Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КСРО кезіндегі қақтығыстар

керек» (Егемен Қазақстан», 5.12.1966).

Желтоқсан ел тәуелсіздігі жолындағы күрес тарихына алтын әріппен жазылады, оған ешкім күмән келтіре алмайды. Керісінше, кейбір тұстары әлі бүркемеленіп келеді, оның қыры мен сырын ашық айтуға қарсы топтар әлі бар. Ол, әрине, бөлек әңгіме.

Оны айтасыз, Желтоқсанды ғылыми тұрғыдан зерттеу, оған ресми баға беру, өкінішке қарай, кешеуілдеп келеді. Бірақ қалай десек те, Желтоқсан туралы кітаптар шықты, теледидар хабарлары бар, жүйелі түрде болмаса да БАҚ оған көңіл аударып жүр. Ұйымдастыру жағына көңіл толмаса да кезінде бұған 10 жыл, 15 жыл, 20 жыл болды деп жұрттың есіне салынып жатты. Билік оған пәлендей ықылас көрсетпесе де қоғамдық ұйымдар тарапынан осындай шаралар өткізуге ықылас білдіріліп жүр.

Алайда, 1979 жылдың маусымы жөнінде мұны айтуға болмайды. Кеңес басшылығын төрт күн бойы дүрліктірген осынау оқиғаның неліктен ескерусіз қалып келе жатқандығы түсініксіз. Шындығына келсек, Маусым қозғалысы болмаса Желтоқсан оқиғасы өмірге келер ме еді? Бұлардың бір-біріне тікелей қатысы жоқ десек те мазмұны, Мәскеу алдына қойған ұсыныс-талаптары жөнінде ұқсастық бар ма? Маусым шеруі тәуелсіздік жолындағы күреске серпін берді ме, бермеді ме? Меніңше, осы сұрақтарды саралап, зерттеу қажет емес деп ешкім айта қоймас.

Желтоқсан шеруі тек Колбиннің жеке басына кеп тірелген жоқ. Ол – пәленбай жылдан қордаланған ашу-ыза, ар-намыстың буырқанып сыртқа тебуі. Жастарға қозғаушы күш болған да солар. Яғни Мәскеу осылай билеп-төстей бере ме, ел, жұрт барын көзге ілмей, ақылдаспай бізді осылай басына бере ме деген сұраққа жауап іздеді. Ал отаршыл Кремль түсінгісі келмеді, қайта олардың сағын сындырып, басқаларға сабақ болуы үшін әскер күшін қолданды.

Ал Маусымдағы көтеріліс ше? Мұнда да қазақтар ел намысын қорғады емес пе? Ата-бабамыз найзаның ұшымен қорғап, қанын төккен қасиетті жер неге бөл-шектенуі тиіс? Бұл не басынғандық? Мәскеу қашанғы «айттым – бітті!» дей береді. Шеру мазмұнының негізгі лейтмотиві де осы. Яғни Желтоқсан да, оның алдында өткен Маусым бүлігі де орталықтың отаршыл саясатына сенімсіздік көрсетіп, көп жылдар жиылып-терілген іштей наразылыққа жария сипат берді, оны ұжымдық қозғалысқа, қарсылық акциясына ұластырды. Бұл – олардың басты сабақтастығы, ұқсастығы.

Айырмашылығы – Желтоқсанда тоталитарлық жүйе білек күшін көрсетті. Бейбіт шеруге шыққан жасөспірім қыз-жігіттерге бақайшағына дейін қаруланған әскер жұмсады, ұрды-соқты, итке талатты, кейбіреулерін өлтірді. Ал Маусым оқиғасында Қонаев өзінің бар беделін салып, мұндай жөнсіздікке жол бермеді.

Неміс автономиясы құрылуына үзілді-кесілді қарсылық көрсеткен шерудің мән-маңызы туралы белгілі журналист, саясаттанушы Ермек Зәңгіров «Түркістан» газетінде (20–26.08.1997) былай деп жазды: «Целиноград (1979) оқиғасы жастардың сана-сезімінің өскендігін, ақыл-ой, азаматтық көзқарасының кемелдігін көрсетті. Жаңашыл көзқарастардың ашық трибунасына айналып, бұл оқиға орталықтың парықсыз шешіміне деген қарсылық көрсетудің алғашқы беташары еді.

…Сөйтіп, коммунистік қоғамда аты аталып, заты жоқ болып келген демократияның алғашқы қадамы сәтті болды. Партия қай уақытта да жеңілісті мойындамаған. Сондықтан да болар, бұл турасында бұқаралық ақпарат құралдарында ештеңе жазылмады, партия жиналыстарында айтылмады, оқиғаға саяси баға берілмеді».

Билік шешіміне қарсылық көрсеткен осынау оқиғаны Мәскеу неге жасырды? Жұртшылықтың ұлттық, патриоттық сезімін оятудан қорықты. Қазақ жастарының үлгісі басқа одақтас республикаларда ұлттық, отаншылдық ұғымын шынықтыра түседі деп күдіктенді. Өйткені бұл оқиға бұрынғы ата-бабаларымыздың күресімен сабақтас, халқымыздың тәуелсіздік, бостандық жолындағы ұмтылысының жалғасы, бір кезеңі. Сол уақытта халық Саяси бюроның қаулысына қарсы шығып, елдің тұтастығын сақтап қалды, тәуелсіздік үшін күресте бастарын бәйгеге тікті, қыл үстінде жүрді.

Мәселе оң шешілді. Егер Саяси бюроның қаулысы орындалған жағдайда нағыз қақтығыс, нағыз қантөгіс сонда болар ма еді, кім біледі? «Целиноград шеруіне жол берілмегенде Желтоқсан бүлігі болмас та еді» деп КОКП ОК-нің мәлімдеуі, коммунистік идеологияның мұны жаппай қостауы соған дәлел емес пе?

Целиноград бүлігін зерттеп, талдаған Мәскеудің жоғары мәртебелі комиссиясы КОКП ОК-не сол кезде «келеңсіз көріністер» деп сипаттаса, кейін партия басшылығы оған саяси астар беруге мәжбүр болды.

Мәскеу Маусым шеруін «ұлтшылдықтың бой көрсетуі» деп бағалады. Яғни 79-да демонстранттардың бетін қайтарып жібергенде, 86-да Желтоқсанға жол берілмес еді деген ойды білдірді. Шынында да осы екі оқиғаның рухани сабақтастығы тоталитарлық жүйенің жергілікті ұлт мүддесін аяққа таптап жүргізген озбырлық саясатына келіспеушілігінде еді. Мұның өзі Кремль үшін не айтса бас шұлғи беретін мерзім өтіп бара жатқандығын білдірген алғашқы қоңыраудың бірі болатын.

Кеңес заманында ұлтшыл атану дегеніңіз ауыр қылмыс жасағанмен бірдей саналатын. Тарихтан белгілі. Ал бүкіл халықты ұлтшыл дегеніңіз не? Оны қалай түсінеміз? Сондықтан болар, бұған жеке адамдар ғана емес, республиканың ресми органдары да аталмыш құжаттағы осы тұжырымға қарсылық білдірді. Қанша айтқанмен жетекші топтың беделі төмендеп, демократиялық үрдістерге бетбұрыс жасаған кезең ғой, партия асыра сілтеушілікті мойындауға мәжбүр болды: КОКП ОК-нің Саяси бюросы 1990 жылдың 18 мамырындағы қаулысымен «кемшілікті түзетті».

1986 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында қоғамдық тәртіптің жаппай бұзылуын қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп бағалануы қате делінді. Сөйтсек, Саяси бюроның мәлімдеуінше, экстремист және ұлтшыл элементтердің арандатушылығымен жастар тарапынан заңға қайшы келетін әрекет орын алыпты. Партия бір айтқанынан қайтпайды десек, ең жоғары дәрежеде қабылданған қаулысының осылай бұзылуы – төтенше оқиға. Сөз ретінде айта кетейік, қазақ жерінде неміс автономиясын құру туралы қаулыдан Орталық Комитеттің кейіннен бас тартуы да бұрын-соңды болмаған шаруа. Солай десек те, соңғы қаулыда (1990) Маусым көтерілісі туралы ештеңе айтылмайды, яғни ол «ұлтшылдықтың бой көрсетуі» (националистические проявления) тұрғысында қалды.

79-дың оқиғасы коммунистік партияның 87-жылғы құжатында Желтоқсанмен бір қатарда, дәлірек айтсақ, оның алдында тұрды да, соңғы қаулыда атаусыз қалды. Кейін белгісіз себептермен мүлдем ұмытылды. Міне, 1979 жылғы Маусым оқиғасына байланысты компартияның 1987 жылғы қаулысындағы пікір күні бүгінге дейін бірден-бір ресми баға болып отыр. Оны ешкім жоққа шығарған жоқ, ондай ұмтылыс байқалмайды да. Теміртаудағы құрылыс объектісінде әлеуметтік жағдайдың мүшкіл жағдайы (1959) құрылысшылардың наразылық толқуына ұласты, Новочеркасскіде (1962) жұмысшылар еңбек ақысын өсіру жөнінде экономикалық талап қойып, алаңға шықты, ал Шымкенттегі көтеріліс (1967) жергілікті милицияның озбырлық іс-әрекетін тоқтатуға бағытталды, бүлікшілерге әскер күші қолданылды, кісі өлімі болды. Алайда, бұлардың бәрінде де негізінен экономикалық, әлеуметтік хал-жағдайға назар аудару мәселесі көтерілді. Қайталап айтайық, Маусым қозғалысына келсек, ақмолалықтар Сталин өлгеннен кейінгі кезеңде Қазақстанда ұжымдық сипаттағы ашықтан ашық қарсылық акциясын өткізіп, ұлттық мүддені қорғады, өкімет алдына тұңғыш рет «таза» саяси талап қойды – Саяси бюро шешімін жоюды ұсынды.

Сарыарқа төсіндегі жадыраған жаздың Маусы-мындағы бейбіт шеруі кеңестік империяның қиғаш саясатына келіспеген, оны қолдамаған манифестациялар қатарында болды, жеті жылдан кейін ол Алматыдағы қыс қаһарымен жалғасқан Желтоқсан, одан соң Баку, Тбилиси, Вильнюс қанды оқиғаларына ұласты.

Бақытымызға орай, Ақмолада қарулы күш қолданылмады. Солай болса да өкімет басшылығын керемет қорқытты. Соның айғағы ма, әйтеуір ол туралы ресми органдар кезінде хабар-ошар бермеді. Ақпарат құралдары түгіл, партия съездерінде, конференцияларда, әртүрлі деңгейдегі жиындарда сөз қозғалмады. Шет ел жұртшылығынан, жергілікті қарапайым халықтан ғана емес, жоғары лауазымды шенеуніктерден де жасырды. Желтоқсан оқиғасынан кейін ғана бұл жөнінде хабар-ошар беріле бастады.

Қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында шет ел басқыншыларына, олардың зорлық-зомбылығына әрдайым қарсылық көрсетіп келген. Соңғы бес ғасырда 300-ден астам ірілі-ұсақты соғысты, әскери қақтығысты басынан өткізді. Кеңес өкіметі тұсында коллективтендіру науқанына қарсы болған көтерілістердің өзі 380-ге жетті.

Неміс автономиясын болдырмау үшін болған қозғалыс неміс халқына қарсы бағытталған жоқ. Ол – тоталитарлық жүйенің шешімімен келіспеген, оны қабылдамаған, мойындамаған қазақ жұршылығының орталыққа саяси талап қойған қыр көрсетуі. Бұл – алаш жастарының ата-баба өсиетін қастерлеп, туған жердің тұтастығын, өскен елдің бірлік-ынтымағын сақтап қалу жолындағы патриоттық, отансүйгіштік қимыл-әрекеті.

Целиноградтағы қазақ жұртшылығының 1979 жылдың маусым айында «бөлшекте де – билей бер» деген қағиданы басшылыққа алып, қазақ жерінде неміс автономиясын құру жөніндегі қаулысына ашық қарсылық көрсету акциясы тәуелсіздік жолындағы күрестің жарқын бір көрінісі екендігін мойындауымыз керек, қазақ тарихында ол өзінің лайықты орнын алуы тиіс деп есептейміз.

Жапон ғалымы не дейді?

Неміс автономиясын құру жөніндегі Мәскеу шешіміне қазақ жерінде қарсылық акциясы болып өткендігі туралы хабар Батыста қолма-қол жарияланғанымен, кеңес елінде ресми түрде тек қайта құру кезінде ғана назарға ілікті. Ал тоқсаныншы жылдардың басында Целиноград оқиғаларына байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының, КОКП ОК-нің құжаттары (құрастырушылар – В. Ауман, В. Чеботарева), газет-журналдарда естеліктер жарияланып, содан соң тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап кейбір ғалымдардың (А. Айсфельд, В. Бауэр, Т. Иларионова) зерттеу еңбектері өмірге келе бастады.

Осы проблемаға көңіл

12345След.
скачать работу

КСРО кезіндегі қақтығыстар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ