Күрес екі бағытта жүрді: 1) империя үшін және оған қарсы; 2) ұлттық тәуелсіздік үшін немесе оны біржолата жоғалту үшін. Мұны 70-жылдардың соңында кавказдық республикаларда орын алған тіл үшін болған тарихи күреске қатысқан екі жақ та жақсы түсінген еді.

Маусым мен Желтоқсан

60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында әкімшіл-әміршіл жүйе күшейіп, қоғамдық өмірдің барлық саласы орталық комитетке толық байланды. Партия-кеңес басшыларының пролетариат атынан жүргізген үстемшілдігі еңбек адамын меншік пен биліктен ажыратып, зорлық пен зомбылық, заңсыздық әрекет жасауға итермелейді.

Мәселен, Теміртаудағы жағдайды алайық. Бүлік неден басталды? Шілде айының соңғы күнінде кешқұрым шаршап-шалдығып келген шатырлы қалашықта тұратын біраз жұмысшылар тамақ ішеміз десе маңайдағы асханалардың бәрі жабылып қалған. Дүңгіршіктер істемейді. Тым құрығанда су ішейік десе «сендерге осы да жарайды» дегендей, шалшық көлден әкелген бөшкедегі лай судан басқа ештеңе жоқ. Бұған ыза болған жігіттер бөшкені сындырып, асханаларды қиратуға кіріседі. Милиция келіп, екеуін алып кетеді. Ертеңінде жұмысшылар жиналып, ұсталғандарды босатыңдар деп милиция ғимаратын талқандайды, дүкендер мен дүңгіршіктерді бұзады, ойрандайды. Қолға түскендерді ұрып-соға бастайды.

Жұмысшылардың өндірістегі, әсіресе әлеуметтік-тұрмыстық төзгісіз жағдайға байланысты жасаған тәртіпсіздігін басып-жаншу нәтижесінде Қарағанды металлургия зауыты құрылысшыларынан қаншама адам оққа ұшты десеңізші! Бейбіт күндерде әскер күші қолданылып, мылтық атылды, адам өліміне жол берілді. Солтүстік Кавказдан әдейі әкелінген Дзержинский атындағы дивизия жауынгерлері зауыт жұмысшыларын оққа ұшырды.

Бұл оқиға туралы Елбасы Н. Назарбаев былай дейді: «Оның қанша адамды қырғанын әлі күнге дейін ешкім білмейді. Кісі өлімі өте көп болды, оның ішінде талай адам сотталды, атылды. Новочеркасскідегі болған оқиғаны жаңа-жаңа айтып жүр ғой. Сондықтан тоталитарлық жүйенің ол кездегі адамдарға түсірген зардабы өте көп болды. Ол кездегі көп мәселені біз білмейміз. Тек қана қарсы шықсаң, күшпен жаншып, күшпен құрту болды» («Егемен Қазақстан», 5.07.1997).

Алматы. Жадыраған жаз күні. 1962 жылдың 1 маусымы. КазГУ-де жиналыс. Бүгіннен бастап ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің бағасын мемлекет 25-30 пайыздай көтереді екен. Қиындық көре қоймаймыз. Айталық, бір бәліш небәрі пәлен тиын, бір стақан сүт те аз ғана қымбаттайды. Және мұның өзі уақытша шара. Түк емес. Үкімет шешімін қолдаймыз, қоштаймыз. Университеттің комсомол комитеті алдын ала дайындап, «сен сөйлейсің» деген жастар мінбеге шығып, осылай деді. Шынын айтсам, көп жиналыстың бірі ғой деп сол кезде бұған мән бере қоймадым.

Кейін білсек, үкіметтің бұл шешіміне қарсы шыққандар болыпты. Айталық, осының алдында ғана жасалған өнімге төленетін жұмыс ақысының үштен бірін қысқартқан Новочеркасскінің электровоз жасайтын үлкен зауытының ұжымына бұл шара ауыр соққан. Зауыт жұмысшылары директор Б. Курочкинді қоршап алып, енді қалай күн көреміз деп сұрайды. Кәсіпорын жетекшісі болса тұрпайы түрде «ет пен колбасаға ақшаң жетпесе ливерный колбаса жейсің» дейді. Бастықтың жауабы цех цехқа тез тарайды, жұрт қатты ашуланады. «Иә, мұнымен қоймай тағы бізді қорлайды. Оңбағандар!» деп жұмысшылар шеруге шығады.

Көшеде аяқ астынан өткен митингіде Ростов обкомының бірінші хатшысы тобырды тыныштандырғысы келіп, панасыз жастық шағын айтады, балалар үйінде тәрбиеленгенін сөз етеді, бірақ көпшілік оны тыңдамайды.

Келесі күні мыңдаған адам Лениннің суретін, қызыл туды ұстап, «Интернационалды» шырқап, горком ғимаратына барады. «Ет пен май керек!», «Бізге баспана керек!», «Хрущевті етке жіберіңдер!» деген плакаттар ұстайды. Осы кезде қалаға әскер кіреді. Кеше митингіде белсенділік көрсеткендер ұсталып, қамала бастайды. Көтерілісті басу мақсатымен ОК-нің Президиум мүшелері Анастас Микоян мен Фрол Козлов қалаға жасырын түрде жетеді.

Бүлікшілер келесі күні қалалық партия комитетінің ғимаратын басып алады. Зауыт шығарған өнім құны қайта қаралғанша, ет пен сүттің бағасы төмендетілгенше көпшілікті жұмысқа шықпауға шақырады. Тұтқынға алынғандарды босатып, қалаға ОК Президиум мүшелерінің келуін талап етеді. Сол уақытта қалаға танкілер еніп, бейбіт шерушілерге оқ ата бастайды. Нәтижесінде 24 адам өліп, 30 адам жарақат алады. Сотқа тартылған 14 адамның 7-уі өлім жазасына кесіліп, атылады. Барлығы 105 адам әртүрлі жауапқа тартылады.

Новочеркасскідегі оқиға жалғыз емес еді. Ет пен сүт бағасының қымбаттауына байланысты наразылықтар Донецк, Кемерево, Иваново қалаларында және басқа елді мекендерде болып өткен.

1967 жылғы маусымның 13-і мен 15-жұлдызы арасында Шымкент қаласында болған оқшау оқиға Кремль басшыларын дүр сілкіндірді. Соңы үлкен қайғы-қасіретке ұласқан мүлдем сирек ұшырататын құбылыс болғандықтан ол құпия болып есептелді, хабар-ошарды ешкім білмеді. Мәселен, бұл туралы ақпарды алғаш рет Москвада оқып жүргенде, 70-жылдардың басында, Н. Адамов деген заңгер доценттің лекциясынан естідім. Ол болған жағдайды егжей-тегжей талдап, себеп-салдарын, қалай өрістегенін анықтап, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолданылғанын және бұдан қандай қорытынды шығаруымыз керек екенін зерттеп, сараптап кандидаттық диссертация қорғапты.

Тереңірек үңілсеңіз, бәрі қарапайым сияқты: аяқ астынан, ойламаған жерден өріс алған. Василий Остроухов деген 29 жасар жігітті түнгі сағат бір шамасында көшеде удай мас болып жатқан жерінен милиция жасағы медициналық айықтырғышқа жеткізген. Таңертең сағат 6 кезінде кезекті бір тексеріс жүргізгенде жансыз, өлі денесінің үстінен шыққан.

Мәйітті ашқан облыстық сот-дәрігерлік сарапшы В. Нестеров ажал гипертония сырқатына қатты мастық қосылып, миға қан құйылуы мүмкін деген қорытынды жасайды. Мұны Алматыдан жедел шақыртылып, қайта экспертиза жасаған профессор Сидоров та қостайды. Бірақ, кейін анықталғандай, Остроухов милиция жасағының қолына түспестен бұрын біреулермен төбелесіп таяқ жеген. Осыған байланысты өмірге қатер төнерлік болмаса да, денесінен көгеріңкі белгілер табылуы оқиғаға май құя түседі.

Мәйіттің туыстары, автопарк қызметшілері «сендер оны ұрып өлтірдіңдер, Мәскеуден маман шақырыңдар» деп табандап тұрып алады. Ел-жұрт құлақтанып, милицияны қарғап-сілеп, наразылық білдірушілер саны көбейеді. Автопарк ұжымы «ұйымшылдық» көрсетіп, қаладағы көлік қатынасын тоқтатады. Ақыры тобыр молайып, ішкі істер бөлімін қоршайды, ғимаратын қиратады, өртейді. Автотұрақтағы көлік от-жалынға оранады. Милиция қызметкерлерін ұрып-соғып, бас-көз демей төмпештейді. Тергеу изоляторына барып, ондағыларды қырып-жойып, қақтығыс кезінде түрменің біраз қызметшілері жарақат алады.

Көтерілісшілерді басу үшін әскер күші пайдаланылған. Нәтижесінде тәртіпті сақтау органдарының 20 қызметкері, 2 жауынгер, 3 партия-кеңес шенеунігі әртүрлі дәрежеде жарақат алады. Тәртіп бұзушылардың 50-і оқтан жараланып, 7-уі қаза табады. 34 адам қылмыстық жауапқа тартылады, 3-уі ату жазасына кесіледі. Лауазымды үлкенді-кішілі біраз адам қызметтен қуылады.

14-маусым күні Мәскеуден КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ОК хатшысы Андрей Павлович Кириленко мен КСРО Ішкі істер министрі генерал Николай Анисимович Щелоков, Алматыдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев бастаған топ Шымкентке ұшып келеді. Шұғыл түрде арнаулы комиссия құрылып, төтенше оқиғаның жай-жапсары сараптала бастайды.

* * *

Тамақ іше алмай

12345След.
скачать работу

КСРО кезіндегі қақтығыстар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ